Иіру өндірісінің жоспары

Иірудің әр жүйесінде иірімжіпті иірудің белгілі жоспары бойынша дайындайды. Иіру жоспары дегеніміз – жартылай дайын өнімнің сызықтық тығыздығы туралы мағлұматтар, созу және берілген қасиеттері бар иірімжіпті өндіру кезіндегі қабаттар саны. Иіру жоспары машинаның жылдамдық режимі ширату туралы мағлұматтармен толықтырылады.

Иіру жоспары иірімжіптің сызықтық тығыздығы, оның белгілеуіне және өңделетін шикізаттың қасиеттеріне байланысты бекітіледі.

Иірімжіптің сапасы, шикізаттың түріне және қасиеттеріне байланысты болып келеді. Мынаны есте сақтау керек, иірімжіптің өзіндік құнының 60-90%, шикізаттың құнын құрайды. Иірімжіптің әр түрін (белгілі белгілеуі, сапасы және сызықтық тығыздығы бар) сәйкес талшықтардан өндіреді. Шикізатты дұрыс таңдай және оны тиімді пайдалану кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне және шығарылатын өнімнің сапасына әсер етеді.

Қолданылатын шикізат талшықтың иірілу қабілеттілігімен сипатталады. Талшықтың иіру қабілеттілігі, берілген талшықтан сызықтық тығыздығы төмен иірімжіп алуға болатындығын анықтайды, өндірілетін иірімжіп сапасы бойынша стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек, ал үзілуі бойынша жіберілетін шектеулерден аспау керек.

Талшықтың иірілу қабілеттілігі сандық жағынан да бағаланады. Мұндай көрсеткіштерге, берілген талшықтан қанша иірімжіп алуға болатындығын көрсететін, талшықтан иірімжіптің шығуы жатады.

Иірімжіп өндірісінің жоспары және иіру жоспары, қолданылатын машиналардың тәртібін және өндірілетін өнімнің сызықтық тығыздығын, машинаның ауысымын анықтайтын құжат болып табылады.

Иірімжіп өндірісі, ғылым мен техниканың заман талабына сәйкес даму деңгейінің технологиясы бойынша, яғни қысқартылған, қалдықсыз және үнемді технологиямен жүзеге асырылуы керек.

Нақты белгілеудегі берілген сызықтық тығыздығы және қасиеттері бар иірімжіп өндіру үшін шикізатты, иіру жүйесін, иіру тәсілін және иірімжіптің жақсы сапасы мен сәйкес құнын қамтамасыз ететін өнімді дайындауға арналған машиналарды дұрыс таңдау қажет.

Мұндай күрделі тапсырмаларды шешу үшін, кәсіпорындардың тәжірибелерін, сала институттарының және жоғарғы оқу орындарының ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланады. Иірімжіп өндірісі, ғылым мен техниканың заман талабына сәйкес даму деңгейінің технологиясы бойынша, яғни қысқартылған қалдықсыз және үнемді технологиясымен жүзеге асырылуы керек.

Иірімжіп өндірісінің жоспары және иіру жоспары, қолданылатын машиналардың тізімін және өндірілетін өнімнің сызықтық тығыздығын, машинаның жұмыс тәртібін (созу, қабаттау саны, машинаның жұмысшы бөлшектерінің жылдамдығын, түту, тарау, ширату дәрежесін, машинаның теориялық өнімділігін, пайдалы уақыт коэффициентін және тағы да басқа сол сияқты) анықтайтын құжат болып табылады. Иіру жоспарын құрастырмас бұрын келесі мынандай тапсырмаларды шешеді:

1. Иірімжіптің сызықтық тығыздығына және оның белгілеуіне байланысты, иіру жүйесін анықтау қажет, қолданылатын шикізатты таңдау керек және қоспа құрамын анықтау керек. Жоғарыда атап өткендей мақта иірімжіп өндірісінде, иірудің кардты және тарақты жүйелері қолданылады. Төменгі сортты мақта және қалдықтарды өңдеп үлкен сызықтық тығыздықтағы иірімжіп өндіруге арналған қалдықтардың иіру жүйесін, иірудің пневмомеханикалық және аэродинамикалық әдістерін қолдана отырып, кардты жүйемен алмастырады.

2. Белгілеуіне және талап етілетін құрылым белгілеуі мен иірімжіп қасиеттеріне байланысты иірудің тәсілін таңдау керек. Иірудің кардты жүйесінде сақиналы, пневмомеханикалық (камералы, екіконденсорлы), аэродинамикалық және екі ұршықты иіру тәсілдері қолданылады. Тарақты иіру жүейсінде әзірше тек сақиналы әдіс қолданылады.

Қазіргі кезде өнімділігі жоғары әдістерді шығару барысында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сызықтық тығыздығы 10 текстен жоғары тарақты иірімжіп, бір созбадан өндіріледі, 6,8-10 текс иірімжіптер, созба машинасының бір ауысымындағы екі созбадан жасалады, ал 5-6,8 тексті иірімжіптер – созба машиналарының екі ауысымындағы екі созбадан өндіріледі.

3. Пневмомеханикалық әдіспен иірімжіпті өндіру кезінде таралған таспа алу үшін, таспалы машиналардың қажетті ауысым санын қабылдау керек. 2,7-5,5 текстті таралған таспаның оңтайлы сызықтық тығыздығы, тарау машинасының негізгі барабан гарнитурасының қажетті тиеуімен сонымен қатар, таспаның көлденең қимасындағы талшықтар санымен анықталынады.

4. Заман талабына сәйкес техникада иірудің кардты жүйесінде бума-таспа ағынды сызығы қолданылады, яғни тарау машиналарының қоректенуі жайғақсыз болады. Тарау машиналары, таралған таспаның сызықтық тығыздығын реттегішпен жабдықталған. Иірудің сақиналы әдісінде бес ауысым қолданылады (ағынды сызық, таспалы машиналардың екі ауысымы, созба және сақиналы иіру машиналары), ал иірудің пневмомеханикалық әдісінде үш немесе төрт ауысым (ағынды сызық, таспалы машинаның бір немесе екі ауысымы және пневмомеханикалық иіру машинасы) қолданылады.

Иіру жоспары құрал-жабдықтың санын және өнімділігін, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың санын, жұмсалатын энергия мөлшерін, шикізаттың және материалдың санын және құнын, сонымен қатар иірімжіптің сапасын және иіру, созу және басқа да машиналардағы жұмыс тұрақтылығын анықтайды.

Тарақты иірімжіпті өндіру 7 негізгі технологиялық процесс бойынша іске асырылады:

1. Талшықтарды тарауға дайындау

2. кардтытарау

3. тарау таспасын тарақты тарауға дайындау

4. жүнді таспаны тарақты тарау

5.Тарақты таспаны бояуға және үтіктеуге дайындау

6.Созбаны дайындау

7.Иіру және ширату

Наши рекомендации