Климаттық факторлардың құрылымға әсері
Климаттық факторлардың құрылымға әсері климаттық факторлардың құрылымға әсері материалдың коррозияға ұшырауынан, механикалық және диэлектрикалық қасиеттерін жоғалтуынан, электрөткізгіштігінің өзгеруінен жіне т.б байқалады. Құрылымдық материалдың сыртқы орта әсері реакциясына, қасиеттің дәрежесі мен жылдамдығының өзгеруі оның табиғатына байланысты әр түрлі болады. Металдың коррозияға ұшырау процесі химиялық және электрохимиялық қасиетке ие, бірақ салдары бірдей болады: коррозияланаты металл бірқалыпты бастапқы күйге өту. Коррозиялану процессі энергия берумен байланысты болады, өзін-өзі шығару реакциясы, яғни артық энергия жұмсалмайды. Химиялық коррозиялану процессі ылғалдың қатысуынсыз жүреді. Электрохимиялық коррозиялану процессі кезінде металлдың ерітілуі электролиттің қатысуымен жүзеге асырылады.
Коррозияның үш түрі болады: бірқалыпты, бірқалыпсыз, кристаларалық.
Бірқалыпты коррозиялану кезінде процесс металдың жеке коррозияланған орыннан бүкіл бетке бірқалыпты тарайды.
Бірқалыпсыз коррозиялану процессі бөлек орындармен және қорғаныш қабатының бұзылуы кезінде пайда болатынынан көре аламыз.
Кристаларалық коррозия металдың ішкі қабатына оның құрамын бұзу арқылы және оны шекара бойына тарату арқылы кірумен анықталады.
Атмосферада сілтілердің, тұздардың көп болуы коррозияны жылдамдатады.
Жылуды сіңірмейтін изоляцияланған пластмассалар жоқ. Әр материал үшін сіңірілген ылғал мен оны сіңіруге кеткен уақыт әр түрлі болады.
Ылғалдың кіруі: капиллярлы және диффузионды болады.
Диэлектриктің суды сіңіруі оның кедергісін азайтады, диэлектрик жоғалтуларды көбейтеді, ісіндіреді, механикалық зақымдарға әкеледі.
Конвекция дегеніміз не?
Конвекция – сұйықтық пен гездың макробөлшектерімен энергияны тасымалдау. Жылуды сәулеленумен тасымалдау жылулық энергияның сәулелену энергиясына айналу арқылы өтеді.
Конвекция (лат. convectio— әкелу, жеткізу)-
1. атмосферада — жер бетіндегі неғұрлым жылыған (тығыздығы кем) ауа массасының немесе ағынының жекелеген бөліктерінің жоғары көтеріліп, онымен бір мезгілде неғұрлым салқын (тығыздау) ауа массасының төмен түсуі. Әдетте, ауаның көтерілу жылдамдығы бірнеше м/с болады (кейде 20—30 м/с-ке дейін барады). Конвекцияның нәтижесінде конвекциялық бұлттар мен конвекциялық жауын-шашындар түзіледі;
2. мұхиттағы конвекция— температура немесе тұздылықтың өзгеруі нәтижесінде судың тығыздығы өзгеруінен туындайтын вертикаль қозғалысы. Конвекция нәтижесінде су араласып, оның вертикаль бойынша физикалық және химиялық сипаттары теңеседі, төменгі қабаттары оттекпен және жоғары қабаттары қоректік заттармен молығады.
3. қатты денелерде және вакуумда конвекция болмайды.
Еркін конвекция
Тұрмыста және техникада кеңінен қолданылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвенцияны пайдаланады.Мысалы,ауаның немесе газдың жылдам және біркелкі жылуы үшін оларды сорғымен немесе араластырғышпен араластырады.Салмақсыздық жағдайында табиғи конвекция мүмкін емес.Сондықтан ғарышқа ұшу барысында еріксіз конвекцияның көмегінсіз жасанды серіктің корпусы салқындамайды, шам жанбайды.Онда шырпыны, газ жанарғысын пайдалануға болмайды, өйткені жану өнімдері жалыннан алыстатылмайды және ол оттектің жетіспеушілігінен өшіп қалады.
Конвекция– атмосферада – жер бетіндегі неғұрлым жылыған ауа массасының немесе ағынының жекелеген бөліктерінің жоғары көтеріліп, онымен бір мезгілде неғұрлым салқын ауа массасының төмен түсуі. Әдетте, ауаның көтерілу жылдамдығы бірнеше м/с болады (кейде 20 – 30 м/с-қа дейін барады). Конвекцияның нәтижесінде конвекциялық бұлттар мен жауын-шашындар түзіледі.
Конвекциямен жылу беру
Конвекция – сұйықтық пен гездың макробөлшектерімен энергияны тасымалдау. Жылуды сәулеленумен тасымалдау жылулық энергияның сәулелену энергиясына айналу арқылы өтеді.
Конвекциямен жылу беру
Табиғи және еріксіз көпіршікті жылыту
Суытудың бұл әдістері өте қарапайым және қолжетерлік, микро-аспаптардың барлық элементтері ауамен немесе инверттік газбен толтырылған көлемде болғандықтан.
Микросұлбалардың қызған корпусыдағы жылу атмосфераға табиғи конвекция арқылы беріледі. Табиғи көпіршілік тиімділігі корпустар арасындағы тепературалардың әртүрлілігі және корпустың бет ауданы үлкен болған сайын үлкейеді.
Сонымен қатар сыртқы орта тығыздығы үлкен орын алады, оның төмендеуінен орпус бетінен жылу әкеткіш төмендейді.
Табиғи конвекциямен суыту принципі корпустан жылу бөлінумен өызса, салдарынан үлкен кинетикалық энергия және төмен тығыздықты иелене отырып, ауа қабаттары жоғарыға орынауыстыруға және одан да суық қабаттармен ауысуға негізделген. Ауысатын ауа көлемі үлкен болған сайын жылуалмастырғыш та жақсы болады. Табиғи конвекциямен жылу алмастыру тиімділігі машина көемінде элементтерінің орналасуына тәуелді болады. Микросұлбалардың ұяшықтармен вертикальді орналасуында ауа ағынына ешнәрсе кедергі келтірмейді және ауаның жылы қабаттары суықпен алмастырылады.
Табиғи көпіршік суыту сапасы жұмыс істеу уақытында жылу түрінде аппаратурамен бөлінетін қуатқа, пішініне және корпустың габаритті өлшемдеріне және оның бет ауданына тәуелді болады.