Азақстан экономикасын дамытудағы халықаралық қаржылық ұйымдардың рөлі
Ғылыми Техникалық Прогресс өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан уақытта, мемлекеттер бір - бірімен қарым - қатынас жасамай, экономикалық, саяси және әлеуметтік жоғарғы деңгейде өмір сүре алмайды. Сондықтан да Халықаралық экономикалық ұйымдар құрылады. Халықаралық экономикалық ұйымдар еларалық мәселелерді, сондай - ақ глобальды деңгейдегі мәселелерді белсенді шешуге араласып, тиімді шешімдер қабылдауға қатысады. Бүгінгі күні әлемде саяси және экономикалық тұрақтылықты, бүкіл әлем елдерінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында, мыңдаған Халықаралық ұйымдар қызмет етеді. Олар халықаралық, әлемдік, аймақтық, үкіметаралық немесе қоғамдық негізде құрылады.
Қазіргі нарықтық жағдайда әлемдік экономикада халықаралық қаржылық ұйымдар маңызды рөл ойнайды. Олардың қызметтері негізінен әлемшаруашылық байланыстарды нығайтуға және валюта несие қатынастарына қатысушы мемлекеттерді белсендіруге бағытталған. ХҚҰ- халықаралық қаржы жүйесінің ең маңызды элементі немесе кілті деп айтуға болады. Қомақты қаржы ресурстарын ұстай отырып, олар көптеген мемлекеттері мен әлем аймақтарының экономикалық дамуына көзге көрінерлік әсер береді. Қазіргі кезде барлық дерлік мемлекеттер халықаралық экономикалық және валюта қаржылық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық білдіруде. Кейбір елдер бұл ұйымдарды өзінің стратегиясын жүзеге асыру делдалдары ретінде, басқалары оларға өздерін донор ретінде қатыстыру үшін, ал үшіншілері — реципиенттер – инвестициялық жобалар және бюджеттік қаржыландырудағы дефицит мәселелерінің шешімін табу мақсатында несиелерді тарту үшін пайдаланады. Төртіншілері, ең жаманы, оларсыз өз бетінше өмір сүре алмайды да, солардың алдында қарыздар болып тұрады. Осы ұйымдардың барлығын бір мақсат ортақтастырады бірлестіктердің дамуы және біртұтастықты қамтамасыз ету және әлемдік шаруашылықтың қиын жағдайын тұрақтандыру. Олардың арасында ең негізгі орындарын БҰҰ-ның ұйымдары алады: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Әлемдік банк тобы — Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) және оның үш филиалы — Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА), Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) және Көпжақты кепілді инвестициялық агенттігі (ККИА), сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар — Париж және Лондон клубтары. Халықаралық қаржылық ұйымдар халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде маңызды орын ала отырып, Қазақстанның экономикасының дамуына елеулі әсерін тигізуде. Соңғы онжылдықта Қазақстанның халықаралық қаржылық ұйымдармен тікелей мүшелік ету статусы немесе келісімшарт негізінде қатынастары белсене түскедігін аңғаруға болады. Осындай ұйымдарға мүшелік экономикамыздың дамуы мен қайта жаңғыртуын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай халықаралық қаржылық және несиелік ұйымдарға мүшелік ету арқылы Қазақстан әлемдік бірлестіктермен жинақталған валюталық, несиелік, қаржы сфераларын реттеудегі тәжірибені меңгеруі өте маңызды екенін атап өткен жөн.
Халықаралық экономикалық ұйымдар - елдердің белгілі бір топтарын біріктіретін, ал кейбіреулері әлемнің барлық елдерін дерлік біріктіретін жәнетауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің халықаралық қозғалысының дамуын реттеу, олардың осы мекемелерге қатысушы елдердің мүдделері үшін өсуіне жәрдемдесу мақсатын көздейтін халықаралық Үкіметаралық ұйымдар. Қазіргі Халықаралық экономикалық ұйымдардың басым көпшілігі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниеге келді. Олардың қызметінің негізгі бағыттары: әлемдік сауда ережелерін, халықаралық есептесулер| мен тасымалдарды ырықтандару және жетілдіру; аймақтық экономикалық ынтымақтастықты күшейту; қатысушылары арасында тең құқықты және өзара тиімді катынастар орнатуға, өнеркәсііттік дамуда артта қалған елдер үшін қолайлы режим белгілеу. Жетекші Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметінде АҚШ ерекше рөл атқарады. Мүның өзі АҚШ-тың соғыстан кейінгі кезеңдегі басым саяси және экономикалық жағдайына байланысты болды, нәтижесінде АҚШ Батыс Еуропа мен Азия елдеріне соғыстан күйреген экономиканы қалпына келтіруге көмек көрсетуде жетекшілік рөлді өз қолына алды. Американ үкіметінің бұл күш-жігері Еуропада Маршалл жоспары, Азияға, әсіресе Жапония мен Қытайға көмектің түрлі бағдарламалары нысанында көрініс тапты. 1940 жылдың аяғында АҚШ-тың белсенді бастамашылығымен және басым рөлімен өткен көп жақты келісімдердің шешімдері негізінде бірнеше халықаралық ұйым, соның ішінде: Халықаралық валюта қоры(1944), Халықаралық жаңғыру және даму банкі (1945),Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (1945), Біріккен Ұлттар Ұйымы (1949) құрылды. Басты халықаралық сауда ұйымы Дүниежүзілік сауда ұйымы. Ең жас және өкілдікті халықаралық сауда-экономикалық ұйым — БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы. Кеден ресімдерін бірегейлендірумен, оңтайландырумең оларды барынша азайтумен айналысатын Кеден ынтымақтастығы кеңесі көбінесе сауда байланыстарының тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі