ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды. Осы заң бойынша президентті Жоғарғы Кеңес сайлауы керек болды.
Президент (лат. praesidens —алда отырған, бастаушы)
а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы. Парламенттік республикаларда президентті парламент немесе оның ерекше алқасы сайлайды, президенттік республикаларда тура жене жанама сайлау арқылы халық сайлайды;
ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.
Президенттің билік органдарымен байланысы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару формасындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Дүние жүзі елдерінің көпшілігінде қабылданғандай, біздің республикамызда да мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды.
Президент заң күші бар жарлық қабылдай алады. Егер Парламент қалыпты жұмыс істей алмайтын болса немесе Үкіметпен, Жоғарғы сотпен келіспеушіліктер болса, онда Президент Парламентті таратып жібере алады.
Вето (лат. veto— тыйым саламын) — ежелгі Рим империясында Рим магистратының өзге магистраттардың жарлықтары мен әрекеттеріне тыйым салуы, мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы. Мұндай ерекше құқық, әдетте, мемлекет басшысына беріледі. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері вето құқығын пайдалана алады.
Президент Парламенттің келісімімен премьер-министрді:
- Республикалық банктің төрағасын тағайындайды.
- Президент Парламент Сенатының келісі-мімен республиканың Бас прокурорын
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындайды.
Президенттің халықаралық қызмет аясы. Президенттің халықаралық келіссөздер жүргізетін және халықаралық шарттарға қол қоятын құқығы бар. Ол шарттар Парламент бекіткеннен кейін заң күшіне енеді. Бұл халықаралық шарттарға заңды күш беру (ратификация) деп аталады.
Парламенттің қызметіне Президент, Президенттің қызметіне Парламент әсер етіп отырады.
Президенттің құзыреті. Президент атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ыкпал етеді. Президент:
— премьер-министр лауазымына адам ұсынады;
— Үкіметтің құрылымын анықтайды;
— министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
— министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді құрады және таратады;
— Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды;
— Үкіметтің ерекше маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарына төрағалық етеді;
— Мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;
— Үкімет шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады.
Президент жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етеді. Ол облыстық әкімдерді тағайындайды және жұмысынан босатады. Қажет болған жағдайда әкімдердің шешімін тоқтата тұрады. Әкімдер Президенттің облыстардағы тікелей өкілі болғандықтан, өздерінің жұмыстары үшін Президенттің алдында жауапты. Президент әкімдермен кеңес өткізеді, олардың жергілікті жердегі жұмысы туралы, заңдарды қалай орындап, өз міндеттерін қалай атқарып жатқандары жайлы есептерін тыңдайды.
Президенттің сот билігіне де қатысы бар: ол Жоғары Сот кеңесін құрып, оның төрағасы болады. Жоғары Сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасын тағайындайды. Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен Жоғарғы сот судьяларының кандидатураларын қарап, оларды Сенаттың сайлауына ұсынады. Ал облыстык соттардың төрағаларын, облыстық сот алқаларының төрағаларын Президент Жоғары Сот кеңесінің ұсынысымен бекітеді. Алайда Президенттің сот органдарын жасақтауға тікелей қатысы оның судьялардың қылмыстык және азаматтық істерді қарауына әсер ете алмайды. Судьялар сот істерін қараған кезде ешкімге тәуелді болмай, тек қана заңға бағынады.
Президенттің басқа да өкілеттіктері болады. Солардың бірі — мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу күкығы. Референдум — халықтың мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысуының бір түрі.
Референдум (лат. referendum —хабарлауға тиістінің бәрі) — мемлекетте құқықта сайлаушылар корпусының конституциялык, заңдық және басқа ішкі-сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдауы. Конституциялық болғанда конституция немесе оған енгізілген өзгерістер бүкілхалықтық дауысқа салынады.
Өзінің өкілеттігін пайдалана отырып, Президент жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президент шығарған жарлықтарының нормативтік және нормативтік емес түрлері болады. Нормативтік деп аталатын жарлықтарда құқық нормалары, яғни мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін айқындайтын ережелер жинақталады.
Президент мемлекет басшысы болғандықтан, елдің ішінде де, халықаралық қатынастарда да халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқықты. Сондықтан Президенттің абыройы, ары, қадірі қорғалады. Халықтың қалаулысы ретінде Президент халық мүддесіне қызмет етеді. Сол себептен де, ол сайланғаннан кейін, қызметіне кіріспестен бұрын халыққа ант береді.
Бекіту кезеңі:
1.Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай?
2.Президенттің атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.
3.Бүкілхалықтық референдумның шешімі ең әділ және халықтың өзінің түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 39
Пән:Адам, қоғам, құқық | Сынып:9 б | Сабақ: 44 | Күні: |
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының Парламенті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;