ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Кез келген мемлекетте өзінің Конституциясын, заңдарын, мемлекет басшысы тарапынан берілетін жарлықтар мен басқа нормативтік актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары болады. Құқық қорғау органдарына жата­тындар:

- прокуратура,

- ішкі істер органдары,

- ұлттық қауіпсіздік органдары.

Прокуратура. Прокуратура — мемлекет атынан әрекет ететін, мемлекет аумағында заңдардың, ҚР Президенті шығарған жарлықтардың, өзге нормативтік-құқықтық актілердің нақты әрі бірыңғай қолданылуын қадағалайтын, іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару істерін жүргізудің заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура Президенттің алдында ғана есеп береді, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды.

Прокуратура (латын. ргосиго — қамын ойлаймын, басқарамын) — заңның дәл орындалуын жоғарыдан бақылауды іске асыратын орган. Кейбір елдерде қылмысты істерді тергеу жумыстарын кадағалайтын орган. Алғаш XIII—XIV ғасырларда Францияда пайда болған.

Қазақстан Республикасьшдағы прокуратура органдары жүйесін ҚР Бас прокуроры басқарады. Жергішкті жерлерде облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорлары болады. Прокуратураның басты мақсаты — барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік жөне мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәл орындауын бақылап отыру. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:

а) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды.

ө) прокуратура әкімшіліктегі іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, оған жол берген әкімшіліктегі азаматтардың құқығы бұзылу жағдайларын тексереді, кінәліні тауып, жауапқа тартады, одан құқық бұзушылық әрекетін дереу тоқтатуды талап етеді;

б) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадагалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы мақсатпен дәлелдер жинастырады, күдікті адамдардан, куәлардан,
жәбірлеушілерден жауап алады. Ал прокуратура осындай жұмыстардың үстінде тергеу органдарының
құқык бұзушылық жағдайларын, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының бұзылуын, тергеудің тыйым
салынған әдістерінің қолданылуын болдырмау жағдайларын бакылайды.

Ол үшін прокуратура тергеу орындарына тексеру жүмыстарын жүргізеді. Тексеру заңдардың бүзылуын немесе өзге де қиянатты жагдайлардың болып жатқанын көрсетіп азаматтар тарапынан жазылган шағымдарға байланысты жүргізілуі мүмкін. Өйткені, прокуратура органдары мемлекеттің гана емес, алдымен өрбір азаматтың мүддесін қорғайды.

Ішкі істер органдары.Ішкі істер министрлігі республика аумағындағы, облыстардағы, қалалардағы ішкі істер басқармаларының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалык, аудандық, қалалардагы аудандық түзету меке-мелерін — абақтыларды, лагерьлерді, өрттен қорғау бөлімшелерін, ішкі әскерлерді баскарады.

Азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарының алдына қойылатын ерекше міндеттер және оларга берілетін ерекше құқықтар болады.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

- қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- қылмыстардың және құқык бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;

- анықтау жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;

- кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықтарының бұзылуын немесе өздерінің құқық бұзушылық әрекеттерін анықтау және болғызбау;

- шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерінің сақталуына бақылау жасау;

- мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.б.

Аталған міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың қызметкерлеріне мынадай ерекше құқықтар беріледі:

— азаматтардан олардың қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауын, құқық бұзушылық әрекеттерді тоқтатуын талап етеді. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, күштеу шараларын қолдануға құқылы;

— адамның қылмыс жасағаны немесе әкімтттілік құқықты бұзғаны туралы күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтау мақсатымен құжаттарын тексереді, күдікті айқындайды;

— жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы түскен арыздарды қарайды, хабарларды тексереді, оларды тіркейді, ондай әрекеттердің алдын алу, ашу, құқық бұзушыларды ұстау үшін дер кезінде шаралар қолданады;

— органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі материалдар бойынша іс жүргізіліп жатқанда, солар-ға байланысты түсініктер, құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі;

— құқық бұзған әскери қызметкерлерді ұстап, оларды әскери комендатура, әскери комиссариатка тапсырады;

— кәмелетке толмаған, бірақ құқық бұзған жасөспірімдер мен балаларды ұстап, оларды қабылдайтын және орналастыратын орындарға жеткізеді. Қараусыз қалган балалар мен жасөсігірімдерді қамқоршылық және қайырымдылыкпен айналысушы органдарға жеткізіп отырады;

— айналадағы адамдарға нұқсан келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;

— "қылмыс жасады" деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына тежеусіз
кіріп, оларды тексереді;

— көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк тасымалдауга құқық беретін құжаттарын тексереді. Көлік жүргізу, жүк тасымалдау ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген шараларды қолданады:

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:

— азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және кепілдіктегі адамдарды босату үшін;

— ішкі істер органдарьшың қызметкерлеріне, олардың отбасындағы адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін; азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңселеріне жасалған шабуылды тойтару үшін.

Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер өкілдері қылмыс жасаған немесе "қылмыс жасауға әзірленіп жүр" деген күдік туғызған адамдарды ұстайды. Тергеу жұмыстарының суретке түсіру, дыбыс жазу, кино-теледидар бейнелерін жасау, көтерілген қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар алу, азамат­тарды шақырып, олардан түсінік сұрау, құжаттар талап ету, жауап алу, қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау максатымен жұртшылыққа хабар тарату, оларды осыған жұмылдыру үшін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты түрлерін жүргізеді. Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қыл­мыстық жауапқа тарту үшін басқа да әрекеттер жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының басты шарты. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік болып жіктеледі.

Ұлттык қауіпсіздік объектілеріне жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам және оның материалдық-рухани құндылықтары, мемлекет және оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы жатады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін күштер бар. Оларға:

- ҚР Қарулы Күштері,

- ұлттық қауіпсіздік,

- ішкі істер,

- сыртқы барлау,

- әскери және салық полициясы органдары,

- ҚР Президентінің күзет қызметі,

- салық және кеден қызметтері,

- төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтері жатады. ҚР Президентінің жанынан құрылған кеңесші орган — Қауіпсіздік Кеңесі бар.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі төмендегідей негізгі міндеттерді атқарады:

- ұлттық мемлекетке төнуі мүмкін қауіпті болжайды және анықтайды;

- олардың алдын алу және залалсыздандыру шараларын жасайды;

- ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерді құрып, оларды үнемі әзірлікте ұстайды;

- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бірдей және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 44

Пән:Адам, қоғам, құқық Сынып:9 б Сабақ: 49 Күні:

Тақырыбы:Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершіліктуралы жүйелі білім беру

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

Наши рекомендации