Гілік ел» - ұлттық идеясының мазмұны.
Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма екі жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.
Ал ендігі кезекте 2050 жылға дейінгі мақсат пен міндеттерімізді айқындап алуымыз — заңды құбылыс. Елбасының «Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауы жастарға да үлкен аманат жүктеп, салмақты жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген болатын. Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Осыларға әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері, «Болашақ» бағдарламалары дәлел. Біздің ата-аналарымыз жете алмаған мұрат-мақсаттар, мүмкіндіктер, біздің алдымызда айқара есігін ашып тұр, біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру барысында бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Осы Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерден көрінуге апаратын жарқын жол іспеттес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.
1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
2. Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
4. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар.
5. Марксистік саяси идеялар.
6. Қазақ даласындағы саяси ой- пікірлер(Әл Фараби, Ж.Баласағұн, Асан Қайғы, Абай, Ш.Уәлиханов,
7.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Биліктің қызметтері мен жіктелуі.
8. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
9. Биліктің легитимдігі. Биліктің түрлері.
10. Саяси тәртіп.
11. Саяси жүйе туралы ұғым, құрылымы, жіктелуі.
12. Демократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы.
13. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
14. Мемлекет пайда болуы мен мәні
15. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері
16. Азаматтық құқық және құқықтық мемлекет
17. Демократия мәні құндылығы және өзіне тән белгілері
18. Демократия кезіндегі билік формалары және қоғамдық өмірді құру
19. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, қызметтері
21. Саяси элиталар
20. Саяси партиялардың жіктелуі. Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар
22. Саяси жетекшілік туралы ұғым. Саяси жетекшіліктің жіктелуі мен топ бастаушылардың жеке қасиеттері.
23. Тұлға саяси субъект , объект ретінде
24. Саяси сана және саяси идеология. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері.
25. Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері
26. Саяси мәдениет құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер
27. Саяси мәдениеттің жіктелуі, түсінігі мен мәні
28. Саяси әлеуметтенудің типтері
29. Саяси жанжалдар
30. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
31. Этносаяси жанжалдар.
32. Саяси процесс туралы ұғым
33. Саяси процестің жіктелуі
34. Саяси процеске катысу түрлері.
35. Саяси процесс, саяси әрекет, саяси шешім.
36. Саяси даму мен бейімделудің мәні.
37. Саяси бейімделудің кезеңдері мен соған байланысты көзқарастар.
38. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
39. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
40. жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
41. Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
42. Дүниежүзілік саясат: мәні мен түсінігі. Геосаясат түсінігі.
43. Қазақстан Республика Конституциясының басты жағдайлары
45. КСРО-ның құлауы және халықаралық саясатындағы күш қатынастарының өзгеруі
46. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, оны дүниежүзілік достастық жүйесінде мойындалуы
47. Ежелгі дүниенің саяси ойлар тарихы
48. Ортағасырдың саяси ойлар тарихы.
49. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары.