Бап. Соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу
1.Оккупацияланган аумақта немесе согыс қимылдары ауданында қаруын тапсырган немесе қорғану қуралдары жоқ, жараланган, ауру, корабль апатына ұшыраган адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, әскери тутқындарды, азаматтық тургындарды, согыс қимылдары уақытында халықаралық қоргауды пай-даланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуга мәжбүрлеу не олардың тәуелсіз және бейтарап сотқа қуқыгынан айыру не қылмыстық com ісін жүргізуде осы адамдардың ңорғану құқыгын шектеу -
2. Осы баптың бірінші бөлігінде тізбеленген адамдарды өлтіру-
Қылмыстың тікелей объектісі - соғыс заңдары мен дэстүрлерінің халықаралық дэстүрлерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың объективтік жағы белсенді әрекеттермен - оккупацияланған аумақта немесе соғыс қимылдары ауданында қаруын тапсырған немесе қорғану қүралдары жоқ, жараланған, ауру, корабль апатына үліыраған адамдарды, медицина жұмыскерлерін, санитариялық және діни персоналды, эскери тұтқындарды, азаматтық түрғындарды, соғыс қимылдары уақытында халықаралық қорғауды пайдаланатын өзге де адамдарды қарсы жақтың қарулы күштеріне қызмет етуге немесе қоныс аударуға мэжбүрлеу не олардың тэуелсіз жэне бейтарап сотқа құ_қығынан айыру не қылмыстық сот ісін жүргізуде осы адамдардың қорғану құқығын шектеу - эрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан мұндай қылмысты іс-эрекет тікелей қасақаналықпен - соғыс зандары мен дәстүрлерін біле түра халықаралық норманы бүза отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық субъектісі - осы іс-эрекеттерді істеуге тікелей бұйрық берген, жүзеге асырған 16-ға толған есі дұрыс адам.
Егер осы іс-эрекеттер нэтижесінде адамдар өлімі орын алса, онда Бұл қылмыстың ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 164-бабы, 2-бөлігі).
170-бап. Жалдамалылық
1. Жалдамалыны азгырып көндіру, оқытып-үйрету, ңаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтыгыста, согыс қимылдарында немесе конституциялық қурылысты құлатуга немесе оган нұқсан келтіруге багытталган өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтың тұтастыгын бузу-
2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган немесе кәмелетке толмаган адамга қатысты жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
3. Жалдамалының қарулы қақтығысқа, согыс қимылдарына немесе конституциялық қурылысты ңүлатуга немесе оган нуқсан келтіруге бағытталган өзге де күш қолдану әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тутастыгын бузуы -
4.Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соққан іс-әрекет -
Біріккен ¥лттар ¥йымы Бас Ассамблеясының 1976 жылғы 30 қарашадағы №31/34 қарарына сәйкес жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану қылмыстық жазаланатын іс-эрекет деп танылған жэне барлық мемлекеттерді осы тдэғыдағы қылмыспен күрес жүргізуге арналған қылмыстық-құқықтық норма қабылдауға шақырған. Қауіпсіздік Кеңесі 1976 жылғы осы қарарды қуаттап, 1977 жылы 7 қарашада өзінің арнаулы 32/14 нөмірлі қарарын қабылдаған. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізді. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормалары белгілеген соғыс жүргізудің құралдары мен эдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тэсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:1) жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, яғни қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау; 2) оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс эрекетіне немесе қарулы жанжалға тіке-лей қатысуға эзірлеу; 3) қаржыландыру - жалдамалыны ақша қаражатымен қамтамасыз ету; 4) өзге де материалдық қамтамасыз ету - жалдамалыға киім-кешек, азық-түлік беру; 5) сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану - тікелей осындай эрекеттерге қатыстырулар болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 170-бабының ескертуіне сэйкес материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасайтын жэне қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын жэне ресми міндеттерді орындау үшін басқа мемлекет жібермеген адам жалдамалы деп танылады.
Қылмыс құрамы формальдық жэне ол завда көзделген эрекеттердің біреуін істеген уакыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе кэмелетке толмағанға қатысты жасаған дэл сол эрекеттер - осы қылмыстың ауырлататын түріне (170-баптың 2-тармағы) жатады.
Қызмет бабын пайдалану түсінігі ҚК-тің 250, 361-баптарында берілген. Кэмелетке толмағандарды жалдамалылыққа тарту деп - жасы 18-ге толмағандарды кінэлі адамның біле тұра осы эрекетке тартуын айтамыз.
Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы немесе Конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану эрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу осы қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады (170-баптың 3-тармағы).
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан іс-эрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 170-бабының 4-тармағында қарастырылған. Адам қазасына бір немесе бірнеше адамның қазаға үшырауы, ал ауыр зардаптарға ауыр дене жарақатын келтіру, ірі материалдық за-лал, көп адамның ауруға ұшырауы, т.с.с. зардаптар жатады. Қылмыс құрамы (170-баптың 3 жэне 4-тармақтары) материалдық.