Тауардың шығарылған жерінің атауы

Тауардың шығарылған жерінің атауына белгілі мысалдар «Шампан» - газдалған шарап, Франциядағы провинция атауына байланысты шыққан; «Алматы апорты» - алманың ерекше сорты, Алатау бөктерінде өседі; «Сарыағаш» минералды суы Оңтүстік Қазақстан облысындағы аттас бастаудан шығуына байланысты; «Гжель» ерекше суреттелген ағаштан жасалған ыдыс және т.с.с. Бұл мысалдар тауардың шығарылған жерінің атауының АК 1033 бабында айтылған мәнін түсінуге көмектеседі. Тауардың шығарылған жерінің атауын қолдану үшін тауардың ерекше, бірегей сапасы (дәмі, иісі, сапасы, қолайлығы, ұзақ пайдалануға жарамдылығы және т.б.) осы географиялық жердің табиғи жағдайларына немесе шеберлердің ерекше біліктілігіне байланысты болуы қажет

Нақты тауарға сұраныстың маңызды факторы болып табылатынын түсіне отырып тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында тауардың шығарылған жерінің атауын құқықтық қорғау енгізілген. Оның мәні – патенттік ведомство – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік жекеменшік құқықтар жөніндегі комитет - нақты географиялық нысанда орналасқан оны алғаш шығарушы өтініш берген жағдайда тауардың шығарылған жерін, сонымен қатар аталған субъектінің осы атауды қолдану құқығын тіркейді. Бұдан соң патенттік ведомство осы нысандағы кез келген өндірушіге атауды қолдану құқығын ұсынады және осындай тауар шығаратын, бірақ басқа географиялық нысанда тұратындарға тіркеуден бас тартады. Басқаш айтқанда, Қарағандыда минералды су шығарушы өз өніміне «Сарыағаш» атауын қолдану құқығын ала алмайды.

Оған қоса, кейбір осындай белгілердің ұзақ қолданылатыны сонша, көптеген елдердің санасында олар белгілі бір тауарды елестетеді, мысалы, чехия сырасы, орыс арағы, швейцария ірімшігі, болон матасы, винчестер қаруы және т.б. мұндай белгілер тауардың шығарылған жерінің атауы ретінде тіркелмейді және оны қолданғысы келгендердің барлығы қолдана алады.

Тауардың шығарылған жерінің атауы мен тауарлық белгінің тауарлық айналымдағы қызметінің мәні ұқсас, сондықтан тіркеу, сараптама жасау, қолдану құқығы туралы куәлік беру, жарамсыз деп тану туралы тапсырыс беру процедурасы Тауарлық белгілер туралы Заңмен белгіленеді.

Тауардың шығарылған жерінің атауы аталған географиялық нысандағы нақты өнім шығарушылардың барлығы үшін қолдану нысаны болып табылады. Олар бірігіп, өз құқықтарын бірлесіп тіркеуі, сонымен қатар, жеке-жеке тіркеулеріне де болады, бұдан құқықтың мәні мен көлемі өзгермейді. Атап өту қажет, ерекше тауар шығарушылардың тауардың шығарылған жерінің атауын қолдану құқығын қорғауда бірігуі тұтынушылар үшін қолайлы, себебі тауардың сапасына қосымша кепілдік болып саналады (мыалы, «Сарыағаш сияқты» минералды сулар).

Тауардың шығарылған жерінің атауына берілетін куәлік иесінің ерекше құқықтарының көлемі тауарлық белгіге берілетін ерекше құқық иесінің құқығынан азырақ. Атауға қатысты құзырлық Тауарлық белгілер туралы Заңда айтылған. Олар оны тауарды, оның қаптамасында, жарнамада және т.б. қолдануға апарады. Құқық иесінің тауардың шығарылған жерінің атауымен қандай да бір мәміле жасау, өзіне алу мүмкіндігі жоқ. Тауардың шығарылған жерінің атауын қолдану тәртібінің басты ерекшелігі және тауарлық белгіге қатысты құқықты болудың негізгі ерекшелігі осында.

Білу қажет нормативтік құқықтық актілердің тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Азаматтық айналым, тауарлар мен қызметтердің қатысушыларының жекелеу құралдары. (1020 – 1037 баптар);

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі №456-1 Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығарылған жерінің атауы туралы заңы;

3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 508-II Жарнама туралы Заңы;

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 4 қарашадағы №188 Қазақстан Республикасындағы патенттік сенімді өкілді тіркеу мен аттестаттау ережесін бекіту туралы бұйрығы;

5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 4 қарашадағы №187 Қазақстан Республикасындағы патенттік сенімді өкілге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы бұйрығы;

6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 15 тамыздағы №133 Тауарлық белгіні қазақстан Республикасында жалпыға белгілі деп тану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы бұйрығы;

7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 1 қарашдағы №69 Өндірістік жекеменшік нысандарын тіркеу мен патенттеумен байланысты қарсылықтарды аппеляциялық кеңеске жолдау мен қарау тәртібін бекіту туралы бұйрығы;

8. Қазақстан Республикасының Патенттік агенттігінің 1996 жылғы 8 қазандағы тауарлық белгіні тіркеуге тапсырысты дайындау мен беру туралы ережесі;

9. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы №232-1 Әділетсіз бәсеке туралы Заңы. Фирмалық атауды, тауарлық белгіні заңсыз қолдану.

10. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151- 1 Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңы. Реквизиттер мен көрнекі ақпарат тілі.

11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы №31 Өндірістік жекеменшік нысандарын қолдануға лицензиялық, сублицензиялық келісімдерді тіркеу ережесін бекіту туралы бұйрығы;

12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы №30 Өндірістік жекеменшік нысандарына ерекше құқықтарды беру туралы келісімдерді тіркеу ережесін бекіту туралы бұйрығы;

Наши рекомендации