Аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар ма?
1.Бұл жерде, қылмыстың субъектісі-қылмысты ұйымдастырушы+қатысушы+орындаушы кәмелеттік жасқа толған тұлғадан және қылмыс құралы болып табылатын кәмелеттік жасқа толмағандардан тұратын топ. Яғни, қылмыстың субъектісі-топ.
2.Иә, аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар қылмыс құралы болып табылса да, бұлардың қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар. Олар: объективті және субъективті белгілер. Объективті: бір қылмысқа бірнеше адамдардың қатысуы; ұрлық істеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға бағытталу. Субъективті: қылмысты қасақана істеу; келісушілікпен жүзеге асыру, нәтижеге жету үшін ортақ қылмыстық ниеттің болуы.
73. 1. Паршин қылмыстық жауаптылыққа тартылады, себебі қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипатымен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
2. Жоқ, себебі есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және ол Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.
74 есеп. Бұл жердегі жасалған қылмыстағы кінәнің формасы абайсызда жасалынып отыр, Есин Будзинді атып, оны жарақаттаймын немесе өлтіремін деген ниет істеген жоқ, бұл жерде байқаусызда шананы бұру кезінде оқталған қарудың шүріппесін іліп кеткендіктен болып отырған қылмыс. Алайды Есин байқаусызда, абайсызда жасады, ол шүріппен басылуын тілеген жоқ деп оны жауаптылықтан босатуға болмайды, себебі Қылмыстық Кодекстің 253-бабының санкциясында, атыс қаруын ұқыпсыз сақтауда былай жазылған: атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшін жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол белгілі бір зардаптарға әкеп соқса – екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады делінген. Сондықтан бұл есептің жауабы ретінде: Ия, Есинді жауаптылыққа тартамыз деп жауап беремін.
75 . Аверкин берковты өлтіру ниетімен оның басынан ауыз затпен ұрды. Берковты өлді деп санап, Аверкин қылмыстың ізін жасыру үшін оны өзенге лақтырды. Қылмыстық істі тергеу барысында анықталғандай, Берковтың өлімі келтірілген соққыдан емес, өзенге батудан болған, ал соққы бар болғаны уақытша есін жоғалтуға себеп болдған. Жасалған әрекетке қатысты Аверкиннің психикалық қатынасын анықтаңыз. Кісі өлімі қасақана жасалды ма, әлде абайсыздықта жасалды ма? 1. психикалық қатынасы- интеллектуалдық белгілері- адамның өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін сезінуі, одан белгілі бір зардаптың туындайтынын көре білу;еріктілік белгісі- сондай іс-әректтің болуын тілеуі.2. тікелей қасақаналық. |
Төлеев көршісі Ивановты өлтіруді көздеп, күртешесінің астына балта тығып, Ивановтың үйіне кетіп бара жатырғанда полицияның учаскелік инспекторына ұсталды.
Төлеевтің әрекеттері қылмыс жасаудың қай сатысында тоқтатылды?
Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Бұл қылмыс аяқталмаған қылмыс болып саналады. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән-жайлар ескеріледі. Бұл жерде қылмыскер қылмысқа оқталып, құрал тайындап және белгілі бір адамға зиян келтіремін деген ниетпен қылмысқа оқталған алайда белгілі бір себепке байланысты қылмыс аяғына дейін аяқталмай қалды.
Ауыл дүкенінен Дрыгин және Моисеев бағалы заттар ұрлау үшін Носовпен уәделесті. Бірақ кейін Носов өзінің уәдесін орындай алмайтындығын айтып бас тартты.
Носов жауаптылыққа тартыла ма, жауапты негіздеңіз.Носов жауаптылыққа тартылмайды.
26-бап. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту
1. Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.
2. Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейiн оған күнi бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетiлiп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.
Кобиков Семеновтың пәтеріне балкон арқылы кіріп, магитафонды алып кетті. Біраз уақыттан кейін ол ұрлық жасау мақсатымен сол пәтерге қайтып кірді, бірақ пәтер иесіне ұсталып қалды.