Тақырып. Коммерциялық банктер және олардың қызмет ету қағидалары
Сабақ формасы:тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты:Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінде білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Коммерциялық банктер жіктемесі және ұйымдық формасы
2. Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті құру, оның
қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
3. Банктің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі, еншілес (шет ел капиталының қатысумен) банктерді құру.
Бақылау сұрақтары:
1 Қазіргі кезде банктердің клиенттерге ақылы негізде көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізетін операцияларының дәстүрлі және нарық талабы қандай?
2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің әр түрлі ұйымдық-құқықтық формалары?
3 Қазақстан Республикасында коммерциялық банкті құру, оның
қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы қандай?
3 Банк реформасының басты мақсаты неде?
1. Конспект материалын және тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеп, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
- Коммерциялық банктің қызметін ұйымдастыру қағидалары және бағыттары.
- Банкті тіркеу
- Клиентурамен жұмысты ұйымдастыру.
2. «Холдингтік компаниялар» кестесін толтыру
Холдингтік компаниялар | Сипаттамасы |
Операциялық холдинг | |
Таза холдинг | |
Аралас холдинг |
3. Банк ісіндегі тәуекелділік.
4. 9 факторға негізделген тұтынушылық несие алушыны баллдар бойынша бағалау моделін құрастырыңыз.
1. Келесі мәліметтер негізінде банктің жалпы тәуекелділігін анықтаңыздар:
- Банктің барлық операциялары бойынша тәуекелділігі 9653,4
- Банктің сыртқы тәуекелділігі 1,4
- Банк капиталы 5298,1
2. Қарыз алушының тәуекелділігі коэффициентін келесі берілгендер негізінде анықтаңыз:
- Клиенттің несиеқабілеттілігі. 2,5
- Несиелік операциямен байланысты, тәуекелділіктің мөлшері 1050000
- Қарыз алушы бойынша несиелік салымдар сомасы 1000000
- Банктің клиенті үшін сыртқы факторлардың қызметі 1,4
3. Мемлекетті несиелеу тәуекелділігі ( республиканы, экономикалық аймақты)
Дебиеттер: 7, 8, 9, 10, 13.
Тақырып. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржылық қадағалау комитетінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату
Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты:Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операцияларды лицензиялау тәртібі және банктерді тарату туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. ҚРҰБ Қаржылық қадағалау комитеті – ҚҚК – ресми бақылау және қадағалау органының қызметі
2. Қазақстан территориясында резидент емес тұлғалардың қатысуымен банктерді құруға рұқсат беру үшін тарапынан қосымша қойылатын талаптар.
3. Қазақстан Республикасында банктер қызметтерінің құқықтық
негіздері.
4. Коммерциялық банктер қызметтерін макроэкономикалық
деңгейде реттеудің мәні және мазмұны
5. Коммерциялық банктердің қызметтерін реттеу үшін қолданылатын экономикалық (пруденциальдық) нормативтер
1.Дәріс материалын оқып келесі коэфициенттердің мәнін анықтаңыз:
- өтімділік коэффициенті
- жабу коэффициенті
- қарату коэффициенті
- капитал айналымдылығы коэффициенті
- меншікті капиламен қамтамасыз етілу коэффициенттері
Қарызшының несиеқабілеттілік сыныбын анықтау әдістемесі.
2. Есептерді шығарыңыз:
№1 Ипотекалық тұрақты сомасын анықтаңыз және оған баға беріңіз. Қарыз бойынша қызмет көрсету төлемдері бойынша төлем сомасы 180 000 теңге. Ипотекалық несие сомасы 1 800 мың тг.Ипотекалық несие 10 жыл мерзіміне берілген, жылдық пайыздық ставка 8 пайыз жылдық.
№2
1.Баланс берілгендері негізінде жыл басы мен аяғына кәсіпорын активтерінің мобильділігі коэффициентін анықтаңыз, қорытынды жасаңыз.
2. Баланс берілгендері негізінде жыл басы мен аяғына тәуелсіздік коэффициентін анықтаңыз, қорытынды жасаңыз.
3. Баланс берілгендері негізінде жыл басы мен аяғына кәсіпорынның қаржыландырылуы коэффициентін анықтаңыз, қорытынды жасаңыз.
4. Баланс берілгендері негізінде жыл басы мен аяғына кәсіпорынның меншікті және қарыз капиталының арақатынасы коэффициентін анықтаңыз, қорытынды жасаңыз.