Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
Азақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Филология факультеті
Практикалық қазақ тілі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Факультет деканы
Жарқынбекова Ш.Қ.
__________________________
Ж.
K (R) Ya 1105 Қазақ тілі пәні бойынша
Барлық бакалавр мамандықтарының білім алушылары үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Астана
СИЛЛАБУС (ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ)
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы.
Курс оқытушысы:Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Асанова Ұлмекен Отарқызы.
Байланыс телефоны:70-95-00 (32-233) (жұм.); assanova_62@mail.ru
Ғылыми қызығушылығы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Ғылыми мектебі: Педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.А.Ұзақбаеваның жетекшілігімен «Қазақ халқының айтыс өнері арқылы оқушыларға адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
2. Пән туралы мәлімет. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Код: K (R) Ya 1105 Қазақ тілі. Кредит саны – 3.
Оқу жоспары бойынша сағаттарды бөлу
Сабақ түрлері | Жалпы сағат саны | Күзгі семестр | Көктемгі семестр | ||
Аптасына | Барлығы | Аптасына | Барлығы | ||
Дәріс | |||||
Практикалық сабақ | |||||
Семинар сабақ | |||||
Зертханалық сабақ | |||||
Студиялық сабақ | |||||
БӨЖ |
Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер:Мемлекеттік тілді жеткілікті меңгеру үшін студенттердің қазақ тілінен лексикалық минимум және грамматикалық құрылым бойынша орта мектеп деңгейінде алған білім негіздері болуы керек. Қазақ тілін оқытуда халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесі басшылыққа алынып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді.
Постреквизиттер:Қазақ тілі курсынан алған білім кәсіби қазақ тілі сабақтарында жалғасын табады.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Оқу пәнінің аты
Пән студенттің әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби саладағы мәтіндермен жұмыс істеу әрекетін қалыптастыруға бағытталады.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
Жоғары оқу орындарында бакалавр мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесін және оның амалдарын мәдени-танымдық, тәрбиелік және қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
Мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алу, тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтер бойынша өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым және оқылым дағдыларын түсіну: радио және телебағдарламалардағы мәліметтер мен жаңалықтарды түсіне алу; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас мәзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алу.
5.4.Оқу пәнінің мазмұны
- Сөздік қорын молайту;
- Қазақша сөйлеу, жазу сауаттылығын арттыру;
- Қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту, тіл үйренушінің сөйлеу біліктілігін жетілдіру.
5.3. Пәнді оқыту жоспары
№ Апта | Тақырып атауы | Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары | БӨЖ тапсырмалары мен білімді бақылау түрі | ||||
Дәріс | Практикалық сабақтар (семинар) | Зертханалық | Студиялық | БӨЖ | |||
Отан отбасынан басталады Сәлем – сөздің анасы. Сұраулы сөйлем. Көсемше. | Сәлемдесу салты. Сәлемдесуге қатысты қандай дәстүрді білесіз? Ой бөліс | ||||||
Отан отбасынан басталады Отбасы – шағын мемлекет. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Қос сөздер. | Отбасы және ұлттық дәстүрлер. Презентация дайындау. | ||||||
Жас отбасы және дәстүр Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер. Сан есім, оның мағыналық түрлері. | Демографиялық дағдарыс және демографиялық саясат. Ақпараттар дайындау. | ||||||
Жас отбасы және дәстүр Жас отбасының бюджеті. Себеп мәнді құрылым. Тұйық етістік. Қыстырма сөздер. | Отбасы бюджеті және мен. Пікір алысу. | ||||||
Қазіргі тұрғын үй Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы. Төл сөз, оның тыныс белгілері | Қолжетімді баспана – жастраға. Эссе жазу. | ||||||
Мінез және келбет Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті. Сын есім жасайтын жұрнақтар. Сын есімнің шырайлары. | Адамгершілік – асыл қасиет. Эссе жазу. Адамның сыртқы келбеті алдамшы ма? Пікір алысу. | ||||||
Уақыт және адам Уақыт алтыннан да қымбат. Болымсыз етістік. Етістіктің келер шағы. | Уақытты қадірлей білесіз бе? Интервью алу. | ||||||
Аралық бақылау. Коллоквиум. | |||||||
Салауатты өмір салты Дені саудың – жаны сау. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Шартты мәнді құрылым. | Ұзақ өмір сүрудің құпиясы. Ақпараттар әзірлеу. | ||||||
Салауатты өмір салты Тазалық – денсаулық кепілі. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Етістіктің өткен шағы. | Біз тұтынатын тағам қандай? Сауалнама жүргізу. | ||||||
Менің Отаным –Қазақстан Менің елім – тәуелсіз Қазақстан. Жалқы және жалпы есімдер. Біріккен сөздер. | Туған жер – алтын бесік. Шағын шығарма жазу. | ||||||
Менің Отаным –Қазақстан Қазақ елі – бай ел. Үстеу, оның мағыналық топтары. | Жері байдың – елі бай. Шағын әңгіме жазу. | ||||||
Қазақ халқының дәстүрлі өнері Халықтық қолөнер. Шылау, оның мағыналық түрлері. | Ұлттық қолөнер –ұрпаққа ұлағат. Суретті реферат дайындау. | ||||||
Қазақ халқының дәстүрлі өнері Қазақ театр және кино өнері. Етіс, оның түрлері | Қазақстанның өнер жұлдыздары. Презентация дайындау. | ||||||
Ұлттық мәдениет тамыры Айтыс өнері. Есімше. Қарсылықты мәнді құрылым. | Қазіргі айтыс және ұлттық идеология. Реферат дайындау. | ||||||
Аралық бақылау. Коллоквиум. | |||||||
Ұлттық мәдениет тамыры Күй атасы – Құрманғазы. Қаратпа сөздер. | Қазақтың тілі – күй. Шағын шығарма жазу. |
Барлығы практ. 45 сағат., БӨЖ-90 сағ.