Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.
Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесi айдың 15-інен кешiктiрмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер береді.
Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Төлемақы ставкасы 1 валдық регистрлік тонна үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,26 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.
40. Сыртқы (көрнекі) жарнаманыорналастырғаныүшінтөлемақы (бұданәрі – төлемақы) плакаттар, стенділер, жарықберуші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақпай даланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұданәрi – жарнама объектiсi) орналастыру:
1) автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;
2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.
Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Төлемақы ставкалары тиісті қаржыжылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып айқындалады.
41. Мемлекеттік баж– уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс–қимылдар жасағаны үшін және құжаттарын бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Зандық мэні бар іс-қимылдар жасау жэне қүжаттар беру жөнінде мемлекет уэкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке жэне заңды түлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік баж алу объектілері.
Төменде аталғандардан мемлекеттік баж алынады:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардыц көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нота-риат куэландырған кұжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бер-гені үшін;
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азамат-тарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куэліктерді жэне азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін қүжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы қүжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыра-тын қүжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы қүжаттарды ресімдегені үшін;
7) түрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшылық қүқығына рүқсат бергені үшін;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін;
10)қаруды жэне оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Респу бликасының аумағына экелуге жэне Қазақстан Республикасынан экетуге рүқсат бергені үшін;
11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды жэне аэрозольдық газды қүрылғыларды қоспағанда) тіркегені жэне қайта тіркегені үшін;
12)Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сэйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми қүжаттарға Қазақстан Респу бликасының Үкіметі уэкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
13)жүргізуші куэлігін, көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куэлікті, мемлекеттік нәмір белгілерін бергені үшін.
Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздык ставкалары, Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.
42. Кедендік баж салығы - мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден жэне құнды заттардан алынатын ақшалай төлем.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден оргаңдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден төлемдерін алады.
Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің жэне кеден төлемдерін өндіріп алудың тэртібі, сондай-ақ жеңілдіктер Қазақстан Республикасыньщ кеден зандарымен анықталады.
Кеден төлемдерінің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Кеден төлемдерінің түрлері.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде жэне Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінің мьшадай түрлері тәленеді:
1) кедендік баж;
2)кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
3)тауарларды сақтау үшін кедендік алым;
4)кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
5)Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергені үшін алым;
6)кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым;
7)алдын ала шешім үшін төлемақы.
Жеке түлғалар Қазақстан Республикасының кеден зандарында белгіленген оңайлатылған тэртіппен тауарлар алып өткен кезде, жоғарыда көрсетілген кедендік төлемдер