Дәріс 6. кәсіпорынның айналым капиталын ұмдастыру
- Айналым капиталының мәні және құрылымы.
- Қаражаттың ауыспалы айналымы.
- Айналым қаражаттарының қалыптастыру көздері.
1. Кәсіпорынның іс әрекетін қамтамасыз етуде айналым қаражатының бар болуы міндетті шарт болып табылады. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражатының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске ұзақ қатысатын негізгі қорға қарағандағы айырмашылығы ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өзінің құнын тікелей дайын өнімге бірден аударады. Кәсіпорындағы айналым қорының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселенің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің жағдайын сипаттайды. Мысалы, дебиторлық қарыз үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнім, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді.
Кәсіпорында айналым қаражат құрылымы тұрақсыз және көптеген себептерден өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістің сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады. Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорынның өндіріс қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы: Ауыр өндіріс кәсіпорынында жеңіл өндіріске қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады:айналым қаржыларының қажеттілігін анықтаужәне олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар отын, қосалқы материалдар, тез тозғаш аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қаражатын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендету болып табылады.
2. Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.
1. Кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін жұмсайды. Бұл сатыда айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
2. Алынған айналым қоры өндіріс процесіне тікелей өтіп алдымен өндірістің қосалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға содан соң аяқталмаған өндіріс процесі - дайын өнімге айналады.
3. Дайын өнім сатылады. Нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласына айналыс аясына яғни, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бір мезгілде айналының барлық үш сатысыда айналымда болуы мүмкін. Яғни, бір нәрсе бір мезетте сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімді сатуды қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының айналымын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштері болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражатының (Қақ) айналымдылығының коэфиценті.
Қақ = Өқ/АҚ орт
Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнім құны;
АҚ орт - сол кезеңдегі айналым қорының орташа қүны;
Егерде өткізуден алынған түсім бір жылға есептелесе, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да бір жылға алынады.
3. Кәсіпорын құрылған кезде айналым қаражаты жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлы өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Орнықты пассивтерге жататындар:
1. Жалақы жөніндегі ең аз ауыспалы қарыз және әлеуметтік сақтандыруға зейнетақы қорына, медициналық сақтандыруға төленетін аударымдар.
2. Аванс және өнімге жартылай ақы бойынша тапсырыс берушілерге қарызы.
3. Салықтардың түрлері бойынша бюджетке қарызы.
Кәсіпорынның айналым қорына мұқтажы жыл бойынша түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады: өндірістің маусымдығы, тауар материалдарының құндылығының жеткізудің бір кемшілігі, қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және жиналуы.