Тақырып 8. Азаматтық құқықтың субъектілері және объектілері.

Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушыларына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар (әртүрлі ұйымдар) жатады. Сонымен қатар, азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға мемлекет және өзін - өзі басқару органдары қатысуы мүмкін.

Азаматтық – құқықтық қатынас субъектілері болу үшін арнайы қасиеттер жинағына ие болуы қажет. Оны құқықсубъектілік деп атайды.

Тақырып 8. Азаматтық құқықтың субъектілері және объектілері. - student2.ru Тақырып 8. Азаматтық құқықтың субъектілері және объектілері. - student2.ru

Азаматтық құқыққабілеттілік – бұл азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттер атқару қабілеттілігі.

Азаматтық әрекетқабілеттілік - өз әрекеттерімен тұлғаның құқықтар мен міндеттерге ие болу және оларды жүзеге асыру қабілеттігі. Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттігі бірнеше деңгейлерге (түрлерге) бөлінеді:

1) толық әрекетқабілеттілік (18 жастан жоғары);

2) жартылай әрекетқабілеттілік (14 – 18 жас);

Сонымен қатар әрекетқабілетсіздік және шектелген әрекетқабілеттілік деген бар. Оны сот тағайындайды.

Құқықсубъектілік туралы тәлімгерлер көрсетілген арнайы әдебиеттерден толық мәліметтер ала алады.

Заңды тұлға – шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында дербес мүлкі бар және өзінің міндеттері бойынша осы мүлкімен жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес шарттарды жасап, жүргізе алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлғаның белгілері:

1) ұйымдық біртұтастық;

2) жеке дербес мүлкі болуы;

3) өз міндеттері бойынша өз мүлкімен жауап бере алуы;

4) өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие бола алуы.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттігі оның ұйымдық – құқықтық нысаны мен құрылу мақсатына байланысты жалпы және арнайы болып бөлінеді. Коммерциялық ұйымдар жалпы, ал коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқарудағы кәсіпорындар арнайы құқыққабілеттікке ие. Заңды тұлғаның құқыққабілеттігі ол құрылған кезден бастап пайда болады. Оны оның арнайы органы жүзеге асырады.

Заңды тұлғалар келу нормативтік және рұқсат ету тәртібінде құрылуы мүмкін.

Заңды тұлғаның қызметі қайта құрылумен немесе жойылуымен аяқталады.

Заңды тұлғалар қызмет мақсатына байланысты коммерциялық (пайда табу мақсатындағы) және коммерциялық емес (пайда табуды көздемейтін) болып екіге бөлінеді.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі – субективтік құқықтар мазмұнын құрайтын мүмкіндіктерді жүзеге асыру. Оның әдістерінің түрлері:

1) фактілік;

2) заңдық (заңды көрсетілген). Мысалы, мүлік сату, мұрадан бас тарту.

Азаматтық құқықтар өкілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оның себептері:

1) Заңдық себептері – бұлар тұлғаның толық емес әрекетқабілеттілігі, шектелген әрекетқабілеттілік, әрекетқабілеттің және ұйымның заңды тұлға мәртебесінің болмауы;

2) Фактілік себептері - бұларға, мысалы, ауыру, тұрақты мекен – жай болмауы, қолы бос болмауы және т.б. жатады.

Өкілдік түрлері:

1) ерікті өкілдік;

2) міндетті өкілдік (заңды көрсетілген). Ерікті өкілдік сенімхат негізінде жүзеге асаыралыды.

Сенімхат түрлері:

1) генералды (әртүрлі шарттарды, тұлғаның барлық азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға беріледі);

2) бірреттік (қатаң анықталған мәмле мен әрекеттерді жасауға беріледі).

Сенімхаттың әрекетінің тоқтау негіздері: а) уақыттың өтуі; ә) берген тұлғаның тоқтатуы; б) алған тұлғаның бас тартуы; в) сенімхат берген заңды тұлғаның жойылуы; г) сенімхат алған заңды тұлғаның жойылуы; д) берген азаматтың қайтыс болуы, әрекетқабілетсіз деп немесе хабар – ошарсыз кетті деп танылуы.

Мерзімдер түрлері: а) нормативті мерзімдер – заңды анықталған; ә) шарттық мерзімдер; б) соттық мерзімдер.

Нормативті мерзімдер императивті (жақтар келісімімен өзгертуге болмайды) және диспозитивті (диспозитивті нормалармен анықталған, тараптармен өзгертіле алатын)болып екіге бөлінеді.

Айқындалуына байланысты: а) абсолютті айқындалған (календарь датасымен, уақыт кезеңімен); ә) салыстырмалы айқындалған (бір оқиғаның басталуын күтетін); б) анықталмаған (мысалы, талап ету сәтіне дейін).

Құқық туғызатын мерзімдер – басталуы немесе өтуі азаматтық құқықтар туғызатын мерзімдер. Мысалы жариялы, үздіксіз және адал түрде өзгенің мүлкін иеленуі иеленген тұлғаның сол мүлікке меншік құқығын туғызады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері : а) тиісті құқықтарды іске асыру уақыты (мысалы, авторлық құқық тұлғаның өмірі бойы және өлген соң 50 жыл сақталады); ә) алдын алу (пересекательные) мерзімдері (мысалы, лотореяда); б) кепілдік мерзімдері.

Сонымен қатар міндеттерді жүзеге асыру мерзімдері және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері (мысалы, талап арыз ұзақтығы мерзімі).

Жоғарыда айтылған мерзімдер түрлері туралы тәлімгерлер «Азаматтық құқық» курсы бойынша арнайы әдебиеттерден таныса алады.

Меншік құқығы субъективтік мәніндегі:

1) иелену құқығы; 2) пайдалану құқығы; 3) өкім ету құқығынан және объективтік мәніндегі меншікті қорғайтын құқықтардан құралады.

Меншік құқығы екі жолмен пайда болады:

1) бастапқы және 2) өндірістік.

Бастапқыға шаруашылық және еңбек нәтижесі, жеміс жинау, жалпыға рұқсат етілген жолмен балық, аң аулау, тауып алу (қазына), иелену ұзақтығы (ұзақ мерзім бойы адал иеленуден пайда болады) жатады.

Өндірістікке, мысалы, сатып алу, айырбас, сыйға алу, мұра және т.б. жатады.

Меншік құқығы мынадай негіздер болған жағдайда тоқтайды: а) Өндіріп алу; ә) заң бойынша тиесілі емес мүліктің даулануы; б) қозғалмайтын мүліктің учаскені алуға байланысты алынуы; в) шаруашылық мәдени құндылықтарды сатып алу; г) реквизиция; д) конфискация – бұл көрсетілгендердің барлығы (а - д) мәжбүрлі негізге жатажы.

Ерікті түрде, мысалы, сату, беру, әкімшілік акт негізінде беру болғанда меншік құқығы тоқтайды. Еріксіз түрде – бүліну, жоғалу, меншік иесінің өлуі және т.б.

Меншік мемлекеттік және жеке меншік нысандары бөлінеді.

Меншік құқығын қорғау виндикациялық және негаторлық талаппен жүзеге асырылады.

Виндикациялық талап - өзгенің заңсыз иелігіндегі меншігін талап ету. Негаторлық талап – иелігі сақталуының, бірақ пайдалану мен билік етуге кедергі келтіруге байланысты оны жоюды сұрау.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Жаршысы, 1994. №23-24.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасы парламенті Жаршысы, 1999. №16-17.

3. Қазақстан Республикасы заңы «Бәсеке және монополиялық әрекетті шектеу туралы» 19 қаңтар 2001 жыл// Егемен Қазақстан, 25 қаңтар 2001ж.

4. Қазақстан Республикасы заңы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» // Парламент Жаршысы, 1997. №12.

5. Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң // Жаршы, 1991. №23.

6. Қазақстан Республикасының заңы «Жеке кәсіпкерлік туралы» 19 маусым 1997 жыл // Парламент жаршысы, 1997. №12. 185 бап.

7. Қазақстан Республикасы заңы «Банкроттық туралы» 21 қаңтар 1997 жыл // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1997. №1-2. 7 бап.

8. Қазақстан Республикасы заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» 13 мамыр 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 16 мамыр 2003 жыл.

9. Қазақстан Республикасы заңы «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2 шілде 2003 жыл // Егемен Қазақстан, 10 шілде 2003 жыл.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Егемен Қазақстан құқығы. Алматы, 1998.

2. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Алматы: ҚазМЗУ, 2002.

3. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы: Экономика, 1999.

4. Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық. Құрастырған ө.Ақыпбекұлы. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.

5. Нәрікбаев М.С. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. Алматы, 1998.

6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Алматы: Жеті Жарғы. Том 1. 2001.

7. Шарттар жинағы / Құрастырған Темірғалиева Р.А. Алматы:Аян Әдет, 2000.

Наши рекомендации