Жұмыс уақытын ұйымдастыру
Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- Өндірістік уақыт
- Өндірістік емес уақыт
Өндірістік уақыт 3 негізгі түрге бөлінеді:
- Оперативті уақыт;
- Жұмыс орнына қызмет ету уақыты;
- Дайындық уақыты.
Оперативті уақыт негізгі және қосалқы уақыттан құрылады.
Негізгі уақыт еңбек затының сан неиеме сапалық өзгеруінен жаратылған уақыт.
Қосалқы уақыт жұмысшының негізгі жұмысты орындау үшін атқарған әрекеттеріне қатысты уақыт.
Жұмыс орнына қызмет ету уақыты – жабдықты және жұмыс орнын тазалыққа, тәртіпке ұстауға жаратылған уақыт.
Барлық басқа да уақыт шығындары өндірістік емес болып табылады.
Өндірістік емес уақыт шығындарында кездейсоқ және өндірістік емес жұмыстар пайда болады. Кездейсоқ жұмыстар - өндірістік қажеттіліктен пайда болған жұмыстар уақыты.
өндірістік емес жұмыстар - өнім өндірісін ұлғайтпайтын немесе оның сапасын жақсартуға әсер етпейтін уақыт.
3.Уақыт шығындарын зерттеу әдістері:
1. Фотолау;
2. Хронометраж;
3. Фотохронометраж;
4. Сәттік бақылау (байқау).
Жұмыс орнын фотолау – барлық еңбек уақыт шығындарын анықтап және зерттеу үшін өткізіледі.
Фотоға түсірудің 4 түрі бар:
· Жеке фотолау – мұнда зерттеу объектісі 1 жұмысшы немесе машина (жабдық) болады. Жеке фотолаудың бір түрі өзін-өзі фотолау, яғни ауысым немесе жұмыс күні кезінде жұмыстағы үзілістерді олардың себебінде көрсетіп белгілеу.
· Бригадалық фотолау – бақылау объектісі бір жұмыс орнында технологияға байланысты жалпы жұмысты орындаушы жұмысшылар тобын фотолау.
· Топтық фотолау – мұнда бақылау объектісі әрқайсысы бөлек жұмыс орындаушылар тобы.
· Маршруттық фотолау – бақылауды бір-бірімен үлкен ара қашықтықтағы бірнеше объекті немесе жұмыс орны бойынша оларды белгілі бір маршрутпен өту немесе бір объекті ішінде өтуі арқылы өткізіледі.
Хронометраж (грек тілінен «хроно» - уақыт, «метраж» - өлшеу дегенді білдіреді) - өндіріс процесінің циклдік қайталанып отыратын элементтері бойынша жұмыс уақыты шығындарын зерттеу уақыты. Мұнда бақылау объектісі - өндірістік операция немесе оның элементтері болып табылады.
Фотохронометраж – аралас әдіс, яғни жұмыс уақытын зерттеуде, фотолауды да, хронометражды да бірге пайдаланады.
Сәттік бақылау әдісі – жұмыс уақытын бірталай орындаушылармен пайдалану жөнінде жалпы мәлімет алу үшін қолданылады. Оның мәні бақылаушы, байқыушы немесе зертеуші алдын-ала бедгіленген маршрут бойынша қозғалып, белгілі бір пунктерге орындаушының жұмыс жағдайын, уақыт шығынын өлшемей, шартты индекспен белгілейді.
Дәріс 4. Ағындық өндірісті ұйымдастыру негіздері
Ндірісті ұйымдастыру әдістері: көпшілік, сериялық, жеке дара.
Ндірісті ұйымдастыру нысандары: мамандыру, бірлестіру, қиыстыру, шоғырландыру.
Ндірісті ұйымдастыру типтерінің ерекшеліктері.
Ндірістік ағын
1.Әрбiр кәсiпорын жұмысының негiзiн өндiрiс процесi құрайды. Елiмiздiң экономикасын көтеруде оны интенсификациялау, әрине, маңызды роль ойнайды.Өндiрiс тиiмдiлiгiн жоғарлату, оны интенсификациялау арқылы мүмкiндiк бередi, яғни интенсификациялауға :
·жұмыс уақытының жоғалуының қысқарту;
·жұмыс уақытты тығыз пайдалану;
·еңбек өнiмдiлiгiн көтеру;
·жаңа техника мен технология енгiзу;
·өндiрiс процесiн рационалды ұйымдастыру және т.б.
Кез келген, өндiрiстік процесс дегенiмiз – технологиялық, табиғи процестердi және бiр-бiрiмен байланысты еңбек процестерiнiң бiрлiгi.
Еңбек процесi дегенiмiз, еңбек затын, оның формасын, көлемiн, физикалық жағдайын, орналасуының, сыртқы түрiн және тағы басқаларды өзгерту.
Өндiрiс процестерi бiрқатар белгiлермен анықталады:
1) өндiрiстегi белгiленген мақсатына байланысты – негiзгi және қосалқы;
Жұмысы негiзгi өндiрiс мұқтаждарын қамтамасыздандыруға бағытталған процестер – көмекші деп аталады. Олар негiзгi процестердiң үздiксiз, дұрыс өтуiн қамтамасыз етедi.
Көмекші процестер - өндiрiс құралдарын сақтау және жөндеу, сумен, энергиямен, материал-техникамен қамтамасыз ету.
2) Жұмысшының өндiрiс процесiне қатысу дәрежесiне байланысты:
·қол еңбегi процесi;
·машиналы-қолды;
·машиналық ӨП;
·автоматтандырылған ӨП;
·аппараттық ӨП.
3) ӨП мазмұны бойынша:
· механикалық;
· физико-химиялық;
Механикалық процестер – бұл механикалық әсерiмен еңбек затының формасы, көлемi, физикалық жағдайы, орналасуының өзгеруi (шикiзат немесе өнiмдi өндеу және қайта өндеу), еңбек заты әр түрлi құрал жабдықпен массивтен бөлiнiп, одан ары өнделiп, қайта жасалуға, тасымалдауға, сақтауға жiберу процестерi.
Физико-химиялық процестер – бұл материалдардың физико-механикалық және механикалық қасиеттерi және олардың iшкi құрылымы өзгерiске ұшырайтын процестер (химиялық, жылу, диффузиялық, электрохимиялық және т.б. процестер).
4) Өту жағдайына және ұзақтылығына байланысты ӨП:
·үздiктi;
·үздiксiз болады.
Үздiксiз ӨПбарысында бiр операция екiншi операциямен тоқтаусыз алмасады. Үздiктi процестер кезеңдiлiкпен және қайталануымен мiнезделедi.
Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:
·кезектi;
·параллельдi;
·параллельдi – кезектi.
Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады.
Операциялардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.
Параллельдi-кезектi тәсiл – операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.
Кез-келген өндiрiс процесс оның орынды, тиiмдi (рационалды) ұйымдастырылуын қажет етедi. Өндiрiс процестердiң ұйымдастырудың негiзгi принциптерi:
·үздiксiздiк; ырғақтылық; пропорциялылық.
Үздiксiздiк принципi еңбек заты үздiксiз өнделiп, дайын өнiм үздiксiз өндiрiлуiн бiлдiредi. Салада технологиялық тiзбектiң өндiру, өндеу, тасымалдау кезендерiнде өндiрiс процестерi үздiксiздiк принцип бойынша ұйымдастырылған. Яғни, өндiру процесі тоқтаусыз, әрi үзiлiссiз өтедi. ӨП үздiксiздiгi негiзгi қорларды неғұрлым толық пайдалануға және айналым қорының айналу жылдамдығын тездетуге мүмкiндiк бередi.
Ырғақтылық принципiкәсiпорынның берiлген жоспары /графигi/ бойынша бiрқалыпты өнiм шығарып отыруын бiлдiредi. Өндiрiс процестерінiң ырғақтылығы кәсiпорынның барлық цехтары мен бөлiмшелерiнде өндiрiстiң бiрқалыпты жүрiп отыруымен қамтамасыз етiледi.
Өндiрiс процестердiң пропорциялылығыоперациялардың ұзақтығы бойынша теңдiгiн немесе олардың еселiгiн, яғни бiр орындалғанда толығымен, аяғына дейiн атқарылуын бiлдiредi.