Тәжірибелік жұмыс. Несие төлемдерін есептеуде қаржылық функцияларды пайдалану
Еxcel кестелік процессорында ПЛТ, ПРПЛТ, ОСПЛТ қаржылық функцияларын қолдану арқылы, кезеңдегі несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге болады.
Кезеңдегі жалпы төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясы қолданылады. Оның аргументтері:
Ставка – кезеңдегі проценттік ставка.
КПЕР – төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны.
ПС – ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасы.
БС – соңғы төлемнен кейінгі болашақта болуы мүмкін құн немесе қолма-қол баланс. Егер БС аргументі жоқ болса, оны 0 деп есептейді.
ТИП – 0 немесе 1 сандары төлемінің сәйкес мерзімінің басында немесе соңында төленетінін көрсетеді. Егер 0 болса, онда төлем кезеңнің соңында, ал 1 болса, кезеңнің басында төленеді.
Әр кезеңдегі негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді есептеу үшін ОСПЛТжәне ПРПЛТфункцияларын қолданамыз. Бұл функциялардың да, тек төлем кезеңін көрсететін «Период»аргументінен басқа барлық аргуметтері ПЛТ функциясының аргументтерімен бірдей.
Бұл функцияларды қолдану барысында мыналарды есте ұстау қажет:
- Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12-ге бөлу керек;
- ПЛТ функциясымен есептелетін төлемдер негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді қамтиды, бірақ кейде қарызбен байланысты болатын салықтарды, резервтік төлемдерді немесе комиссияларды қоспайды.
1-есеп. 10000 доллар көлемінде 5 жылға, жылдық 17%-тік ставкамен алынған қарыз бойынша жылдық төлем шамасын есептеу.
8-суреттегі В3:В5 ұяшықтары аралығына алғашқы мәліметтерді енгіземіз. В6 ұяшығына жылдық төлем шамасын есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз, аргументтерін келесі түрде енгіземіз: =ПЛТ($B$3;$B$4;-$B$5)
Жалпы төлем сомасы: =B6*B4
Әр кезеңде төленетін процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдерді анықтау үшін келесі формулаларды енгіземіз:
8-сурет – Есептің шешуі
D10 ұяшығына =ПРПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз.
Е10 ұяшығына =ОСПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз. Нәтижесінде әр кезеңдегі процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдердің шамасы анықталады. Қарыз қалдығын өз бетіңізбен орындаңыздар.
2-есеп.3 жылға жылдық 15%-пен алынған құны 700000 теңге болатын тұтыну несиесі бойынша айлық төлем шамаларын (негізгі төлем шамасын, проценттік төлем шамасын және жалпы айлық төлем шамасын) және қарыз қалдығын есептеңіздер.
3-есеп.20 жылға 11 % жылдық ставкамен 52000 тенге ақша салынғанда шотта қанша ақша болатынын есептеу керек. Процент ай сайын есептеледі.
Шешімі: Болашақ құнды есептеу үшін күрделі процентті есептейтін БС функциясы қолданылады:
БС(ставка; кпер; плт; пс; тип)
Біздің есебімізде функция төмендегідей жазылады:
БС(11 %/12;20*12;;-52000)
Есептеу терезесі 3.9-суреттегідей болады:
9-сурет – Салымның болашақ құнын есептеу
Болашақ құнның шамасын есептеу үшін В8 ұяшығына мына формуланы жазамыз:
= БС(B4/B5;B6*B5;;-52000)
4-есеп.Проектіні іске асыру барысында жыл сайын түсетін пайда 54 000 000 болады деген болжам бар. Проектінің өзін-өзі ақтау мерзімін анықтау керек. Алғашқы инвестиция мөлшері 140 000 000, дисконттау нормасы 7,67 %
Шешімі:Төлемдер мерзімін анықтау үшін КПЕР(ставка; плт; пс; бс; тип) функциясы қолданылады. Біздің есебіміз бойынша КПЕР(7,67 %; 54000000; -140000000) = 3
5-есеп.Облигация 200 000 номиналмен 7 жылға шығарылған. Процентті есептеу мынандай тəртіппен жүргізіледі: бірінші жылы – 11 %, келесі үш жылда – 16 проценттен, қалған үш жылда – 20 проценттен. Күрделі проценттік ставкамен облигацияның болашақ құнын есептеу керек.
Шешімі:Күрделі проценттік ставкамен болашақ құнды төмендегі функцияның көмегімен есептейміз:
БЗРАСПИС(первичное; план)
Біздің есебіміз үшін ол 10-суреттегідей түрде болады:
10-сурет – Күрделі проценттік ставкамен өсетін құнды есептеу
Мұндағы В15 ұяшыққа = БЗРАСПИС(B3;B7:B13) формуласын енгіземіз
6-есеп.Проект бойынша шығындар 600 млн. Келесі 5 жыл ішінде түсетін пайда: 50, 100, 300, 200, 300 млн. Пайда нормасы 15 % болғанда инвестиция айналымының жылдамдығына байланысты проектінің тиімділігін бағалау керек.
Шешімі: Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу үшін ВСД(значения; предположения) функциясы қолданылады. Біздің есебімізде Значения аргументі ғана қолданылады. Олардың біреуі міндетті түрде теріс сан болады. Егер инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы пайда нормасынан жоғары болса, онда проект тиімді деп саналады. Ондай болмаған жағдайда проект іске асырылмау керек.
Есептеу терезесі 11-суретте көрсетілген :
Мұнда В13 ұяшығына мына формуланы енгіземіз:
= ВСД(B4:B9)
В15 ұяшығына енгізілетін формула:
= ЕСЛИ(B13>B11;"Проект тиімді";"Проект тиімсіз")
11-сурет – Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу