Азақстан Республикасы мемлекеттік саясатының діни экстремизмммен кҥрестегі негізгі басымдықтары және дінаралық диалог стратегиясын жетілдіру 2 страница

14 орталық «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге кӛмек кӛрсету орталықтарының қауымдастығының» құрамына кіреді, ал 8 орталық ӛз алдына қызмет кӛрсетеді.

Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге кӛмек кӛрсету және сауықтыру орталықтар түрінде қызмет ететін ҮЕҰ арасындағы келесі ҮЕҰ- ды ерекше атап ӛтуге болады: «Деструктивті діни ағымдардан зардап

шеккендерге кӛмек кӛрсету орталықтарының қауымдастығы», «Аңсар» кеңес беру-сауықтыру орталығы», «Сана» дінтанулық ақпараттық-кеңес беру орталығы», «Виктория» деструктивті секталардан зардап шеккендерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық кӛмек кӛрсету орталығы» және

«Әлеуметтік бастама орталығы».

Дін саласында қызмет атқаратын кейбір орталықтар тек оңалту қызметімен ғана шектеліп қана қоймай, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері бойынша мұқтаж азаматтарға кеңес берумен де айналысады. Мұндай ҮЕҰ қатарында, Қызылорда облысында орналасқан адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуден зардап шеккендерге, діни экстремизм құрбандарына және діни экстремистік ұйымдардың ықпалынан шыққан тұлғаларға арналған «Қамқорлық» дағдарыс орталығының орны ерекше.

Бір қатар ҮЕҰ, соның ішінде, қоғамда адамдардың құқықтарын бұзатын, олардың денсаулықтарымен әлеуметтік салауаттылығына зиян келтіретін, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін әрекеттермен айналысатын ұйымдар мен адамдар тобы туралы және олардың адамға деструктивті ықпалдары туралы объективті ақпараттар таратуға маманданғанАлматы қаласының «Перспектива» ақпараттық-кеңес беру тобы» қоғамдық қорынатап ӛтуге болады.

2013 жылы діни мәселелер бойынша ақпараттар қабылдау мен азаматтарға консультациялар беру Орталығы құрылды. Оның базасында тәулік бойы тегін қызмет атқаратын - «Қауырт желі - 114» қызметі ұйымдастырылды. Қауырт желі қызметінің мәні – азаматтарды дін мәселесі бойынша тәулік бойы тегін ақпараттандыру мен дін саласындағы заңдардың бұзылуы туралы мәліметтерді жинақтау мен оларды құқыққорғау органдарына жолдау болып табылады.

Аталмыш ҮЕҰ қызметтері 2012 жылғы 27 қаңтардағы Еуропа Кеңесінің «ұлттық немесе аймақтық деңгейде діни, эзотерикалық немесе рухани сипаттағы ақпараттық орталықтарын құру» туралы Ұсыныстарына, сонымен қатар, Парламент Ассамблеясының (1999ж №1412) «Секталардың заңсыз қызметі» және (1992ж. №1178) «Секталар мен жаңа діни қозғалыстар туралы»Ұсыныстарына сәйкес келеді. Сондай-ақ,бұл Ұсыныстар«секталар мен дәстүрлі емес діни топтардың азаматтардың бостандықтарына негізгі құқықтарын, әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, жеке ӛмір мен отбасын құрметтеу құқықтарын қорғауға бағытталған».

Барлық деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендер мен оңалту орталықтарының қызметтері әртүрлі конфессиялардың деструктивті діни ағымдарынан зардап шеккендерге психолог, теолог, дінтанушы және заңгер мамандардыңқызметтерін біріктіре отырып кӛмек кӛрсетуге бағытталады.

Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру мақсатында облыстардағы, Астана және Алматы ққ. Дін істері басқармаларының жанынан коммуналды мемлекеттік мекеме түріндегі Дін мәселелерін зеттеу

орталықтары құрылуда, олар дін істері басқармалары арқылы әкімдіктердің қызмет ету аясы мен мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Орталықтардың жұмыстары ӛңірлік АТК, діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі кеңестермен бірыңғай байланыста және ортақ ұйымдастырушылық негізде жүзеге асуы тиіс.

Орталықтардың жергілікті жерлердегі діни экстремизмге қарсы іс- қимыл мен алдын алу шаралары бойынша негізгі қызметтері келесілер болып табылады;

жергілікті және орталық атқару органдары, сондай-ақ, ӛңірлік антитеррористік комиссиялардың жұмыстарында, сонымен қатар, дін және экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы мақсатты ақпараттық- насихаттық жұмыстарды жетілдіру үшін ӛңірдегі діни ахуал туралы талдаулық базаны қалыптастыру. Бұл бағыт түрлі талдаулық материалдарға негіз болатын талдаулық және әлеуемттанулық зерттеулер, сарапшылар сауалнамасын, БАҚ-қа мониторинг пен контент-талдауды жүргізуді ұйымдастыруды қамтиды;

ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.АНТ ұйымдастыру, мақсатты топтар мен тақырыптарына сәйкес қызметтерін жоспарлау, сондай- ақ, АНТ жұмысын бақылау және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Бұл бағыт дәрістер, акциялар, кездесулер, консультациялар, баспасӛз-мәслихаттарын ұйымдастыру, медиа-жоспарлауды жүзеге асыру, баспа және электронды БАҚ-пен ӛзара әрекеттестік, Интернеттегі жұмыстарды қамтиды;

ақпараттық-насихаттық қызметте қолдану, сонымен қатар, ӛңірлік деңгейдегі АНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру үшін АНТ-ны қажетті әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету, ол ақпараттық және әдістемелік материалдар, құралдар, кітапшалар, бүктемелер, бейнематериалдар және ӛзге де үлестіру мен таныстыру материалдарын дайындау мен шығарудан тұрады;

ақпараттық-құқықтық және психологиялық консультацияларды, сондай-ақ, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл мақсатта Орталықтар ӛңірлерде дін мәселесі бойынша қызмет ететін консультативті-оңалту орталықтары мен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге кӛмек кӛрсету орталықтарының қызметтерін үйлестіреді;

деструктивті діни ағымдардың мүшелерін оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, дестурктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту орталықтары мен кӛмек кӛрсету орталықтарының қызметтерін үйлестіру.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы қызметте оның ақпараттық және насихаттық құрамына ерекше кӛңіл бӛлінеді. Осыған байланысты, Дін істері агенттігінің де қызметтері қоғамда толерантты діни сана мен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Ол дінбасылары ӛкілдерінің, этностық-мәдени орталықтар, үкіметтік емес және

жастар ұйымдары, әртүрлі саладағы беделді азаматтардың әлеуеттерін діни экстремизмге қарсы түсіндіру жұмыстарына қолдану арқылы жүзеге асып, қоғам ӛкілдері экстремизм мен терроризмнің барлық түрлері мен кӛріністеріне қарсы шығып қана қоймай, сонымен қатар, оларға принциптік бағалау мен кез келген деструктивті ағымдарды айыптауларын кӛрсетулері тиіс. Жалпы алғанда, экстремисттік доктриналар мен ілімдерді жою мен дін атын жамылған радикалды және деструктивті идеологиялардан ӛзіндік қорғануға бағытталған қоғамдық бастамаларды жандандыруға күш салу қажет.

Осы орайда, Агенттіктің ақпараттық-насихаттық қызметтерін қарастырып ӛтуге болады. Ең алдымен, ақпараттық-түсіндіру жұмысын – мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында мемлекеттік мекемелердің халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі ретінде анықтап алуға болады.

Дін мәселелері жӛніндегі ақпараттық-насихаттық топтар (әрі қарай - АНТ) елдегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық- насихаттық жұмыстарды іске асыру тәсілінің бірі болып табылады.

АНТ жұмысының басты бағыттары келесілер болып табылады: 1.конфессияаралық келісімді насихаттау;

2.тұрғындардың діни және құқықтық сауаттылығын кӛтеру; 3.діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу.

АНТ облыстық, аудандық және қалалық деңгейлерде құрылады. АНТ жұмысы дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халық сенімінің негізін қалайды және қоғамдық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады.

АНТ құрамына дінтанушы-мамандар, теологтар, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың ӛкілдері, заңгерлер, психологтар, жергілікті атқарушы және құқыққорғаушы органдардың қызметкерлері енеді. Ӛзінің жұмысы барысында АНТ тұрғындардың мақсатты әлеуметтік топтарын қамтып, оларға діннің шынайы адамгершілік бастауларын жеткізіп, дәстүрлі рухани құндылықтарды сіңіреді және радикалды, деструктивті діни қауымдардың қатарына ӛту қауіптері туралы ескертеді.

Қазіргі таңда Агенттіктің ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуімен құрамында мемлекеттік органдардың мамандары, дінтанушылар, теологтар мен имамдар бар 500-ден астам ақпараттық топтардың жұмысы ұйымдастырылып, келесі бағыттарда қызмет атқаруда:

– тұрғындардың түрлі топтарында дін саласына қатысты негізгі білімді қалыптастыру, азаматтардың ақпараттылығын арттыру және мемлекеттің Қазақстандағы конфессияаралық келісім және дінаралық қатынастар саласындағы саясатын халықтың қолдауын қамтамасыз ету;

– саласында құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы азаматтардыңқұқықтық мәдениетін қалыптастыру;

– конфессияаралық және ішкі конфессиялық негізде мүмкін болатын әлеуметтік шиеленістерді ескерту және алдын алу;

– азаматтар арасында толеранттылық және қазақстандық қоғамның рухани бірлігі идеяларын қалыптастыру және тарату;

– халықты Қазақстандағы діни бірлестіктердің және ағымдардың қызметімен ақпараттандыру, сондай-ақ, дәстүрлі діндердің қызметтерінің мәнін ашып кӛрсету;

– қоғамда жалған діни ағымдар мен радикалды ұйымдардың таралуының алдын алу;

– қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуының алдын алу;

– радикалды діни идеологияны ұстанатындар, сонымен қатар қылмыстық-атқарушы жүйенің мекемелерінде жазасын ӛтеушілердің арасында, оларды дәстүрлі діни құндылықтарға оралту, әрі қарай қоғамға бейімдеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тұрғындардың діни сауатын арттыру, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу бағытында 2013 жылы жүргізілген жұмыстар 1 млн. 300 мыңнан астам адамды қамтыған [105].

Ал 2014 жылдың І тоқсанында ӛңірлердегі ақпараттық-насихаттық мазмұндағы 2500 астам шаралар ұйымдастырылып, 330 мыңнан астам тұрғындарды қамтыған.

Ақпараттық-насихаттық қызмет бағытында теологтар, сарапшы- ғалымдар, зиялы қауым ӛкілдерімен қатар, БАҚ әлеуетін қолдану жүзеге асырылуда. Ол қоғамда дінге деген қызығушылықтың артуына байланысты діни сенім бостандығы және толеранттылық тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде үлкен орын алуда. Осы орайда, діни БАҚ-ға тоқталып ӛтуге болады. Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктерге тиесілі діни бұқаралық ақпарат құралдары еркін таралады. Cоңғы жылдардағы діни бірлестік қызметіне діни сипаттағы басылымдардың кӛбейе түсуі тән: мерзімді басылымдар (журналдар, газеттер), сондай-ақ брошюралар мен буклеттер басылуда. Басылымдық үгіт-насихат саласындағы белсенділік барлық конфессияларда байқалады. Егер бұрын басылымдық үгіт-насихат және ағартушылықпен Қазақстан үшін жаңа конфессиялар мен деноминациялар айналысса, қазір дәстүрлі ислам мен православие ӛзінің мерзімді басылымдары мен олардың санын күн санап арттырып келеді. Бүгінде Қазақстанда 47 тіркелген діни БАҚ (45 баспа басылымы, оның 20-ы христиандық бағытта, 21 исламдық бағытта, 2 БАҚ иудаизм және 2-уі католицизм бағытында) және 2 телеарна (1 отандық және 1 шетелдік) жұмыс істейді. Солардың ішінде тӛмендегілерді ірі діни БАҚ ретінде атап кӛрсетуге болады:

– «Ислам және ӛркениет»;

– «Е-Islam» интернет-порталы;

– «Православие»;

– «Кредо»;

– «Гуманный мир»;

– «Қазақстандағы православиенің жандануы»;

– «Вестник»;

– «Шолом» және т.б.

Соңғы кездері діни бірлестіктер неғұрлым ауқымды аудиторияны қамтып, ақпаратты алғашқы болып жеткізетін Интернет-ресурстарға кӛптеп кӛңіл бӛлуде. Мәселен, бұл бағытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстан Православтық шіркеуі, Рим-католиктік шіркеуі, сондай-ақ, Қазақстан Еврей қауымы қызметі елеулі жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар, діни БАҚ тӛмендегілерге үлкен мән береді:

– діни салт-дәстүрлер мен олардың ерекшеліктеріне;

– діни тәрбиеге;

– Құран, Інжіл және т.б. Қасиетті кітаптарды рухани пайымдау;

– конфессияаралық диалог пен толеранттылыққа;

– діни мейрамдарға.

Діни БАҚ-қа қарағанда зайырлы БАҚ дін мәселесін келесі бағдарда таратады:

– дін бүкіләлемдік мәдениет, ӛркениетпен контекстте;

– дін ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылық және баға жетпес рухани тәжірибе;

– әлемдік деңгейдегі конфессияаралық диалог проблемалары;

– қоғам толеранттылығының қазақстандық тәжірибесі ерекшелігі мен бірегейлігі;

– діннің негізгі теологиялық принциптері жақсылық жасау, әділ болу, бірін-бірі құрметтеу контексінде;

– мемлекеттік конфессиялық саясат;

– қоғамдағы процестер жӛніндегі дін ӛкілдерінің пікірі;

– деструктивтік діни ұйымдардың қызметі жӛнінде;

– діни экстремизм және терроризм мәселелерін тарату.

БАҚ-та жарияланатын ақпараттар мазмұны мен оларды талқылау деңгейі оның діни экстремизмге қарсы халық сауаттылығын арттыру үшін нәтижелі қолдану әлеуетін кӛрсетеді. Осы мақсатта Дін істері агенттігі жанынан Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптарды жариялау бойынша Әдістемелік Кеңес жұмыс атқаруда. Әдістемелік Кеңес журналистерге арналған: «Діни терминдер мен ұғымдардыңанықтамалығы»,

«Діни экстремизм мен терроризм кӛріністеріне байланысты оқиғаларды жариялау жӛніндегі әдістемелік ұсыныстар» атты екі әдістемелік құралдардыдайындап, шығарған. Дін саласында мемлекеттік саясаттың әр түрлі аспектілерін ақпараттық қолдауға арналған бірқатар медиа-жоспарлар

жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сәйкесінше, дін саласындағы ӛзекті мәселелер бойынша БАҚ-тарда 7 мыңнан астам жарияланымдар жарық кӛрген [106].

Діни экстремизм идеологиясы ғаламтор арқылы кеңінен таралатындың анық. Сол себепті, діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған қызметтердің бірі ғаламтор арқылы деструктивті ақпараттардың таралуын тоқтатуға бағытталған. Агенттік мәліметтер бойынша, тұрақты түрде діни мазмұндағы интернет-сайттарға мониторинг пен талдау жүргізеді және олар бойынша дінтанулық сарапатама ӛткізеді. Деструктивті мазмұндағы сайттардың сараптамасының нәтижелері прокуратура органдарына шешімдер қабылдау үшін жіберіледі. 2013 жылдан 2014 жылдың 1 тоқсаны аралығында 2,1 мың діни интернет-ресурстардың мазмұнына сараптамалар жасалды. Прокуратура органдарына жіберілген материалдардағы 227 сайттар мен 167 видеоматериалдар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар жасалған.

Сонымен қатар, ғаламторда ислам атын пайдалана отырып діни экстремистік идеологияны насихаттаушыларға қарсы контрақпараттарды, яғни ғаламтор қолданушылар үшін нақты ақпаратты салыстыруға мүмкіндік беретін объективті ақпараттарды кӛбейту мақсатында нақты ақпараттық сайттар ашылып жатқандығын байқауға болады. Мысалы, 2013 жылы Дін істері агенттігі Аймақтанушылар конгресімен бірігіп, ақпараттық- ағартушылық «Е-Islam» интернет-порталын әзірлеп, іске қосты. Ол халықтың діни сауатын арттыруға, зайырлы принциптер мен діни нормалардың ӛзара іс-қимыл мәселелерін айқындауға, сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу шараларына бағытталды.

Осы тұста, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің сайттары белсенді қызмет атқарып отырғандығын байқауға болады, олар: «www.azan.kz», «muslim.kz», «islam.kz» сайттары. Елде белең алып отырған экстремистік кӛңіл-күйдің ислам атын пайдалануын ескерсек, аталмыш сайттардың белсенділігі және оларда талқыланатын тақырыптар мен пікірлердің кӛлемі дәстүрлі дін ӛкілдері тарапынан атқарылып отырған қызметтердің күрделілігін кӛрсетеді.

Дін саласын реттеуге бағытталған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының діни қызметтің барлық субъектілері тарапынан сақталуын қаматамасыз ету бойынша ұйымдастыру жұмыстары аса маңызды. Мысалы, 2013 жылы аталмыш заң нормаларын бұзу бойынша 282 әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде, 199 адам айыппұл түріндегі жазаға тартылған. Оның ішінде діни әдебиеттерді белгіленген орыннан тыс жерлерде таратқаны үшін 78 адам, тіркелмеген діни бірлестіктер қызметіне қатысқаны үшін 70 адам, заңсыз миссионерлік қызметі үшін 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазақстандық соттардың шешімдерінің негізінде бірқатар діни ұйымдар экстремистік ретінде танылып, олардың қызметтеріне тыйым салынды. (Қараңыз: Қосымша 2).

2013 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жӛніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» – маңызды құжат дайындалып, қабылданды.

Мемлекеттік Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм кӛріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарлама келесідей міндеттерді қамтиды:

1. Қоғамда тағатты діни сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру.

2. Діни экстремизм мен терроризмнің кӛріністерін, соның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру.

3. Экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шараларының жүйесін жетілдіру .

Мемлекеттік Бағдарлама діни экстремизм мен терроризмге қарсы қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерінен, соның ішінде, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру шараларынан тұрады [107]. Бағдарлама жоғарыда кӛрсетілген қызметтерді толықтай қамтиды және келесідей нәтижелерге қол жеткізуді кӛздейді:

1) 2017 жылы ел тұрғындары, соның ішінде 100% жастар мен діни негіздегі радикалдық идеологияға бейім және ұшыраған адамдар экстремизм мен терроризм идеяларын қажетсінбейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмысымен қамтылатын болады.

2) терроризм актілерінің дайындалу және қастандық жасау сатыларында беті қайтарылғандарының осындай дайындалып жатқан және анықталған қылмыстардың жалпы санына арақатынасы 100%-ға шаққанда 2017 жылға қарай кемінде 95 %-ды құрайтын болады.

3) террористік тұрғыдан осал объектілердің, тұрғындардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың күші мен құралдарының экстремистік және террористік әрекет салдарларын азайтуға және жоюға дайындығының дәрежесі 2017 жылы 100% құрайтын болады [108].

Жоғарыда келтірілген діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған қызметтерді талдай келе, аталмыш қызметтердің жан-жақты жүзеге асырылуда деген тұжырым жасауға болады. Сонымен қатар, діннің қоғамдағы рӛлі артып, әлеуметтік ортада жиі талқыланатын тақырыпқа айналуына байланысты оған қатысты қоғамдық пікірдің рӛлі ӛсіп келеді. Діни қарым-қатынастар саласында шешім қабылдауда қоғамдық пікірмен санасу негізгі құраушы болып табылады. Соңғы жылдары елде діни сала мәселелеріне қатысты ондаған әлеуметтік есептеулер жүргізілген. Оларды әлеуметтік орталарда танымал мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар

жүргізді. Мысалы ҚР Дін істері агенттігінің орталықтары жүргізген бірқатар зерттеулерге тоқталып ӛткен жӛн, 2011-2013 жылдар аралығында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша, халық арасында елдегі діни жағдайды оң қабылдау басым болғанын байқалады. Сұралған азаматтардың 90%-ға жуығы оны жағымды деп бағалаған. Жағдайға теріс баға берген сауалнамаға жауап берушілердің үлесі 10% шамасында. 4%-ға жуық респондент жауап беруге қиналған.

Қоғамдағы діни жағдайды оң қабылдаудың басымдығын 2013 жылы елдегі ішкі саясаттың тұрақтылығы және экстремизм мен терроризмге жол бермеу нәтижесі деп түсінуге болады.

Елдегі діни қатынастардың қақтығысты әлеуеті ӛте тӛмен. Діни жағдай мен конфессияаралық қатынастар қатардағы азаматтарға үрей тудырмайды. Соңғы сауалнама бойынша, халықтың барлығына жуығы (92%) күнделікті ӛмірде дінаралық қақтығыстарға кез болмайтынын айтқан.

Жалпы алғанда, қазақстандық қоғамда жайлылық пен діни жағдайдың шиеленісті әлеуетінің тӛмендігі байқалады. Бүгінде халық қабылдауында соңғы бірнеше жылдағы елдегі күнделікті және жалпы жағдайда түрлі діни топтар арасында ашық алауыздықтар жоқ.

Діни толеранттылық қазақстандық қоғамның ажырамас бӛлігіне айналды. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, елдегі барлығына жуық азаматтарға конфессиялық қатыстылық жақын әлеуметтік айнала құруға әсер етпейді.

Қазақстандықтар үшін басқа дінді уағыздайтын адамдармен кӛрші, әріптес, дос, сыныптас, курстас болу қалыпты жағдай болып табылады.

Қазақстандықтардың қандай да бір дінге қатысы ең алдымен оның қоғамда таралу деңгейімен белгіленеді. Оның жолын қуушылар саны неғұрлым кӛп болса, соғұрлым қоғам тарапынан қолдауға ие болады:

Наши рекомендации