ЕлордадаҒы медициналыҚ кластер

²Болашақ госпиталі²

Орталық Азияда тіпті Шығыс Еуропа елдерінде баламасы жоқ бұл медициналық кластер клиникалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған идеялары негізінде егемен еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда көшбасшы қызметін атқарып, халықаралық медицина стандарттарына сәйкес “Болашақ госпитальдеріне” айналуы керек. Халық сұранысы мен ұрпақ мүддесі жолындағы осы игілікті мақсатқа жету үшін өткен жылы Үкімет қаулысымен “Ұлттық медициналық холдинг” құрылып, оған кластер құрамындағы клиникалардың жұмысын басқару міндеті жүктелген болатын.

Республика денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бір бөлігі бола отырып, холдинг елордада салынған 6 инновациялық медицина мекемелерін басқаруға алды. Бұл клиникалардың жұмысын үйлестіре отырып холдинг тек қазақстандықтарға ғана сапалы медициналық қызмет көрсетіп қоймай, сонымен бірге алыс-жақын шетелдердің де сұранысын қанағаттандырмақ. Әрине, алға қойған мақсат аса жауапты. Дегенмен,“Болашақ госпиталі” негізіндегі міндеттер осындай мақсаттарды орындауды қажет етеді.

Еліміздің озық клиникаларының жұмысын үйлестіретін холдинг тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетумен қатар, ауруханалық басқарудың халықаралық стандарттарын тәжірибеге енгізбек. “Ауруханалық басқару жүйесін жетілдіру” бағдарламасы сонымен бірге ғылыми және білім беру салаларын да дамытуды мақсат тұтады. Бұл ретте АҚШ-тың және Батыс Еуропаның жетекші академиялық орталықтарының тәжірибесі кеңінен тартылады. Біліктілігі жоғары кадрларсыз денсаулық сақтау саласының қандай моделі болса да тиімділік бермейді. Сондықтан холдинг құрамына кіретін Орталықтар еліміздің медициналық кадрларын даярлау және қайта даярлау мақсатында ғылыми және практикалық базаға айнала отырып, университеттік клиникалар дәрежесіне көтеріледі. Студенттер осы клиникалардағы озық технология және жаңа медициналық құралдармен жұмыс істей отырып, инно-вациялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Қорыта айтқанда, “Болашақ госпиталі” негізінде жүзеге асырылатын бұл бағдарлама қазақстандық медицинаның серпінді жобасы болып табылады.

8. 8. Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады

Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлар: Бағалы(1,2,3), бағасыз(4,5,6)

1. Байлық эффектісі (Пигу эффектісі) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан жиынтық сұраныс (АД) азаяды (өседі).

2. Пайыз мөлшерлі жалақысы эффектісі (Кейнс эффектісі) – бағалар өскенде ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлі жалақысы да өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (АД) қысқарады.

3. Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминга эффектісі)- бағалар төмендегенде, ақша сұранысы азаяды, % мөлшерлі жалақы төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (АД) өседі.

4. Тұтыну шығындарының өзгеруі:

- Тұтынушылардың табыс деңгейі.

- Тұтынушылардың күтуі

- Тұтынушылардың қарызы.

- Салықтар.

5. Инвестициялық шығындардың өзгеруі:

- Пайыз мөлшері жалақысы.

- Инвестициядан пайда күту

- Кәсіпорындар салықтары.

- Өндірістің күш - куатының артуы.

6. Мемлекет шығындарының өзгеруі.

7. Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

- Нарықтық құрырылымы.

- Өнімділік.

- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

9. Экономикалық цикл — бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы. Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер: тауар артықшылығы; бағалардың төмендеуі; жұмыссыздықтың артуы; өндіріс көлемінің қысқаруы; пайыз қосылымының өсуі. Экономикалық циклдың келесі фазасы дағдарыс (депрессия) («depressio» — латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді). Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер:өндіріс құлдырауының қысқаруы; тауар қорының көбеюі; жаппай жұмыссыздық; төмен жалақы; ссудалык пайыз қойылымының төмен деңгейі. Келесі фаза — жандану, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Жандану сатысына тән ерекшеліктер:құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі; өндіріске инвестицияның келуі; тауарлар бағасының өсуі; жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы; халыктың табысының біртіндеп өсуі.

Циклдың кезекті фазасы — өрлеумен алмасады. Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер:өндірістің кұлдырауға дейінгі мөлшерінен артуы; тауарлар бағасының жоғарлауы; жұмыссыздықтың қысқаруы; жалақының көбеюі; несиеге деген сұраныстың артуы.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша несие саясаты Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. 2. Фискальдық саясат Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. 3. Жалақы мен тарифтер саясаты Жалақыны өсіру. Жалақыны төмендету. 4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. Мақсат: Шаруашылық белсенділігін ынталандыру Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады

Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі.
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.  
5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

10. Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Инфляцияның пайда болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы.

Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді.

Түрлері: Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.

Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары[өңдеу]

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.[1]

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі.

тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі,

Премьер-Министрдің айтуынша, инфляцияны реттеу мәселелері Үкіметтің айрықша бақылауында тұрған көрінеді.

Бірінші кезекте, тиісті органдар сыртқы сауда секторы есебінен болатын баға өсімін терең зерттеуге кіріскен. Біздің ішкі рыногымыз қанша дегенмен әлемдік коңюнктураға тікелей байланысты ғой. Түрлі тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы сыртқы факторларға сәйкес күрт өсіп кетуі ғажап емес. Сондықтан импорт инфляциясын үнемі назарға алып отыру керек.

Екінші кезекте, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы жағдайларға тәуелділігінен туындайтын баға өсімі кешенді талдауға өзек болған. Ұлттық Банк мәліметтеріне қарағанда, жеке сектордың сыртқы қарызы 39,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы. 2001 жылдың аяғында бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 51,3 пайызын құрағанын ескерсек, айырма айтарлықтай. Бүгінде жеке сектордың сыртқы қарызының 35,5 пайызын екінші деңгейдегі банктер қарызы құрайды. Банктердің несие қаржыларын оңды-солды бере бастағанының астарында осындай гәп жатыр. Экономиканың тұтыну несиелері өскен сайын екінші деңгейдегі банктер алақандарын ысқылай түседі. Сырттан алынған қарыз ақшаның ағыны көбейген сайын қаржы құнсыздануы жылдамдайды.

11. . Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығына

2015 жылға дейін денсаулық сақ­­тау сала­сында негізгі басым­дық медицинаның про­филак­тика­лық және әлеуметтік бағдарды кү­шейту болады.

Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғын­да­ры үшін қолжетімділігін қам­та­ма­сыз ету үшін мемлекет көлік меди­ци­на­сын, оның ішінде санитария­лық авиацияны дамытуды қол­дады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ден­саулық сақтау мәселе­лерінде бүкіл қоғам­ның келісімге қол жеткізу жолымен қазақ­стан­дықтардың денсаулығын нығайту­ға және халықтың өмір сүру ұз­ақтығын арттыра оты­рып, жал­пы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ау­руларды төмендете отырып, ден­сау­лық сақтау сала­сы­ның бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптасты­руға ықпал ететін болады.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік- демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру. Бағдарлама мақсатын жүзеге асыруда мынадай міндеттерді орындау қажет: халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық- эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомоствоаралық өзара іс- қимылды күшейту арқылы сырқаттанушылықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

Әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықты дамыта отырып, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын, азаматтардың ынтымақтастық жауапкершілігін арттыру;

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері:

2011-2015

Бірінші кезең: 2011-2012

Екінші кезең: 2013-2014

Үшінші кезең: 2015

2013 жылға қарай Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылады.

2015 жылға қарай:

- халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

- ана өлім- жітімін 1,5 есеге дейін төмендету;

- нәрестелер өлім- жітімін 1,5 есеге төмендету;

- жалпы өлім- жітімді 15% дейін төмендету;

12. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет заңнамамен белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
әр түрлі бейін мамандарының қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастыру;
көрсетiлетiн медициналық көмек пен медициналық қызметтердiң деңгейi мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесiн айқындау;
медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
жеке тұлғаларға халықтық медицинамен (емшілікпен) айналысуға куәлік беру;
медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу;
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, сондай-ақ басшылардың орынбасарларының кәсіби құзыреттiлiгiн аттестаттау;
республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялау;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
медициналық қызметтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға рұқсаттар беру;
денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу жөніндегі ереженің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануды бақылау;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргізуді бақылау;
медициналық қызметтің жарнамасын бақылау;
медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылау;
халықтық медицина (емшілік) қызметін көрсетуді бақылау;
медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде дәрілік заттарды тағайындауды бақылау;
денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканы оңтайлы пайдалануды бақылау;
көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мәселелерi бойынша азаматтардың шағымдарын қарау.

13. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың

принциптері:

1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді

стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың

бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;

2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы

халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды

қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының

қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық

ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;

4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген

электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның

объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;

5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің

сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды

персоналдауды және пациенттің персоналдық ақпаратқа қол

жеткізуін қамтамасыз ету;

7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін

қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

14.Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).[

Мемлекеттік реттеудің – ең маңызды құралдарыны мыналар жатады:

Тікелей мемлекеттік басқару- жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергетикасы), қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары және т.б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, мем-лекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.

Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу.Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.

Заңдық-құқықтық реттеу.Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүние жүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.

Несие, ақша саясаты.Бұл тәсіл халық шарушылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.

Қаржы-несиелік реттеубюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады. Бұл реттеуді үкімет макроэкономикалық белсенділікті, жиынтық ұсыныс пен сұраныстың сәйкес тепе-тендігінің құрылуын реттеу, ынталандыру, ұстап тұру үшін мына құралдар арқылы жүзеге асырады: 1) салық саясаты- үкімет салық қойылымдарын, объектілерін, салық салатын аймақтарды, салық преференциясы мен жеңілдіктерін белгілейді; 2) ақша саясаты- ақша массасының эмиссиялануы, Ұлттық банктегі минималды резерв көлемінің өзгеруі үкімет тарапынан белгіленеді; 3) несие саясаты - банк несиелері үшін пайыздың есептік қойылымын белгілеу, мемлекеттік бағалы қағаздармен рыноктық операциялар, мақсаттық несиелеу, тікелей қаржыландыру; 4) валюталық саясат - ұлттық валютаның айырбас бағамының жүйесін таңдау, сәйкес нақты және номиналды айырбас бағамын белгілеу, валюталық резервтерді анықтау; 5) кедендік саясат- экспорттық-импорттық кедендік алымдар мен квоталарды белгілеу.

Баға мен табыстарды реттеу саясаты.Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді.

Әлеуметтік саясатөзіне табысты индикациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынадай салаларды қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады, алайда оның өзіндік ерекшеліктері де бар. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметке араласуының негізгі мақсаты- елдің экономикалық және саяси мүддесін қорғау. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта-несие қатынасын, ғылыми-техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды. Үкіметтің сыртқы экономикалық саясатының негізгі түрлері белгілі. Олар протекционизм және фритредерство. Протекционизм саясаты — өз өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, ішкі нарығын шетелдік бәсекеден қорғау. Протекционизмге жоғары кеден бажы, импортты шектеу тән. Фритредерство - еркін сауда саясаты, яғни шетелдік тауарларға әр түрлі шектеулерді алып тастау, төменгі кеден тарифін белгілеу. Мемлекет бұл саясатты уақыты мен орнына карай реттеп отырады.

Әкімшілік реттеуәр түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. Мысалы, қоғамдық қолдану салаларын реттеу (электроэнергетика, көлік, байланыс, коммуналдық қызмет және т.б.), қор биржасының, несие банкінің мекемелеріне әкімшілік бақылау, жәке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау. Мұндай жұмыс күші нарығын реттеу қызметі, жұмыссыздарды есепке алу, жәрдемақыны төлеу, оларды жұмысқа орналасуын ұйымдастыру жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді реттеуұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алу керек. Алдына қойылған мақсатты экономикалық циклдық ағымдағы фазасының іс әрекетін өзгертуге әрекет жасау. Мысалы, экономикалық дағдарыстың ауқымын бәсеңдетіп шектеу, қозғалыс фазасының жүзеге асуын тездету, өнеркәсіп өрлеу фазасын тоқтата тұру немесе соза тұру және т.б. Осы себептерге байланысты қысқа мерзімді реттеуді көбінесе коньюктуралық немесе антициклдық саясат деп атайды. Нарыққа өту кезінде қысқа мерзімді реттеудің басты мақсаты бағаның тым қарқында өсуімен күресу, инфляцияны тоқтатуға күш салу болады. Қысқа мерзімді реттеудің бұл бағыты дифляциялық саясат деп аталады.

Ұзақ мерзімді реттеудің түріне мақсаттық бағдарламаны жатқызамыз. Себебі онда нақты шаруашылық міндеттемелерін шешуде белгілі бір әлеуметтік экономикалық шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламаны кәдімгі және төтенше деп бөлеміз. Соңғысы ерекше жағдай болғанда жасалса, ал кәдімгі бағдарлама белгілі кезеңге бөлініп, әдетте бес жылға жасалады.Оған жыл сайын өзгерістер енгізіліп және бір жылға созылады. Бағдарламаны жасауға кең көлемде кәсіпкерлер одағының сауда өнеркәсіп палатасы өкілдері, кәсіподақ, ұлттық банк өкілдері де қатысады. Қазақстан Республикасында арнайы жалпы мемлекеттік бағдарламалар маңызды аймақтық мәселелер шешу үшін жасалады.Мысалы, Аралды қалпына келтіру,Семей мен Батыс Қазақстан полигондық («Нарын-Азғыр, Тойсоғар») аймағын дамыту, аудандағы жекелеген («Ауыл») ауылдарды көтеру және т.б. Салалық, салааралық, аймақаралық және аймақтық деңгейге жасалған бағдарламалар белсенділікпен қолданылады. Олар ірі мақсаттық экономикалық, әлеуметтік, инвестициялық, ғылыми техникалық мәселелерді шешуге бағытталған.

Нарықтық экономикада мемлекетік реттеудің негізгі мақсаттары келесідей: экономиканың дұрыс қызмет атқаруын қадағалау; дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жобаларды дайындап жүзеге асыру; әлеуметтік инвестициялау, яғни, мектеп, аурухана, тұрғын үй, жол салу және жағдайы төмен аудандарға көмек жасау; тұрақтылықты сақтау және өзгерістерге қарай экономиканы бейімдеу; макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе- теңдікті қамтамасыз ете отырып мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарын нығайту; әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін-өзі айқындауға, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндік беретін демократиялық қоғам құру; мемлекеттің табиғи және экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету; әлемдік сауданы дамыту үшін барлық жағдайларды жасау, импорт пен экспорты жетілдіру.

Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Бұл жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болады, сөйтіп нарықтық экономикаға мемлекетің араласуын қажет етеді.

Кез келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекетің рөлі оның қызметтері арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет: 1) нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады; 2) мемлекет кәсіпкерлік қызметі де атқарады, яғни, ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т. б. объектілер;3) нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету, яғни, сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. 4) мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқарады және бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты бөледі; 5) тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады; 6) мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға оқушыларды, студенттерді, зейнеткерлерді, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.

Мемлекеттік реттеудің екі басты үлгісібар: реактивтік (адаптациялық) үлгі- бұл үлгі АҚШ-қа тән. Осы үлгі арқылы нарықтың болмашы «қателіктерінің» өзімен есептесу мүмкін болады. Мемлекет пен жеке бизнестің бірлескен қызметтерінің қажетті формаларын пайдалана отырып, реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің икемділілік дәрежесі жоғары болғандықтан, макро және микро дәрежеде тікелей және жанама реттеу құралдарын ұтымды қолдану. Мемлекеттік реттеудің белсенді үлгісі арқылы (Жапония) нарық механизмінде мүмкін болатын ұнамсыз жағдайларды алдын ала ескеруге болады - мемлекеттік кірісудің шамасын, көлемін тура белгілей отырып болжауды қолданып, мемлекет және кәсіпкерлердің келіссөздерінің нәтижесіндегі ұсыныстармен есептесіп отыру.

Наши рекомендации