Ауыл шаруашылық жағдай.
1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.
Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.
1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.
1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.
70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.
Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.
1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.
Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.
80)Қазақстан «кемелденген социалистік қоғам» кезеңінде (1965–1985 жж.)
КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. КОКП ОК пленумы Н. С. Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыдан көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.
60-жылдардың орта шеніндегі бетбұрыстың басты мазмұны мен негізгі бағытын шаруашылық реформасы айқындады.
КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру дұрыс деп тапты.
70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құрылысы басталды. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор — 2,5 есе өсті, республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады.
Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971–1985 жылдар ішінде 28 ден 162 ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97 ден 610 ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7%-ы және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 %-ы ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді.
Павлодар-Екібастұз, Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Шымкент-Кентау тәрізді ірі аймақтық-өндірістік кешендер дәл осы кезеңде, яғни 70-жылдардың басында тұрғызылды. 1981–1985 жылдар ішінде әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
Билеуші партиялық-мемлекеттік аппараттың біліксіздігі мен империялық пайымның безбүйректігі салдарынан еселене түскен директивалық жоспарлау республика экономикасына орасан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Арал өзінің балық өнеркәсібінен айрылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті.
70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында сыртқы саясатта кеңес халқына қымбатқа түскен жаңсақ әрекеттерге жол берілді. Әскери күш-қуатты арттыруға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғая түсті.
Ауғанстанның сол кездегі басшылары үсті-үстіне өтініш жолдап тұрғанымен, кеңес әскерінің 1979 жылдың желтоқсанында Ауғанстан жеріне енгізілуі қисынсыз әрі кеңес халқының мүдделеріне кереғар шешім болды. Бұл маңызды шешім Л. И. Брежнев бастаған кеңес басшылығының тар аясында ғана қабылданды.
1971–1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 миллиард сомнан астам күрделі қаржы жұмсалды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұдайы төмендеумен болды:
ол IX бесжылдықта 13%-ға;
XI бесжылдықта – 0,4%-ға дейін құлдырады.
Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді.
Азық-түлік бағдарламасын қабылдаған КОКП ОК-нің 1982 жылғы мамыр пленумы ауыл шаруашылығының, бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін мойындауға мәжбүр болды. Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей отырып, Азық-түлік бағдарламасы ауыл шаруашылығының да, оған қызмет ететін салалардың, көлік пен сауданың да жұмысын біріктіруге тиіс болды. Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірістің құлдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер нәтиже бермеді, өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.
1975 жылы Алматыда Олжас Сүлейменовтың «АзиЯ» («Ізгі ниетті оқырманның кітабы») атты еңбегі жарық көрді. Оның көптеген өзге зерттеулерден айырмашылығы сол – ақын бұл кітабында көне орыс әдебиетінің ұлы ескерткіші болып табылатын «Игорь жасағы туралы жыр» (XII ғасыр) «славяндық және түркілік этникалық әлем шекарасында дүниеге келген және шығармада екі көрші мәдениеттің шындықтары айқын көрініс тапқан» деген түйін жасайды. Шовинизм айқындамаларын айырылмастай нық ұстаған идеологтар үшін О. Сүлейменовтың тұжырымдары астамшылық болып көрінді. «АЗиЯ» кітабы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды, оның жаңа басылымдарына тыйым салынды.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту экономикалық саясаттың басты міндеті деп есептелді. КОКП-ның әрбір съезі бұл мәселені саналық тұрғыдан жаңа сатыға көтеріп отырды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты табысының 2,6 есе өсуі, медицина, ғылым, мәдениет қызметінің, көптеген отбасының тұрғын үй жағдайының жақсаруы осыған айғақ. 1970–1985 жылдар аралығында 887,7 мың пәтер тұрғызылып, оларға 3 милионнан астам адам қоныстандырылды. Алайда халық тұрмысы 30 – 40-жылдармен салыстырғанда ғана едәуір жақсарды.
Адамдардың ақшалай табыстары мен төлеу қабілетіне негізделген сұранымы тауарлар мен қызмет түрлері көлемінің ұлғаюымен салыстырғанда озыңқы өсіп отырды.
Сөйтіп, экономикалық қайшылықтар әлеуметтік қайшылықтарды туындатса, олар өз кезегінде күрделі адамгершілік проблемаларды дүниеге әкелді.