Еділ бойы халықтарына жататын этностар
. Финтілдес халықтарға Орал тауларынан Балтық теңізіне дейін таралған эстон, корел, лопар, вепс, комизыряне, коми-пермяк, удмурд, марийц және мордва халықтары жатады. Келесі топты түркі халықтары- чуваштар,еділ бойы татарлары, башқұрттар Орталық Еділ бойы және Орал маңында Еділ бойы татарлары мен башқұрттар, Молдавиядағы гагауздар Украинаның аралас аудандарында тұрады. Мұнда үндіеуропа халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар және латыштар сонымен қатар Батыс Монғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар өмір сүреді.
Шығыс Еуропаның славян емес халықтарының түп-тамыры еуропоидтық нәсілге жатады. Орталық Еділдің, Орал маңының халықтарында монғолоидтық нәсілдің аралас белгілері байқалады. Бұл ерте кезден бастап еуропеоидтар мен Сібірден келген монғолдардың арасында қатынастың болғанымен түсіндіріледі.
Финтілді халықтардың байланыстары Орал маңы мен Прикамьем олардың б.з.б. II м.ж ата-бабаларының Орталық Еділ бойы мен Батысқа жылжуы, б.з.б I м.ж. олар Балтық теңізі мен Кольск түбегіне жетпегінен басталады. Ұзақ орналасу процесінде жекелеген және араласқан түпкі халықпен қосылып финтілді халық тобы қалыптасты, олардың алғашқысы перм халықтарын құрайды, екіншісі- поволждік финдер және үшіншісі- солтүстік-батыс финдер. Марий тілі перм және мордов тілі арасынан орташа дәрежені құрайды. Мардов тілі балтық маңы финдерінің тілдеріне жақын.
Еділ бойы және Орал маңы бойындағы түркі халықтарының этногенезі қүрделі тарихи жағдайлармен Еділ бойына ұлы халықтардың қоныс аудару кезеңіндегі қиындықтармен байланысты. Ежелгі түріктер Орталық Еділ бойында б.з. бірінші ғасырында пайда болды.
Кейін түрік халықтарының үздіксіз қоныстануы Алтын Орданың құлауына дейін жалғасты. VII-VIII ғғ. Солтүстік Кавказдан жылжып келген бұлғарлар Еділ бойын, оңтүстікте Кама сағасына дейін қоныстанды. Мұнда XIII ғ. татар-монғолдар күйреткен Волж Бұлғар мемлекеті қалыптасты (X ғ). Бұлғарлар Еділ бойындағы түркі халықтарының шығу тарихына үлкен із қалдырды. Чуваш халқының негізін кейін Бұлғар мемлекетінің құрамына кірген ежелгі түріктер, суварлар, суваздар қалады. Бұлғария құлағаннан кейін олар жергілікті марий халқын ығыстыра отырып, қазіргі Еділ бойына қоныс аударды.
Чуваштардың тілі түрік тіл тобының бұлғар-хазар тармағына жатады. Қазан татарларының шығу тегіне бұлғарлармен қатар XV ғ. Қазан хандығының негізін қалаған ноғаймен тайпалары да үлес қосты. Башқұрлардың қалыптасуына түркі тайпаларымен қатар қыпшақтар да үлкен із қалдырды, осылайша, башқұр тілі түркі тіл тобының қыпшақ тармағына жатады. Башқұрлардың ата-бабалары Алдыңғы Орал халқының түркіленген угор тобы деуге негіз бар. Қазақ фольклорында башқұрлар «естек» этнонимімен аталады бұл олардың шығу тегінің угро-фин екенін көрсетеді.
Летто-литов тайпаларының қалыптасуы көршілес ежелгі славяндардың қоныстану үрдісімен қатар жүрді. Летто-литов тілі басқа үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда славян тіл тобына жақын. Латыш және литов халықтарының негізін летто-литов тайпалары құрады.
Молдав халқының негізінде Рим патшалығы кезінде романданған дак-фракий тайпалары жатыр. Соңғы уақытта молдавандар мәдениет және тіл жағынан ерекшеленген шығыс славян халықтарының ықпалын сезінді.
13.Кавказ халықтары. Сыртқы физикалық келбетіне қарай еуропоидтық нәсілге жатады. Қазіргі кезде Кавказда қолданылып жүрген, Кавказ халықтарының көбісі- грузиндер, абхаздар, абазиндер, адыгейлер, черкесстер, кабардиндер, шешендер, ингуштар және Дағыстанның кумыктардан басқа халықтары сөйлейтін тіл-кавказ немесе яфет тілдері. Бұл тілдер бір-бірінен өзгеше және бөлшектенген. Соңғы уақытта кавказ тілдері бір тіл тобына жатпаған деген пікір айтылып жүр.
Келесі тіл тобын иран тармағына жататын үндіеуропалық тілдер құрайды. Кавказдың иран тілдес халықтарының қалыптасу жолы әртүрлі. Солтүстьік Кавказда б.з.б. I м. ж. бастап иран тілдес халықтар көшіп жүрген. Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде тауға ығысқан аландар кавказ тілдес халықтармен араласып, осетиндердің қалыпатасуына ықпал еткен.
Армян халқының қалыптасуы Кавказ бойымен байланысты. Армян халқының шығу тегіне б.з.б II м. ж. Балқан жарты аралынан келген үндіеуропа тайпалары ықпал еткен. Шығыста олар армян және халдармен араласа түсті.
Кавказ халықтарының үшінші тіл тобын әзірбайжан, Дағыстандағы кумыктар, балкарлар, қарашайлар және Солтүстік Кавказдағы ноғайлар сөйлейтін түрік тілі құрайды. Бұл халықтардың шығу тарихы түріктердің Солтүстік Кавказға және Кавказдың арғы жағына қоныстануына байланысты. Солтүстік Кавказда әр уақытта келген ғұн, болгар, хазар, қыпшақ тайпалары жергілікті кавказ тілдес халықпен қатынасқа түсті және олардың біраз бөлігі түркіленді. Осылайша тілдері қыпшақ тармағына жататын кумыктар қалыптасты. Қыпшақтар тіл жағынан бір-біріне жақын балкар және қарашайлардың шығу тарихында маңызды орын алады.