Айқап» журналының шығу тарихы 4 страница

Бір ғана мысал: Мемлекеттік маңызы бар мекемелердің бірі. Біздің Қостанай аймағында да болды, ол Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға, соның ішінде біздің облысымызға көптеген кәсіпорындар көшірілгені баршамызға мәлім. Сол көшірілген кәсіпорындардың қатарына, жасырын түрде, майданды арнайы қорғаныс бұйымдарымен жабдықтаған №507 және №222 зауыттары да кірді. Эвакуация жөніндегі кеңес пен Қорғаныс комитетінің 1941 жылдың 29 қазанында қабылдаған шешіміне сәйкес, Клин және Каменск қалаларынан көшірілген жасанды талшықтар зауыттарының негізінде Қостанай қаласында №507 зауыты қалпына келтіріле бастады.

№507 зауытын көшіру кезінде Клин және Каменск қалаларынан барлығы 441 вагонға тиелген құрал – сайман жөнелтілді, соның ішінде Қостанайға 278 вагон жеткізілген. 1941 жылдың желтоқсан айының 3-12 аралығында Қостанайға 130 вагон құрал – сайманмен бірге 55 монтажник, инженер, техник – химияшылар мен 70 әскери өрт сөндіру күзетінің қызметкерлері келген. Барлық келген адамдар құрал – саймандарды жөнге келтіру, түгелдеу және жинақтау жұмыстарына тартылған.

Соғыс жағдайына байланысты зауыт өте қысқа мерзімде, дәлірек айтқанда, 1942 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға берілуі тиіс болған. Осы себептен көшірілген зауытты қолданылып жүрген ғимаратта орналастыру ұйғарылады. Бұндай орын ретінде НКВД мен мұғалімдер пединститутның ғимараттары таңдап алынады.

№507 зауыты майданды әртүрлі оқ – дәрілермен, жасанды жібекпен қамтамасыз етіп, вискоза дәнінен минометке арналған оқ – дәрі жасау мақсатын алға қойады.

1941 жылдың 15 қарашасынан бастап көшіріле бастаған Егорьевск қаласының « Комсомолец » станок жинау зауыты мен Ухтомский атындағы ауыл шаруашылығы машиналарының Люберецкий зауытының бір цехы №222 зауытының негізін қалады. Бұл зауыт Қостанай облысының Қарабалық ауданында, Тоғызақ темір жол станциясынан 12 км қашықтықта орналасқан астық совхозында орналастырылып, 1942 жылдың мамырында іске қосылады

КСРО Танк өнеркәсібінің жүйесіне қарасты №222 зауыты соғыс машиналарына арнап №41, №50, №10 бұйымдарын шығарумен айналысқан. Арнайы бұйымдарды жасау оңай жұмыс болмағандықтан, зауытпен бірге білікті мамандар да келді. Алайда көп кешікпей бұл мамандардың біреулері Қызыл әскер қатарына шақырылса, енді біреулері бұрынғы жұмыс орындарына оралды. Бұл жағдайды ескере отырып, зауыт жас жұмыскерлерді өндіріске оқыту жұмысына кіріседі. 1942 жылдың өзінде зауытта өндірістік жұмысқа оқытылған жастар саны 273 жетті. Зауытта ерлермен қатар әйелдер де тапжылмай еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары зауыт ұжымына қосылған әйелдер 30% құрады. Ұзақ уақыт бойы бір ғана әріппен аталып, көпшіліктен жасырын болған бұл зауыттар Ұлы Отан соғысының қиында, қаһарлы жылдары майдан тапсырысын орындау үшін жұмысшылардың бар күш – жігерін жұмылдырып, солардың қажырлы еңбегімен қатыгез ата жауымызды жеңіп, бейбіт өмір орнатуға ат салысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында экономиканы соғыс талабына сай лайықтап қайта құру қажет болды. Экономиканы қайта құруды майдандағы қолайсыз жағдай қиындата түсті.

Армияны жабдықтауда өнеркәсіп пен халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруда басқа тылдағы аудандар сияқты, Атырау облысының да ролі едәуір арта түсті.

Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Гурьев мұнай өңдеу заводын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін. Мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының қуатты құрылыс ұйымын жіберді.

Мақат – Қосшағыл темір жолы салынды, Петровский атындағы машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной көлі – Ширина труба құбыры, Гурьев мұнай өңдеу заводы, “ Комсомольский ” кәсіпшілігі іске қосылды. Ембі мұнайшыларына жұмысшы тобының еңбегінің символы мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы бір жыл ішінде 12 рет тапсырылды.

69,Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. - Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея

- мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар.

- Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!

Наши рекомендации