Арнаулы салық режімдері

Арнаулы салық режімі – салық төлеушілердің жекелеген са-наттары үшін бюджетпен есеп айырысудың және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойын-ша салықтық есептемені табыс етудің оңайлатылған ережесін қолдануды көздейтін ерекше тәртіп. Арнаулы салық режімдері мынадай түрлерге бөлінеді: өзіне патент негізінде және оңайла-тылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін кіріктіретін шағын бизнес субъектілері үшін, шаруа немесе фермер кожалық-тары үшін, заңи тұлға - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші-лер мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімдер.

Салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауға құқылы.

Арнаулы салық режімі шағын бизнес субъектілері үшін төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен тө-леудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.Бюджетке басқа салық-тарды және міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүр-гізіледі.

Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тыс-қары жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнаулы салық режімін қол-данатын салық төлеушілер үшін салық салу объекті болып та-былады.Бірқатар табыстардан корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салықтық есептемені табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған салықты есептеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі,патент негізінде, оңайлатылған мағлұмдаманегізінде жүргізіледі. Аталған әдістердің әрқайсысы үшін оларды қолданудың шарттары ескеріледі: қызметтің ара-тұра сипаты, кәсіпкерлік қызметтің орны, сипаты, табыс мөлшері, қызметтің жүзеге асырылатын түрлерінің саны, жалдамалы жұмыскерлерді пайдалану және т.б. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режімдері қызметтің бірқатар түрлеріне, атап айтқанда: акцизделетін өнімді өндіруге, консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызметтерге, мұнай өнімдерін өткізуге, шыны ыдыстарын жинауға және қабылдауға, жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды. Салықты оңайлатылған мағлұмдама негізінде есептеуді шағын бизнес субъекті салық салу тоқсандық табысқа есепті салық кезеңіне тиісті салықтардың заңмен белгіленген мөлшерлемесін қолдану және саралау арқылы жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілері – заңи тұлғалар үшін дербес жүргізеді; жеке (корпоративтік) табыс салығы және әлеуметтік салық түріндегі салықтарды бюджетке төлеу бірдей үлеспен есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Патент* негізіндегі арнаулы салық режімін мынадай шарттарға сай келетін: 1) жұмыскерлердін еңбегін пайдаланбайтын; 2) дара кәсіпкерлік нысандағы қызметті жүзеге асыратын; 3) салық кезеңіндегі табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

Патент құнын есептеу салық салу объектіне 2 пайыз мөлше-ріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.Патент құ-

ны:

1) патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде – жеке табыс са-лығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар-ды алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерін-де әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.Әлеу-меттік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің ор-нына жаңа патент беріледі.

____________________

* Патент – төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда,жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.Ол кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару Салықтық кодексте белгіленген тәртіппен салық органы жүргіз-ген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.

Оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режімін төмендегідей шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері қолданады:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, жұмыскерлердің шекті ор-

таша тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 миллион теңгені құраса;

2) заңи тұлғалар үшін:

жұмыскерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса:

салық кезеңі ішінде шекті табыс 25 миллион теңгені құраса.

Салықтарды оңайлатылған мағлұмдама негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектіне есепті салық кезеңінде 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режімі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін қолдана отырып жүзеге асы-рылады және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және өткізу бойынша олардың қызметіне қолданылады.

Жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объекті болып табылады. Егістік бойынша бі-рыңғай жер салығы жер учаскелерінің жиынтық ауданын (тана-бын) негізге ала отырып 0,1% - дан 0,5%- ға деінгі мөлшерлеме бойынша (500 гектардан 3000 гектарға дейін және одан жоғары) есептеледі.

Бірыңғай жер салығы жеке табыс салығын, ҚҚС - ты, жер са-лығын және (немесе)жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төле-мақыны, көлік құралдары мен мүлік салықтарын кіріктіреді.Бұл салықты төлеушілер әрбір жұмыскер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 20 % мөлшерлемесі бойынша әлуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толмаған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.

Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеумет-тік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сома-сынан асып түскен кезде,әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.

Төлем көзінен ұсталатын бірыңғай жер салығын,әлеуметтік салықты, жеке табыс салығын,жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, аудару мынадай тәртіппен:

1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешік-тірілмей;

2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есеп-телген соманы төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Төлем көзінен ұсталатын әлеуметтік салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша төленеді.

Заңи тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер және селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режімі жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өзі өндір-ген осы өнімді өңдеу және өткізу жөніндегі, толық циклді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімін өндіру, сондай-ақ өндірген осы өнімді өңдеу және өткізу бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңи тұлғалардың,селолық тұтыну кооперативтерінің қызметіне қол-данылады.

Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдалан-ғаны үшін төлемақыны есептеудің ерекшелігі болады. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс са-лығының,қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтуға жатады.

Наши рекомендации