Азақ хандығының этникалық құрамы.

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

Нөмірленген оқушылар бірігіп өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындап, өз үй тобында түсіндіріп беруі керек. Есте сақтау үшін жазып алуға болады. Оқушылардың тапсырмамен жұмысты жеңілдетуі үшін төмендегі сұрақтар тізімін құрамын

№1.

1. Алғашқыда әлеуметтік мағына берген «Қазақ» ұғымын қалай түсінесің?

2. Қазақ атауы қалыптасқанға дейін Алтын Орда мемлекетінің құрамында өмір сүрген және қазақ халқына негіз болған тайпаларды қалай атады?

3. Алаш тайпалары кімдерден бөлініп, Шу өзені бойына көшіп барды? Оларды бастап барған кімдер?

4. Моғолстанға көшіп келген алаш көшпелілері, енді қалай атала бастады?

Ол сөз қандай мағынаны білдіреді?

5. «Қазақ» термині тараған аумақты атап, картадан көрсетіңдер.

6. «Қазақ» терминінің толық орнығуы кай ғасырларда аяқталды?

№2

1. Қазақ хандығы тарихында ерекше орын алған мемлекет. Оның негізін салған кім?

2. Жошы хан туралы кандай ертегіні білесіңдер? Жошы хан күмбезі қайда орналасқан?

3. Жошы хан каза болғаннан кейін, оның иелігін кім иеленді?

4. Алтын Орда халқын қалай атады?

5. Алтын Орда қай ғасырда дағдарысқа ұшырап, нәтижесінде не болды?

6. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды? Онда кімнің ұрпақтары билік етті?

№3

1. Әбілқайыр мемлекетінің қүрамында кандай Ұлыс, рулар мекендеді? Оларды қалай атады?

2. Әбілкайыр кім?

3. Қай жерде Әбілқайыр хандығынан бөлінген қазақ рулары ел боламыз деп, тасқа ез руларының таңбасын қашап белгіледі?

4.Үйсін бастаған Ұлы жүздің мекендеген аумағы.

5. Орта жүзді қүраған ірі рулар.

6. Кіші жүз Қазақ жерінің қай аумағын мекендеді?

№4

1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы ру-тайпалардың жағдайы қандай болды?

2. Қазақ хандығы қашан құрылды?

3. Қазақ хандығы қалай пайда болды? Оның құрамындағы тайпалар бұрынғы қай мемлекеттің құрамына енген еді?

4. Қазақ хандығының негізін салған хандар кімдер?

5. Алғашқы казақ хандығы пайда болған аумақты картадан көрсетіңдер.

6. Қазақ хандығының орнығуы кай кезеңде жүзеге асты? Осылайша оқушыларға кестені толтыруды жеңілдетуге болады.

ІV. Сабақты бекіту:

а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды.Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.

Сұрақтары: 1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақтың қаласы (Түркістан).

Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: параграф 12, оқу, мазмұндау.

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______13_____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары, билері, батырлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларға қызықты болу үшін қазіргі басқару жүйесі мен қазаіргі басқару жүйесін салыстыру және өткен ғасырдағы төрелік айтумен таныстыру сонымен қатар қазақ батырларына тарихи тұрғыда баға беруге баулу;

Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мақал-мәтел оқу, патриоттық тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

Наши рекомендации