Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Кіріспе

Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі.Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, корғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.[1]

Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Саяси биліктің өзіңдік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекетгің істерін басқару; үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.

Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының 43 болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с Келесі ерекшелік — саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси- құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік – теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды. Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай – ол саяси білімнің, теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.«Әр елдің билігі өзіне лайық» деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны көрсетеді.Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделікті қарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне пайдаланады деп есептейді.Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі.Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр адамның қосқан үлесіне байланысты.Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр.Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының бірі.

Саясибилік– саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б[2]

Наши рекомендации