Дәріс. Ақпараттық меншік мәселелері. Желілік және бөлінген технологиялар

Жоспар:

1. Желі, желі түрлері

2. Желі архитектурасы

3. Электрондық пошта

Желі- бұл есептеу ресурстарының тиімді үлестірілуін қамтамасыз ететін программалық, техникалық және коммуникациялық құралдардың жиынтығы.

Адам зердесі дамуының бір уақытта әрі өнімі, әрі ынталандырушысы бола отырып, желі келесідей мүмкіндіктер береді:

- тармақталған ақпарат қоймасын құруға;

- ақпаратты өңдеу бойынша шешу қажет міндеттер көлемін кеңейтуге;

- дербес компьютердің жұмысын қатарласа жүргізу есебінен АЖ сенімділігін арттыруға;

- сервистік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, мысалы электрондық пошта құруға;

- ақпаратты өңдеу құнын төмендетуге.

Екі және одан да көп компьютерлердің физикалық бірігуі кезінде компьютерлік желіқалыптасады.

Есептеу желісі- бұл байланыс арналарымен қосылған компьютерлер жиынтығы. Байланыс арналары кабельдерден, желілік адаптерлерден және басқа да коммуникациялық құрылғылардан құралады.

Жалпы жағдайда компьютерлік желі құру үшін арнайы аппараттық жабдықтау(желілік құрал жабдықтар) және арнайы программалық жабдықтау(желілік программалық жабдықтар) қажет.

Мәліметтермен алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows 98 операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын компьютерлердің тікелей қосылуы үшін арнайы программалық та, аппараттық жабдық та қажет емес. Бұл жағдайда аппараттық құрал болып стандартты енгізу/шығару порттары табылады, ал программалық құрал ретінде операциялық жүйе құрамындағы стандартты жабдық қолданылады (Пуск -Программы - Стандартные - Связь - Прямое кабельное соединение).

Компьютерлік желілердің барлығының негізгі мақсаты - ортақ ресурстарғабірлесіп енуді қамтамасыз ету.

Ресурстар үш түрлі болады: аппараттық, программалықжәне ақпараттық.Мысалы принтер - аппараттық ресурс, өте күрделі және ұзақ есептеулерді орындау үшін қашықтағы үлкен ЭЕМ-ге қосылып, есептеу тапсырмасын соған жіберуге болады, есептеу аяқталғасын нәтижелерді дәл осылай кері алуға болады. Бұл жағдайда желілік программалық ресурс қолданылады. Қашықтағы компьютердегі сақтаулы мәліметтер ақпараттық ресурсты құрайды.

Аппаратура бойынша, программа бойынша тиісті үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін компьютерлік желілерде хаттамалардеп аталатын арнайы стандарттар болады. Олар желі компоненттерінің аппараттық өзара әрекет ету сипатын (аппараттық хаттамалар) және программалар мен мәліметтердің өзара әрекет ету сипатын (программалық хаттамалар) анықтайды.

Желі архитектурасыдеп қолданушыларға түрлі ақпараттық ресурстардың кең ауқымын ұсынатын дербес компьютерлердің(ДК) күрделі бірігуін түсінеміз.

Желінің маңызды сипаттамасы болып топология табылды, ол дербес компьютердің желіге қосылу құрылымын анықтайды. Екі түрлі топологияны ажыратады: физикалық және логикалық. Физикалық топологияжелі түйіндерінің байланыс каналдарына қосылуының нақты схемасы, ал логикалық- түйіндер арасындағы мәліметтер ағымының бағытталу құрылымы.

Желінің бірнеше топологиялық құрылымдары бар: шиналық, жұлдыз тәрізді, ағаш тәрізді, сақиналық және көп байланысты.

Желілік технологияның көптүрлілігі оларды қандайда бір басты белгілері бойынша жіктеуді қажет етеді. Желілік технологияның жіктелімі төмендегі 1-кестеде келтірілген.

1-кесте – Желілік технологияның жіктелімі

Жіктелу белгілері
Мамандануы Ұйымдастырылу тәсілі Байланыс тәсілі ДК құрамы Территорияны қамтуы
Әмбебап Мамандандырылған Бір рангілі(бір деңгейлі) Екі рангілі Сыммен Сымсыз Спутниктік Біркелкі Біркелкі емес Локальдық Аймақтық Әлемдік

Қолданатын хаттамаларына сәйкес локальды (жергілікті)және глобальды (әлемдік)компьютерлік желілерді ажыратады.

Локальды желініңкомпьютерлері көбіне барлық қатысушылар үшін хаттамалардың біртұтас комплектісін қолданады. Олар бір ғимараттың, қабаттың, ықшам орналасқан ғимараттар тобының компьютерлерін біріктіреді. Локальды компьютерлік желі қатысушыларының жұмысын ұйымдастыратын басқарушы тұлғаны жүйелік администратор деп атайды.

Әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс жасайтын бірнеше локальды желілерді өзара қосу үшін шлюз деп аталатын арнайы құралдар пайдаланылады. Шлюздар аппараттық та, программалық та болады. Мысалы, ол арнайы компьютерлер (шлюздық сервер) немесе компьтерлік программа (шлюздік қосымша) болуы мүмкін.

Локальды есептеу желісін серверлер мен жұмыс станцияларының жиынтығы ретінде де қарастыруға болады.

Сервер- бұл желіге қосылған және оның пайдаланушыларына қандай да бір қызмет көрсететін компьютер. Серверлер желі ресурстарының көзі. Ол мәліметтерді сақтау, мәліметтер қорын басқару, тапсырманы қашықтан өңдеу, мәліметтерді баспаға шығару жұмыстарын және желі пайдаланушыларының басқа да қажеттіліктерін жүзеге асырады.

Жұмыс станциясы- желіге қосылған дербес компьютер, пайдаланушы осы компьютер арқылы желі ресурстарына ену мүмкіндігін алады. Желінің жұмыс станциясы желілік те және локальды режимде де жұмыс жасайды. Ол жеке операциялық жүйемен жабдықталған және қолданбалы міндеттерді шешу үшін пайдаланушыны барлық қажетті құралдармен қамтыған.

Файл-сервержелі пайдаланушысының мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге енуге мүмкіндік береді. Бұл жедел жадысының сыйымдылығы үлкен, қатты дискісінің сыйымдылығы жоғары және магниттік лентадағы қосымша жинақтауыштары бар компьютер. Файл-сервер келесідей функциялар атқарады: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, түрлі пайдаланушылардың мәліметтер өзгерісін синхронизациялау, мәліметтерді беру.

Ұйымның локальды желісін глобальды желіге қосқан кезде желілік қауіпсіздік ұгымының ролі артады. Локальды және глобальды желі арасындағы желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэрлер қондырылады. Брандмауэр болып желілер арасында мәліметтердің рұқсатсыз алмасуына тосқауыл жасайтын арнайы компьютерлер немесе компьютерлік программа табылады.

Аймақтық есептеу желісібір бірінен елеулі қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады. Ол үлкен қала, экономикалық аймақ және бір елдің ішіндегі абоненттерді қамтуы мүмкін.

Әлемдік желіәр түрлі елдерде, әртүрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Мұндай желіде абоненттер арасында өзара байланыс телефондық байланыс арналары, радио байланыс және спутниктік байланыс жүйелері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Желі қолданылатын өндіріс бөлімшесінің ауқымынан тәуелділікте бөлім желісі, кампус желісі және корпоративтік желі деп ажыратады.

Бөлім желісін- кәсіпорынның бір бөлімінде жұмыс жасайтын, бір міндет аясында қызмет ететін қызметкерлердің кішігірім тобы қолданады. Оның бір-екі файлдық сервері және отыздан аспайтын пайдаланушылары болады; бөлім желісінің басты мақсаты қосымшалар, мәліметтер, лазерлік принтерлер және модем секілді жергілікті ресурстарды бөлу болып табылады.

Кампус желілеріжеке ғимарат шеңберінде бөлім желілерін біріктіреді және мұнда глобальды біріктірулер қолданылмайды. Кампус желілері жағдайында әртүрлі аппараттық және программалық жабдықтарды басқару және интеграциялау мәселесі туындайды.

Корпоративтік желілержеке кәсіпорынның барлық территорияларында компьютерлердің көп санын біріктіреді.

Компьютерлік желілердің және дербес компьютерлердің(ДК) өзара әрекет формаларының көптүрлілігі олардың интеграциялану немесе ең болмағанда хабарлармен алмасу деңгейінде бірігу мәселесін тудырады. Таратылған жүйелерде үш интеграцияланған технологиялар қолданылады:

- «клиент-сервер» технологиясы;

- әлемдік желі шеңберінде ресурстарды бірігіп пайдалану технологиясы;

- электрондық пошта түрінде әмбебап пайдаланушылық қарым-қатынас технологиясы.

Желідегі ДК-ң өзара әрекетінің негізгі формасы - «клиент-сервер». Әдетте желідегі бір ДК ақпараттық-есептеу ресурстарына(процессорлар, файлдық жүйе, пошталық қызмет, баспа қызметі, мәсіметтер қоры) ие болады, ал қалған ДК-р оларды қолданады. Осы немесе басқа ресурстарды басқаратын компьютерді ресурс сервері, ал оны пайдаланғысы келетін компьютерді клиент деп атайды. Егер ресурс мәліметтер қоры болса, мәліметтер қорының сервері; егер ресурс - файлдық жүйе болса, онда файлдық сервер немесе файл-сервер деп айтылады.

«Клиент-сервер» технологиясы кең тарауда, бірақ технологияны нақты программалық өнімде іске асыру әртүрлі.

«Клиент-сервер» технологиясының негізгі қағидаларының бірі - мәліметтерді өңдеу операциясын табиғаты әртүрлі үш топқа бөлу. Бірінші топ - бұл мәліметтерді енгізу және бейнелеу. Екінші топ берілген пәндік облыстың міндеттерін шешу үшін тән, мәліметтерді өңдеудің қолданбалы операцияларын біріктіреді. Үшінші топ - мәліметтерді сақтау және оларды басқару операцияларын қамтиды.

Осы жіктелімге сәйкес кез келген тезпроцесте программалардың үш түрін ажыратуға болады:

- бірінші топтың операцияларын жүзеге асыратын көрініс программалар;

- екінші топтың операцияларына қолдау көрсететін қолданбалы программалар;

- үшінші топтың операцияларын жүзеге асыратын, ақпараттық ресурстарға ену программалары.

Осыған байланысты «клиент-сервер» технологиясын іске асырудың үш моделін ажыратады:

- қашықтағы мәліметтерге ену моделі(Remote Date Access - RDA);

- мәліметтер қоры серверінің моделі(Date Base Server - DBS);

- қосымшалар серверінің моделі(Арр1icatin Server - AS).

RDA-моделінде көрініс программалары мен қолданбалы программалар біріктірілген және мәліметтерді енгізу, бейнелеу операцияларын, сондай-ақ қолданбалы операцияларды орындайтын клиент-компьютерінде орындалады. Ақпараттық ресурстарға ену SQL тілі операторларымен немесе арнайы кітапхана функциясын шақырумен қамтамасыз етіледі. Ақпараттық ресурстарға сұрау желі арқылы қашықтағы компьютерге жіберіледі, мысалы мәліметтер қоры серверіне, ол сұрауды өңдеп және клиентке өңдеуге қажетті мәліметтер блогын қайтарады.

DBS-моделі клиент-компьютерінде орындалатын программалар енгізу және бейнелеумен шектеледі, ал қолданбалы программалар мәліметтер қоры процедурасында жүзеге асырылады және мәліметтер қоры сервері-компьютерінде мәліметтерге - МҚБЖ ядросына ену және басқару программаларымен бірге тікелей сақталады деген ұйғарыммен құрылады.

Тәжірибеде жие аралас модельдер қолданылады.

AS-моделінде клиент-компьютерінде орындалатын программалар мәліметтер енгізу және бейнелеу міндеттерін шешеді, яғни бірінші топтың операцияларын жүзеге асырады. Қолданбалы программалар бір немесе қосымшалар серверінің тобымен орындалады. Қолданбалы есептерді шешуге қажетті ақпараттық ресурстарға ену RDA-моделіндегідей қамтамасыз етіледі. Қолданбалы программалар түрлі типтегі ресурстарға енуді қамтамасыз етеді -мәліметтер қорына, индексацияланған файлдарға және т.б.

RDA- және DBS-модельдері операциялар бөлінуінің екі буынды схемасына сүйенсе, AS-моделінде қолданбалы программалар маңызды ретінде ерекшеленген, операциялар бөлінуінің үш буынды схемасымен жүзеге асырылған.

Қазірде әлімдік есептеу және ақпараттық желісінің дамуы етек алуда.

Әлемдік желі- бұл жалпы байланыс хаттамасы, қосылу әдістері және мәліметтермен алмасу хаттамалары бар, локальды ақпараттық желілерді біріктіретін телекоммуникациялық құрылым.

Ірі әлемдік ақпараттық желі Internet болып табылады. Бұл желіде мәліметтерді беру Internet хаттамасы - IP негізінде ұйымдастырылған.

ТСР/ІР желілік хаттамаларының архитектурасы арнайы біріктірілген желілер үшін арналған. Желі әртүрлі бір бірімен шлюздар арқылы қосылған ішкі желілерден тұра алады. Ішкі желілер ретінде жергілікті, аймақтық, ұлттық және арнайы, т.б. желілер қатынаса алады. Бір ішкі желіге қосылған екі машина пакеттермен тікелей алмаса алады, ал егер басқа ішкі желінің машинасына хабарды беру қажеттілігі туындаса, онда желіаралық келісім күшіне енеді, ол үшін ішкі желілер желіаралық тіл - ІР хаттамаларды қолданады.

Әлемдік желіге ену түрлерін атап өтейік:

- тікелей ену;

- Internet каналдары деңгейлерінің хаттамалары арқылы ену- SLIP және PPP;

- «Шақыру бойынша» ену (Dial-up Access);

- UNIX, UUCP арқылы стандартты телефон байланыстары бойынша ену;

- әлемдік желіге енетін басқа желілер арқылы ену.

Электрондық поштаесептеу желілерінің танымал қызметі болып табылады. Электрондық пошта жергілікті желілерде құжаттарды беруді қамтамасыз етеді, мекеме жұмыстарын автоматтандыруда табысты қолданылады. Мәліметтерді берудің әлемдік желісінің электрондық поштасы мыналарды қамтамасыз етеді:

- пошталық түйінде тұрақты болу талап етілмейтін жағдайларда, офлайнды режимде жұмыс жасауға.

- телеконференцияларға енуге;

- файлдық телеконференцияларға енуге.

Файлдық телеконференциялардың айырмашылығы қарапайым телеконференциялардан - хабар ретінде хат емес, файл болады. Түрлі жүйелердегі электрондық пошталардың көптүрлілігіне қарамастан, олардың функциялары бірдей: жаңа пошта түскендігін хабарлау, келген поштаны оқу, жіберілетін пошта құру, хабарды адресациялау, абоненттер тізімінен тұратын адрестік кітапты қолдану, хабарды жіберу және оны сақтау.

Қазіргі таңда қоғамдық - саяси орталарда, БАҚ өкілдерінің арасында проблема тудырып отырған, ұлтымыздың ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан, халқымыздың ұлттық тағамдары болып табылатын: қазы-қарта, жал-жая, құрт-ірімшік, шұбат-қымыз, талқан-жент және т.б. тамақ өнімдері мен оларды орындау тәсілдері, сонымен қатар тұтыну құралдары болып табылатын: бесік, домбыра, күбі-күршек, сандық, саба, киіз үй сияқты құрылғылар, оларды жасау тәсілдері т.с.с. дәстүрлі білімдерді (бұдан әрі-Дәстүрлі білімдер) қорғаудың құқықтық негізі жоқ екендігі жиі көтерілуде. Осының негізінде шет елдерде қазақ халқының меншігіне жататын кейбір дәстүрлі білімдер объектілеріне қорғау құжаттарын алып алғаны жөнінде мәселе көтерілуде.

Қолданыстағы заңнама бойынша бұл мәселені шешу, қорғау құжаттары берілген жағдайда күнделікті өмірге пайдалану мүмкіншілігін шектейтіндіктен, мүмкін емес болып отыр.

Қолданыстағы заңнама бойынша зияткерлік меншік (өнеркәсіптік меншік) объектісіне қорғау құжатын беру үшін патентқабілеттіліктің негізгі критерийі болып табылатын жаңалығы болуы керек. Жоғарғы аталған объектілердің бірде-біреуі бұл критерийге сәйкес келмейді.

Оған қоса, патент иеленуші болып табылмайтын кез-келген тұлға қорғалатын объектіні пайдалану үшін лицензиялық шарт негізінде құқықиеленушінің рұқсатын алуы қажет.

Берілген құжат белгілі бір мерзім аралығында күшіне ие болады. Мысалы «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заң бойынша қорғау 50 жылға, Қазақстан Республикасының Патенттік заңы бойынша қорғау 25 жылға беріледі.

Сондықтан да белгілі бір мерзімге қорғау беру мәселені түбегейлі шеше алмайды.

Осы айтылғандардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауды реттейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі –заң жобасы) әзірледі. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасының дәстүрлі білімдерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі-Мемлекеттік тізілім) жасау және аталған Мемлекеттік тізілімге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары арқылы енгізу көзделінуде. Мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде түрлі ұйымдастыру нысандарындағы ұйымдармен жұмыс жүргізе отырып, ұсыныстар енгізеді деп күтілуде.

Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасында дәстүрлі білімдерге жататын объектілер патенттелуге жатпайды. Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың өтінішіне байланысты жүргізіледі. Дәстүрлі білімдерді тіркеу мерзімсіз әрекет етеді. Дәстүрлі білімдерге құқық Қазақстан Республикасына тиесілі.

Кілттік сөздер: Желі, есептеу желісі, хаттамалар, желі архитектурасы, локальды желі, сервер, жұмыс станциясы, файл-сервер желі, әлемдік желі, электрондық пошта

Иллюстрациялық материал:слайд

Наши рекомендации