ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары мыналар:
— қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін мемлекеттік және жеке меншікке негізделген экономика құру;
— кәсіпкерліктің кез келген түрін қолдау, солардың ішінде, әсіресе материалдық игіліктерді өндіретін салаларына, құрылыс, тасымал, жеке сауда салаларына артықшылық беру. Нарықтық экономика меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті қалыптастырады.
Меншік иесінің құқықтары. Меншік құқығын төмендегідей үшке бөліп қарастыруға болады:
а) ие болу құқығы;
ә) пайдалану құқығы;
б) өкімдік құқығы.
Ие болу құқығы деп азаматтың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге заңды түрде ие болуын айтамыз. Оған азаматтың жеке меншік үйі, саяжайы, автомобилі, ақшасы, түрлі заттары т.б. жатады.
Пайдалану құқығына жеке өндіріс құралдарын пайдаланып, меншік объектіден түсім түсіру, техника мен технологияны пайдалану құқығы жатады.
Өкімдік құқығы азаматтың өз меншігіндегі мүлікті сатуы, жалға беруі, мұра етіп қалдыруы, әлдекімге қайтарымсыз сыйлауы түрінде көрініс береді.
Азаматтың жеке меншігі ата-бабаларынан мұра ретінде қалған мүліктерден, түрлі жолдармен алынған рухани байлықтардан, сыйлықтардан, бағалы қағаздардан т.б. құралады.
Кәсіпкерлікпен айналысу. Азаматтардың жеке кәсіпкерлікпен айналысуы — экономикалық бостандыкты іске асырудың бір формасы, нарықтық экономикаға көшуді қамтамасыз етудің негізі шартының бірі. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөнінде арнайы заңы бар. "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар..." деп көрсетілген Қазақстан Республикасьшьщ Конституциясыннда.
Кәсіпкерлік дегеніміз — түрлі тауарларға, қызмет көрсетуге сұранымды қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы өзіне ұнаған, өзінің қолынан келетін кез келген кәсіппен шұғылдана алады. Азаматтардан тек қоршаған ортаны — жерді, суды, ауаны, өсімдіктерді басқа табиғи игіліктерді бүлдірмеу талап етіледі. Керісінше болған жағдайда — қоғамға, табиғатқа зиян келтіріліп жатса, ондай кәсіпкерлік қызмет заңды түрде тоқтатылады.
Еркін еңбек ету құқығы. Еркін еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Еңбек ету құқығы деп еңбекке қабілеті бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып, өз еңбегінің жемісін көріп, өмір сүруге қажетті табыс табу құқығын айтады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша "әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар".
Азаматтардың демалу құқығы. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары бойынша жұмыстан бос уақыты адамның өз еркімен демалатын уақыты болып саналады. Демалыс уақыты — жұмыс аяқталғаннан келесі жұмыс күні басталғанға дейінгі уақыт, апталық демалыс күндері, Конституция бойынша белгіленген мейрам күндері, жылдық кезекті еңбек демалысы жатады.
Азаматтардың тұрғын үй алу құқығы. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтар баспана салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіптер бойынша мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы. Кімді болса да баспанасынан шығарып тастауға тыйым салынады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы. Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы олардың өмір сүру құқығымен сабақтасып жатыр. Адам дені сау болғанда ғана толыққанды бақытты өмір сүре алады. Денсаулық адамға еңбек етуге, табыс тауып, материалдық жағдайын қамтамасыздандыруға, Отанын қорғауға, отбасын құрып, ұрпақ өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы "адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды".
Азаматтардың денсаулынын сақтаудың негізі — қоршаған табиғи ортаны ластанудан қорғау, халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту болып табылады.
Азаматтардың білім алуға құқығы. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім алуға барлық азаматтар міндетті. Сонымен қоса, азамат кәсіптік білім беретін оқу орындарында — училищелерде, колледждерде, лицейлерде өз қалауы бойынша мамандық ала алады. Азаматтың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруына да ешкім бөгет жасамайды.
Әрине, білім алудың негізгі бір шарты бар. Білім алу құқығын іске асыру үшін азамат оқу орнына түсу емтихандарын тапсырып, конкурста жеңіп шығуы керек. Мемлекет қарамағындағы оқу орындарында азаматтар тегін білім алады. Жақсы оқығандарға стипендия төленеді, қалада тұрмайтын студенттерге жатақханадан орын беріледі. Конституция мемлекеттік білім жүйесімен қоса жеке меншікті білім мекемелерінің — мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының болуын қуаттайды.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 37
Пән:Адам, қоғам, құқық | Сынып:9 б | Сабақ:42 | Күні: |
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерітуралы жүйелі білім беру
Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;