Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық – праволық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
- Шаруашылық серіктестік – толық серіктістік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
- Командиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
- Жауапкершілігі шектелген серіктестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
- Қосымша жауапкершілігі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
- Ашық және жабық акционерлік қоғам.
- Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
- Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік правосы (құқұғы) жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
Төменгі кестеге баса көңіл аударып көрсеңіз және кәсіпкерлікпен айналасуға ойыңыз болса, барлық жоспарды осыдан бастаған жөн болады.
Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:тәуекел; белсенділік; тәуелсіздік; тапқырлық; жауапкершілік; белсенді түрде іздену.
Кәсіпкерлікті іс-әрекеттің мәніне байланысты төмендегі түрлерге жіктеуге болады:
- өндірістік – тауар, қызмет өндіру процесін жүзеге асырумен байланысты;
- коммерциялық - өндіріспен байланыста емес тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу операциялары арқылы жүзеге асады;
- каржылық – бұл коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі бірақ айналым объектісіне ақша ,валюта, бағалы қағаздар жатады;
- делдалдық – сатушылар мен сатып алушыларды табыстыратын, кездестіретін, келістіретін байланыс түрінде жүзеге асады;
- сақтандыру – кәсіпкерліктің ерекше формасы оның мағынасы: әсіпкер сақтандыру жарнасын алып, оны кауіпсіздендірілген жағдайда ғана қайтарады;
Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Кезкелген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.
Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді.
1. Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады.
2. Бәсеке дамуының негізін құрайды.
3. Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:
- капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,
- капитал деген ақша сомасы.
Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:
А - Т …Ө ... Т1 - А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А- Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:
... Т1 - А1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымыдеп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=А' - А
Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымыболады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал- бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу:негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:
- жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
- табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
- құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моральдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:
1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.