Материалдық есем активтер
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ХҚЕС) материалдьщ емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен кызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін акшалай емес активтер болып табылады. Және іскерлік пікірден айкьн ажыратылады. Көп жағдайда мұндай активтерге бақылау орнатылады және іскерлік беделден айқын ажыратылады.
Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді калыптаскан ішкі беделді, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жок.
Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдык емес активтер болып табылады.
Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдык емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.
Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген.
Патент - бұл заңды тіркелген және танылған ерекше құқық.Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды пайдалануға,өндіруге, сатуға және бақылауғ а иесіне мүмкіндік береді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайынын тіркеу сыртқы нысанды ғана қорғаса патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторльқ құқық - бұл әдеби, музыкальқ шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторлардың құқықтарын заңмен қорғау нысаны.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары- бұл компанияларга, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар нақты бағытты және нақты қызмеггі пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылык субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану кұқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсегу үшін үкімет органдарымен ұсынылады.
Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің шотынан дебетіне жатады. Жалға алынған мүлік жалгерге тиісті болмаса да, жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердін қайсысы қысқарақ болуына байланысты жаксаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иелеушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификациялануы мүмкін,бірақ айырбастауға жатпайды.
Кейінге қалдырылған шығындар,яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Кейінге қалдырылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ұйымдастыру шығындары – бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер,активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу құны – бұл барлық төлемдер немесе олардың нақты анықталғанына байланысты, алынған активтердің ағымдағы нарықтық құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілуі қажет:
· Қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды,реттеуші және келісілген ереже;
· Болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
· Қызмет ету мерзімін азайтатын сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
· Жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;
· Материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;
· Материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.
Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде есептен шығарылуы керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса,амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарастыру керек. Қандай жағдай болмасын,материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңі,олардың сатып алған күннен бастап 40 жылдан аспауы керек. Халықаралық стандартқа сәйкес ХҚЕС 38 материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық,баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігінен жоғарылап кетуі мүмкін.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептелуін бейнелейтін шоттар корреспонденциялары
Дт | Кт | Операцияның мазмұны |
1001,1050,2010,2203 | Сатып алынған материалдық емес активтерге төлем төленгенде | |
1856,2856 | Материалдық емес активтерді кірістіру | |
Материалдық емес актив бойынша амортизацияларды есептеу | ||
Есептелген амортизация сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару | ||
Қалдық күн сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару |