Бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
3) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;
6) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы
1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.
2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.
Бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауаптылығы
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.
Бап. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері
1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін тиісті әкімдік республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихатының шешімі негізінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде қала әкімі ұсынған құрамда құрады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің, оның басшысының қызмет нысаны, негізгі міндеттері, өкілеттіктері, басшыны сайлау тәртібі, қабылданатын шешімдердің мәртебесі және өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелері үлгілік ереже негізінде республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі әзірлеген және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала мәслихаты бекіткен ережеде айқындалады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 3-1-тарау 39-7-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
Бап. Жергiлiктi бюджет
Ескерту. 40-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi