Аймақтар дамуының (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

Ø еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;

Ø аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

Ø аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

Ø инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

Ø елдің экономикалық даму тенденциясы;

Ø тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

Ø институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;

Ø орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

Ø әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

Ø орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

Ø орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру.

2. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемелекттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурыстардың жетіспеушілігі болады. Мемелекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды - даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мүндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.

3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.

4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясаттың мәні неде ?

2. Әлеуметтік саясаттың негізгі категорияларын атаңыз атаңыз

Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары

Ұсынылатын дебиет

1. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

2. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

3. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

4. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

5. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

3- ші дәріс.

Тақырып.Әлеуметтік саясаттың обьектілері мен субьектілері

Негізгі мақсаты:Әлеуметтік саясаттың мәнін анықтағанна соң әлеуметтік саясаттың субъектілерімен обьектілерін анықтау заңдылық . Егер кез келгег саясат сияқты әлеуметтік саясатта қоғамдық қарым-қатынастар негізгі болса, мазмұнын білу үшін әлеуметтіе саясатты кім жұргізеді деген сурақ туындайды.

Негізгі түсініктер:обьект, субьект,әлеуметтік топтар

Жоспары

1.Әлеуметтік саясаттың субъектілері

2.Әлеуметтік саясаттың мазмұнды мінездемесі

Әлеуметтік саясаттың мәнін анықтағанна соң әлеуметтік саясаттың субъектілерімен обьектілерін анықтау заңдылық . Егер кез келген саясат сияқты әлеуметтік саясатта қоғамдық қарым-қатынастар негізгі болса, мазмұнын білу үшін әлеуметтіе саясатты кім жұргізеді деген сурақ туындайды.

Әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік топтар - әлеуметтік құрылымның тұрақты элементтерінің қарым -қатынасы арқылы көрінеді. Бұндай топтардың тұрақтылығы көптеген қоғамдық жағдайлардыңпайда болуы және даму комплексінің іске асырылуы арқылы пайда болады.

Сонымен қоса, әлеуметтік топтар өз қызығушылықтарын біліп немесе оларды білмей іс-әрекет жасауы мүмкін. Яғни, әлеуметтік процесстің белсенді (нақты саясаттың субъектілері) немесе пассивті әлеуметтік күштері бола алады.

Әлеуметтік саясаттың субъектілері – іс-әрекет ететін жеке әлеуметтік топтар және олардың қызығушылықтарын білдіретін органдар, институттар, құрылымдар. Әлеуметтік саясат субъектілеріне әлеуметтік топтар мен қоса олардың қызығушылықтарын білдіретін ұйымдық құрылымдар да жатады. Субъектілер екіге бөлінеді. Бірінші әлеуметтік субъектілер - әлеуметтік топтардың өзі. Екіншілері- олардың қызығушылығын білдіретін ұйымдар мен мекемелер және т.б.

Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік саясат әлеуметтік саладағы тоталитарлық тәртіпке дейін тарылады. Демократиялық қоғамда- әлеуметтік саясат демократиялық мемлекеттің және басқа азаматтық қоғам субъектілерімен біріккен функцияны атқарады. Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтү кезінде ерекше өтпелі кезеңңің әлеуметтік саясатын қалыптастырады.

Тоталитарлық қоғамдағы әлеуметтік саясат абсолютті мемлекеттік үкімек талабымен, халықтың толық пассивтігімен іске асады. Тоталитарлық кезеңнен кейінгі қоғамның демократияға өту мемлекеттік басқарудың абсолютизмінен және халықтық пассивтіліктен алшақтаумен қамтамасыз етіледі. Тоталитарлықтан кейн қоғамның пассивтілігі, ұйымсыздығы, әлеуметтік құрылымсыздық - әлеуметтік сасаттың, мемлекеттік үкімнің бұзылуының негізі. Барлығы өтпелі кезеңңің мемлекеттің мінездемесіне, оның халықтың, елдің қызығушылықтарына назар аударуының деңгейіне байланысты. Бұл жағдайда мемлекеттік үкіметтің тарихи жауапкершілігі, халықтың және барлық топтар мен қоғамдастықтардың жағдайы туралы сүрақ күрделенеді.

Әлеуметтік саясаттың келесі мазмұнды мінездемесі - әлеуметтік саясатқа белсенді қатысушыларының өз алдыларына қоятын мақсаттар жүйесі. Бұл- қоғамдық өзгерістердің нәтижелі көрсеткіштері. Әлеуметтік топтың әрқайссысы өзінің нақты жағдайын және жақсыға өзгеру мімкіндігін толық сезінеді.Егер әлеуметтік топ белсенді қоғамдық іс-әрекет жасаса (әлеуметтік саясаттың субъетісі болса) ол өзінің қоғамдағы жағдайының жақсаруын өз іс-әрекетінің мақсаты деп сезінеді. Егер әлеуметтік топ пассивті болса, онда оның мақсатының орнында арман, ғажап жағдайды күту немесе әлеуметтік саясаттың «мейірімді» субъетісіне кудер болады.

Тоталитарлық қоғамда көптеген субъектілер шынайы емес, декоративті келеді. Әлеуметтік сасаттың нақты субъектілері тек басшылық ететін әлеуметтік топ, қалған барлығы- әлеуметтік саясаттың объектілері.

Демократиялық қоғамда бір субъектілі жағдайдың болуы мүмкін емес. Сондықтан, әлеуметтік саясатта барлық субъектілерге бір мақсаттың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік саясаттың нақты субъектілерінің әр қайсының өзіндік мақсаты бар. әлеуметтік мақсаттың көптігі- бұл көп субъектілі азаматтық қоғамның нәтижелі қалпы. Мақсатттардың әртүрлі болуы негізгі мақсат болып табылады және қоғамның сапалы ерекшелігінің белгісі. Бұл кез келген қоғамның мақсаттарының бір болу идеясынан, үлшылдық идеясынан, құндылықтардың бір болуынан алшақтамайды. Демократиялық қоғамда бұл мақсаттар тоталитарлықтан ерекше қойылап шешіледі.

Әлеуметтік саясат құрылымдық қоғамдық қарым-қатынас болып табылады.

Әлеуметтік саясаттың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:

- Әлеуметтік тұрақты қоғамдағы әлеуметтік саясат ( қоғамдық формацияларда);

- Жүйелі кризистердегі қоғамдардың әлеуметтік саясаты (революциялық жағдайдағы);

- Деформация жағдайындағы қоғамдардағы әлеуметтік саясат (қоғамдық жүйенің перманенті кризистерінде);

- Күрделі реформалар арқылы жүйелі кризистерден шығу жағдайындағы қоғамдағы әлеуметтік саясат, яғни өтпелі кезеңнің әлеуметтік саясаты.

Әлеуметтік түрақты қоғамдағы әлеуметтік саясаттың ерекшіліктері:

Әлеуметтік топтар және класстардың қарым-қатынасындағы тұрақты тәртіптің болуы;

- Өз жағдайымен қанағаттанбаған кейбір топтарға білім беру;

- Басқарған класстардың және оның бөлігінің қызығушылығының баланста болуы. Бүндай басқарудың түрі құқықтың қоғам формасында белгіленеді;

Сонымен, қандайда бір мемлекет болмасын халықтың түрмысы

нашарлауына жол бермеуді көздейтін, халықты еңбекпен қамтуды және жұмыссыздықты шектен тыс өспеуін қадағалап отыруды іске асыратын, халықтың түрлі топтарымен жіктерін материалдық жағдайымен тұрмыс тіршілігін біртіндеп жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясат жүзеге асырылуы тиіс.

Негізінен әлеуметтік саясат дегеніміз- ішкі саясаттың құрамдас бөлігі, және адамдардың қоғамдық, топтық мүдделерін үйлестіру және экономикалық әлеуметтік саяси, идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болып табылады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясаттың мәні неде ?

2. Әлеуметтік саясаттың негізгі категорияларын атаңыз

3. Әлеуметтік саясаттың обьектілері

4. Әлеуметтік саясаттың субьектілері

Ұсынылатын дебиет

1. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

2. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

3. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

4. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

5. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

4- ші дәріс.

Наши рекомендации