Тақырып. Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы.

2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.

3. Қала маңындағы аймақтардың түсінігі.

Негізгі ұғымдар: елді мекен жерлері, қала маңыгдағы аймақтар, елді мекеннің шекарасы.

1. Елді мекен жерінің түсінігі және құрамы.Елді мекен дегеніміз - республика аумағыныңхалық жинакы орналаскан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылык және басқа қоғамдык кызметі нәтижесінде қалыптаскан, занда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар баскаратын бір бөлігі.

Елді мекен белгілері:

Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;

Тұракты түрде тұратын адамдардын саны 50-ден кем болмауы тиіс.

Казақстан Республикасы аумағыңдағы елді мекендер қалалық және селолык елді мекендерге бөлінеді.

Қалалық елді мекендерге республикалық, облыстык және аудандық маңыздағы калалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы поселкелер; селоларға — олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан қалған барлық елді мекендер жатады.

Халқының саны 400 мың адамнан асатын облыстык маңызыбар қаладағы, республикалык маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан каладағы аудан болып табылады.

Калалар және басқа елді мекендер:

республикалык маңыздағы қалаларға бөлінеді. бұларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және бір миллион адамнан астам халқы бар елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

облыстык маңызы бар қалаларға бөлінеді, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалықжәне мәдени орталыктар бо­лып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

аудандық маңызы бар калаларға бөлінеді, бұларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемле­кеттік тұрғын үй коры, оку және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған жүйесі, кемінде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екісінен астамы жұмысшылар, қызметшілер мен олардыңотбасы мүшелері болып табылатынелді мекендер жатқызылуы мүмкін;

4)поселкелерге бөлінеді, бұларға өнеркәсіп орындарының,құрылыстардың, темір жол стансаларының және баска экономикалық маңызды объектілердің жанындағы, кемінде 3 мың адамы бар, оның кемінде үштен екісі жұмысшылар,қызметшілержәне олардың отбасы мүшелері болып табылатын елдімекендержатқызылуы мүмкін;

кемінде екі мың адам халқы бар, оның жыл сайын емделу мен тынығу үшін келетіндер саны кемінде тең жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналаскан елді мекендер де посел­келерге теңестіріледі; оларға қалалықтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халқының кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен ұдайы айналысатын саяжай поселкелері де жатқызылуы мүмкін;

ауыл (село) — саны кемінде 50 адам болатын, халқының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық есіру шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді ме­кен;

халқының саны кемінде 50 адам шаруа және баска да қоныстар ең жуық елді мекеннің құрамына енгізіледі.

Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елді мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тіркелугежатады.

Қызметтік мақсаттағы объектілер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардын, жол қараушылардың, жол шеберлерінің үйлері, зайымкелер, қыстаулар, дала костары, метеостансалар жене т.б.) әкімшілік немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елді мекендер қүрамында есепке алынады.

Қалалардың, кенттердің немесе ауылдардың (селолардың) құрамына еңгізілген және олардың бір бөлігіне айналған елді мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрі кетіп қалған немесе қоныс аударған коныстар дербес әкімшілік-аумақтық бірліктер мәртебесінен айырылады және есепті деректерден шығарылады Казақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, елді мекендер жеріне келесі жерлер жатады:

кұрылыстар алып жатқан әрі көп пәтерлі және көп қабатты тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер;

денсаулық сактау, мәдениет, сауда, қоғамдыктамақтандыру, тұрмыстық кызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілері, сондай-ак жалпы білім беру, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелері, өкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғибадат үйлері мен өзге де іскерлік үйлері, кұрылыстар мен ғима-раттар салынған және соларды орналастыруға арналған коғамдық іскерлік құрылыс салатын жер;

өнеркәсіп, коммуналдықжәне олардың жұмыс істеуін камтамасыз ететін койма объектілері, инженерлік және көлік йнфрақұрылымы объектілері салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ак осы объектілердін санитарлық-корғау аймактарын белгілеуге арналған өндірістік құрылыс салатын жер;

темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақұрылым мен байланыс магистральдары ететін және соларды салуға арналған көлік, байла­ныс, инженерлік коммуникациялар жері;

ерекше қорғалатын табиғи аумактар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени максаттағы жер;

өзендер, табиғи және жасанды су айдындары мен акваториялар, су корғау аймақтары, гидротехникалык және баска да су! шаруашылығы құрылыстары орналаскан су айдындары мен акваторияларжері;

ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

аландар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гулзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халыктың қажеттерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су кұбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын баска да инженерлік жүйелер) орналаскан жәнесоларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;

қала күрылысы кызметінетартылмаған, елді мекенді аумақтыктұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (косалкы) шаруашылығындамытуға арналған резервтегі және өзге де жер;

крематорийлерді, мал корымы, тұрмыстык қалдыктар тастау орындарын және арнаулы нормативтер мен ережелер белгіленбейінше пайдалануға болмайтын өзге де объектілерді орналастыру үшін бөлінетін арнайы максаттағы жер;

корғаныс қажеттері үшін берілген және өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.

Бұл жерлер құрамына көптеген жерлер кіретін болғандыктан аталған жерлерді пайдаланудын біркатар ерекшеліктері бар:

• бұл жерлер мемлекеттің және жеке меңшік құқығыныңобъектісіболады.

• мемлекеттік ұйымдарға жер тұракты тегін пайдалануғаберіледі.

Сонымен катар, елді мекендерді жобалауға және салуға Қазақстан РеспубликасыныңЭкологиялық кодексіне сәйкес экологиялык талаптар койылады. Қалаларды және баска да елді мекендерді жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялык талаптар мен экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, халықтың өміріне, еңбек етуі мен демалуына мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету ге тиіс.

Қалалар және басқа да елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде оларды санитарлық тазарту, өндіріс пен тұтыну калдықтарымен қауіпсіз жұмыс істеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулі табиғат пайдалану режимі қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және корғау аймақтары құрылуға тиіс. Ғимараттар, кұрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсіптік объектілер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететін техникалық регламенттердің, санитарлық-эпидемиологиялык ережелердің, нормалардың, кала құрылысыныңталаптары және өзге де талаптар ескеріле отырып орналастырылуға тиіс.

2. Қала және басқа да елді мекеннің шекарасын белгілеу және өзгерту тәртібі.Елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу мен өзгерту жерге орналастырудың, сәулет және қала құрылысының тиісті органдары бірлесіп жасаған ұсыныс бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген қала кұрылысы құжаттамасы негізіндежүргізіледі.

1.Республикалык маңызы бар калалар мен Казақстан Рес­публикасы астанасының шекарасын (шегін) — Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің ұсынуымен Қазақстан Республикасыньщ Президенті белгілейді және өзгертеді.

2.Облыстық маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) - Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісім бойьшша облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Аудандык маңызы бар калалардың шекарасы (шегі) — об-лыстык өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Кенттер мен ауылдардың (селолардың) шекарасы (шегі) –аудандык, (калалык) өкілді және аткарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі.

Жер учаскелерін қала, кент, село шегіне қосу осы учаскелерге меншік кұқығын немесе жер пайдалану құқығын токтатуға әкеп соқпайды. Калалардың, кенттердің, селолык елді мекендердің барлык жері олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылык орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.

Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде белгіленген төртіппен бекітілген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елді мекенді дамыту мен оңда құрылыс салудың бас жоспарының оңайлатылған схемасымен немесе белгіленген тәртіппен бекітілген кала құрылысы кұжаттамасымен жерді пайдалануға жол беріледі. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен занды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды (сауда жасайтын шатырларды, киоскілерді, жарнама құрылғыларын және баска да сервис объектілерін) орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер кұрамынан, оның ішінде базарлар, акылы автотұрақтар (автопарктер) орналастыруы үшін жол (көше, өтпелі жолдар) жиегінен учаскелер беруге жол берілмейді.

Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортак пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Зираттар орналаскан және соларға арналған ортак пайдала­нудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын не­месе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды. жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесі тегін бөлінеді.

3. Қала маңындағы аймактардың түсінігі.Қаламаңындағы аймақтар дегеніміз — жерінің құрамына қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақ құрайтын қала шегінен тыс жерлер.

Қала маңындағы аймактарда кала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін карқынды дамыту, кала құрылысын ерекше реттеу аймактарын (қаланы дамытуға, инженерлікжәне көлік инф-рақұрылымының калыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ғимараттарды орналастыру мен салуға арналған резервтегі аумақтарды), қорғау әрі санитарлық-гигиеналык қызмет атқаратын және халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, орман парктері және баска да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгілей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады.

Қалалардың кала маңы аймақтарының мөлшері мен шекарасын жерге орналастыру, сәулет жөне қала кұрылысы жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлесіп жасаған ұсынысы бойьшша осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік органдар белгілейді және өзгертеді.

Жерді қала маңы аймағына косу бұл жерге меншік құқығы мен оны пайдалану қүқығыныңтоқгатылуына әкеп соқпайды.

Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалалардың қала маңы аймағына косылған жерді пайдалану тәртібі мен режимін аумағы кала маңы аймағына қосылған тиісті облыстық аткарушы органдармен келісілген, аталған қалалардың атқару­шы органдарының ұсыныстары бойьшша Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі белгілейді.

Тақырып. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Өндірісжерлерініңтүсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері.

2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.

3. Қорғанысжерлерінің түсінігі, қүрамы. Пайдалану ерекшеліктері.

4.Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайда­лану ерекшеліктері.

5.Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: өндіріс жерлері, қорғаныс жерлері, өндіріс жерлерін пайдалану, көлік жерлері.

1. Өндіріс жерлерінің түсінігі, құрамы. Өндіріс жерлерін пайдалану ерекшеліктері.Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы максат ушін азаматтар мен занды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатка арналған жер деп танылады.

Қарастырып отырған санаттағы жерлер өз алдына өнеркөсіп, энергетика, көлік, байланыс, қорғаные жерлері болып бөлінеді.

Өнеркәсіп жері дегеніміз — өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жерлер. Өнеркәсіп объек­тілерін орналастыру үшін ең алдымен, ауылшаруашылықмақсатына арналмаған жерлерден, егер ондай жерлер болмаса, сапасы нашар ауылшаруашылық алқаптары берілуі мүмкін. Өнеркәсіп объектілері орналаскан жерлерді тұрғылықты халыктың қауіпсіздігің қамтамасыз ету мақсатында бұл аймақтарда, корғаныш, санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар белгіленеді. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалык құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі.

2. Көлік жерлерінің түсінігі, құрамы.Көлік жерлерінің кұқыктык жағдайы Казакстан Республи­касының 1994 жылы 24 қыркүйекте қабылданған Көлік туралыжәне 2001 жылы 8 желтоқсанда қабылданған Казакстан Респуб­ликасының Темір жол көлігі туралы Заңмен, Автомобиль көлігітуралы, Ішкі сулар көлігі туралы заңмен сонымен қатар Жер
кодексіменреттеледі. . .

Көлік жері дегеніміз - автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің кызметін камтамасыз' ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жерлер.

Казақстан Республикасының Көлік туралы заңына сәйкес, көлік турлері келесідей болып бөлінеді: Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, өуе, құбыр магистралі және метрополитен.

Темір жол келігі қажеттеріне арналған жерге:

магистраль жолдарына жөне солармен технологиялык байланыстағы кұрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдыктар, қызметтік-техникалық үйлер);

кірме жолдарға;

энергетика, локомотив, вагон, жол жөне жүк шаруашылықтары, сумен жабдықтау және канализация кұрылыстары, корғау және бекіту екпелері, кызметтік және темір жол көлігіне қызмёт көрсететін арнаулы максаттағы өзге де объектілері бар темір жол станцияларына (вокзалдарға);

темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймактарына бөліп берілген жер жатады.

Темір жол көлігінің кажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық кқұжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін нормативтер бойынша беріледі.

Тұрғын халыктың қауіпсіздігін камтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлігі кажеітеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді кауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аимактары белгіленеді, олардың шегіңде аймақтарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.

Темір жол келігінің күзет аймактарына: орманды қорғау белдеулері, көлік құрылыстарының, құрылғылары мен баска да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылыгыи кам­тамасыз ету үшін кажетті жер учаскелері, сондай-ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел каупі, көшкін каупі бар аймактардағы жөне баска да кауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.

Автомобиль көлігі қажеттеріне арналган жерге:

1)автомобиль жолдарына, олардың конструкциялыкэлементтері мен жолғимараттары-на және олармен технология­лык байланыскан қүрылыстаржәне ғимараттарға;

2)автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігініңбаска объектілерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, кұрылғыларын пайдалану, күтіп-үстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін кажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру үшін;

3)автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерді белгілеу үшін бөлініп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінің қажеттері үшін бөліп берілетін белдеу­ге арналған жер учаскелері жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде беріледі.

Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және автомо­биль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін жолда жүру кауіпсіздігі талаптары ескеріле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимі белгіленіп, ортак пайдаланудағы халықаралық және республикалык автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерге екі жағынан іргелес жатқан жер учаскелері түрінде жол бойындағы белдеулер жасалады. Аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды.

Жол бойындағы белдеулерде және ортақ пайдаланудағы халықаралык және республикалык автомобиль жолдарына бөліп берілген белдеулерде, жол кызметі объектілері мен жол сервисі объектілерін қоспағанда, күрделі ғимараттар құрылысына ты­йым салынады

Теңіз және ішкі су көлігінің кажетгеріне арналған жерге теңіз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық ғимараттар, жер беті және жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті басқа объектілерді және теңіз және ішкі су көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Әуе көлігінің қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеайлақтар, аэровокзалдар, ұшып көтерілу-қону белдеулерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта құру, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті басқа да жер үстіндегі объектілерді және әуе көлігінің баска да объектілерін орналастыру үшін бөлі­ніп берілген жер, сондай-ак олардың күзет аймактары жатады.

Құбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған жерге су кұбырын, газ құбырын, мұнай құбырын және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пай далану, күтіп-ұстау, салу, кайта жаңғырту, жөндеу, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті объектілерді және кұбыр жүргізу көлігінің басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Аталған жерге шекарасы белгіленген тәртіппен бекітілген кұрылыс нормалары мен ережелерінің, магистральды кұбырларды күзету ережелерінің және баска нормативтік құжаттардың негізінде анықталатын, жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральды кұбырларды күзету аймақтары да жатады.

3. Қорғаныс жерлерінің түсінігі, құрамы. Пайдалану ерекшеліктері.Корғаныс жерлері дегеніміз - Казақстан Республикасы Үкіметі корғаныс пен қауіпсіздік саласыңда міндеттер атқаратын Карулы күштер ұйымының әскери бөлімдерін, аскери полигон-дарын, әекёрк-оқу орындары мен басқа да үйымдарын жөне бас­ка әскерлерді, олардың объектілері мен кұрылыстарын орналастырып, тұрақты жұмыс істеуі үшін берілген жерлер. Қорғаныс мақсатындагы жерлер жеке меншікке берілмейді, тек мемлекеттің меншігінде болады.

Қорғаныс қажеттеріне байланысты жаттығулар мен басқа да іс-шаралар жүргізу үшін жерді уақытша пайдалану қажет болған жағдайда жер учаскелерінің меншік иелерінен жөне жерді пайдаданушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.

Қорғаныс максатыңдағы жерлерді іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануы мүмкін, бұл жағдайда рұқсатты облыстық атқарушы орган береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын корғауды және күзетуді қамтамасыз ету мақсатында инженерлік-техникалық кұрылыстар мен қоршауларды, шекара белгілерін, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пункттерінжайғастыру мен күтіп-ұстау үшін жер учаскелері беріледі. Сонымен қатар, аудандык аткарушы органдар әскери болімдермен келісім бойынша, корғаныс қажеттеріне берілген жерден ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жеке және занды тұлғаларға жекелеген жер учаскелерін уакытша жер пайдалануға бере алады.

4. Байланыс және энергетика жерлерінің түсінігі, күрамы. Пайдалану ерекшеліктері.Байланыс дегеніміз - ақпаратты, почта және арнаулы жөнелтілімдерді, почталык ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өндеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату. Бай­ланыс желісі дегеніміз - байланыс кұралдары мен жолдарынан тұратын және телекоммуникацияға немесе почта байланысына арналған технологиялық жүйе. Байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, жерсеріктік және баскалары), байланыстынфизикалықтізбектері және жол-кәбілдік кұрылғылары, оның ішінде магистральдык (халыкаралық және қалааралык) жолдар.

Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерлер дегеніміз - тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радио­реле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жерлер. Аталған жерлерде күзет аймактары белгіленеді. Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналаскан, оңдағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса жер учаскесі.

Байланыс желілерінің сақталуын, техникалық құралдардың, ғимараттар мен құрылғылардын пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында күзетілетін аймақтар мен соқпактар белгіленеді, олар жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтары болып табыла-ды. Күзетілетін аймақтарға енгізілген жер жергілікті жерде арнаулы белгілермен белгіленеді. Мұндай жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюға жатпайды. Күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібін және олардағы жұмыс режимін уәкілетті орган айқындайды. Аталған аймақтардың шекараларын және олардағы жер пайдалану режимін Қазақстан Республика­сының Жер кодексіне сәйкес, жерді меншікке немесе жер пайда­лануға беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.

5. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймактары және ол жерлердің құқықтық жағдайы.Тұрғын халыктың кауіпсіздігін камтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік объектілері мен өзге де объектілерді пайдалану үшін кажетті жағдайлар жасау мақсатында аймактар белгіленеді, аймактарды белгілеу максаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне олардын шегінде шек койылады немесе тыйым салынады.

Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:

өнеркәсіп орындарының санитарлық-қорғау аймактары;

темір жол мен автомобиль жолдарына бөлініп берілген белдеуге іргелес жатқан, сел-көшкін қаупі бар және орманды корғау аймақтары;

бас саға кұрылыстарын қорғау аймақтары;

өуе айлақ маңындагы белдеулер;

магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желілерінің күзет аймактары;

су күзету аймактары мен белдеулері;

7)әскери полигондардың аумағы жатады.
Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймактарға енгізілгенжер сол жерлерде

арнаулы белгілермен көрсетіледі. Бас саға кұрылыстарын күзету аймағының бірінші белдеуін коспағанда,аталған жерлер жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларданалыныпкойылмайды.

Аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жерді пайдалану режимін нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім кабылдаған орган айқындайды.

Тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Жоспар:

1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері.

2.Қорық жерлерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктері, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері.

3. Ботаникалық бақтарға және табиғи ескерткіштерге берілген жерлердің құқықтық жағдайы.

4.Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердің түсінігі. Осы жерлерді пайдаланудың тәртібі және жағдайы.

5.Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.

Негізгі ұғымдар: сауықтыру жерлері, тарихи мәдени мақсаттағы жерлер, ұлттық дендрологиялық жерлер, зоологиялық парктердің жерлері.

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі. Пайдалану ерекшеліктері.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңмен және Жер кодексімен реттеледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендродогиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорық-сепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік та­биғи қорықтардың жері жатады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:

Бұл жерлер ерекше қорғалатын табиғи, ғылыми, тарихи-мәде­ни, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген;

• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.

Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.

Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық та­биғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, олар­ды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді. Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемле­кеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық коры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі жөне жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.

Қазақстан Республикасында қазіргі кезде бірнеше мемле­кеттік табиғи қорық бар. Ең бірінші 1926 жылы құрылған Ақсу жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстанда құрылған оның көлемі 85,6 мын га жер. Екіншіден, 1931 жылы құрылған Наурызым корығы, бұл қорық Қостанай облысында орналасқан оның көлемі 87,7мың га жер. Үшіншіден, 1960 жылы құрылған Алматы қорығы. Төртіншіден, Барсакелмес қорығы олардың көлемі 79,7мың га жер. Бесіншіден, 1968 жылы құрылған қорғалатын қор бұл қорықАкмола облысында орналасқан көлемі 252,3 мың га жер. Алтыншыдан, 1984 жылы құрылған Маңғыстау облысы Үстүрт қорығы 223,3 мың га жер. Жетіншіден, 1992 жылы құрылған Батыс Алтай қорығы Шығыс Қазақстан облысында құрылған көлемі 56,1мың га жер. Сегізіншіден, 1998 жылы құрылған Алакөл қорығы бұл Алматы облысы орналасқан көлемі 12,5 мың га жер. Тоғызыншыдан, 1976 жылы құрылған Шығыс Қазақстан орналасқан Марқакөл қорының көлемі 75 мың га жер.

Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:

мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялықсаналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимінқамтамасыз ету;

табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерін, объектілерін зерделеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;

мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жұйелерінезиянды әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілердіорналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу;

мемлекеттік табиғи қорық пен онын күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

Мемлекеттік ботаникалық бақ — сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктерді сақтаудың, қорғаудың және өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған, табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.

Мемлекеттік ботаникалық бақтар аумағында келесідей белдеулер белгіленген:

экспозициялық - өсімдіктерді өсіру мен келушілер үшін қол жетімді болып табылады;

ғылыми - ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін және генофон коллекциясын сақтау үшін;

қоғамдық — келушілерге қызмет көрсету үшін;

әкімшілік және өндірістік-шаруашылық. Ботаникалық бақ аумағында өсіріліп жатқан өсімдіктердің құрып кетуіне әкеп соғатын кез келген қызмет түріне тыйым салынады.

Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың келесідей ерекшеліктері бар:

1.Мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланыла­ды;

2.Мемлекеттік ботаникалық бактарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флораны жерсіндіру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстаннын өсімдіктер әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулержүргізіледі;

3.Өсімдіктердің коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақ­тау, пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыстар негізінде жүзеге асырылады;

Мемлекеттік ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойын­ша ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет шығаруға құқылы;

Мемлекеттік ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгізу мақсатында ұсынылган жерсіндірілген өсімдіктер мен олардың репродукцияларын өндірістік сынақтан өткізу үшін шаруашылық эксперименттік базалар құруға құқылы;

Өздерінің фунқционалдық мақсаты бойынша мемлекеттік табиғи қаумалдар мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:

кешендік - ерекше құнды табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру үшін;

биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупібар түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;

палеонтологиялық — жануарлардың, өсімдіктердің жәңе олардың кешендерінің қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшін;

гидрологиялық (батпақты, көлді, өзенді) — сулы-батпақты жерлердің құнды объектілері мен кешендерін сақтау үшін;

гесморфологиллык — сирек кездесетін жене бірегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшін;

геологиялық және минералогиялық — сирек кездесетін геологиялық және минералогиялық түзілімдерді сақтау үшін;

топырақтық — топырақтың әдеттегі және сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін.

Мемлекеттік табиғи каумалдар:

мерзімсіз — жұмыс істеу мерзімі көрсетілмей;

ұзақ мерзімді — 10 жылдан астам мерзімге;

қысқа мерзімді — 10 жылдан кем мерзімге құрылады.

Мемлекеттік табиғи каумалдар бекітіп берілетін табиғатқорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері арнайы күзет қызметтерінің күшімен оларда орналаскан мемле­кеттік табиғи-қорық корының объектілерін күзету мен калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйымдастырады.

Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз - табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелерінің жүйесі.

Адам ауруының алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерінде Қазақстан Республикасының зандарына сөйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгіленеді.

Сауықтыру мақсатындағы жердің күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимін жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайды.

Белгіленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерін шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бірінші белдеуі) көзделетін жағдайларды қоспағанда, санитарлык-қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелеріжер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылады (сатып алынады).

Жер учаскелерін санитарлық-қорғау аймақтарының екінші және үшінші белдеулері шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудің белгіленген режимі сақтала отырып жүзеге асырылады.

Рекреациялық мақсаттағы жер дегеніміз — халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демалысы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер.

Рекреациялық максаттағы жер құрамына демалыс үйлері, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектілері, туристік базалар, стационарлық және шатырлы туристік-сауықтыру лагерьлері, балықшы және аңшы үйлері, орман парктері, туристік соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлері, осы сиякты басқа да объектілер орналасқан жер учаскелері кіруі мүмкін. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлері де жатады.

Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі мен режимін жергілікті өкілді жөне атқарушы органдар белгілейді.

Рекреациялық максаттағы жерде олардын нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кызметке тыйым салынады.

Тарихи-мәдени мақсаттағы жер дегеніміз - тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулет-ландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері.

Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген жағдай­ларды қоспағанда, тарихи-мәдени мақсаттағы жерге жаткызылған жер учаскелері оның меншік иелері мен жер пайдаланушы­лардан алып қойылмайды.

Жергілікті атқарушы органдар тарихи-мәдени мақсаттағы жердің жекелеген учаскелерінде, соның ішінде зерттеуге және сақтап қоюға жататын мәдени мұра объектілерінде кез келген шаруашылық қызметіне шектеу қоюы мүмкін.

Наши рекомендации