Бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
16. Қарағанды облысы еліміздің ең бір ірі және маңызды өңірлерінің бірі. Тек нарықтық экономика жағдайында ғана оның өндірістік қуатын және табиғи байлықтарын толығымен колдану, мамандандыру және кешендік тәсілдеме негізінде экономикалық байланыстарды оңтайлы дамыту мүмкіндігі туды.
Өнеркәсіп. Орталық Қазақстанның аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік реформасын жүргізу барысында Қарағанды облысының экономикалык және әлеуметтік құрылымы және шаруашылық субъектілерінің сипаты түбірімен өзгерді. Қарағанды облысы республиканың минералды-шикізат кешенінде маңызды орын алады және Қазақстанның темір-марганец, барит-полиметалл, мыс кені, сирек металдар және көмір қорыбай бірден-бір алқабы болып табылады.
Облыс аумағында республиканың марганец рудасының 100%, бариттің — 70%, вольфрамның—85%, молибденнің — 65%, қорғасынның — 54%,мырыштың — 38%, мыстың—36%, көмір қорының — 32%, оның ішінде барлық 100% кокстелетін көмір, волластониттың—78%, алтын қорының 9%-ға жуығы шоғырланған. Марганец қоры бойынша Қарағанды облысы әлемде 3-ші орынды, ал ТМД еддері бойынша 2-ші орынды алады (Украинадан кейін). Облыста марганец, темір-марганец және темір кенінің негізгі барлаушы және өңдеуші кәсіпорны «Жәйрем КБК» АК, «Казмарганец» РБ, «Казхром» АКТҮК, «Өркен» ЖШС, «Өркен-Атасу» ЖШС болып табылады. Қорғасын-мырыш кені бойынша өңдеуші және өндіруші кәсіпорыны — «NоvаЦинк» БК ЖШС болып табылады. Сонымен қатар қорғасын және мырышты «Қазақмыс қорпорациясы» ЖШС мыс кенінің кешенінен өндіреді. 2003 жылы «Қазақмыс корпорациясының» «Балқаштүстімет» ӨБ-де мырыш өндіру цехы салынды, ол 2004 жылдың сәуір айында тұңғыш өнімін берді. Мысты өңдеу бойынша негізгі тау-кен кәсіпорны «Қазақмыс корпорациясының» Жезқазған және Балқаш комбинаттары болып табылады.
17. Алматы облысының экономикалық әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 пайыз), машина жасау және металл өңдеу (6,5 пайыз), құрылыс материалдары (6,2 пайыз), тамақ өнеркәсібі (38,2 пайыз), ұн, жарма және құрама жем (5,5 пайыз) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл к-дерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 пайыз шамасында (1997).
18. Бизнес-жоспар – бұл Сіздің келешек бизнесіңізді жан-жақты толық сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, макетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды.Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.
Бизнес-жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар:
Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:
o Істі ашу үшін не қажет?
o Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?
19. 14 жауабы
20. Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы [[Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы]] автомобиль жолдары өтеді.
21. Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
22. 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2. Меншік объектілері мен субьектілері.
3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
Мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Жекешелендіру, Иемдену, Меншік , Меншік объектілері, Меншік субъектілері, Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы
Дәріс мән-мәтіні.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұ рыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
23. Қазіргі ғылыми мәліметтер Ертіс өңірінің ерте антропогенез аймақтарына жататынын, адамдардың өмір сүруіне, экономикалық тұрмысына қолайлы болғанын дәлелдейді. Тас ғасырында Ертіс өңірін мекендеген тайпалар еңбек құралдарын жасап, ұсақ аңдарды аулаумен айналысқан. Жалпы тарихи үрдістен айырмашылығы егін және мал шаруашылықтары бүкіл Қазақстандағыдай Ертістің Павлодар өңірінде де кейінірек ХVІІІ ғасырдың басында пайда болған.
Экономика жүйесі мен қазіргі орталықтандырылған рынок секторы Павлодар облысында Ресейдің орталық облыстарынан шаруалардың көшіп келуімен байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан.
Ресейдің түрлі облыстарынан шаруалардың көшіп келуімен Павлодар уезінің құнарлы далаларын игеру, ең бастысы астық дақылдарын өсіру басталды.Ертіс жайылмасында суармалы шабындықтардың, жайылымдардың болуы мал шаруашылығын дамытуға ықпал етті. Дәстүр бойынша жергілікті жұрт қой және жылқы шаруашылықтарымен айналысса, қоныстанушылар етті-сүт мал шаруашылығын дамытуға ат салысты.
Статистикалық мәлімет бойынша Павлодар облысында 1917 жылы мал басы көп болған, яғни Семей облысының жалпы мал басының 29%-ы осында болған.
Уезде ауыл шаруашылығы шикізатын ұқсату негізінде құрылған тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыды. Ұн тарту жақсы қарқын алды. 1908 жылы Павлодар уезінде 242, соның ішінде 4 су, 47 ат, 191 жел диірмені болды. Май былғау дами бастады.
24. Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.
Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
25. Қазақстанда 2013 жылы қолайлы инвестициялық климат сақталады. «Баяу болса да, Қазақстандағы экономикалық жағдай тұрақты күйде қалады. Ұлғайған мемлекеттік шығындар мен сақталған жоғары экспорттық бағалар ықпал етіп отырған жоғары тұтынушылық сұраныс қызмет көрсету мен бөлшек сауда секторының қарқынды өсуіне әсер етеді. Экспорттық бағалар, негізінен мұнайға қатысты, ағымдағы операциялар есебінің (2012 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ 7,7%) мен шоғырланған бюджеттің пайдасы (2012 ж. 9 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ 11,6%) жоғары деңгейде қалып отыр», – деді ЕАДБ басқарма төрағасының орныбасары.
Оның мәліметі бойынша, ақша көлемінің өсуі кезінде мемлекеттік шығындардың да ұлғаюы 2012 жылғы қарашада инфляция көлемінің 5,6% күйде сақталуына ықпал етті. Бұл көрсеткіш ел Үкіметінің мәлімдеген мақсатына сәйкес келеді.
«Халықаралық резервтердің деңгейі жоғары болуына байланысты теңгенің құбылмалылығы төмен сипатқа ие. Ішкі сұранысты қолдайтын экспорттық кірістің ағымдағы деңгейінің сақталуы салық түсімдерінің артуына және ҚРҰҚ ұлғаюына ықпал етеді. Инфляция көлемі ҚРХБ болжамына сәйкес 6-8% көлемінде сақталуы тиіс.Экономикалық тұрақтылық Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат құрады және бұл шетелдік инвесторлардың қызығушылығының сақталуына әсер етеді.
«Әрине, елдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық салымдардың өсімі көптеген өзге де факторларға байланысты, өйткені инвесторларды тарту мен ұстап қалу үшін мемлекет тарапынан нормативтік құқықтық базаны, құқық қолдану тәжірибені жетілдіру, инфрақұрылымды дамытуды сынды іс-әрекеттер жасалуы тиіс. Инвесторлардың елден кетпеуі үшін оларға қолайлы бизнес-орта құрып, олардың ақылға қонымды тілектерін орындауға тырысу керек. Мұндай орта Қазақстанда ақырындап құрылып келе жатыр. Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы осыған дәлел. Кеңес аясында түрлі инвестициялық жобалар талқыланып, іске қосылады»
26. 2.1 Кезектік әдістің негізі дәлдеп түзелген мағыналардың жалпы белгілерінің нақты қатарын факторлардың базистық белгілерін нақты көбейткіштерге жүйелі ауыстыру жолымен табылады. Қатар тұрған белгілердің салыстыруы арқылы- фактордың жалпыланған факторға, яғни базистік белгінің нақты белгіге ауысуына келтіретін ықпалын есептеуге болады.
2.2 Салыстыру әдісі фирманың жұмысын бағалауға, жоспар көрсеткіштердің ауытқуларын анықтауға, олардың себептерін анықтап және резервтерін айқындауға мүмкіндік береді. Талдауда қолданылатын салыстырудың негізгі түрлері:
— есеп беру көрсеткіштері жоспарлы көрсеткіштермен;
— жоспар көрсеткіштері алдыңғы аралықтың көрсеткіштермен;
— есеп беру көрсеткіштері алдыңғы аралықтың көрсеткіштерімен;
— әрбір күннің жұмыс көрсеткіштері;
— өндірістер аралығындағы салыстырулар;
— орта салалықтардың мәліметтерінің салыстырулары;
— техникалық деңгей көрсеткіштерімен және сол кәсіпорынның өнім сапалары туыс кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырулары.
a. Факторлық талдау- объектілердің зерттеу әдісі (жүйелер), оның
негізінде функцияға немесе нәтижелі белгіге тигізетін факторлардың ықпал дәрежесін табу процедурасы (машинаның пайдалы әсері, тұтас шығындардың элементтері, еңбек өнімділігі). Оны — объектің (жүйенің) жұмыс жасауларының жақсаруы үшін, ұйымдық- техникалық шаралардың жоспарын өңдеу мақсатымен жасайды.
2.4 Функционалды — құндықтың талдауы — объектінің белгіленуіне (бұйымдар, процестер, құрылым) қолданылатын зерттеулердің жүйелік әдісі. Оны — объекті циклының тіршілігі үшін оның тұтас шығындар бірлігінің пайдалы әсерін арттыру (қайтарып беру) мақсатымен жасайды.
2.5 Экономика-математикалық әдіс (эконометрикалық әдістер)- пайда болған немесе жоспарланған экономикалық жағдайларында шаруашылық шешіміні анықтау үшін, ең жақсы, үйлесімді түрлердің терімін қолдады. Экономикалық талдау мақсаттарын ЭММ — ді қолдана отырып шеше алатын үлгілі тізімдер:
— ЭММ жоспар арқылы өңделген өнім өндірісінің бағалануы;
— шаруашылық бағдарламаның ықшамдауы, оны цехтарға, жабдықтауларға және өнім санына (жұмыстардың) бөлуі;
— шаруашылық қорлардың бөлуінің, материал пішуінің ықшамдауы және нормалардың зорланушылықтарын анықтаулары.
27. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.