Чех Республикасында экстремистік бағыттағы тіркелген қылмыстар санының динамикасы
Жылдар | |||||||||||||
Барлығы |
Чехия полициясы, ең қауіпті қылмыстар деп, құқыққорғау органдары мен әскери қызметкерлер жасаған қылмыстарды санайды. Мысалы, 2002
жылы полиция қызметкері, ішімдік шіп алып, ЧР ҚК 198 (1) және 202 (1) бӛлімдерінде қарастырылған қылмыс жасаған. Кінәлі Вьетнам азаматтары екен деп ойлап қалып, мейрамханада отырған жапондықтарға тап берген, содан кейін ол нәсілі үшін мейрамхана иесіне де шабуыл жасаған. Міне осы жылы ӛзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында ұлты сыған жүргізушісіне шабуыл жасаған қала кӛшелерінде машиналарды тоқтайтын орындарға қоюды реттейтін жұмысшыға қарсы қылмыстық іс ашылған және солдат терісінің түсіне қатысты жәбірлегені, кемсіткені үшін әскери қызметкерге қатысты да қылмыстық іс қозғалған (ЧР ҚК 198-бӛлімі).
1996-1998 жж экстремистік бағытта ең кӛп тараған қылмыс басқа тұлғаның мүлкіне зиян келтіру болып табылды (ЧР ҚК 257 (2b) 1961 ж.). э200-2008 жылдар арасында экстремистік бағытта ең кӛп тараған қылмыстар қатарына адам құқығы мен бостандығын басуға бағытталған қозғалыстарды насихаттау және қолдау кӛрсету (ЧР ҚК 260, 261 бӛлімдері 1961 ж.); ұлтқа, нәсілге немесе нанымдарға қатысты жала жабу (ЧР ҚК 196 (2) бӛлімдері1961 ж.); адамдар топтарына немесе жекелеген адамдарға қатысты күш кӛрсету (ЧР ҚК 196 (2) бӛлімдері 1961 ж.) болып табылды.
2008 жылы ЧР ҚК жаңа ӛкіметтік жобасы қадылданып, ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. ЧР қазіргі қолданыстағы ҚК 42 (b) бӛліміне сәйкес нәсілдік себеп бойынша жасалған қылмыс жазаны қиындататын жағдай болып қала береді, оны үкім шығарар кезде соттар ескеру керек. ЧР ҚК сәйкес жәбірленушінің саяси ұстанымдарына, оның нәсіліне, ұлтына, этникалық құрамына, дініне немесе жәбірленушінің діни нанымдарының болмауына байланысты жасалған қылмыстар келесі қылмыстардың жіктемелік белгілері болып танылады: 1) адамдар топтарына немесе жекелеген адамдарға қатысты күш кӛрсету; 2) ӛлім; 3) денсаулыққа зиян келтіру; 4) ауыр дене жарақатын келтіру; 5) бопсалаушылық; 6) басқа тұлғаның мүлкіне зиян келтіру; 7) адми емес зорлау және қинау, қанау; 8)заңсыз еркіндігінен айыру; 9) бостандықты заңсыз шектеу; 10) адам ұрлау;
11) шантаж (blackmail); 12) лауазымды тұлғаның билікті асыра қолдануы [65].
Сонымен, Чех Республикасында ұлттық заңнама экстремизмен күрес және алдын алу мәселелері бойынша жетілдіріліп келеді. Атап айтсақ, саяси ұстанымдарына, оның нәсіліне, ұлтына, этникалық құрамына, дініне немесе жәбірленушінің діни нанымдарының болмауына байланысты жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілген.
Франция, Италия, Испания және т.б. елдердің экстремизм және лаңкестікке қарсы әрекет тәжірибесі туралы заң ғылымдарының докторы П.Н.Кобец толық талдама жасаған.
Франциядаэкстремистік ұйымдар әрекеті бұрынғыдан да белсендірек болып келеді және лаңкестік актілер саны да қатты ӛскен. Бұл елде қылмыстық жаза қолдану күшейтілген.
Мысалы, Францияның Қылмыстық кодексінде алдын алу әдістері қолданылатын тұлғалар ортасы айтарлықтай кеңейтілген. Қылмыстық жауапкершілік субъектілері болып жекелеген тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да мойындалды.
Францияның «Тұлғаларды тексеру туралы» N 86-1004 Заңына, қоғамдық тәртіпке немесе елдің қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп тӛндіруі мүмкін деп саналатын Франция еліне кіретін тұлғаларды, сондай-ақ қандай да болмасын қылмыстық ұйымға жатады деп француз билігі күмән туғызатын тұлғаларды арнайы тексеру регламентациясы туралы ӛзгерістер енгізілген. Қарастырылып отырған Заң артық формалдықты алып тастаған, тексеру процедурасын жеңілдеткен, саусақ іздерін фотоға түсіруге және алуға мүмкіндік береді, жарылыс, уландырғыш немесе басқа заттар бар деп болжамдаған тұлғаларды ұстауға ықпал етеді.
Лаңкестік актілерді кӛбіне шетелден келген азаматтар жасайтын болғандықтан, елде қобалжутуындаған жағдайда, егер билік олардың болуы ел азаматтары үшін қауіпсіз емес деп санаған жағдайда, шетел мемлекеттерінің азаматтарын елден шығаруды алдын алу шаралары деп мойындауға болады. Француз аумағынан мемлекет үшін тиімді емес деген шетелдік азаматтарды елден қууды Францияның N 86-1019 «Шетелдіктердің Францияға кіру және болу шарттары туралы» Заңына сәйкес жүзеге асыруға болады.
Францияның нормативті актілерінде құқықбұзған тұлғаларды құқыққорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге тарту шаралары да бекітілген. Бұл жағдайда мысалға 1986 жылы 2 қазанда қабылданған
«Қылмыстық әрекеттермен күрес туралы» N 86-1019 Заңды алуға болады. Осы бапқа сәйкес, қылмыстық топты ашуға кӛмектескен немесе сыбайластарын кӛрсеткен тұлға жауапкершіліктен босатылады. Францияның N 86-1020 "Лаңкестікпен және мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғушылықпен күрес туралы» Заңында лаңкестік қылмыс жасағаны үшін толығымен немесе жартылай жазадан босату жағдайлары қарастырылған ( 6-бап). Мысалы, егер жазаланушы тұлға (егер оның әрекетінің құрамында басқа қылмыс болмаған жағдайда), құқыққорғау органдарын дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарласа, және осы лаңкестік актті болдырмау үшін барлық күшін салса, және қажет болған жағдайда, лаңкестік актінің басқа қатысушыларын анықтауға кӛмектессе, ондаол жазадан толығымен босатылады. Егер деорындаушы немесе қатысушы, әкімшілік және сот органдарын ескертіп, барлық болатын қылмысты тоқтату үшін барлық күшін салса немесе адам ӛлімінің алдын алса, сондай-ақ басқа қатысушыларды анықтауға кӛмектессе, бірақ оның әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болса, онда Заңда қарастырылған жаза жартылай азайтылады.
Францияда лаңкестік бағытта жасалған қылмыстар үшін ӛмір бойы абақтыға жабу жазасы қолданылады, бірақ құқыққорғау орындарының
жұмысына кӛмектескен тұлғаларға қатысты, 20 жылға бостандығынан айыру қарастырылатын ерекше ереже қолданылады.
Практика, бұл ережелер, қылмыс жасауға дайындалған тұлғаларға, әсіресе, егер кімде-кім лаңкестер арасына кездейсоқ кіріп кеткен жағдайда (мысалы, оған жағымсыз жағдайлар себебінен аяқ асты болған жағдай), жағымды әсер ете алмайтынын кӛрсетті. Осындай нормаларды заңнамаға кіргізу қажеттілігіне дәлел Францияның N 86-1020 Заңының жазадан босату немесе лаңкестікке қатысты тұлғалар жазасының мӛлшерін азайтуға қатысты ережелері Францияның Қылмыстық кодексінің 4-кітабының ІІ бӛлімінің 2 тармағына («Ерекше ережелер») ешқандай ӛзгеріссіз енгізілу фактісі бола алады [39].
Италия Республикасынақатысты, экстремистік және лаңкестік әрекеттермен күрес мақсатында онда ерекше тергеу тәсілдері қолданылады. Кейбір авторлар кӛрсеткендей, агент-арандатушыларды пайдалану, тергеу үшін барынша кӛлемді материалдар жинау мақсатында оларды ұстау немесе қамау туралы қаулы шығаруды тоқтататұру тиімді тәсіл болуы мүмкін. Осындай операциялардың ӛте қауіпті екендігіне байланысты, оларды жүргізу заңдылығы Заң қарастырған бірқатар шарттар арқылы, соның ішінде, бірінші кезекте, магистраттың (соттың) алдын ала келісуі арқылы анықталады. Бұл шаралар белгілі бір қылмыстар категориясы үшін ғана қарастырылған және ол нақты түрде Заңда тізімделген. Оларға: кімді болмасын ақша алу үшін бостандығынан айыру, қару және наркотик сату, сондай-ақ ақшаны заңсыз пайдалану жатады.
Лаңкестік әрекетпен тиімді күрес жүргізу мақсатында итальяндық заңнама реттелген қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік құқық қарастыратын тергеудің басқалардан айырмашылығы бар, ерекше тәсілдерін қарастырады.
ИспанияныңҚылмыстық кодексінде (1995 ж), «Қарулы бандажәне лаңкестік элементтермен күрес туралы» Заңында алдын алу сипатындағы нормалар қарастырылған, және нормалардың мәні бойынша рекоменсивті формалары бар. Мысалы, Испанияның ҚК 579-бабы ӛзінің қылмыстық әрекетін ӛз еркімен тоқтататқан және ӛзінің істеген қылмыстары туралы мойындап, билік алдына келген, сондай-ақ қылмыс жасаудың алдын алу бойынша билікке кӛмек кӛрсеткен; немесе жауапкершілікке тартылуға тиісті адамдарды табуға немесе тұтқынға алуға айтарлықтай кӛмек кӛрсеткен; немесе қарулы құрылымдар немесе ӛзі қатысқан немесе кӛмек кӛрсеткен лаңкестік топтардың әрекеттерін тоқтатуға немесе ажыратуға кӛмек кӛрсеткен тұлғаларға жазаны бір немесе екі сатыға азайтуды қарастырады Осы Заңның 6-бабына сәйкес ӛз кінәсін мойындаған тұлға, егер оның жасаған әрекеттері басқа қылмыс құрамын құрамайтын болса, ал оның белсенді кӛмегі басқа қылмыскерлерді анықтауға, қылмысты жасаудың алдын алуға немесе қылмыстық нәтиженің алдын кесуге, сондай-ақ қарулы бандиттік, лаңкестік және тағы басқа бүлік құрамдарын құрылуыддың алдын алуға
мүмкіндік берсе, онда ол тұлғаны жауапкершіліктен толығымен босатуды да қарастырады [39].
Демек,біріншіден, еуропалық мемлекеттерде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы органдар немесе ұйымдар құрылған. Олар ақпарат жинайды, бағдарламаларды, құқықбұзушылықтың алдын алуды жоспарлауды бағалайды, сондай-ақ полиция мен осы сала бойынша басқа арнайы органдардың жұмыстарын үйлестіреді және экстремистік бағыттағы қылмыспен күрес бойынша саясатты анықтайтын заң органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асырады, БАҚ-пен, ғылыми-зерттеу ұйымдары және ғалымдармен бірлесе жұмыс жасайды, оқу жаттығуларын жүргізеді. Алынған нәтижелер экстремизмге қарсы жоспарланған перспективті іс- шаралар бойынша мемлекет саясаты мен құқықтық базасын қалыптастыруға пайдаланылады.
Екіншіден, қолданыстағы қылмыстық құқық нормаларын күшейту үрдісі жоспарланып отыр және бір мезетте жасаған қылмыстар үшін заң жауапкершілігі күшейтіледі, ол қылмыстан ерте кезеңде ӛз еркімен бас тартуға жолбереді және ынтымақтастыққа итермелейді, сондай-ақ қылмыс жасау үшін себептерді жоюға ықпал жасайды, сонымен қатар ӛшін алу және виктимологиялық алдын алу бар.
Үшіншіден, экстеримзм және лаңкестікпен күрес пен оның алдын алу бойынша басқа елдердің тәжірибесін талдау ресейлік саясат пен ұлттық заңнаманы жетілдіру үшін пайдалы.
Кӛптеген елдерде – экстремистік және лаңкестік қылмыстармен айналысатын органдар мен ұйымдарға ерекше уәкілеттіктер беру практикасы бар, олар лаңкестік нәтижесінде жәбірленушілер құқықтарын қорғайды, экстремистік және лаңкестік актілердіболдырмау үшін тікелей алдын алу, ескерту жұмыстарымен шұғылданады.
Заңды түрде модельдеу және қылмыстық іске қатысатын жекелеген тұлғаларды ынтымақтастыққа тартуға ықпал ететін рекомпенсивті нормаларды пайдалану практикасы айтарлықтай тиімді және Ресей федерациясы аумағында экстремизм және лаңкестікпен күресте кеңінен қолданыла алады.
Төртіншіден, Ресейдің ұлттық мүүдесі үшін Еуроодақпен ішкі және сыртқы қауіпсіздік, саясат және экономика, рухани және мәдениет саласындағы мәселелер бойынша ӛзара әрекет механизмін және Қытай, Үндістан және басқа мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту дұрыс перспектива болып табылады.