Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi қарау практикасы туралы
Соттардың лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жасағаныүшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы заңнаманы дұрыс қолдануы сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн төмендетудi, қоғамның мемлекетке, оның институттарына деген сенiмiн нығайтуды, соттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тiкелей қатысатын құқық қорғау органдарының жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар туралы қылмыстық iстердi қараудың практикасын талқылай келiп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы республика соттарының аталған санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешiп келе жатқанын және кiнәлi адамдарға әдiл жаза тағайындап отырғанын атап көрсетедi.
Сонымен қатар, соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жасаған адамдардың iс-әрекеттерiн заң тұрғысынан дәрежелеуде елеулi қателiктерге жол берiп отыр, оның субъектiлерiн анықтауда бiрыңғай практика жоқ, заңның кiнәлi адамдарға жазаның түрi мен мөлшерiн тағайындауда қатаң жеке-дара тұрғыдан қарау керектiгi туралы талабы барлық iстер бойынша сақтала бермейдi.
Соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды әрдайым терең әрi жан-жақтылы анықтап отырмайды, қажет болған жағдайларда жеке қаулылар шығармайды.
Орын алған кемшiлiктердi жою және аталған санаттағы iстер бойынша сот қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жалпы отырысы қаулы етедi:
1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiне елеулi зиян келтiретiнiне соттардың назары аударылсын, сондықтан осы санаттағы iстердi дұрыс және өз уақытында қарау олардың құқықтық қорғалуын шынайы қамтамасыз етудiң аса маңызды шарттарының бiрi болып табылады.
2. Лауазымды тұлғалардың өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiктерiн басқа адамдардың мүддесi үшiн пайдалана отырып, олардан мүлiктiк және өзге де
игiлiктер мен артықшылықтарды өзiне және басқа да адамдар үшiн заңсыз алуына байланысты қылмыстық жазаланатын қасақана әрекеттерiн сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар деп ұғыну қажет. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды бұл адамдарға құқыққа қайшы беруi арқылы олардың өз мүддесi үшiн әрекет жасауына ықпал етуiн жатқызу қажет.
3. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, республиканың қарулы күштерi мен басқа да әскери құрамаларының және әскерлерiнiң лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адамдар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектiлерi болып табылады. Соттар аталған лауазымды тұлғаларды өз мүддесi үшiн әрекет жасату мақсатында оларға мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қайшы беретiн жеке тұлғалардың да сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектiлерiнiң қатарына жататынын ескергендерi жөн.
4. ҚК-нiң 307-бабында көрсетiлген Ескертуге сәйкес, тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы
не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, республиканың басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар, лауазымды тұлғалар деп
танылады. Мемлекеттiң мiндетiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызметтердi атқаратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес саяси мемлекеттiк қызметкерлердiң лауазымдарында iстейтiн адамдар жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адамдар деп түсiнiледi.
5. Қылмыстық қудалау органдары әрекеттердi сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға жатқызу туралы мәселе шешiлуi үшiн лауазымды тұлғалардың функциялары мен өкiлеттiктерiн растайтын мәлiметтердi анықтауы және бұл туралы айыптауды тұжырымдау кезiнде iс жүргiзу
құжаттарында көрсетулерi қажет. Соттар лауазымды тұлғалардың кiнәсi туралы мәселенi шеше отырып, олардың қызметтiк өкiлеттiктерiне, олардың өз мәртебесiн және соған байланысты мүмкiндiктердi пайдакүнемдiк мақсатта пайдалануына қатысты мәселелердi жеткiлiктi түрде толық анықтаулары қажет.
6. Соттар ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк мiндеттер деп, лауазымды тұлғалардың ұжымға басшылық ету, кадрларды iрiктеу және орналастыру, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру, еңбек тәртiбiн сақтау,
ұжымның алдына қойылған мiндеттердi орындау және т.б. жөнiндегi өкiлеттiктерi түсiнiлетiнiн ескергендерi жөн. Лауазымды тұлғалардың әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерi, әдетте, мемлекеттiк мүлiктi басқару және оған билiк жүргiзу, оны сақтау, сату, мемлекеттiк органдарда немесе жергiлiктi өзi-өзi басқару органдарында, тиiстi мекемелер мен әскери құрамаларда осы операцияларға бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктермен ұштасады. Соттар, лауазымды тұлғаның атқарып отырған қызметiне қарай, ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк шаруашылық мiндеттерiнiң қатар болуы мүмкiн екенiн назарда ұстаулары қажет.
7. Мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды алу деп, қылмыс субъектiсiне жататын лауазымды тұлғаның ақысы төленуге тиiстi әр түрлi қызметтердi ақысыз қабылдауын, не меншiктену үшiн артықшылық құқық
беретiн жеңiлдiктердi пайдалануын, құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргiзуiн, санаторлық немесе туристiк жолдамалардың, жол жүру билеттерiнiң, жеңiлдетiлген шартпен қарыздардың немесе кредиттердiң берiлуiн және т.б. түсiну қажет.
8. Соттар, ҚК-нiң 311-бабында көрсетiлген 2-Ескертуге сәйкес, лауазымды тұлғаның мүлiктi, мүлiктi иемдену құқығын немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы, бұрын жасалған заңды iс-әрекет (әрекетсiздiк) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, маңызы болмашы жағдай екендiгiне байланысты, қылмыс болып табылмайтынын және тәртiптiк ретпен қудаланатынын ескерулерi қажет.
9. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды субъектiсi лауазымды тұлға болып табылатын өзге қылмыстардан ажырата бiлу қажет. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс кезiнде лауазымды тұлғада өзiнiң қызмет бабын басқа адамның мүддесi үшiн пайдаланып, олардан мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды өзiне және басқа да
адамдар үшiн алумен ұштасатын қасақана заңсыз iс-әрекет жасау мақсаты болатынын ескеру қажет. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мән-жайлар болмаған жағдайда, қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыру, қызметi кезiндегi әрекетсiздiк және мемлекеттiк қызметтiң мүдделерiне қарсы жасалған басқа да қылмыстар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға жатпайды.
10. Лауазымды тұлғаның "өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып" деген белгi бойынша дәрежеленетiн өзге де қылмыстар жасауы, аталған адамдар мүлiктiк игiлiктер мен пайданы басқа адамдардан емес, өздерiнiң материалдық пайданы заңсыз алуға бағытталған бастапқы iс-әрекеттерiнiң (мысалы: өзiнiң қызмет бабын пайдаланып бөтеннiң мүлкiн иемдену және т.б.) нәтижесiнде алатындықтан, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс
болып табылмайды.
11. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың аса қауiптi көрiнiсiне лауазымды тұлғалардың осы қылмыстарды бiр топ адам болып, қорқыту жолымен жасауын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың, қылмыстық қауымдастықтардың құқыққа қайшы мүдделерiн қанағаттандыру
үшiн олардан материалдық және өзге де игiлiктер мен артықшылықтарды алу мақсатында жасауын жатқызуға болады.
12. Сыбайлас жемқорлық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлықпен күреске өзге де түрде жәрдемдескен адам заңға сәйкес мемлекет қорғауында болады. Сондықтан соттар, мүлiктiк игiлiк пен артықшылықты берген адам, егер лауазымды тұлға тарапынан оған қатысты қорқыту орын алса немесе егер бұл адам қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға өзiнiң сатып алу әрекетiн жасағаны туралы өз еркiмен хабарласа, онда қылмыстық жауапкершiлiктен босатылатынын назарда ұстаулары қажет.
13. Заңның сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға кiнәлi деп танылған адамдарға жаза тағайындауға жеке-дара тұрғыдан келу туралы қағидасын соттар қатаң орындаулары қажет. Аса қауiптi қылмыс жасаған кiнәлi адамдарға қатаң жазалау шарасын тағайындаумен қатар, қылмысты алғаш рет жасаған, қоғамға үлкен қауiп тудырмайтын, қоғамнан оқшауламай-ақ түзеле алатын адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты
емес жазалау шарасын қолданудың заңмен берiлген мүмкiндiгiн кеңiнен пайдаланулары қажет. ҚК-нiң 53-бабының бiрiншi бөлiгiнiң тармағында көрсетiлген қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде,соттар жазаның ең жоғарғы мерзiмi мен мөлшерiнiң
шектерiн сақтай отырып, жазаны ҚК-нiң 53-бабының төртiншi бөлiгiнiң талаптарына сәйкес тағайындаулары қажет.
ОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай отырып негізгі түйіндерді, сонымен қатар жалпы коррупциямен де, жеке алғанда парақорлықпен де қарсы қылмыстық құқықтық күрестің тиімділігін арттыруға көмегі тиеді деп ойлайтын ұсыныстарды көрсетуді қажет деп санаймыз.
1.Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады.
2.Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық нысандары, көріністері мыналар болып табылады:
а) Мемлекеттік билікке қарсы қылмыс, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүдделеріне қарсы күрес.
б) Мемлекеттік қызметтре атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілікті пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасауы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан не оған теңестірілген адамнан лауазым адамының өздерінің қызметі бойынша берілген мүмкіншіліктерді пайдалана отырып қылмысты жасауды көп жеңілдететінін және оны қоғамдық қауіптілігін арттыратынын ескере отырып, iзденушi мына белгіні заңда қарастыруды дұрыс деп санайды: ''Лауазым адамының немесе лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын'' жазаны ауырланатын жағдай ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды.
Біздің ұсыныстарымыз осы тұрғыдағы қылмысқа қарсы елеулі тосқауыл болады деп ойлаймыз. Кейбір пікірлер, ұсыныстар белгілі бір дау туғызуы да мүмкін. Диссертацияда негізінен парақорлықтың құрамына, белгілеріне, түрлеріне жан-жақты талдау жасалды, ал соған байланысты кейбір мәселелер (мысалы қылмыстық жаза, криминологиялық проблемалар) өіндік ерекшелігіне байжеке талдауды қажет ететіндіктен біздің зерттеулеріміздің объектісі болуды қажет етпеді.