Азақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі . 1 страница

Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғ Әуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.

XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.

Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.

«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

2, Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты. 1914 ж қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды.

3. 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

21-билет

Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негіздеӘбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақхандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбанибасып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

2. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жұйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы өиындықтар жаңа экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты рдан ірң тереңдей түсті. Республикада «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі жұмыс тәсңлдері өайтадан жанданды. Халықтың үкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж Ф.И. Голощекиннің келуімен байлаынсты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж желтоқсанында өткен Өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «ауылды кеңестендіру» туралы шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада «Кіші Қазан» төңкерісіе өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол өазаө халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты. Қазақсьанда голощекиндік сталиндік үлгі бойынша «Қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж әр түрлі сылтаулармен мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М Мырзағалиев республикадан аластатылды, Қазақстан Атқару комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С.Садуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж қарашада өткен үшінші Өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК б П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі «топқа бөлінушілердің» бірі С.Садуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа; Л.М.Кагоновичке жазған хатында Қазақстан Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежов «барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілідік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деп жеткізді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай «даярланды», 1937 ж жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20 жж соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 ж аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда өкілдерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Оларлың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж.Ақбаев, К.Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (қырық адамдай) басқа тобы 1930 ж қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен он бес адам Ресейдің орталық қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-38 жж атылды. Жалпы 1928-1931 жж қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

Қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 ж басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, О. Жандосов, С.Есқараев, Т.Жүргенов, ақын жазушылар С. Сейфуллин, Б.Мйлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов т.б. ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылды. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.

3. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты,әдістері,нәтижесі. Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйелерінен нарықтық жүйеге өтуді іске асыруда.Өтпелі кезеңнің 3 кезеңі бөліп көрсетіледі.1кезең . Дағдарыстың даму кезеңі, өндірісітің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция,инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады.2кезең.макро-экономикалық тұрақтандыру. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарыстан өтеді. 3кезең.Экономикалық өсудің жандану кезеңі ,төмен инфляция іскерлік белсенділіктің артуы.Материалдық өндіріс көрсеткішінің өсуі ,дамуымен сипатталады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қ.Р.-дағы жүиелік-экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады. 1.1992-1993 жылдағы қарашасына дейінгі өз валютасын жоқ жағдайындағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды.Осы кезеңде республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданған шешімдерге тәуелді болып , Қазақстан макро экономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. 2.1993 қараша ұлттық валютаны енгізу,макро-экономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты.Ол салық салу облысында бюджеттік ,банктік сферадағы қатынастарды, соның ішінде шетелдік капиталды тарту,кеден ісін құрумен 2 кезеңнің басты нәтижесі жаңа экономикалық жағдай болды.3. 1997-2000.негізгі макро –экономикалық көрсеткіштің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.Село –таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Қазақс-ң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

22-билет

1. 15-18 ғғ басындағы қазақтардың шаруашылығы және мәдениеті. XVғ.-ХІХғ. басы қазақ халқының тарихи м-ті басты орын алған кезең болды Ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани м-тінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХ ғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани м-тінің құндылығы жойыла берді. ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Наши рекомендации