Сурет. Құмкөл кен орнының шолу картасы

Геологиялық бөлім

Кен орының геологиялық құрлымының сипаттамасы

Кен орын туралы жалпы мағлұматтар

Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған обылысы Жезді ауданында орналасқан Жақын елді-мекен теміржол шоғыры жосалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық обылыстары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда- Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді.

сурет. Құмкөл кен орнының шолу картасы

Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғары бор су қабатынан алып пайдаланылады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су ұңғысынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнынан тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде бұл жолменен барлық көліктер түрі емін-еркін жүре алады. Ал, қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналасқан, негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр.

Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +300,+350с ыстық, қыста –380, 400 аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.

Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғысы бұрғыланған.

Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.

Кен орынның геологиялық құрлымы

Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы Палеозой шөгінділерімен байланысқан. Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтермен негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы: 1:500000 және 1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу- Сарысу депрессиясымен аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінінің жұмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геологиялық зерттеулер жұмыстар нәтижесінде Юра-триас грабень синклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдіге жатады.

Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-к құрылымдық ұңғысында, сонымен қатар 2-к Арысқұм көрсеткіш ұңғысында, ал неоком шөгінділеріндегі 15-қ құрылымдық ұңғысында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Турландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі аудан аймағындағы осы ұңғыдан 1983 жылы адымымен 4 километр сейсмопрофильді іздестіру жұмысы атқарылып Құмкөл ойпаты болады.

Осы жылы қосылған ІІІ шығыстырылған горизонт ойпатында І- іздеу ұңғысында бұрғылау жұмысы басталып осы процесстерінде кейін 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы неоком шөгінділерінен алғашқы мұнайдың атқылау ағысын алды, ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде Юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды.

Іздеу барлама жұмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылы Құмкөл кен орнын төменгі неоком, жоғарғы және ортаңғы Юра шөгінділерінде мұнай бар екені анықталды. Турандық геология- геофизикалық экспедициясы тексергенде Құмкөлдің өз ойпанынан ойпан пайда болып, оны Солтүстік Құмкөл деп атаған. Келешекті бұрғылау жұмыстары анықталады, ол жалғасып жатқан Солтүстік переклиналы болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдық қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелерінің Құмкөл кен орнымен қиылысатын жері өнімді қабат болып табылады. Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстарын бастап, қосымша оның өңдеу жұмыстарын бірге атқарды.

Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қантар айының бірінші жұлдызынан бастап Құмкөл мұнай бірлестігіне МГӨБ қарамағына беріліп өздігінен жекеше болып саналады.

Стратиграфия

Арысқұм иінінің геологиялық құрылымында үш құрылымдық қабатты, платформалық, аралық (квазиоплатформалық) және метоформалық қатпарлы негізді құрайтын мезо – кайнозой, орта – жоғарғы палезой және төменгі палезой докембрия шөгінділері бар.

Негізгі жыныстары құрылымдық пішіндерімен, Арысқұм иінінің орталық және шығыс бөлігіндегі Құмкөл алқабының параметрлік және іздеу ұңғылары мен анықталған. Олар Қазақстан Республикасы ҒА ИГН қызметкерлерінің пайымдауынша тау жыныстары және хлорит – серицитті тақтатасынан тұрады. Әрі протерозойға жатады. Барлық жерде негіздің жыныс түрлері жер бетінен үлкен тереңдікке түскен. Құмкөл алабында оның жабындысында бірте – бірте тақтатастан тау жыныстарына ауысатын қоңыр – жасыл түсті құрылымсыз саз топырақты, мүжілу қабаты өте зор дамыған (150 м).

Орта – жоғары палезой

Арысқұм иінінен батысқа қарай тікелей төмен Сырдария күмбезінің шығыс бауырында VII – е ұңғысы мен бор қабаты астында ерте фаменскі микрофаунасымен қара – қоңырқай әктас қабаты ашылған. КМПВ мәліметтері бойынша бұл жыныстар батыс (Арысқұм) грабен – синклиналиясында мезозой жабындысы астында бар деп жобаланады. Орта – жоғарғы палезойға Мыңбұлақ аңғарының орталық бөлігіндегі 7 – е, 8 – е, 9 – е ұңғыларымен анықталған жасыл – қоңыр аргилиттер, алевролиттер, қызыл түсті құмшауыт – сазды және қиыршық тасты жыныстар жатады. Олар өте аз өзгеріске ұшыраған және төменгі палезой құрылымдарымен салыстырғанда ойпат (Ұлытау) көкжиегінде жер қыртысында жылжыған, оларда жануарлар және өсімдіктер тіршілігі табылмаған.

Арысқұм иініндегі ұңғы тіліктерінен топырлы жер, бор және палеоген шөгінділері анық байқалады. Оңтүстік Қазақстан НПЭ және Қазақстан Республикасы ҒА ИГН біріккен мәжілісінде, әлі толық қуаты ашылмаған төменгі топырлыдан басқалардың, микрофауналық, споралы – тозаңды

кешендерінің, литологиялық – геофизикалық шектеулері негізінде шөгінділердің стратиграфиялық жұмыс жоспары жасалған.

Юра (топырлы жер) жүйесі (J1)

Ол барлық үш бөлімнен: төменгі – орта бөлімдер және жоғарғымен көрсетілген. Төменгі орта топырлы жері Арысқұм грабен – синклиналиясында 1 – П параметрлік ұңғысымен толық қуатымен анықталмаған. Литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа бөлінеді: жоғарғы – қара – қоңырдан қара аргиллттермен, аз қуатты сазды құмды қабықшалы алевролиттермен қабаттасқан алевритті – аргиллитті (1235 м) және төменгі – қара – сұр аргиллит және сұр түсті әртүрлі тығыз қиыршықты алевролиттер және толық қуатты емес 610 м гравелиттер қабаттары тобы.

Төменгі – орта топырлы жер шөгінділері грабен – синклиналияларда дамыған және мезозойға дейінгі шоқырлар аралығында оның ішінде Құмкөл алабында жоқ. Жасы төменгі сипатталған орта топырлы жердің жоғары жартысынан құмды – сазды көмір қышқылдың.

Орта юра (топырлы жер) (J1)

Шөгінділер грабен синклиналилер баурайындағы пішінді құрылымдық ұңғылар және Құмкөл алабындағы іздестіру ұңғыларымен ашылған. Орта топырлы жер үш литологиялық қалындыққа бөлінеді: төменгі көмірлі, орта сазды – қүмды және жоғарғы – сазды.

Ұңғылар бойынша орта топырлы жер қуаты күмбезінде (2 ұңғы)

25м (толық сыналау мүмкіншілігімен) қанаттарында 330м дейін (5ұңғы) үлғаяды. Құрылым күмбезінде орта топырлы жер шогіндісі табанның жоғарғы беті бойынша эродирленген, әрі жоғарғы топырлы жер протерозой табанының мүжілу қыртысына орналасады.

Жоғарғы қабат (J3 )

Ол Қүмқол алабындағы барлық пішінді құрылымдық, параметрлік және іздестіру ұңғылары мен ашылған. Шөгінділер Базиншен шоқысының орталық бөлігіне (1п-г ұңғысы ) сыналанады. Жогарғы бөлім ойпаттың жақтауларының үқсастығы бойынша Қосқол кен қабаттары құрамынан бөлініп және литологиялық жағынан үш қалындықтан тұрады.

Бор жүйесі (к)

Бор шөгінділері томенгі бөлімге дауыл кен қабаты, сұр түсті терригенді- карбонатты қалындығы, қарашатау және баймурат кен қабаттары құрамында, ал жоғарғы бөлім қорғанбек, балапан кен қабаттары, жоғарғы турон және төменгі ұштық қызыл түстер қалындықтар, сантон ала түстер және сұр түстер, кампон сұр түстері және маастрих қабаттарында бөлінеді. Төменгі бөлім өсімдіктер әлемі бойынша және литологиялық белгілері, оның ішінде жыныс түрлеріне қарай бөлінген – жоғары және континентальді шөгінділермен көрсетілген.

Қарашатау кен қабаттары (К1 а – а12 )

Төменгі бор қабатының жоғарғы жатқан кесіндісі бірыңғай мол көмір детритті сұр түсті сазды жыныс қалыңдығынан тұрады, кесіндінің басым бөлігі құммен жиі қиыршықты жұмыс тасты және қара – сұр саз балшықтан, алевролитті қабаттан тұрады. Ойпаттың солтүстік бөлігінде кесіндінің орта тұсында саз топырақ басым. Құмкөл алабындағы қуаттылық 320 – 350 м, кейбір жерлерде 420 м дейін ұлғаяды.

Қызылқия кен қабаттары (К1 а13 – К2С)

Сұр түсті құмды – қиыршық тасты қалыңдық кен қабатының орта тұсында басым қоңыр және сұр құм қатпарлы ала түсті (қоңыр) және жасыл – сұр сазбен көмкерілген.

Балапан кен қабаттары (К2 t1)

Қуаттылығы 100 метр шамасындағы сұр құмдақты қатпарлы сұр – жасыл теңіз сазымен, алевролиттермен көрсетілген. Түп тамыры бойынша жақсы айқындалады, бірақ кен қабатының жабындысы ұңғылардың геофизикалық зерттеулерінің мәліметі бойынша сенімді шектеу болып табылмайды, осыған байланысты іс жүзінде кен жоғарғы жатқан жоғарғы бор шөгіндісімен турон – сенон жер қабаты қалыңдығында бірігеді.

Палеогон жүйесі (Р)

Арысқұм иініндегі палеогон бор шөгіндісінде жайылып орналасқан және қуаттылығы 35 – 80 м, сұр саз, алевролит және палеоген мергелейінде әрі эоценде бөлінбеген қалындығында келтірілген ол Құмқол алабындағы жер беті бедерінің көтерінгі үстірт және шоқысындағы құлазудан сақталынған орта олигоценнің қоңыр және ала түсті саз қалындығымен көмкерілген.

Тектоникасы

Құмкөл кен орны онтүстік Торғай үстіртінің Арысқұм иінінің шегінде орналасқан. Арысқұм иінінің көлемінде өзара азғана биіктіктермен бөлінген рифт тектес бес желілі- созылыңқы грабен –синклиналиялар аиқын көрінеді.

Құрылымдық жағынан Құмкөл дөңесі Арысқұм иінін бөліп тұратын Ақшабұлақ және сарылан грабен-синклиналиясының сарыбұлақ азғана – сыналауға қарсы шығыңқысының Оңтүстік батыңқыбөлігіне орналасқан.

Дөнес көлеміндегі тұнба жабындысыфундамент жыныс қабаттарында бұрыштық және стратиграфиялық сәйкесссіздіктермен жатады.

Фундамент тектоникалық ақаулармен солтүстік ө шығысқа созылған бліктерге бөлінген. Тұнба жабысындағы тектоникалық ақаулар тек Солтүстік батысқа созылған жазықта байқалады.

Топырлы жер шөгіндісінде екі құрырымдық бет қабаты айқын көрінеді, олардың бірі Құмкөл қабатының жоғарғы топарлы жерінің жабындысының көтерілу құрылымын бейнелейді (бет қабаты өнімді қабаттың Ю-1 жабындысымен байланысты, екіншісі орта топырлы жер шөгісінің жабындысы бойынша көтерілуін сипаттайды (бет қабаты өнімді қабаттың ю-IV жабындысымен сәйкес келеді).Құмқол өнімді қабатының Ю-IV жабындысы бойынша үш күмбезді қатпарланған бронхиантиклинальды қаббаттан тұрады.

Тұйық изогинсасы 1300м болғанда қатпарлардың өлшемі 20х8км қүрайды, ең көп амплитудасы 160м жыныстардың құлау бұрышы батыс қанатында 1030i, шығысында 2030i. Қатпар үш тектоникалық ақаулармен (Ғ1, Ғ2, Ғ3) күрделінген. Ғ2, ең ұзақ ығысуының амплитудасы, қатпарлы шығысынан 60 – 100 м. шектейді, солтүстігінде бұл ақау Ғ3 ақауымен жанасып, әрі қарай әлсірейді.

Өнімді деңгейдің Ю – 1 жабындысы бойынша көтерілу өлшемі 20*9 км құрайды, тұйық изогипсасы – 1220 м, көтерілу амплитудасы 120 м Ю – IV деңгейіне қарай көтерілу жоспарын толығымен құрылым қайталайды және шығысынан Ғ2 ығысуымен шектелген әрі солтүстік – батыс бағытта созылған, амплитудасы 30 – 100 м , құм қабатшалардың ең көп саны беске жететін (2,5,11 ұңғылар ауданында) үш күмбезді брахиантиклинальды көрсетеді. Кен қабатына қарай мұнай – газ кеніші, қабатты, күмбезді, тектоникалық – экранды, газ бөлігінің биіктігі 32 м, мұнайдыкы 29,5 м ұштастырылған.

Ю – II қабаты орталық бөлікте екі құм қабатымен келтірілген, оңтүстік бөлігінде коллекторлардың ештеңе өткізбейтін жыныстармен орын алмасуы жүреді (9,12,17,19 ұңғы маңйында) ал солтүстігінде құмды қабатшалар санының өсуі төртке дейін ұлғаяды.

Газ бөлігінің биіктігі 9 м, мұнайдікі 91,5 м. Ю – III қабаты барлық алқап бойынша таралған екі құм қабатымен келтірілген және тек 7,3,17 ұңғылар маңайында жоғары қабат сазды батпақпен орын алмасды. Бұл қабатпен биіктігі 84 м, қабатты – күмбезді, тектоникалық экранды, мұнай кеніші байланыстырылған.

Ю – IV қабаты өте көп бөлшектенуімен ерекшеленеді, оның құрамында 5 қабат – коллекторға дейін бөлінеді, коллекторлардың саз балшықпен орын алмасуы 3 ұңғы маңайында жүреді. Кен орны газ мұнайлы, қабатты күмбезді тектоникалық экранды, стратиграфиялы және литологиялық жағынан шектеулі болып табылады. Газ бөлігінің биіктігі 23 м, мұнайдыкі – 18,5 м.

Мұнайгаздылығы

Құмкөл кен орнында төменгі неком және жоғарғы топырлы жер шағын кешендердің өнеркәсіптік мұнайгаздылығы анықталған.

Төменгі неоком мұнайлы шағын комплексінде екі М – 1 және М – II өнімді қабаты көрінеді, олар өзара жақсы байланысады және ГИС мәліметтері бойынша айқын анықталады. М – I және М – II төменгі бар қабаттары қалыңдығы 10-нан 20 м дейінгі сазды бөліктермен ажыратылған.

М – I қабатына 1061,7 – 1097,9 м. тереңдіктегі ара қашықтықта орналасқан мұнай кені ұштастырылған. Кен орнының орналасу биіктігі 36 м. Мұнай кені қабатты, күмбезді. ВНК абсолютті белгісі 981,1-ден 985,6 м дейінгі ара қашықтықта ауытқиды. Құрылымның оңтүстік күмбезінің батыс қанатында орналасқан бірқатар ұңғыларда (№№2052,2077,406,1039) ВНК белгілерінің 977,7-ден 979,7 м дейін салыстырмалы түрде аз ғана ауытқуы анықталған.

М – II қабатына мұнайлы қабатты күмбезді кен орны ұштастырылған. Кен орнының жату ара қашықтығы 1095 – 1111 м. Кен биіктігі 15 м ВНК абсолюттік белгілері 996-дан 999 м аралығында ауытқиды, тек құрылымның батыс қанатында бірнеше ұңғыларда түйісу 991,4 және 992,6 га дейін көтіеріледі.

Топырлы жер шөгінділерінде 10 – 1, Ю –II, Ю –III, Ю – IV өнімді қабаттары айқын білінеді.

Ю –I және Ю –II қабатының бірыңғай ГНК және ВНК бар, олардың газ «қалпақты» мұнай кендері бар. Кен қабатты, күмбезді тектоникалық экрандалған, 1190 – 1322 м тереңдік арақашықтығында орналасқан. Оның биіктігі 132 м құрайды. Су, газ түйісуі 1194-ден 1198 м дейінгі абсолюттік белгі арақашықтығында, газмұнайлысы 1112 м белгісінде кері соғылады. Бірқатар ұңғыларда (№№3010,336,2070,2077,3021,3019) 1110,6-дан 111,5 м дейін жоғарылау жағына аз ғана өзгерістер байқалады, басқаларында (№№339,2099,3015) 1113,2-ден 1113,5 м дейін төмендеу жағына қарай өзгеріс 0. Мұнай бөлігінің биіктігі 92 м, газдыкі – 39м.

Ю – 3 қабатына 1226 – 1312 м тереңдік аралығында орналасқан биіктігі 86 м мұнай кені ұштастырылған. Кен қабатты, тектоникалық және литологиялық жағынан экрандалған, күмбез тектес. Ю –III өнімді қабаты Ю –II қабатынан барлық жерде қалыңдығы кен жерлерде (№№408,2р,2109,3054,3055) ұңғылар тұрақталынған саз балшықты қабатпен бөлінеді.

Ю –III қабатының сумұнайлы түйісу белгілері 1195 – 1198 м арақашықтығында кері соғылады. Бұл нысан ұңғылауымен неғұрлым ашылған болып табылады.

Ю – IV қабатына газ мұнай кені ұштастырылған, кеннің түрі қабатты, күмбезді, стратиграфиялық және литологиялық жағынан экрандалған. Қабаттар коллекторлары саз және аргиллиттермен алмасып тұратын қалыңдығы 2-ден 6 м болатын құмдақты болып келеді.

Газ мұнайлы түйісуі 1179 м белгісінде, сумұнайлысы 1194 м белгісі арақашықтығында кері соғылады. Кен орнының мұнайлы бөлігінің биіктігі 18 м, газ бөлігінікі 24м.

Мұнай қоры бойынша, кен орнының барлық мұнай қорының 60% құрайтын М – 1 және Ю – 1 екі ірі кен орны анық байқалады. Ю –II және Ю –III кендері мұнай қорының 35% құрайды. М –II және Ю – IV үлесіне барлық қордың 5% тиеді.

Мұнай газ кеніштерінің газ қорлары барлығы 1722 млрд. м3 құрайды, оның ішінде Ю – 1 қабатының үлесіне Ю – 2 тиеді.

Кен орнының мұнайы жеңіл тығыздығы (815 – 816 кг/ м3), газ құрамы төмен, мұнай жоғарғы парафинді (парафин құрамы 12% көп), асфальт – шайырлы заттар құрамы жоғары емес (7% аспайтын). Бор қабаттарының мұнайының газ құрамы төмен, қабатты қысымы (12Мпа) қандыру қысымынан 7 – 9 Мпа көп. Бор шөгіндісінің мұнайы топырлы жерсынауға мұнай қабаттағы қысымды қалпына келтіруге ұңғыны алдын – ала тоқтатып, ВПП – 300 тереңнен сынауға алғышпен алынған. 01.10.1995 жылғыжағдай бойынша жалпы алғанда 69 ұңғы – нысаннан 140 – қа жуық сынақ алып зерттелген.

Алайда, зерттеудің кең көлеміне қарамастан параметрлердің едәуір шашыраңқы болуына байланысты мұнай кеніне сипаттама беру қиын. Жалпы қорытынды мен талдау мұнымен қатар нәтижелерінің әртүрлі мекемелерде алынуы және әр кезде бір ұңғыдан алынғанымен өзара келіспеушіліктен күрделінеде түседі. Мұның себептері сынауға алынған мұнайдың сапасыздығы, әрі тәжірибе жүргізу мен зерттеу нәтижесін өңдеуге көзқарастың әртүрлігі болуы мүмкін .

Өнімді кен орнының орналасуының термобарлық жағдайының жақындығына қарамастан, бор қабатының қасиеті топырлы жер қабатындағы мүнаидың қасиетінен едәуір айрықшаланады.Коп дәрежеде бұл газға қанғандығына байланысты.Бор қабатының мұңайы газ құрамының төмендігімен және қанушылықтың қысымымен сипатталады.Бұл қабаттар бойынша қанушылық қанушылық қысымынан қабаттағы қысымның асып түсүі 4,0-7,0 МПА құрайды.Газгақанушылыққа сәйкес қабатттағы мүнайдың басқада параметрлері болады. Сонымен,мүнайындағымен салыстырғанда көлемдік кооэфиценті 20-25% төмен, эрі қабаттағы мүнайды жабысқақтығы екі есе жоғары. Мұнай өндіру кезінде қабаттағы қысымды ұстап тұруға суық-суды айдап тұру ілесе жүргеннен, қабат температурасы төмендеуі мүмкін болғандықтан, қаббатағы мүңаидың жабысқақтығының температурадан байланыстылығын анықтау үшін үш ұнғы бойынша № 18(ю-Ш),№1005және №1014(м-1) тәжірибе жүргізілді.Тәжірибе нәтижесі бойынша,температураның 40*с төмендеуі жабысқақтың едәуір ұлғаюына жеткізеді,бұл парафиннің кристаллданумен және мұнайда құрылымдық-механиқалық қасиеттің паида болуымен байланысты.

Газдан тазаланған мұнайдың қасиеті.

1990-1995ж.ж кең орнын зерттеу кезінде қосымша 40-қа жуық сынаққа мұңай зерттелген, оның бірқатары ұңғының соғасынан алынған,бірқатары қабаттағы сынаққдадлынған мұнаиды газдан тазалаған және зерттеуден кейін алынған.Зерттеулер «НИПИ мүнайгаз» институтында және ЮЖ КАЗ НГР экспедициясында жүргізілген.

Мұнайларда жоғарғы молекулярдық парафинді көмір қышқылдың қүрамының көптігіне байланысты мүнаидың парафинмен қанушылық температурасын анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Жалпы алғанда мұнайдың 17 сынығы зерттелген.

Парафинмен қану температурасы, топырлы жер және бор кеніндегі газдан тазаланған мұнайлар үшін сүзгілік әдіспен анықталуда парафин құрамына байланысты +410С – ден +560С дейін ауытқиды және орташа +460С құрайды.

Қабаттағы мұнайдың қалушылық температурасы анықталмаған, бірақ оны қабаттағы мұнайдың температурасының газдан тазаланған және бор кезіндегі газдан ьазаланған мұнайлар үшін сүзгілік әдіспен анықталуда парафин құрамына байланысты +410С – ден +560С дейін ауытқиды және орташа +410С құрайды.

Қабаттағы мұнайдың қанушылық температурасы анықталмаған, бірақ оны қабаттағы мұнайдың қанушылық температурасының газдан тазаланған мұнайдың қанушылық температурасын қабаттағы қысымның әсерімен газ құрамын ескере отырып байланыстыратын теңдеумен бағалауға болады.

Тнас.пл. = Тнас.дегаз. * 0,2 * Рпл. - 0,1 * Г (1.1)

Рпл. – ағымдағы қабаттағы қысым, Мпа

Г – қабаттағы мұнайдың газ құрамы м3/ м3

Бор кен орындары үшін есеп бойынша ол +46,6 – дан +48,70С аралығында болады, яғни қабаттағы температураға жақын. Топырлы жер үшін 1газ құрамына байланысты +26 – дан +430С дейін ауытқып, орташа +350С құрайды.

Газдың қасиеттері

Құмкөл кен орнында газ құрамының бөліктерін зерттеу барлау басталғаннан бастап және өңдеу барысында ЮКНГР экспедициясының зертханасының, Ташкент қаласындағы ИГИРНИГМ және НИПИ мұнай газ институтының физикалық – химиялық зерттеулік зертхананың күшімен шындалды.

Құмкөл кен орнының ілеспе газының өзіне тән ерекшелігі салыстырмалы түрде көмірсутегі емес қоспалардың – күкіртті сутегі, азот, гелий құрамының жоғарылығы болып табылады. Газдың гелийлігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде алынған 18 сынақ бойынша Алматы қаласындағы «ПГО ЮжКазгеология» зертханасындағы зерттеулермен анықталған. Гелийдің құрамы қор бойынша орташа салмағы, кен орны бойынша 0,026% құрайды.

1990 – 1995 жж. «НИПИмұнайгаз» және ЮКНГР экспедициясының зертханаларында орындалған ағымдағы зерттеулермен (қабаттағы мұнайды бір рет газсыздандырудан 60 сынақтан астам), жалпы бор шөгіндісіндегі газда ауыр көмірсутегінің жоғарғы қуаты анықталды. Орташа пайдалану нысандары бойынша параметрлер зерттеулер бойынша қорытындыланған күйінде келтірілген.

Кен орны бойынша жұмыс факторы тек қабаттағы қысым РНАС төмендемеген жағдайда есептелгенге сәйкес болады. Мұнайдың қабатты газсыздандыруы бар кезінде жұмыс газ факторы есептелгеннен асып түседі және оны тек тікелей өлшеулермен анықтауға болады.

Наши рекомендации