Ндылық сомасы ретінде есептелінеді.
Қоғам, әр отбасы ұлттық байлықтың үздіксіз көбейіп, сонымен қатар әркімнің игілігі өсуіне тікелей мүдделі.
Ұлттық экономика қызмет етуініңбелгілі бір кезеңдегінәтижелерінің жалпы қорытынды көрсеткіштері ретінде төмендегі агрегаттар қолданылады:
- жалпы ішкі өнім (ЖІӨ),
- жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ),
- жалпы таза өнім (ЖТӨ),
- ұлттық табыс (ҰТ),
- азаматтардың жеке табысы (ЖТ),
- басқарылатын табыс (БТ).
ЖІӨ – бұл өндірісте қолданылатын экономикалық қорлардың ұлттық тиістілігіне қарамастан, берілген елдің шегінде шығарылған соңғы тауарлар мен қызметтердің бағасы.
ЖҰӨ – бұл географиялық қолданылуына қарамастан берілген елдің экономикалық қорларының көмегімен шығарылған соңғы тауарлар мен қызметтердің бағасы.
Соңғы тауарлар мен қызметтер– бұл соңғы тұтынуға, жинақтауға және сыртқа шығаруға пайдаланылған тауарлар.
Аралық тауарлар мен қызметтер – бұл өндіріс процесінде шикізат, материал, отын, қуат және т.с.с. ретінде жаратылған тауарлар.
ЖІӨ есептеудеөнімнің немесе қызметтің әр фирмамен қосылған құны ескерілетін тұрғыдан қарауға болады. Қосылған құнға өнімнің немесе қызметтің құнының тек берілген кәсіпорында шығарылған бөлігі ғана жатады.
Егер барлық өнім құнынанматериал, шикізат, отын, қолданылған жабдық құнын шығарып тастаса, қалған бөлігіқосылған құн болып табылады.
Толығымен жабық экономикада ЖІӨ = ЖҰӨ.
Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылықтың негізгі көзі– шет ел фирмаларының ұлттық аймақта жасайтын тікелей қызметі (отандық фирмалардың шет елде), ұлттық аймақта бірлескен кәсіпорындар, шет ел жұмысшыларының тауар мен қызметті өндірудегі қатысы (шет елде отандықтардың).
ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық әр түрлі және 0,8-4 % құрайды.
Мемлекеттік трансферттік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, әлеуметтік
сақтандыруларды төлеу);
Қорнарығындақұнды қағаздарды сату-сатып алу;
Ұсталған тауарларды алып-сату.
ЖІӨ шығындар мен табыстар бойынша есептеуге болады
Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үйге төлеу, түрлі қызметтер, ұзақ қолданылатын тауарлар, демалу және т.б. шығындар);
Фирманың инвестициялық шығындары (машина, құрал-жабдық, шикізат сатып алуға, құрылысқа жұмсалатын шығындар);
Мемлекеттік шығындар (тауарлар мен қызметтерді сатып алуға және инвестицияларға);
Сыртқы баланс сальдосы (экспорт және импорт арасындағы айырмашылық);
Инвестициялар жалпы және тазадеп бөлінеді
Жалпы инвестициялар таза инвестициялар мен амортизациялық аударымдардан құралады.
Таза инвестициялар – бұл амортизациялық аударымдар алынып тасталғандағы жалпы инвестициялар.
Халық табысы (еңбекақы және жинақ ақша түрінде);
Корпорация пайдасы;
Рента және жалгерлік төлем түріндегі табыстар;
Жинақталған ақшалар бойынша пайыздық мөлшерлеме;
Кәсіпкерлік қызметке салынатын салық;