Мақаланы жариялаңыз
Жұмысты аяқтаған соң мақаланы жариялайсыз, бірақ мәселе мұнымен біткен жоқ. Үнемі ілік іздеп отыратын трольдердің пікірін елемеңіз. Сіздің жазған еңбегіңіздің құны көк тиын болып та көруі мүмкін. Мақала бәріне бірдей ұнамайтынын ескеріңіз.
Кеңестер:
Белгілі бір шектеулерге ұрынбас үшін жоспарды құрмауға да болады;
Сіздің жазушылық репутацияңыз маңызды. Сол үшін қате ақпарат таратумен немесе плагиатпен айналыспаңыз. Дереккөзді көрсетіп, сілтеме бермейтін болсаңыз, оқырманның алдындағы абыройыңызды жоғалтасыз.
Егер журналистік кәсіби білігіңіз болмаса, белгілі бір тақырыпта тұжырым айтуға болмайды. Редакторлық мінбер мен қандай да бір салада маман болып пікір білдіруге асықпаңыз. Қарапайым тақырыптардан бастағаныңыз жөн. Мәселен, жаңалық, сән, өнер, саяхат сияқты тақырыптар.
Қандай басылым болмасын, сіздің мақалаңызды түгелдей өңдеп тастауы мүмкін. Мұнда салқынқандылық танытып, неліктен өзгеріс пен толықтырулар енгізілгенін анықтаңыз.
Мақаланы дер кезінде жазу керек. Өзектілігінен айырылған ақпарат құнды емес.
Мақала жазу барысында әрбір сөз, сөйлемге аса мән беретін болсаңыз, кейін қайта бір өңдеп шығуға уақыт жоғалтпайсыз.
Мақалаңызды неліктен, қашан, қалай жазғаныңызға жауап іздеңіз.
Мақала түрлері:
Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады.
Бас мақала қоғамның саясат, экономика, қоғамдық саясат, экономика, қоғамдық қатынастар, мәдениет, заң, адамгершілік т.б. аясына арналады.
Проблемалық мақала- қазіргі таңда кең қолданысқа ие. Проблемалық мақала экономика, саясат, мәдениет, ғылым, білім, адамгершілік, заң, экология т.б. қоғамның барлық саласын қамтиды және әртүрлі тақырыпта жазылады.
Ақпараттық мақала - мазмұны кең көлемде талданған, анықталған оқиғалардың деректеріне негізделеді. Сонымен қатар, қоршаған ортада барлық болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыста талдануымен маңызды. Ақпараттық мақаланың мақсаты - оқиғаларды жедел хабарлау емес,әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың мәнін аша отырып хабарлау. Тек хабарлау емес, кең көлемді мақалалар жазу, ақпараттық хабарлар дайындау, ситуацияға қатысушы жаққа қатысты деректер мен дәйектерін зерттеулерді ұсынуы керек.
Теориялық мақала. Мақаланың бұл түрінің мазмүны қоғамның саяси, экономикалық, мәдени дамуын және оның қазіргі жағдайына өзіндік көзқарасына, тарихи өсу тәжірибесіне ғылыми-теориялық жағынан талдау жасаудан құралады және газет-журналдарда, арнайы салалық басылым беттерінде жарияланады. Барлық тақырыптық бағыттағы мақалалар тартылады.
Мақала-зерттеу. Мақала-зерттеу - жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге негізделген мақала түрі.
2 - тапсырма. Микротоппен жұмыс. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтінге тақырып қойып, маз мазмұнын айтып беріңіз. Вирусты гепатит – жұқпалы ауру. Оның энтеральді және пареэнтеральді түрлері бар. Энтеральді түріне А және Е гепатиттері жатады. Олар тұрмыстық қарым-қатынас арқылы беріледі, көбінесе балалардың ұйымдасқан ұжымдарында күз-қыс мерзімдерінде жиі кездесіп тұрады. |
Осы ауру әрбір 3-5 жылда өршіп тұрады. Ал парентеральді түріне В, С, Д гепатиттері жатады. Аурудың қоздырғыштары табиғи және жасанды жолмен жұғады. Табиғи жолмен жұқтыру механизмдері жыныстық қатынас арқылы беріледі; перентеральды – анадан балаға және тұрмыстық қарым-қатынас кезінде, нақты айтатын болсақ, тіс щеткалары, жуыну жөкелері, тарақтар мен қырыну құралдары арқылы беріледі. Жасанды жолмен жұқтыру медициналық және медициналық емес манипуляциялар арқылы жүзеге асады. Медициналық жұқтыру - тері–аллергиялық сынама, зақымданған қан немесе оның компоненттерін құю, иньекция жасау, операция жасау, стоматологиялық манипуляциялар, аборттар, гинекологиялық тексеру, органдарды трансплантанттау арқылы беріледі. Медициналық емес жолмен берілу – татуировка, сүндетке отырғызу, қырыну, маникюр және педикюр (қолданылатын құрал-саймандарды дұрыс зарарсыздандырмаған кезде) жасау арқылы беріледі. Бір ине қолданатын нашақорлар, медициналық манипуляция жасау кезінде жеке бас қорғау ережесін сақтамаған медицина қызметкерлері және донорлар арасында осы ауру жиі кездеседі. Тіс дәрігерлерінің қабылдауында болған кезде сіз бір рет қолданылатын және стерильденген медициналық құралды қолдануын талап ете аласыз. Сұлулық салондарда таза пенюарларды, маникюрға арналған ыдыстарды, қысқыштарды, бигудилерді және басқа да құрылғылардың таза болуын талап етуге құқылысыз. Татуировканы, пирсингты және құлақ тесуді санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар жерлерде жасау қажет. |
А гепатитін жұқтыру кезінде делсалдық, тәбеттің болмауы, лоқсу және құсу сияқты белгілер байқалады. Осындай күй 3-7 күн сақталып тұрады. Аптаның соңына қарай сары аурудың белгілері пайда болады: зәрдің түсі өзгеріп, үлкен дәреті ағарады, көздің іші мен тері сарғая бастайды. А гепатитінің вирусы аурудың ағзасынан зәр және сілекей арқылы сыртқа шығады. Ауру сау адамға вируспен зақымданған тағам мен су, әр түрлі тұрмыстық заттар, жуылмаған қол және жемістер мен көкөністер арқылы жұғады. Вирусты гепатитті жұқтырып алмау үшін жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Бірақ осы аурумен күресудің ең тиімді жолы вакцинация болып саналады, осы тәсіл көптеген өркениетті мемлекеттерде өзінің тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде 2 жасар балаларды осы вирусқа қарсы егу шаралары жоспарлы түрде өткізіліп отырады. Вирусты гепатит А-ға қарсы екпе 6 ай аралықпен екі рет алынады.
Вирусты гепатит В-ға қарсы кесте бойынша стандартты егу 7-10 жыл мерзім ішінде адам ағзасын тиімді қорғап тұрады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинаның бірінші дозасы жаңа туылған нәрестеге 24 сағат ішінде салынады, келесі дозасы 2-ші ай, 3 доза 4-ші айда салынады. Медициналық қызметкерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттерін егу ҚР ДСМ 2012 жылдың қараша айының 12 жұлдызындағы №33 қаулысына сәйкес 0-1-6 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Вирусты гепатит В ошағында қатынаста болғандар мен қан және оның компоненттерін құйғандарды егу шұғыл түрде 0-1-4 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Егілу қаланың емханаларында және медициналық орталықтарда жүргізіледі.