Тақырбы: Кәсіпорында биснес процесін басқару арқылы қаржылық шығындарын талдау және басқару.
Сұрақтар:
1. Нақты шығындар
2. Қызмет шығындары
3. Операциялық шығындар
Слайд 1
Шығындар нақты (сандық көрсеткіштермен өрнектелген) және нақсыз (сандық көрсеткіштермен өрнектелмеген кәсіпорын иесінің еңбек шығындары) болуы мүмкін. Нақты шығындар – бухгалтерлік, нақсыз шығындар – экономикалық деп аталады.
Экономикалық мазмұны мен белгіленуіне байланысты шығындардың бірнеше түрін бөліп алуға болады:
1) өз меншігіндегі қаражат және табыс есебінен негізгі және айналым капиталын өндірумен, қайта құрумен, кеңейтумен байланысты шығындар;
2) өнімді, жұмысты, қызметті өндіру және сату арқылы орны толатын негізгі, айналым капиталын және еңбек ресурстарын пайдалану негізінде өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру және сатумен байланысты шығындар;
3) өз меншігіндегі қаражат және табыс есебінен орны толатын мамандарды дайындау, қызметкерлер білігін арттыру, оларға жағдай жасау сияқты әлеуметтік-мәдени бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты шығындар;
Шаруашылықты жүргізуші субъекттің барлық шығындары өзіндік құнға енетін шығын элементтері бойынша бөлінеді: материалды шығындар; еңбек ақыны төлеу шығындары, әлеуметтік қажеттілік шығындары, амортизациялық шығындар және т.б. шығындар. Осындай бөлу арқылы қаншы шығын және шығыс жасалғандығын анықтауға болады. Сонымен бірге, шығындар бухгалтерлік есептің әдістемелік нұсқаулары негізінде немесе ұйыммен дербес белгіленетін шығындар бабы бойынша жіктеледі. Онда берілген шығын өнімнің, жұмыстың, қызметтің қай түріне жататындығы анық көрінеді.
Шығындар бухгалтерлік есепте келесі шарттарға сәйкес болса, шығын болып есептеледі:
§ шығын нақты келісім – шартпен, заңды және нормативті – актілер талаптарымен,
іскер айналым дәстүрлерімен байланысты пайда болған жағдайда;
§ шығыс сомасын нақты анықтауға болатын жағдайда;
§ нақты операция нәтижесінде ұйымның экономикалық табысы төмендейді деген сенім болған жайдайда;
Қабылданатын шешімдерге байланысты шығындар уақытша (міндетті) және балама (оптималдылық тұрғысынан), өндірістік және сауда ығындары болып бөлінеді.
Өнімді өндіруге және сатуға жұмсалатын шығындар өзінің экономикалық мазмұны мен белгіленуі тұрғысынан өндіріс шығындары (қазақстандық тәжірибеде - өзіндік құн) болып табылады.
Сонымен бірге, барлық өндіріс шығындары келесідей болып бөлінеді:
§ шартты-тұрақты (өнімді, жұмысты, қызметті өндіру мен сату көлеміне тәуелсіз) және шартты-айнымалы (көлемге тәуелді);
§ тура (өнімге тура тәсілдермен бөлінетін) және жанама (жанама әдістермен бөлінетін);
§ ағымдағы жане капиталды;
§ негізгі және қосалқы (жапсарлас);
§ бір элементті және кешенді;
§ мөлшерленетін және мөлшерленбейтін.
Егер кез келген шығынға қатысты осы берілген шарттардың біреуі орындалмаса, онда шаруашылық жүргізуші субъектісінің бухгалтерлік есебінде дебиторлық қарыз пайда болады.
Активтердің (ақша қаражаты, басқа да мүліктер) кетуі нәтижесінде ұйымның экономикалық табысының кемуіне немесе капиталының азаюына әкеліп соғатын міндеттемелердің пайда болуы сол ұйым шығындары болып танылады.
Слайд 2
Әдеттегі қызмет шығындары:
§ шикізат, материал, тауар және тағы да басқа материалды - өндіріс қорларын сатып алумен байланысты шығындар;
§ өнім өндіру, қызмет көрсету және жұмыс орындау үшін материалды - өндірістік қорларды қайта өңдеу барысында туындайтын шығындар;
§ тауарларды (негізгі құралдарды және басқа да айналымнан тыс активтерді пайдалану мен күту, оларды қажетті деңгейде сақтаумен байланысты шығындар) сату (алыпсату) барысында пайда болатын шығындар;
§ коммерциялық шығындар;
§ басқару шығындар;
Слайд 3
Операциялық шығындар:
§ ұйым активтерін уақытша ақылы пайдалануға (уақытша пайдалану) берумен байланысты шығындар;
§ өнеркәсіптік үлгілер, өнертабу патенттері және интеллектуалды меншіктің басқа да түрлері құқықтарына ақы төлеумен байланысты шығындар;
§ басқа ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуымен байланысты шығындар;
§ ақша қаражаттарынан басқа негізгі құралдар мен басқа да активтердің,
тауарлардың, өнімдердің кему, сатылу және есептен шығарылуымен байланысты шығындар;
§ ұйымның қарызға алған ақша қаражаты (несие, қарыз) үшін төленетін пайыздар;
§ несие органдарының қызметіне төленетін төлемдер;
§ бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкес құрылатын бағалау және шаруашылық әрекеттің шартты фактілерін танумен байланысты құрылатын резервтерге аударылатын қаражаттар;
§ операциялық басқа да шығындар.
Басқа да өткізуден тыс шығындар:
§ айып пұл, келісімнің бұзылуынан болған тұрақсыздық айыбы;
§ шығындардың орнын толтыру, өткен жылдар шығыны;
§ бағамдық айырмашылықтар, қарызды есептен шығару;
§ бағаны төмендету және басқа да шығындар; айып пұл, өсім айбы, тұрақсыздық
айыбы;
§ тегін алынған, сонымен қоса тарту етілген активтер;
§ ұйымның шеккен залалы үшін түскен түсім қаражаттар;
§ есепті жылда анықталған өткен жылдар табысы;
§ уақыты өткен несиелік және дебиторлық қарыздар сомасы;
§ бағамдық айырмашылықтар;
§ активтерді бағалау сомасы;
§ басқа да шығындар.
Басқа да төтенше шығындар.Бұл шығын түріне шаруашылық әрекеттің төтенше (табиғи апат, өрт, авария, ұлттандыру және т.с.с) жағдайларынан болған шығындар жатады.
Дәріс