Шағын кәсіпорындар
Бүгін де АҚШ экономикасында алып корпорациялардың ешқандай да шешуші жағдайға ие емес екендігі көптеген сыр- ттан келушілерді таң қалдыруда. Елдегі тәуелсіз кәсіпорындардың 99 пайызында 500 адамнан кем жұмыскер қызмет істейді. АҚШ-тың Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілігінің (8ВА) мәліметтеріне сәйкес барлық қызмет етушілердің 52 пайызы осы шағын кәсіпорындарда еңбек етеді. Шамамен 19.6 миллион американдық жиырмадан кем жұмыс орны бар компанияларда, 18.4 миллион адам 20-99 аралығында кісіге жұмыс бере алатын фирмаларда, ал 14.6 миллион адам 100-499-ға дейін жұмыс орны бар кәсіпорындарда қызмет етеді. Ал, керісінше американдықтардың 47.7 миллионы 500-ден жоғары жұмыс орнын үсына алатын фирмаларда қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындары Америка экономикасы үшін тұрақты динамизмнің түп негізі болып табылады. 1990-1995 жылдар аралығында олар экономикадағы 3/4 жаңа жұмыс орнын ашты, бұл 1980-ші жылдарға қарағанда жұмыспен қамтамасыз етудің өсуіне қосқан үлкен үлес болып табылады. Сонымен қатар бұл экономикаға жаңа топтардың кіруіне жол ашылғанын көрсетеді. Мысалы: әйелдер кіші бизнеске белсене қатысады. Әйелдердің жеке меншігіндегі кәсіпорындар саны 1987-1997 жылдар аралығында 89 пайызға, яғни 8.1 миллионға дейін өскен, ал 2000 жылы кәсіпорынның сол секілді түрлерінде әйелдер жеке меншігіндегі жеке иеленушілер саны 35 пайызға жетеді деп күтілген болатын. Кіші фирмалардың қызметтен жасы үлғайғандар мен жарым-жартылай жалданып істеуді қалайтындарды жұмысқа көптеп тартуға ұмтылыс барын байқауға болады. Шағын бизнес кәсіпорындарының ерекше күші олардың экономикалық жағдайдың өзгеруіне жылдам бейімделе алатындығында. Олар көбінесе өз клиенттерін жақсы біледі және олардың қажеттіліктерін қолма-қол қанағаттандыруға қашан да әзір түрады. Шағын кәсіпорындар, мысалы, Калифорния штатындағы компъютермен байланысты Силикон аңғарындағы кәсіпорындар, тағыда басқа жоғары технологияларға негізделген техникалық жаңартулардың көзі болып табылады. Компьютер өнеркәсібіндегі көптеген жаңашыл фирмалар өз гараждарында механизмдерді қолмен құрастырушы «бесаспап шеберхана» ретінде бастап тез арада үлкен, қуатты корпорацияларға айналды. Аз ғана уақытта ұлттық және халықаралық экономиканың негізгі ойыншыларына айналған шағын компаниялар тобына бағдарламалармен қамтамасыз етумен шүғылданатын Місго компаниясы, тасымал қызметін атқаратын Ехргess; спорт киімдерін өндіруші Niке компаниясы, компьютерлік тораптар үйымдастыратын America onlinе компаниясы;. Әрине, көптеген шағын кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырады. Дегенмен Құрама Штаттар басқа елдер секілді емес, онда бизнестегі сәтсіздіктің әлеуметтік таңбасы болмайды. Сәтсіздік кәсіпкер үшін құнды тәжірибе ретінде қарастырылады. Себебі, бұл сәтсіздік алдағы әрекеттеріне сабақ болады. Экономистер былай дейді: нарықтық күштер үлкен тиімділікке мүмкіндік туғызып, сәтсіздік ретінде көрініс табады. Адамдар тарапынан шағын бизнеске көрсетілетін үлкен құрмет штаттардың мемлекеттік органдары мен АҚШ Конгресінде шағын фирмалар пайдасына көрсетілген қолдау мен ылайықты шешімдер қабылдауға үласып жатады. Шағын компаниялар көптеген федералды реттеуші ережелерден, мысалы қауіпсіздік пен денсаулық сақтау ережелерін сақтаудан босатылған. 1953 жылы Конгресс Шағын кәсіпкерлік жөніндегі әкімшілік (8ВА) құрған болатын, ол кәсіби сарап пен кіші бизнесті ашып немесе басқарғысы келетін адамдарды қаржылық көмекпен қамтамасыз ету үшін керек (келісім төлеміне пайдалануға берілген федералдық қаржының 35 пайызы шағын кәсіпорындарға бөлінеді). Әдетте әр жылы шағын кәсіпорындарға айналым капиталына мекеме мен машина және қүрал-жабдық алу мақсатында несиеге 10 миллиард доллар алуға 8ВА кепілдік береді. 8ВА шеңберінде қаржы салатын компаниялар кәсіпорындардың капиталы ретінде тағы да 2 миллиард доллар бөледі. 8ВА азшылық топтарды, әсіресе, шығу тегі африкалық, азиялық және испандық американдықтарға арналған бағдарламаларды қолдауға тырысады. Ол экспорттық қабілеті бар шағын кәсіпорындарының бірігіп жұмыс істеу мүмкіндіктері мен нарықты таразылай алатын нақты пәрменді бағдарламалардың іске асуына басшылық жасайды. Сонымен қатар агент- тік зейнетке шыққан кәсіпкерлердің жаңа және толқымалы кәсіпорындарды басқаруда көмек ұсынған бағдарламаларға демеушілік көрсетеді. Сонымен қатар 8ВА үй иеленушілерге, жалдаушыларға және су тасқынынан, желден, торнадодан және тағы басқа апаттардан шығынданған кәсіпорындарға барлық мөлшерде төмен-пайыздық несие беру арқылы 26 миллиард доллар пайда тапты.
Корпорациялар
Кіші және орташа компаниялар сан жағынан көп болғанымен, Америка экономикасында ірі іскер қауымдастықтар шешуші роль атқарады. Бұның бірнеше себебі бар. Үлкен ком- паниялар тауар мен қызмет үсына алады, ол белгілі бір иелік етушіге қастандық жасау немесе қызығушылықтың жоқ болуына әкеледі. Сондай-ақ, олардың көбінесе сатылатын өнімнің әрбір түрінің қүнының төмендігіне және көп мөлшерде болуына байланысты өз өнімдерін арзан бағамен сатуға мүмкіндіктері болады. Олардың нарықтағы тағы бір артықшылығы - түтынушыларды өнімдерінің сапасының белгілі бір деңгейіне кепілдік беретіндігіне сендіре алатын фирмалық таңба белгілерімен өздеріне қарай тарта алады. Ірі кәсіпорындар бүкіл экономика үшін өте маңызды роль атқарады. Жаңа өнімдерді өндіру және ғылыми зерттеулер жасау үшін ұсақ фирмаларға қарағанда оларда үлкен қаржылай қорлары бар. Осы сияқты фирмалар көбірек және әртүрлі қызмет орындарын және оған жоғарырақ кепілдік бере отыра жоғары еңбек ақы және қартайғанда, ауырып қалғанда алатын ұтымды жәрдемақы үсына алады. Дегенмен де, американдықтар үлкен компанияларға екі жақты қарайды: экономикалық жағдайдағы маңызды үлесін мойындай отыра, олардың жаңа өндіріс орындарын тұншықтырып, түтынушылардың таңдау мүмкіндіктерін жойыл тастайтындай күш алып кетуінен жасқанады. Бүдан басқа, үлкен корпорациялар кейде өзгеріп жатқан экономикалық жағдайларға бейімделуде икемсіздік көрсетеді. Мысалы үшін, 1970-шы жылдарда АҚШ-тың автомобиль компаниялары бен- зинге бағаның өсуі жанармай үнемдегіш жеңіл көліктерге сүранысты өсіргендігін кеш түсінді. Нәтижесінде, осы комп ниялар шетелдіктерге негізінен жапондық өндірушілерге ж о л бергендіктен, ішкі нарықтық айтарлықтай бөлігінен айрылып қалды. АҚШ-та көптеген үлкен компаниялар корпорациялар болып қүрылды. Корпорация іскер шаруашылықты ұйымдастырудың нақты заңды формасы. Ол 50 штаттың біреуінің корпорация қүруға келісімі бар қүжаттарымен жеке адамдікі сияқты заңды түрде тіркелген болуы қажет. Корпорациялар мүліктерді иемдене отырып, сотта іздене немесе сотқа жауап бере және келісімшарттар жасай алады. Корпорацияның заңды мәртебесі болғандықтан, иеленуші оның қызмет әрекеттерден белгілі бір мөлшерде қорғалады. Одан басқа, корпорация иелерінің қаржылық жауапкершіліктері шектеулі. Мысалы, олар корпорациялардың қарыздарына жауап бермейді. Егер акционер белгілі бір корпорацияның акционерлік капиталының 10 акциясына 100 АҚШ долларын төлесе, соңғы корпорация банкроттыққа үшыраса, төлеген 100 доллардан айрылып қалады. Осымен іс бітеді. Корпорацияның акционерлік капиталы нақты несі қайтыс болған жағдайда бір иеленушіден екінші иеленушіге өтетін болса да корпорация ештеңеден үтылмайды. Акция иемденуші кезкелген жағдайда өз акцияларын сатуға немесе өз мүрагеріне қалдыруға қүқықты. Корпоративтік форманың кейбір кемістіктері де бар. Кор- порациялар заңды тұлғалар ретінде салық төлеуі тиіс. Корпорациялардың акция иелеріне төлейтін дивидендтері, облигация пайызы сияқты емес, салық салынбайтын шығын болып табылады. Сондықтан, қандай да болсын корпорация дивидендті өзінің кірісінен төлейді, акционерлер салығы сол дивидендтен алынады. Көптеген үлкен корпорацияларда акционерлер мен иелік етушілер саны өте жоғары болады. Ірі компаниялар миллион- даған немесе одан да көп адамды біріктіреді, бірақ олардың көпшілігі 100 акциядан да аз үстайды. Кең тараған жеке меншік формасының бүл түрі көптеген американдықтарға ел- ден кейбір ірі компаниялардың үлесіне тікелей ие болуға мүмкіндік береді. 1990-шы жылдардың ортасында американдық отбасыларының 40 пайызы тікелей немесе екі жақты қорлар арқылы немесе басқа делдалдар арқылы жай акцияларға ие болған еді. Көп жағдайларда корпорация бизнесінің барлық жақтарын жете біле бермегендіктен немесе басқаруға қабілет пен мүмкіндіктері болмағандықтан акция иелері кең корпоративтік саясат жүргізу үшін төрағалар кеңесін сайлайды. Әдетте корпорация директорлары кеңесінің мүшелері мен менеджерлері жай акциялардың 5 пайызынан кеміне иелік етеді, әрине олардың кейбіреулері одан да жоғары мөлшерде иелік етуі мүмкін. Жеке түлғаларда, банктер немесе зейнетақы қорларында акция пакеттері болады, бірақ бүл пакеттер де жалпы санның тек аз ғана үлесін құрайды. Әдетте, кеңес мүшелерінің шағын бөлігі ғана корпорацияның лауазымды қызметкерлері болып табылады. Кейбір директорларды басқаруға ықпал жасау үшін компаниялар ұсынады, ал басқалар белгілі бір біліктілікпен корпорация жұмысына үлес қосу үшін немесе қарызға беретін мекеменің өкілі ретінде ықпалды қамтамасыз етеді. Бір адамның бірнеше корпорация кеңестерінде жұмыс атқаруы өрескел іс деп қарастырылмайды. Корпорация кеңесі немесе директорлар кеңесі төрағасы бола алатын жоғары дәрежелі басқарушының (СЕО) қолына күнделікті басқару билігін береді. СЕО басқа орындаушылармен қатар әртүрлі корпоративтік қызметке жауап беретін вице-президенттерді бақылайды, сондай-ақ, бас қаржы басқа- рушысын, өндіріс жетекшісін және аға-қызметші мен аппарат жетекшісін де бақылайды. 1990 жылдардың аяғында АҚШ-тың іскерлік қарым-қатынасының басты бөлігі жоғары технология негізінде атқарылуға кешкен кезде корпоративтік СЕО қызметі пайда болады. Директорлар кеңесі СЕО-ға сенім білдірген соң, корпорацияны басқаруда оған үлкен еркіндік береді. Бірақ, кейде жеке немесе ұйымдасқан акционерлер тобы бірігіп әрекет жасай отырып, мысалы, басқару саласында басқаша дербес ойлайтын директорлар кеңесіне кандидаттарды қолдай отырып, басқару ісіне өзгеріс енгізу арқылы билікке қол жеткізе алады. Жалпы алғанда, тек бірнеше адам ғана ж ы л сайын өтетін акционерлер жиналысына қатыса алады. Акционерлердің көпшілігі «сенім негізіндегі» басқарудан кейін компанияның маңызды үсыныстарымен төраға сайлауда дауыс береді, яғни сайлау құжаттарын поштамен жібереді. Бірақ, соңғы жылдары жылдық жиналыстарға акционерлердің көпшілігі, тіпті бірнеше жүздеп келетін болды. АҚШ-тың Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиялары корпорациялардан басшылыққа қар- сы шығып отырған акционерлер тобына олардың көзқарастарын білу мақсатында акционерлердің таратылымды тізіміне кіруіне жол ашуын талап етеді.