Сұрақ. ҚР-ғы аймақтық (жергілікті) басқару реформасы
ТАҚЫРЫП 2. МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТ ҒЫЛЫМИ ПӘН РЕТІНДЕ
дәріс жоспары (1 сағат)
1. Аймақтық басқару ғылыми пәннің басқару саласы ретінде.
2. ҚР-ғы аймақтық басқару реформасы
3. Муниципалды менеджменттің пәні мен әдісі.
4. Муниципалды менеджменттің теориялық базасы.
Дебиеттер: 5, 7-22. 27, 28, 37, 40
Аталған тақырыпты зерделеу мақсаты – ғылыми пәннің басқару саласы ретіндегі аймақтық (территориялық) басқарудың мәнін ашып, ҚР-ғы аймақтық басқару реформасын қарастыру, «муниципалды менеджмент» түсінігінің мәнін, оның ғылыми әдістерін қарастыру; әлеуметтік-экономикалық құзыреттер аясын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының реттеуші функцияларын зерделеу.
Кілтті сөздер: аймақтық (территориялық) басқару, реформа, муниципалды менеджмент
1. Аймақтық басқару ғылыми пәннің басқару саласы ретінде.
1. Аймақтық басқару ғылыми пәннің басқару саласы ретінде.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес:
әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
сұрақ. ҚР-ғы аймақтық (жергілікті) басқару реформасы
1465 жылы Қазақ Хандығының құрылуымен дала демократиясының дәстүрлері өз дамуына ие болды. Нәтижесінде, Тәуке ханның барысында (1680-1718) олар “Жеті Жарғы” атты заңдар жиынында құқықтық бекітілген. Бұл, барлық билік буындарының теңдігіне қол жеткізуге бағытталған Тәуке ханның мемлекеттік реформаларының логикалық дауына айналды (атқарушы (сұлтандар), өкілді (кеңестер мен құрылтай) және сот билігі (билер). Сол кезеңде Билердің Кеңестері билік қатынстарының жүйесінде тікелей және кері байланысты жүзеге асыратын маңызды мемлекеттік органға айналды.
1718 жылы Қазақ хандығының құлдырауы және қазақтар территориясының Ресей империясының құрамына біртіндеп енуінен кейін патша әкімшілігі орталықтың қызығушылығында қазақ даласына “билік вертикалін” енгізді (Орынбор және Омбы генерал-губернаторларының әскери-бюрократиялық аппараттары). Осылайша, 1867-1868 жж. Қазақстанда ауыл, өлкелер Ресей Империясының әкімшілік-территориялық бірліктеріне айналды.
Алайда, сол кезеңде Қазақстан халқының өзекті мәселелері жергілікті өзін-өзібасқарудың элементтерін талап етті: аға-сұлтандар өкілдерінің, облыс басшылары, ауыл старшиналары ішінен сайлау. Кейбір жергілікті мәселелерді шешу үшін ауыл жиналыстарын (жиын) өткізуге рұқсат етілді.
Осылайша, XVIII, XIX ғғ. және XX ғасырдың басында патшалық саясаттың өзінде Қазақстанда дала демократиясы дамып, әрекет етті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделді болғаны соншалықты, тіпті олардың жетекшілері аға-сұлтандармен патша шенеуніктері санасқан.
1917 жылдағы большевисттік қозғалыс демократиялық дәстүрлердің дамуын тоқтатты. Мұнда Ресей Империясының әскери бюрократиясымен салыстырғанда в коммунистік режим көмекшілерді қажет етпей, “ұлттық жерлердің” дербестігіне жол бермеді.
n 1936 жылы Қазақ КСР-ң құрылуымен одақтық республиканың мәртебесі әрекет етуші орталықтанған, әміршіл-әкімшіл басқаруды өзгертпеді
n 1937 ж. Қазақ КСР-ң Конституциясында былай делінген: «Облыстар, аудандар, қала, поселке, ауылдардағы мемлекеттік билік органдары болып халық депутаттарының Кеңестері табылады».
n 1978 ж. Қазақ КСР-ң Конституциясының 125 бабында былай делінген: “Облыстар, аудандар, қала, поселке, ауылдардағы мемлекеттік билік органдары болып еңбек етушілердепутаттарының Кеңестері табылады».
n 1979 ж. «Қазақ КСР-ң халық депутаттарының поселкелік, ауылдық Кеңесі туралы» Заң қабылданды.
Аталмыш Заңның ІІІ бөлімінің V тарауы былайша аталады: «депутаттарының поселкелік, ауылдық Кеңесінің жұмысына халықтың қатысуы. Азаматтардың жалпы жиналыстары, ауылдық жиындар».
n 1982 жылдың 29 желтоқсанында “Қоғамдық поселкелік, ауылдық, учаскелік, үй комитеттері туралы Ережені бекіту туралы” Қазақ КСР-ң Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы қабылданды.
n 1986 жылдың 20 ақпанында “Қазақ КСР-де азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жалпы жиналыстар туралы Ережені бекіту туралы” Қазақ КСР-ң Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы қабылданды.
n 1990 жылдың сәуірінде “КСРО-ғы жергілікті өзін-өзібасқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы бастамасы туралы” КСРО Заңы қабылданды.
1990 жылдың 15 желтоқсанында “Қазақ КСР-гі меншік туралы” Заң қабылданды.
Аталмыш Заңға сәйкес меншік орталықсыздандырылып, 3 түрге бөліне алды:
- жалпыреспубликалық;
- республикалық;
- жергілікті (коммуналдық).
1991 жылдың 15 ақпанында “Қазақ КСР-ң жергілікті өзін-өзі басқару және халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы” Заң қабылданды.
Заңның 3 бабында өкілді органдардың жоғарғы билігі анықталды, ал жергілікті Кеңестің төрағасы сол уақытта атқарушы комитеттің төрағасы да болып сайланды.
Негізі, “Қазақ КСР-ң жергілікті өзін-өзі басқару және халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы” Заң Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындайтын алғашқы ресми құжат болды, алайда мемлекеттік құрылыстың кеңестік тәжірибесі көрініс тапты: жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару бөліп қарастырылмады (кейде алмастырылды).
1991 жылы Қазақстанның егемендігін алуымен қазақ жерінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалпына келтіруге жол ашылды.
Қазіргі таңда Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негізі:
- ҚР Конституциясы (89 бап);
- “Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылдың 23 қаңтарындағы ҚР Заңы (өзгерту және толықтырулармен);
- “ҚР-ғы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Тұжырымдамасын бекіту туралы” ҚР Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы №438 Жарлығы.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша ірі қадамдардың бірі – Қазақстанның 2,5 мың аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, поселке, селолардағы әкімдердің сайлануы.
3. Муниципалды менеджменттің пәні мен әдісі.
Муниципалды менеджмент - өңірлік әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруды зерделейтін экономикалық білімдер жүйесіндегі ғылыми пән.
«Менеджмент» түсінігі қазіргі экономикалық ғылымды, нарықтық экономиканың міндеттеріне жауап беретін, басқарудың неғұрлым тиімді үлгісі (типі) ретінде қарастырылады.
Муниципалды менеджмент, жергілікті (муниципалды) меншікті басқару формасы ретінде жергілікті өзін-өзі басқаруға барабар.
Муниципалды менеджмент жаңа басқару жүйесі ретінде, нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуының қазіргі жағдайларында неғұрлым мақсатқа сай келеді, бірақ та біздің республикамызда жергілікті басқару демократиясы мен кез келген бастаманы басып тастайтын, әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесі әлі де үстемдік құруда.
Жаңа басқару үлгісі – муниципалды менеджмент, өзінің бастапқы кезеңінде, Қазақстан Республикасында бірқатар заңнамалық актілердің жоқтығынан, экономикалық дағдарыстан туындаған үлкен қиындықтарды бастан кешіп жатқаны ешкімге құпия емес. Осы басқару жүйесінің дұрыстығы әлемнің көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың қалыптасуымен, сондай-ақ оның экономикалық тиімділігімен дәлелденген.
Қандайда бір жаңа экономикалық пәндер сияқты, муниципалды менеджмент, болашақ маман мемлекеттік және муниципалды басқару бойынша білуі тиіс жаңа терминология мен жаңа ұғымдарды енгізеді.
Мәселен, «муниципалды», «жергілікті» терминдерді және солармен тіркесте қолданылатын сөздер барлық деңгейлердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, оның ішінде кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, муниципалды құрылым шеңберіндегі меншік нысандарына қатысты қолданылады.
«Муниципалды меншік» түсінігі муниципалды құрылым (қала, аудан, село, ауыл және т.б.) меншігін жорамалдайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары муниципалды меншікке иелік етеді. Муниципалды құрылымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қалыптастыратын, бекітетін және пайдаланатын жергілікті бюджеті бар.
Олар, мемлекеттік басқару органдарының бақылау функцияларына қатыса отырып, бюджеттің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Муниципалды қызмет – бұл оған сеніп тапсырылған өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы тұрақты негіздегі басқару қызметкерлерінің кәсіби қызметі.
Ғылыми пән ретінде муниципалды менеджмент, экономикалық географиямен және өңіртанумен тығыз байланысты.
Экономикалық география - өндірістік күштердің орналасуын, өңіртану – шаруашылықты аумақтық ұйымдастыруды, экономикалық ауданды (аймақтарды, микроаймақтарды, ал муниципалды менеджмент - өңірішілік әлеуметтік-экономикалық жүйені және оны басқаруды зерделейді. Жүйелік талдау аумақтық, әлеуметтік-экономикалық шаруашылық ұйымдарын зерттеудің басты әдісі болып табылады.
Муниципалды менеджмент бірінші кезекте менеджменттің, содан кейін маркетингтің, экономикалық теория, микро - макроэкономика, экономикалық теория, экономика және еңбек социологиясы, статистика, психология және т.б. негіздерінің әдістері мен тәсілдерін пайдаланады.
Жергілікті өзін-өзі басқару муниципалды менеджментінің басқаруына:
біріншіден:
- аталған өңірді (қаланы, ауданды, селоны, ауылды және т.б.);
- табиғи – ресурстық әлеуетті;
- тарихи, ұлттық, демографиялық ерекшеліктерді;
- экономикалық даму деңгейін;
- әрбір муниципалды құрылым үшін неғұрлым және тиімді басқару жүйесін құруды терең білуі;
екіншіден:
- муниципалды құрылым жарғыларын әзірлеу мен оны қабылдауды;
- жарғы талаптарының орындалуын бақылауды;
- муниципалды құрылымды қаржылық-экономикалық қамтамасыз етуді;
- табиғи ресурстардың пайдаланылуын бақылауды;
- табиғатты қорғауды;
- энергия, отын, сумен жабдықтау жүйесін ұстап тұруды;
- сәулеттендіруді;
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құруды және оның өмірлік қызметін қамтамасыз етуді;
- тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғауды;
- халыққа сауда, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді басқара білу;
үшіншіден:
- халықты жұмыспен қамту мәселелерін;
- экономикалық байланыстарды (өңірішілік және өңіраралық) нығайту жағдайында қаржылық-экономикалық дербестікті;
- Қазақстанның біртұтас экономикалық кеңістігін құруды;
- өңірлік нарық қалыптастыруды шешу жатқызылуы тиіс.
Муниципалды менеджменттің ғылыми зерттеулерінде ғылыми әдістер кешені пайдаланылады. Төменде соларға қысқаша сипаттама беріліп отыр.
Жергілікті ерекшеліктерді ескеретін нормалар мен нормативтер жүйесімен муниципалды құрылымның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамдарының аса маңызды білімін негіздеуді жорамалдайтын, нормативтік әдіс. Нормативпен негізделген нормалар базасында қала халқы мен ауыл халқының таяу уақыттағы және алыс болашақтағы қажеттіліктері айқындалады.
Нормалар мен нормативтер негізінде өндірістік ресурстарды пайдалану қамтамасыз етіледі. Нормативтер ғылыми-техникалық прогресс деңгейін, жаңа технологияларды, өндіріс саласының дамуы мен жұмыс істеу жағдайын, муниципалды құрылымның өзіндік ерекшелігін ескереді.
Баланстық әдіс аумақтық құрылым салалары мен өңірішілік толықтырушы кешен арасындағы дұрыс арақатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар рационалды өңірішілік және өңіраралық байланыстарды әзірлеу, муниципалды құрылым аумағында жекелеген кәсіпорындардың орналасуын экономикалық негіздеу үшін қызмет етеді. Баланстардың көмегімен ресурстарға және тауарларға деген қажеттіліктер айқындалады. Баланс есептері әртүрлі біліктіліктегі жұмысшы күшіне деген қажеттіліктерді айқындау үшін қажет.
Аумақтық баланстарды әзірлеу өзінің өндірісі есебінен муниципалды құрылым шаруашылықтарының қанағаттанушылық дәрежесін бағалауға, сондай-ақ өнімдерді сыртқа шығару мен әкелудің жүзеге асырылуы мүмкін көлемін айқындауға мүмкіндік береді.
Баланс есептері муниципалды құрылым аумағында қандай да бір құрылыс салудың дұрыс екендігін бағалауға, сондай-ақ шаруашылық обьектісінің қуатын айқындауға мүмкіндік береді. Муниципалды деңгейдегі осындай есептер, шаруашылықтың ресурстардың аталған түрлері мен қамтамасыз етілуін бағалау үшін су, орман, жер ресурстары бойынша жасалады.
Муниципалды құрылымның қаржылық қамтамасыз етілуін бағалау кезіндегі баланс әдісінің, атап айтқанда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын, оның тиімділігі мен пропорционалдығын айқындау үшін капитал жұмсау көлемінің жиын есебінің рөлі аса зор.
Жүйелік талдау әдісі – бұл «алдыға мақсаттар қою, міндеттерді айқындау, ғылыми болжамдарды тұжырымдау, өндірісті орналастырудың оңтайлы нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты зерделеуден» бастап, пайдаланылатын кезең-кезеңдік принципін жан-жақты талдау болып саналады. Бұл ретте тиімділік, яғни халықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру оңтайлылық критерийі болып саналады.
Жүйелік талдау – бұл күрделі жүйелердің тұтастық байланыстарын қарайтын әдіс. Жүйелік әдіс негізінде басқаруға (менеджмент) мынадай үш кезең кіреді:
- басқару субьектісі қызметінің аясын, саласын және ауқымын айқындау;
- тікелей жүйелік талдау жүргізу;
- белгілі бір проблемаларды шешудің баламалы нұсқаларын әзірлеу және оңтайлы шешім таңдау.
Өндірістік күштерді орналастыру мен өңірлер шаруашылықтарын дамыту неғұрлым күрделі сипат алып, салалық және аумақтық байланыстардың – нарықтық қалыптасу жағдайында басқарылуы барған сайын қиындай түсуімен байланысты экономикалық-математикалық әдіс қажет болып саналады.
Аумақтық әлеуметтік-экономикалық процестерді экономикалық-математикалық моделдеудің (үлгісін жасаудың) келесі негізгі бағыттары бөліп көрсетіледі:
- аумақтық пропорциялар;
- салалық шаруашылықтарды орналастыру;
- аумақтық құрылымның әлеуметтік-экономикалық жүйесін құру;
- басқару жүйесі.
Басқару жүйесін моделдеу, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере отырып, оңтайлы басқару нұсқасын айқындау муниципалды менеджмент үшін өте маңызды болып саналады.
Экономикалық-математикалық моделдерді және осы заманғы ЭЕМБ (ПЭВМ)-ді пайдалану, аз шығындар мен уақыт жұмсай отырып, бастапқы деректердің аса зор ауқымын өңдеуге, алдыға қойған мақсаттарға сәйкес оңтайлы шешім таңдауға мүмкіндік береді.
Статистикалық әдіс индекстерді есептеу, коррекциялық талдау жүргізу үшін пайдаланылады және муниципалды менеджментте кеңінен пайдаланылады.
Ұйымдық (билік ету, тәртіптік), экономикалық (қаржылық-басқару тұтқалары, болжамдар, экономикалық ынталандырулар, шаруашылық есеп және т.б.), әлеуметтік-психологиялық (муниципалды қызметші сипатының белгілері, оның қабілеті, жергілікті) әдістер муниципалдық менеджментте басқару субьектісінің басқару обьектісіне әсер ету құралы және өзіндік тәсілдері ретінде пайдаланылады.
Ауқымы бойынша әртүрлі басқару обьектілерінің құрылымы мен экономикалық маңызына ие бола отырып, жергілікті шаруашылық, мақсатының мазмұны басқа өзге методологияны пайдалануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жергілікті өзін-өзі басқару қызметі мен оны ұйымдастырудың негізгі принциптері бекітілген. Соған қарамастан, Республика субьектілерінде – қалаларда, аудандарда, ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі әртүрлі. Бүгінгі күнге дейін әлі де ауылдық елді мекендердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті өкілді билік органдары туралы заңнамалық база қалыптаспаған. Ақиқат мынада болып саналады, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік биліктің заңшығару, атқарушы, сот – үш тармағының біріне де жатпайтын, ерекше билікті білдіреді.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы аудандары, облыстары жұмыстарының тиімділігі басқару құрылымдарының тиімділік дәрежесімен айқындалады (барлық аудандарда, облыстарда және барлық деңгейлерде басқару аппаратын қысқарту процесі жүруде).
Бұл:
- басқару аппаратының шамадан тыс көптігімен (үлкендігімен);
- басқару қызметкерлері іс-қимылының бытыраңқылығымен;
- басқару аппаратын ұстауға қаражаттың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Басқаруға жұмсалатын шығыстардың көлемі көптеген экономистердің пікірі бойынша өңірлік өзін-өзі басқару обьектісі кірістерінің 10%-ынан аспауы тиіс. Осы шектен асып кеткен жағдайда басқару аппаратының жұмыс істеу тиімділігі төмендейді.
Шығыс Қазақстан өңірлеріне реформалар жүргізу жылдары ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізудің жеткіліксіздігі, еңбек және атқару (орындау) деңгейінің төмендігі, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалды.
Соңғы уақытта, сонымен қатар басқаруда біршама оңды алдыға жылжулар болды:
- әкімшілік ету көріністері азаяды;
- басшылық, халықтың өтініш, талаптары мен ұсыныстарына жіті көңіл бөле бастады;
- мәселелерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келуге ден қойыла бастады;
- іс жүргізу жақсарды, іскерлік қағаздардың, әртүрлі нұсқаулықтардың және т.б. тасқыны азаяды.
Бірақта, төрешілдік әлі жойылған жоқ. Сондықтан да демократияландыру процестерін дамыту және шығармашылық белсенділікті арттыру үшін, жергілікті экономикалық, әлеуметтік, тарихи, табиғи, демографиялық және өзге де ерекшеліктерді ескере отырып, муниципалды құрылымдардың дербес әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін алғышарттар жасау қажет, өйткені жер-жерлердегі қызметкерлерден артық оларды ешкім жақсы біле алмайды.
Басқаруды демократияландырумен қатар, оның тиімділігін арттыру қажет, яғни орталық пен өңірлер арасында, сондай-ақ өңірлер ішінде басқару функцияларының аражігін ажырату процесі жүруі тиіс.
4. Муниципалды менеджменттің теориялық базасы.
Муниципалды менеджменттің теориялық базасын келесілер құрайды:
1) жалпығылыми ілімдер – тарих, философия, таным теориясы, ғылымтану;
2) жалпы және арнайы менеджмент теориясы;
3) территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың арнайы теориялары және т.б. Аталмыш ғылыми пәндер бір бірін өзара толықтыра отырып, өзара әрекеттеседі.
Муниципалды менеджменттің пәндік саласын төмендегілер туралы ғылыми ілімдер құрайды:
• халықтың өзін-өзі орналасуының қызметтері, қағидалары, құрылымдары мен алғышарттары, заңдылықтары мен қарқындары туралы, түрлі типтегі мемлекеттік жүйелердегі оның территориялық формалары туралы;
• елдің территориялық шаруашылық ұйымдасуы, оның аймақтары, қалалары мен аудандарының орналастырылуы;
• жергілікті даму ресурстары, неғұрлым тиімді пайдалану тәсілдерін арттыру стратегиялары туралы;
• болжамдау мен бағдарламалау технологиялары, қала мен аудандардың тұрақты және қауіпсуіз дамуы;
• халықтың, жергілікті биліктің жауапкершілігін, экономикалық және әлеуметтік белсендігін ынталандыру;
• мониторинг, маркетинг, муниципалды менеджменттің кадрлық ілесуі және т.б.
• елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар.