Пәннің мақсаты мен міндеттері
Азақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН» Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры _________________Қ.Қ.Дәуренбеков « ________ » __________ 2016 |
СИЛЛАБУС (жұмыс оқу бағдарламасы)
Модуль:«Әлеуметтік-ізгілендіру пәндері» Пәннің коды- MEUIMIN-1402- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы және мемлекеттік идеология негіздері | |
Мамандығы | Барлық мамандықтарға |
Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі) | І курс, 1 семестр (күзгі) |
Оқыту тілі | Қазақ |
Кредит саны | |
Пән статусы (міндетті, таңдау) | Оқытудың қосымша түрі |
Лектор (аты жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, телефондары мен электрондық поштасы) | |
Практика, зертханалық сабақты беретін оқытушы (аты жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, телефондары мен электрондық поштасы) | |
Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана |
Силлабусты дайындаған: Жәрекеев Қ.Ж.-магистр, аға оқытушы
Мұхтаров К. - магистр, аға оқытушы
Нұрпейісова Н. - магистр, оқытушы
Силлабус Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № 1. «01» қыркүйек 2016 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Н.К.Мыңжас
Силлабус оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № «__»___________ 2016 жыл.
Комитет төрағасы: Қ.Қ.Дәуренбеков
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты:Ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.
Міндеттері:
- тарихи және ұлттық тәжірибе жайлы болашақ мамандардың білімдерін жаңарта отырып, болашаққа қадамдарын анықтауға және түзетуге үйрету;
- «бір ел – бір тағдыр» дегенді жастардың санасында қалыптастыру;
- жастарда туған жердің иесі сезімін, отандастар алдындағы жауапкершілік сезімін жандандыру;
- болашақ маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуының маңызды құралы ретінде рухани-адамгершілік және зияткерлік-шығармашылық іс-әрекетін белсендендіру.
Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):Пәнді оқып болған студент:
Пәнге қатысты негізгі ұғым-түсініктерінің (этнос, ұлт, діл, ұлттық діл, ұлттық идея, ұлттық тәрбие, ұлттық сана-сезім, этникалық сана, ұлттық мәдениет, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, салауатты өмір салты, зияткерлік әлеует, бәсекеге қабілеттілік және т.б.) мәнін;
- Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы мәнін, Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының мәнін; Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін; ұлттық идеяны ұлттық ақиқатқа және халықтың тарихи тағдырына айналдыратын негізгі факторлардың мәнін;
- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының философиялық-әдіснамалық негізі ретіндегі қазақтану ілімінің мәнін;
- болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімінің дамуындағы әдіснамалық негіздердің мәнін;
- ұлттық идеяның маңызды үш құрамдас бөлігі (этнос қалыптастырушы, азаматтық және жалпыұлттық) аясындағы тұлға ұлттық сана-сезімінің қалыптасу моделінің мәнін біледі.
-Этникалық барабарлық деңгейінде жоғары дәрежелі ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін тарих, тіл, салт-дәстүр, ұлттық болмыс сынды қазақ халқының ұлттық мәдениетінің маңызды компоненттерінің мәнін терең зерделеп, ұлттық мүддені, қазақ елінің ұлттық құндылықтары мен құндылықтар бағдарын саналы түрде түйсініп қабылдау қажеттігін;
- азаматтық барабарлық деңгейінде жоғары дәрежелі ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін:
1) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, ұлттық сана-сезімнің базалық тетігі, барша Қазақстан халқы руханияты мен бірлігінің өзегі ретінде белсенді түрде меңгеру;
2) бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамыту;
3) жоғары деңгейлі ұлттық абырой, патриотизм мен азаматтылық, төзімділік пен гуманизмді дамыту;
4) этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбатқа әзірлік дағдысын меңгереді.
Этнопедагогикалық, этномәдени, көпмәдениетті құзіреттіліктерді, ұлтаралық келісім мен қарым-қатынас мәдениетін;
- әлеуметтік-саяси құзіреттіліктерді;
- ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктерді;
- мәселелерді шешуге қатысты құзіреттіліктерді игереді.
Пререквизиттер:Қазақстан тарихы, мәдениеттану
Постреквизиттер:Құқық негіздері, философия, саясаттану, Қазақстандағы этносаралық қатынастар, Мемлекеттік этносаясат негіздері.