Еуразияшылық ілімге қатысты көзқарастары
1.Алаш зиялыларының ұлт мүддесіне қатысты қызметтері.
2.Алаш идеясы – ұлттық идея.
1.Алаш зиялыларының ұлт мүддесіне қатысты қызметтері.1917
жылы Ресейде патша өкіметінің құлатылуын Қазақ Елі азаттық ретінде қабылдады. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді.
«Алаш» партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тiкелей ұйымдастыруымен және басшылығымен шамамен қазанның 12-20-сы аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейiн Омбыда, ал қарашаның 10-ына қарай Орынборда ашылды.
Алаштың ақиық ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өзiнiң «Әлиханның Семейге келуi» атты мақаласында 1917 жылдың күзiндегi «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетiн құруға байланысты осы бiр саяси оқиғаға ерекше мән бере келiп:, төмендегідей жыр шумақтарын арнаған еді:
«Көш бастаған ерiмiз!
Қуанышта елiңiз.
Төбемiз көкке жеткендей,
Көкiректен бүгiн кеткендей,
Сiздi көрiп шерiмiз.
Елiңiздiң бұл шағын,
Алаш туын һәм бағын,
Көзбен көрiп төлендi,
Көптен бергi терiңiз,
Алаш туын қолға алған
Қараңғыда жол салған
Арыстаным, келiңiз!» –
Съездiң соңғы күнi жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Бөкейханов ресейлiк кадеттер партиясына мүшелiктен шығатынын айтып, оның өзiндiк себептерiн мәлiмдедi. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкiлресейлiк құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келдi. Мәселен, «Қазақ» газетi өзiнiң бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тiлектестердi Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тiзiмiн осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бiр мезгiлде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы қазақ комитеттерiне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою туралы жеделхаттар жiберiлдi.
«Большевиктер» халқымызға қоғам дамуында, экономика саласында өз бағдарламасын ұсынды. «Алашордашылар» өз бағдарламасын бұл топпен тайталаса отырып, халыққа қайта құрудың, өркениетті жолға түсудің жоспарларын ұсынды. Қазақ халқы үшін «большевиктер» бағдарламасына балама бағдарлама болып «Алаш» бағдарламасы болды.
2. Алаш идеясы – ұлттық идея.Алаш зиялыларының ұлт мүддесі
жолындағы қызметтері сан қырлы. Қазақ ұлтының тарихи санасын көтеру жолында аянбай қызмет етті. Ә. Бөкейханов Ресей императорлық география қоғамының қызметіне қызу араласты. 1896 жылы оның Батыс-Сібір бөлімінің мүшесі болды, ал 1901 жылы оның басқару комитетіне сайланды. Оның тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» деген көп томды альманахтың 17-ші томына еніп, Санкт-Петерборда жарық көрді. Шығармада қазақ өлкесінің тас дәуірінен бергі тарихы көрініс тапқан. Сонымен бірге қазақ даласының соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттаған. Бөкейханов қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттеген. Бұған оның әр жылдары Ресей императорлық география қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семей бөлімшесінің басылымдарында жарияланған «Из переписки (писем) киргизских ханов, султанов», «Из переписки хана Средней киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми жарияланымдары куә бола алады. Бөкейханов назарынан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерілісі де тыс қалмаған. Оның бұл тақырыпта 1923 жылы Ташкентте «Материалы к истории султана Кенесары Касымова» атты кітапшасы шыққан. Ә.Бөкейханов халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды. Сондай-ақ қоғам қайраткері тұңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петерборда басылып шығуына қол ұшын берді. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі көркем аударма. Тәржімаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Толстой, А.Чехов, В.Короленко, Д.Мамин-Сибиряктармен қатар, Еуропаның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, түркі тектес халықтардың әдеби шығармалары бар. Ол көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30-шы жылдары аралығында, КСРО халықтарының орталық баспасындағы Қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде жасаған. Бөкейханов қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Санкт-Петербордағы «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь» секілді басылымдарда жиі шығып тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттеле түспек.
Ә.Бөкейхан 1915 жылы 22 ақпанда «Қазақ» газетіне «Неміс мәдениеті» атты мақала жариялады. Мұнда Германия жұртының Еуропадағы мәдени-тарихи орны мен әлеуетін сараптайды. «Мәдениет ілгері басқан сайын, қала зорайып, қалада табан ақы, маңдай термен күн көрген адам көбейеді. Зор қаладаға адам есебінен мәдениет дәрежесі сыналады» деп жазды.
Адамзаттың жалпы мәдениетін «рухани мәдениет» және «нәрсе затына жалынған мәдениет» (материалдық мәдениет) деп бөліп көрсетіп, «Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген қазақтың сөзі бар. Сенің әрбір қадамыңды, әр сөзіңді аңдып отырған билік бар. Жарайды, сендер жалпықазақ съезін шақырасыңдар, онда саясат туралы сөз болмай қоймайды. Соның бәрі биліктің құлағына жетсе, сендердің әр қайсыңды жүргізбейді. Сондықтан бұл әңгімені қоя тұрыңдар. Уақыты келгенде көрерміз» деген. Тарихшы М. Қойгелді «Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалиндердің ұстаған бағытының стратегиялық және тактикалық тұрғыдан дұрыс еместігін уақыт көрсетті»,-деп зерделеген еді.
Әлихан Бөкейхан сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуалды өте терең әрі жақсы түсінген: «Қазақ жерінде қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс казактарының саны басым әрі олардың қолында қару бар. Және билікте солардың жағында. Біз әуелі оларды ішке тартып, біз сендерді ешқайда қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ, бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп әрекет етейік деп оларға түсіндірейік. Сосын барып, тәуелсіздікті жариялайық»,- деген. Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.
«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт үстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың құндылықтарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Ал біз үшін ең үлкен құндылығымыз ол біздің атамекеніміз - қазақ жері, оның асты-үсті байлығы. «Алаш» идеясы сол қазақтың асты-үсті байлығын ұрпаққа жеткізу үшін жасалған идея. «Алаш» зиялылары ондаған жыл бойы осы мақсат үшін күресті. «Алаш» зиялылары қазақ халқының өз мемлекет тәуелсіздігін алу үшін тер төкті. «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөзі содан қалса керек-ті. Мемлекеттігі жоқ халық, қорқақ халық, жалтақ халық деген сөз. «Алаш» зиялылары мемлекет үшін, ұлт үшін күресті. «Алаш» зиялыларының мақсаты қазақ деген халықтың барлық рухани құндылығын, салт-дәстүрін ұрпаққа жеткізу болды.
Алаш зиялылары Еуразия кеңістігіндегі Қазақ Елінің мәртебесі биік болып, әлемдік өркениеттен өзіне тиесілі орынды иеленуі үшін өз өмірлерін арнады.
Дәріс 7.