Дәстүрлі халық шығармашылығын сақтау, қорғау және дамыту шаралары.
Жастар мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы адам әрекетінің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін орнықты жүйесі ретінде халықтың қайталанбас даралығын сақтайтын мәдени шаралардың бірі.
Күн мен түннің теңелгені, малдың иаузы көкке тиген, адам аузы аққа тиген, түннің күнге бет бұрған, табиғаттың гүлденіп құлпырған қуаныш кезеңі дәстүрлі наурыз мейрамы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ойын-сауық той думан болып өтті. Алаңда киіз үй тігіліп, концерт қойылды. Мерекелік тойда ақ боз ат пен керуен мініп, әндеткен бір топ мекеме кәсіпорын ұжымдары бастап шықты. Аталмыш керуенде қыдыр баба, Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасыр, қазақ ертегі кейіпкерлері Таусоғар, Желаяқ, сонымен бірге Сал-серілер тобы, Батырлар тобы, Қаз-келіншектер тобы болып керуеннің көркін қыздырды. Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін мерекелік шара концертке ұлттық ойындар, спорттық ойындармен жалғасын тапты. Түрлі ұлт өкілдерінің билері, әндері шырқалды.
Кеңкияқ мәдениет үйінде тоғыз күндік «Наурыз FEST» мәдени шарасы өтті.
14 наурыз-ШУАҚ (немесе Жыл басы) күні. Бұл күн - мүшелдік жаңа жылдың кіретін күн.Мәдениет үйінің залына жиналған қауым бір- бірімен көрісіп, бата беріп, мәре-сәре болып жатты.Жылдан аман-есен шыққанына , мал-жандары төлдеп көңілдері біріңғайланып езулерінен күлкі кетпеді.Улкен, жасы, кәрісі «Зере» әжелер клубының мүшелері , ақсақалдар барлығы сахнада «флеш-моб» билеп бір серпініп қалды.
15 наурыз-Береке күні.Демалыс күнге сәйкес келгені жөн, адамдар сол күні бір біріне араласатын мүмкіндік туылған абзал.
Сахна төрінде үлкен дастархан жайылып Кеңқияқ Мәдениет Үйінің «Наурыз көжесі» асылды. Ауылымыздың үлкендері, ата-әжелер, ақсақалдар және балалар төрден орын алды.Осы күні мүмкіндігі шектеулі 27 балаға ауылымыздың Имамы Өксікбаев Дархан Сәрсенбайұлы сыйлықтар табыс етті.
Береке күні-берекетті дастархан әнге жалғасты.
16 наурыз-Өніс күні.Өсу,өну,өркендеу күні болып табылады. Қазақта қыз бала-өріс дейді.Қыз баланы қазақ халқы-гүлге теңеген.Өрісіміз кеңейді –деп қуанады қыз баладан тараған балаларды көргенде.Қыз баланы құрметтеу, сыйлау және салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Өніс» күні Кеңқияқ мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Наурыз Аруы-2016» атты байқау өтті.
17 наурыз-Жайнау күні.Осы күні Кеңқияқ мәдениет үйінің залында қазақ салт-дәстүрді насихаттау, қолдау мақсатында ұлттық қол өнер байқауы өтті.Байқауға мекемелер, қол шеберлері қатысты.олар Өз қолдарынан шыққан туындыларын көрмеде көрермендер жоғары бағалады.Облыстық, аудандық байқауларының жеңімпазы, қол өнер шебері, «Зере» әжелер клубының белсенді мүшесі Дүйсебаева Мүслима Кеңқияқ орта мектебінің оқушыларына түсіндіріп өтті.Ризашылығын білдірген көрермендер көтерінкі көңілмен тарқасты.
18 наурыз-Тағзым күні.Қасиетті Жұмаға сай Кеңқияқ мәдениет үйі жанынан құрылған «Мәдениет үні» ақпараттық радио бағдарламасы өтті.
19 наурыз-Алас күні. Бұл күн негізінен тазару күні болып табылады. Бұл күн сенбілік өткізуге ыңғайлы болуы үшін сенбіге сәйкес келгені қолайлы.Мәдениет үйі қызметкерлері мәдениет үйінің ішіне,ауласына, айналасына сеңбілік жүргізді.Барлық бөлмелер аласталды.
20 наурыз -Шаттық күні.Бұл күні барлық жерде жарқын көңіл көтерерлік шаралар мен науқандар, концерттер өткізіледі. Жексенбіге сәйкестеген абзал. Мәдениет үйінде таңғы сағат 7:00 де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні ойналды.Сайлауға келе бастаған халық көтеріңкі көңілмен жүрді.Кеңқияқ Мәдениет үйінің сыртында мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сайлауға кел, Қалқатай» атты мерекелік концерт өткізілді.
21 наурыз –Үйлесім күні.Бұл күні әркім дастархан жайып, ол күні бойы жыйылмайды.Әрбір үйге Жолтерек (мифтік бәйтерек) әзірлеуге болады.
Үйде, даладаән-күйтоластамайды, айналатолықбезенген.
Қыдыр түні. Бұл түні Қыдыр атаға арналған дастархан жайылады. «Науан» аталатын үш сөрелі тағамдар жыйдасы болса да жеткілікті.
Наурыз-Думан дәстүрлі мерекесін тойлау барлық мәдени ошақтарда өткізілді.
Алтықарасуда «Наурыз-Шаттық» мерекелік думанды концерт.
Шұбарши ауылында «Армысың, Әз –наурыз» атты мерекелік концерт
Саркөл ауылдық клубында «Құтты болсын қадамың, жарқын Наурыз» атты мерекелік концерті өткізілді.
Еңбекші клубында «Армысың, Әз Наурыз!» мәдени шара
Шығырлы ауылдық клубында «Наурыз көктем-жыр думан» мерекелік концерті өткізілді.
Қайыңды ауылдық клубында «Наурыз көктем-жыр думан» атты мерекелік концерт өткізілді.
Ақсай мәдениет үйінде әр көше серілерінен құралған үш топ «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді.
Ақсай мәдениет үйінде, Шұбарши ауылдық клубында ауыл ақсақалдары мен немерелер арасында «Баталы ел арымас» сайысы өткізілді.
Шұбарқұдық кәсіпшілік клубында «Қыз-еркем, өнерімен көркем» атты арулар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсатықыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілік, инабаттылық баулу. Сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, халқымыздың салт-дәстүрін, өнегелі нақыл сөздері асыл қасынаны бойларына сіңіру.
Саркөл ауылдық клубында «Қазақ аруы-2016» байқауы өтті.
Шұбарши клубында «Пай-пай», қазақтың келіндері-ай» атты сайыс өтті. Келіндер сайысының мақсаты ұлттық тәрбиеге баулу, ескіні қайта жаңғырту. Ежелден мирас қазақ келіндерінің инабаттылығы, төзімділігі, шеберлігі, адалдығы, пәктігі, бауырмалдылығы, қонақжайлылығы мен ибалылығын барша жұртқа насихаттау; әдет-ғұрып, салт-дәстүрді дәріптеу.
Сайыстың шарты:1. Қане, таныс болайық?
2. Өнерлі өрге жүзер
3. Қазақтың ырым-тиымдары (сұрақ-жауап)
4.Қазақтың ұлттық тағамдары
5. Үй тапсырмасы (Ана көрген тон
пішер, қолөнер бұйымдары)
Саркөл клубында «Келіні жақсының керегесі алтын» атты келіндер байқауы өтті.
Шұбарши ауылдық клубында «Супер әже-2016» әжелер сайысы өткізілді. Байқау төрт кезеңнен тұрады:
1. «Мыңның атын білгенше» таныстыру
2. «Алтын қазына» сұрақ-жауап
3. «Өнерлінің қолы алтын» өз өнері
4. «Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ» сән үлгісі
Әжелер осы сайыста өздерін өнерлерін арттарынан ерген ұрпақтарға сан қырынан көрсете білді.
Алтықарасу мәдениет үйінде отбасы күніне арналған «Қолөнерім-қазынам» атты ата-анасы мен қыздары қатысқан сайыс өтті. Мақсаты: Қазақтың қолөнерін дәріптеу және шеберлігін сынау болды.
Қопа клубында «Өнерді дәріптеген отбасы» атты өнерлі, үлгілі отбасылармен кездесу кеші өтті. Мақсаты: отбасы күнін дәріптеу, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Қопа клубында «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» пікірталас кеші болып өтті. Мақсаты: ұлттық дәстүріміздің ықпалын, тәрбиесін, жақсы қасиеттерін бойына сіңіру.
«Өлең кернеп барады жүрегімді» атты поэзия сағаты өткізілді. Мақсаты: жас ақындар шығармашылығын дамыту, кеш барысында Атай Ө, Байдішев Д, Садықова А, Ереулева Б, «Тәуелсіздікке арнау», астан», «Кемеңгер Елбасы» өлеңдерін тарту етсе, ал қалған қатысушылар «Киелі мекен», «Мазалама», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Батыр Баян», «Бақыт геометриясы», «Әке үкімі" т.б өлеңдер оқылып, көрермен көңілінен шықты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай аудандық Мәдениет үйінде «Жырласа жастар жырласын!» атты тақырыпта жыр мүшайрасы өтті. Оған аудан көлеміндегі мектептерден мекеме кәсіпорындардан келген жастар қатысты. Аудандық Мәдениет үйі ұйымдастырылған жыр мүшайрасына қазылық жасау ҚР-журналистер одағының мүшесі М.Әділханұлы, айтыскер ақын Е.Қайболдин, аудандық жастар ресурсының бастығы Б.Шаимовтерге міндеттелді.
Жыр мүшайрасы қатысушылардың бәсекесі жыр додасының көрігін үш сағатқа жуық қыздырды. Қатысушы 13 үміткердің арасынан суырылып алға шыққан 4 талапкер жүлделі орынға ие болды. Сонымен бас жүлде Шығырлы округінен келген Отарбек Наурызбекке бұйырса, 1-ші орын Тасқопа округінен келген Ізімқұл Сағындыққа бұйырды.
Құрбан айт мерекесіне орай әр мәдени ошақтарда төмендегідей тақырыпта шара ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет үйінде «Құрбан айт-қасиетті мереке» атты Досжан Ишан мешітінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Кеңкияқ мәдениет үйінде, Шұбарши , Саркөл мәдени ошақтарында «Отанды сүю иманнан» атты мәдени шара ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет үйінде, Кәсіпшілік клубында «Діни ұғым-тәрбие арқауы»атты дін өкілдерімен кездесу өткізілді.
Еңбекші ауылында «Иманды азамат болғың келсе...» пікір талас кеші ұйымдастырылды.
Директор Г.Қалиева
Балалар, жасөспірімдер, жастармен, әлеуметтік аз қамтылған тұрғын халықпен жұмыс, клубтық жұмыс формаларының жаңа дәстүрлі сипаттары. Патриоттық тәрбие.
Темір аулдандық Мәдениет үйі мен оған қарасты мәдени ошақтарда әлеуметтік аз қамтылған тұрғын халықпен төмендегідей жұмыстар мәдени іс-шаралар өткізілді. Аудандық мәдениет үйінде «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті ақылы өткізілді. Соңында түскен қаражат мұқтаж жандарға көмек ретінде берілді.
Аз қамтылған отбасы балаларына арналған «Мектепке жол» акциясы барлық округтерде өткізіліп, аз қамтылған отбасыларына көмек берілді.
Шұбарқұдық кәсіпшілік клубында «Ризашылық пен алғыс сіздер үшін» атты шара әлеуметтік аз қамтылған отбасына арналды. Сонымен қатар « Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Еңбекші ауылдық клубында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кеш
ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар табыс етілді.Сонымен қатар «Ашық алақан» қайырымдылық акциясы аясында концерт ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасы балаларының өнерге тартып, талантын шыңдау мақсатында өткізілді.
Қопа ауылында «Әйел кәсіпсіз қалмайды» атты көп балалы аналардың арасында кәсібін шыңдау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Алтықарасу мәдениет үйінде аз қамтылған отбасыларына ауыл тұрғындары атынан «Шын жүректен» атты концерт ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне еңбегімен үлес қосқан әйел аналарды жастармен кездесу шараларының жоспары бойынша «Отан-қуат, отбасы-шуақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Ауыл ақсақалдарына арнап «Қарттарым-қазыналарым» атты кешкі шай ішу шарасы ұйымдастырылды.
Шұбарши ауылдық клубында аз қамтылған отбасыларына арналған «Жүректен жүрекке» атты акция ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жылы шырай білдіру, көңілін көтеріп, кемшілігін кешіріп,демеу болып, қамқор болу жомарттық екенін ұғындыру. Мүгедек Алиманова Таминаға қайырымдылық ретінде мектеп құралдары, тәттілер берілді. Сонымен қатар Романкулов Темірланға да көмек көрсетілді.
Шұбарши ауылының тұрғыны 78 жастағы Саденова Миленур әжемізге көмек берілді. Ол кісінің ауласының қарын тазартып, үй ішін жөнге келтіріп, дәмді тағам пісіріп, дастархан жайылды. Үлкен қамқорлық жасалды.
Шығырлы ауылында аз қамтылған отбасыларға, жартылай жетім балаларға көңіл күйлерін көтеруге және жылылық сыйлауға «Жан жылуы» атты концерт және «Қамқоршылық жасайық» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Ақсай ауылдық мәдениет үйінде «Қарттарым аман жүрмісің» атты кеш ұйымдастырылып, кешке ауыл қарияларымен мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылып, шара барысында сыйлықтар табыс етілді. Кеш әсерлі өтті.
Ауыл тұрғындарын әлеуетін көтеру мақсатында «Сүйінші! Ауылға су келді!» атты ауылымызға келген ауыз суымыздың ашылу салтанаты өткізілді.
Қайыңды ауылдық клубында аз қамтылған отбасылар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жақсылық жасауға ұмтылайық» атты қайырымдылық концерт болды. Шақырылған отбасыларға сыйлықтар табыс етілді.
Саркөл ауылдық клубында «Қайырымдылық» аз қамтылған отбасы мен көп балалы отбасы балаларына қайырымдылық шара өткізілді. Балалардың санасына мейірімділік, иқайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру.
Директор Г.Қалиева