Және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
81-бап. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:
1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;
2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;
3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 2 тармақ өзгертілді
2. Меншiк иесiнен, сатып алуды қоса алғанда, жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімісіз алып қоюға:
1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, оның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;
3) осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда, мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесі оның меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесі беріле отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;
5) тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.
3. Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:
1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;
2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;
3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы (осы Кодекстiң 41-бабы).
82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту
1. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықтарын сақтау ниетiнсiз олардан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарта алады.
Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
2. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы меншiк немесе жер пайдалану құқықтарынан бас тартқанын айқын бiлдiретiн iс-әрекет жасаған жағдайда (басқа жаққа кету, учаскенi ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және басқалар), республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлай отырып, бұл учаскенi иесiз мүлiк ретiнде есепке алады.
Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекеттiк меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiне алады. Сот шешiмi бойынша мемлекеттiк меншiкке түстi деп танылмаған иесiз жер учаскесiн қалдырып кеткен оның меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы иеленуге, пайдалануға және билiк етуге қайтадан алуы не ол алу мерзiмiнiң өтуi себептi меншiкке немесе жер пайдалануға алынуы мүмкiн.
Иесiз мүлiк ретiнде есепте болған кезiнде мұндай учаске басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының аталған жер учаскесiн иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтадан меншiкке немесе жер пайдалануға алуға құқығы бар.
Иесiз мүлiк ретiнде есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн тиiстi атқарушы орган жер учаскесiн мемлекет меншiгiне түстi деп тану туралы шешiм қабылдай алады.
83-бап. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу
Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде (осы Кодекстiң 63-бабы) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.
Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дәлелдi себептер болған кезде (дүлей апат және өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 84- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
84-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару
1. Жер учаскесін ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін, бұл мұқтажды басқа тәсілмен қанағаттандыру мүмкін болмаған және мүлікті тең құнымен өтеген жағдайда сот шешімі бойынша мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болады.
2. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі ерекше жағдайлар:
1) халықаралық міндеттемелер;
2) қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;
3) пайдалы қазба кен орындарының (кең таралғандарынан басқасы) табылуы және оларды қазу;
4) жол, электр тарату желілерін, байланыс желілерін, магистральды құбырлар, елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салу, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілерді салу;
5) құлау (қирау) қаупі бар авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу;
6) осы бапта белгіленген ерекше жағдайлардың тізбесіне жататын құрылыс объектілерінің бөлігінде елді мекендердің бас жоспарларын орындау, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың осы баптың 2-тармағында аталғаннан басқа да ерекше жағдайлары көзделуі мүмкін.
4. Уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға шығындар толық көлемінде өтеледі, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 85- бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
85-бап. Жер учаскесiн сатып алу
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
1. Егер меншiк иелерi және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер учаскелерiнолардан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы Кодекске, ал онымен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатып алу туралы шешiм қабылдаған орган жер учаскесiнiң меншiк иесiне немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға бұл жөнiнде осындай учаскенi сатып алудан кемiнде бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осындай хабарлама алған күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 86- бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
86-бап. Мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынуға тиiстi жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқықтары
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы сатып алу туралы шешiм қабылданғаны туралы хабарлама алған кезден бастап, осындай учаскенiң бағасы туралы келiсiм жасалғанға немесе оны сатып алу туралы сот шешiмi қабылданғанға дейiн жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруы және осы учаскені оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығын шығаруы мүмкiн. Бұл ретте жер учаскесінің меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы аталған кезеңде осындай жер учаскесiндегi жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) кеңейтуге немесе қайта жаңғыртуға байланысты шығындар мен залалды өздерiне алуға тәуекел етедi.
Егер жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесiнiң бөлiгi мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылғаннан кейiн қалған бөлiгiн бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкiл жер учаскесi сатып алынады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 87- бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
87-бап. Сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
1. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын жер учаскесiне төленетiн баға, сатып алудың мерзiмi мен басқа да жағдайлары жер учаскесінің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келiсiмiмен айқындалады.
Осы Кодекстiң 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер учаскесінің меншiк иесi мемлекеттен сатып алған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң және мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатынжер учаскесiнiң бағасы (шығынды есептемегенде) мемлекетке төленген сома мөлшерiнде айқындалады.
Мемлекет төлеу мерзiмiн ұзартып сатқан жер учаскесi үшiн сома толық төленбеген кезде (шығынды есептемегенде) және онымемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алған кезде, сатып алынатын , жер учаскесiнiң бағасы мемлекетке төленген соманың мөлшерiнде айқындалады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
2. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасын айқындау кезiнде оған жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың, онда орналасқан жылжымайтын мүлiктiң меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі нарықтық құны, сондай-ақ үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелердiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты өзi шеккен шығындарды қоса алғанда, жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығын толық көлемде қосылады.
Жер учаскесінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
3. Жер учаскесінің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен келісім бойынша оған мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде сатып алынатын жер учаскесінің орнына берілетін жер учаскесінің немесе оған құқықтардың құнын сатып алынатын жер учаскесінің немесе оған құқықтардың меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі нарықтық құнына есептей отырып, басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесі немесе оған құқық мемлекеттен сатып алынуға тиіс болып, бірақ сатып алу жүргізілмеген жағдайларда, жер учаскесінің нарықтық құны бағаға қосылмайды, оның орнына мемлекеттік емес жер пайдаланушыға онымен келісім бойынша құны тең басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 88- бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
88-бап. Жер учаскесiн сот шешiмi бойынша сатып алу
Егер меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы өздерiнен жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесi үшiн төленетiн баға немесе сатып алудың басқа да жағдайлары туралы онымен келiсiмге қол жеткiзiлмесе, сатып алу туралар шешiм қабылдаған жергілікті атқарушы орган сотқа жер учаскесiн сатып алу туралы талап-арыз бере алады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мұндай талап-арыз учаскенiң меншiк иесiне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыосы Кодекстiң 85-бабының 2-тармағында аталған хабарлама жiберiлген кезден бастап бiр жыл өткен соң, бiрақ екi жылдан кешiктiрiлмей берiлуi мүмкiн.
Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы сотта өзінен жер учаскесін (жер пайдалану құқығын) сатып алу туралы жергілікті атқарушы органның шешімін даулауға құқылы.
89-бап. Мемлекет мұқтажы үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою
Мемлекет мұқтажы үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Мұндай шешiмге жоғары тұрған органға не сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. Шағым беру алып қою туралы шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 90- бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
90-бап. Жекелеген санаттағы жердi алып қоюды шектеу
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық және ирригациялық-мелиорациялық, балық шаруашылығы бағдарындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжiрибелiк алаңдарының, орман және су қорларының жерлерiн алып қоюға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындауға, учаскенiң астынан бағалы пайдалы қазбалардың кен орнының табылуына, жол, электр тарату желiлерiн, байланыс желiлерi мен магистральды құбырларды , елді мекендердің ортақ пайдаланудағы инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілерді ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде оларды салуға байланысты ерекше жағдайларда ғана жол берiледi.
91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн уақытша алып қою
1. Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялар, эпидемиялар, iндеттер жағдайында және өзге де төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға олардың шеккен шығыны өтеле отырып, олардан қоғам мүддесi үшiн уақытша алып қойылуы мүмкiн. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының шеккен шығынын өтеу бағасы сот тәртiбiмен даулануы мүмкiн.
2. Төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесi меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) қайтарылуға тиiс және дау туындаған жағдайда ол сот тәртiбiмен оның қайтарылуын талап етуге құқылы.
3. Жер учаскесiн меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға қайтару мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледi.
4. Жер учаскесiн уақытша алып қойған кезде мүлiктi, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi реквизициялау тәртiбi Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормалары бойынша жүзеге асырылады.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 92- бап өзгертілді
92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
Ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесі екі жыл ішінде (егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда, ондай жер учаскесі осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады. Бұл кезенге мұндайучаскенi игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты аталған учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi. Жер учаскелерін игерудің шарттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленеді.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 93- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
Егер жер учаскесін пайдалану осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер жер учаскесі нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, ондай жер учаскесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін, осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.
Төтенше және ырық бермейтін ахуал кезінде (еңсерілмейтін күш әрекеті) туындаған жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекетке келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 94- бап өзгертілді (бұр. ред. қара )
94-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қоютәртiбi
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
1. Меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскесiн осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органыныңталап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
2. Осы Кодекстiң 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейiн кемiнде бiр жыл бұрын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн және осы уақыт iшiнде жер учаскесiнiң меншiк иесi не жер пайдаланушы осындай учаскенi нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда ғана берiлуi мүмкiн.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Кодекстiң 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемiнде үш ай бұрын жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттiгi туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейiн ғана және осы мерзiм iшiнде жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскенi пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берiлуi мүмкiн.
Егер жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскенi нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз бергенге дейiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органы жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтiнiшi бойынша жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе бойынша осындай учаске орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне) ұсыныстар жіберуге мiндеттi. Бұл жағдайда осындай учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешiлмеген кезде ғана талап-арыз берiлуi мүмкiн.
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
4. Осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында аталған негiздер бойынша сот шешiмiмен жер учаскесін меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесiнiң мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу және атқарушылық заңдарында белгiленген тәртiппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.
Сатудан түскен сома, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою шығыстары шегерiле отырып, жер учаскесінің бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттыққа шығарудан сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргізілгеннен кейiн ондай жер учаскесiн немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына қосылады.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді
95-бап. Тәркiлеу
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тәртiбiмен санкция түрiнде өтеусiз алып қойылуы мүмкiн.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшiн қажеттi, сотталған адамға жеке меншiк құқығымен тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, онда үйi мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелерi, сондай-ақ өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн қажеттi жер учаскелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарында көзделген тiзбеге сәйкес тәркiленбеуге тиiс.
Тәркiленген жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкке қайтарылады. Тәркiлеу объектiсi болып табылатын мұндай жер учаскелерi не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатылуы немесе одан әрі пайдаланылуы мүмкiн.
96-бап. Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау
Меншiк немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы нарықтық құны бойынша бағаланады.