Shell/DPM моделі, банктің даму стратегиысын таңдау әдісі ретінде.
Shell/DPM моделі Shell компаниясы өз өндірісінде тиімді қолданып, біршама жетістіктерге жетті, басқа компаниялар да кейіннен осы модельді өз іс-әрекетінде бейімдеп қолдана бастады. Модельдің негізгі идеясы БКГ моделінен алынған, яғни, банктің жалпы стратегиясы соңғы ғылыми-техникалық прогрестерге негізделген бизнестің жаңа әлеуетті түрлерін даиыту арқылы ақшалай шығындар мен тапшылығының арасындағы балансты қамтамасыз етуге жәрдемдесу керек. Shell/DPM моделі ақша массасы босқа жұмсалып жатырған бизнес-аумақтан, болашақта инвестициялық қайтарымы жоғары бизнес-аймақтарға ауыстыруға бағытталған. Бұл модель б/ша бизнестегі ақша ағымдарын оның артықшылығы мен тапшылығы б/ша балансын ұстап тұруға негізделінеді. Яғни, бос қаржы ағымдарын банктегі жаңа перспективалы бағыттарға қайта бөліп отыру. Стратегиялық жоспарлаудың басқа да классикалық модельдері сияқты DPM моделі де абсцисса және ордината осьтерінен тұрады. Х осі банктің бизнес-секторының бәсекеге қабілеттілігін, ал У осі банк қызметтерінің жалпы жағдайының шамасын және сегменттерінің перспективаларын көрсетеді.
Бизнестің өсу қарқыны | 1 | ||
Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі |
1 – өндіріс көлемін 2 есе ұлғайту және бизнесті жабу; тартымды нарықтық сегментте банк әлсіз прзицияға ие. Мүмкін стратегиялар: аталмыш бизнесті инвестициялау немесе одан шығу. Егер банк бизнес-аймақта көшбасшылық орынға күресу мүмкіндігіне ие болса, онда стратегиялық жол-«екі еселену». Ал өзге жағдайда стратегиялық шешім ретінде аталмыш бизнесті қою жолын таңдау керек.
2 – бәсекелік артықшылық стратегияны күшейту; банк тартымды сегментте орташа позицияға ие. Нарық үлесі, қызмет сапасы, сонымен қатар, банк репутациясы айтарлықтай жоғарлығы, банктің көшбасшы болуына мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін банқ өз ресурстарын тиімді орналастыру керек. Мүмкін стратегиялар: көшбасшылық позицияға жету үшін көп мөлшерлі нвестициялау, .
3 – бизнестің сол саласындағы көшбасшылық; нарықтық сегмент тартымды және банк онда тұрақты әрі мықты позицияға ие. Ол көшбасшы: потенциалды нарық үлкен, нарықтың өсу қарқыны жоғары, банктің әлсіз жағы, сонымен қатар бәсекелестер жағынан қауіп қатер байқалмайды. Мүмкін стратегиялар: өзінің басым позицияларын қорғау үшін нарықтық сегменттер өсуі кезінде бизнесті инвестициялауды жалғастыру, үлкен капитал салымы керек, болашақ табыстар үшін инвестициялауды жалғастыру.
4 – бизнесті абайлап жүргізу не өндірісті жартылай жабу;тартымды нарықтық сегментте банк әлсіз позицияға ие. Мүмкін стратегиялар:ешқандай инвестиция; барлық басқару ақша қаражаттарының ағымдарының баланстына бағдарлануы қаажет; берілген позицияда ол табыс әкелмейінше қалу үшін барлық күшін жұмсау;
5 – бизнесті абайлап жүргізу;банк тартымдылығы орташа нарықта орташа позицияға ие. Банктің ешқандай күшті жақтары да, қосымша мүмкіндіктері жоқ; табыстың орташа салалық нормасы жайлап төмендеуде; мүмкін стратегиялар: инвестициялауды абайлап, жайлап жүргізу, ардайым өзінің экономикалық жағдайы туралы толық сатаптама жасап отыру.
6 – өсу стратегиясы;нарықтық сегмент салыстырмалы түрде тартымды, бірақ банк онда күшті позицияға ие. Мұндай банк аталмыш бизнестің өмірлік циклының дамыған фазасында орналасып, көшбасшыға айналады. Нарық жақсы табыс нормасына және нарықта мықты бәсекелестер болмайды, әрі нарық салыстырмалы түрде дамушы немесе тұрақты болады. мүмкін стратегия: өзінің қолындағы позициясын сақтау,
7 – бизнесті жабу стратегиясы; банк тартымды емес нарықта, әлсіз позицияға ие. Мүмкін стратегиялар: бұл клеткаға түскен банк жалпы ақшасын жоғалтады, осындай бизнестен арылу үшін бар күш жігерін салуы қажет.
8 – жартылай жабу стратегиясы; банк тартымсыз нарықта орташа позицияға ие. Мүмкін стратегиялар: банк бұл позицияда айтарлықтай пайда табуы мүмкін емес. Ұсынылып отырған стратегия бизнестің аталмыш түрін дамытуға емес, физикалық активтер мен нарықтағы орнын ақша массасына айналдыруға ұмтылады. Одан кейін барып, өзіндік ресурстарды оданда тиімді бизнес саласын игеруге жұрмау.
9– ақша ағымын генерациялау стратегиясы. Банк салыстырмалы түрде тартымды нарықта, күшті позицияға ие. Мүмкін стратегиялар: бұл клеткадағы бизнес банктің негізгі табыс әкелуші көзі болып табылады. Себебі, болашақта аталмыш бизнесті дамыту қажет емес, стратегия ретінде мардымсыз инвестициялау арқылы, максималды пайда талу.
1-бағыт 2-бағыт