Бап. Айрықша құқықтар беру.

Айрықша құқықтар беру тәртібі және түсінігі

бап. Айрықша құқықтар беру.

1. Осы Заңның 37, 38, 40-баптарында аталған айрықша құқықтарға толық немесе iшiнара жол берiлуi мүмкiн, сондай-ақ олар айрықша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы лицензиялық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн. Мұндай шартқа осы Заңның 32-бабында белгiленген талаптар қолданылады.

2. Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. № 179-IV Заңымен. Ескерту. 40-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 586, 2009.07.10. № 179-IV Заңдарымен.

37-бап. Орындаушының құқықтары

1. Осы Заңда көзделген реттердi қоспағанда, орындаушыға мынадай мүлiктiк емес жеке және мүлiктiк құқықтар:

1) есiмiнiң құқығы;

2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);

3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi.

1-1. Мүлiктiк емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүлiктiк құқықтарына қарамастан тиесiлi және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүлiктiк құқықтарын берген жағдайда да олар өзiнде сақталып қалады.

2. Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша құқықтары мынадай iс-әрекеттердi:

1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;

2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама қайта шығаруды;

3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты немесе қойылымды эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;

4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;

5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) берудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi. Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.

3. Орындаушының осы баптың 2-тармағының 2)-тармақшасында көзделген айрықша құқығы мына жағдайларда:

1) орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының келiсiмiмен жасалған;

2) орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу орындаушылықты немесе қойылымды жазу кезiнде орындаушының келiсiмi алынған мақсатпен жасалған;

3) орындаушылықты немесе қойылымды көшiрмелеу осы Заңның 41-бабының ережелерiне сәйкес жазба жүргiзiлген мақсатта жүзеге асырылған жағдайда қолданылмайды.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған рұқсатты орындаушы бередi, ал ұжым болып орындаған кезде пайдаланушымен жазбаша шарт жасау арқылы сондай ұжымның жетекшiсi бередi.

5. Егер орындаушының эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымымен жасасқан шартында көзделсе, орындаушылықты немесе қойылымды кейiннен беруге, мұндай жазбаны беру мен көшiрмелеу үшiн эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымдарының жазып жүзеге асыруға осы баптағы 2-тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында аталған рұқсат алу талап етiлмейдi. Бұлайша пайдаланғаны үшiн орындаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi де осы шартта белгiленедi.

6. Орындаушы мен дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушы арасында жасалған шарт орындаушының осы баптың 2-тармақтың 1), 2), 3), 4)-тармақшаларында аталған құқықтарды беруiне әкеп соғады. Орындаушының мұндай құқықтарды беруi дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланумен шектеледi және, егер шартта өзгеше көзделмесе, дыбыс-бейнежазу туындысына түсiрiлген дыбыс пен бейненi жеке пайдалану құқықтарын қамтымайды.

7. Орындаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары шарт бойынша басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.

Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 586, 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

38-бап. Фонограмма жасаушының құқықтары

1. Фонограмма жасаушыға өз фонограммасы жөнiнде, осы Заңда көзделгендердi қоспағанда, фонограмманы пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алу құқығын қоса, фонограмманы кез-келген нысанда пайдалануға айрықша құқықтар берiледi.

2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:

1) фонограмманы тiкелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;

2) меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен даналарын таратуды, оның iшiнде импорттауды;

3) фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылған оны таратудан кейiн де фонограмманы прокатқа (жалға) берудi;

4) фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген тәсiлмен өңдеудi;

5) фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткiзудi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiреді.

3. Егер заңды түрде жарияланған фонограмма даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға түсiрiлсе, оларды фонограмма жасаушының келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей одан әрi таратуға жол берiледi. Фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) беру арқылы тарату құқығы сол даналарды меншiктеу құқығына қарамастан фонограмманы жасаушыға берiледi.

4. Фонограмма жасаушының осы баптың 2-тармағында көзделген айрықша құқықтары шарт бойынша басқа адамдарға берiлуi мүмкiн.

Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 586, 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Наши рекомендации