Рт сөндіру құралдары.

Өрт сөндіру құралдары сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларынан, өрт басталғанын хабарлау және оны өшіру құралдарынан тұрады.Өртті хабарлау жүйесі өрт басталғанын анықтау және оның басталуының бастапқы уақытын, орнын және қажет болса автоматты өрт сөндіргіштерді және түтінді аластау қондырғыларын іске қосуға бағытталған. Хабарлау принципіне байланысты хабарлау жүйесі қолмен іскн қосылатын және автоматты болып екі түрге бөлінеді. Автоматты хабарлағыш температураның өзгеруіне, жарықтың таралуына немесе түтіннің пайда болуына байланысты автоматты түрде іске қосылады. Қолмен жұмыс істейтін хабарлағыштар өрт бола қалған жағдайда адам саусағымен арнайы тетікті басқан кезде ғана іске қосылады. Өрт сөндіру құралдары іске қосылу ерекшелігіне байланысты қолмен жұмыс істейтін және автоматты өрт сөндіргіш құралдары болып екі түрге бөлінеді. Өртті сөндіретін заттармен жарақталуына байланысты өрт сөндіргіштердің мынадай түрлері болады:

- сумен жұмыс істейтін өрт сөндіргіштер (спринклерлік, дренчерлік, реактивті су ағыны);

- көбікті (спринклерлік, дренчерлік);

- ұнтақты;

- газбен жұмыс істейтін (СО2-мен, хладонмен, азотпен, су буымен).

Өрт сөндіргіштерді сөндіргіш материалдармен жарақтау өрт қауіптілігіне, өндірілетін өнімге, оларды сақтау және пайдалану ерекшкліктерін қаперге ала отырып таңдалынып алынады.

68. Өндірістік жарақат және кәсіби аурулар өрт жарақат себептерініңӨндірістік жарақат себептерін талдау әдістерін шолу, салалалық экономика, еңбек шарттарын аналогтық топтамасы, жұмыс орнының тұрақтылығы және комфорттылығы, өндірісті механизациялау және автоматтандыру шараларымен келесі кеңінен танылған әдістермен талқыланады: статистикалық (мінетті), топтық, монографиялық және экономикалық (12.1-кесте). Белгілі әдістер мен өндірістік жарақатты талдау әдістері өндіріс қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша тиімді іс-шараларды жүргізу мүмкіндігімен қарастырылады.

Статистикалық әдіс тіркелген сәтсіз жағдайларды талдаумен негізделеді, бірақ та өндірістік жарақат туралы нақты мәндер оның динамикасын зерттеу кезінде негіз ретінде алынбайды. Сондықтан өндірістегі сәтсіз жағдайлардың нақты мәндері кәсіпорындағы жұмыскерлердің саны мен сәтсіз жағдайлардың ауырлығына қатысты болады. Өндірістік жарақаттардың сипаттамасын Статистикалық әдістермен зерттеу кезінде салыстырмаы шамалар, көрсеткіштер қолданылады.

N Nөл.с.ж.. Д

К адам = ––– × 1000, Көл.с.ж = –––––––, К а = –––– ,

P P N

мұндағы: Кж. – жиілік коэффициенті; Көл.с.ж.. – өлімге әкелген сәтсіз жағдайлар саны; Ка – ауырлық коэффициенті; N – есеп беру уақытындағы сәтсіз жағдайлар саны; Д – жұмысқа жарамсыз күндер саны; Р – есеп беру кезеңіндегі кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа саны.

Өндірістік жаақаттардың деңгейін бағалау үшін Кжалпы көрсеткіші қолданылады.

Кжалпы = Кж × Ка

Статистикалық көрсеткіштер сәйкес 10, 100 (1000) жұмыскерге шаққандағы сәтсіз жағдайлардың жиілігімен, оның ауырлығымен сипатталады, бірақ та кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық көрсеткіштерінің негізінде өндірістік жарақат жағдайын обьективті бағалай алмайды. Статистикалық әдістермен зерттеу нәтижелері сәтсіз жағдайдың себептері мен күйі аралығын байланыстыра алады. Алынған статистикалық мәліметтер негізінде кәсіпорынның жекелеген учаскелерінде белгілі бір уақыт ішінде өндіріс қауіпсіздігін жақсарту шараларын ұйымдастыру бойынша оперативті шаралар жүргізіледі. Статистикалық әдістің кемшілігі болып оның сәтсіз жағдайлардан кейін жүргізілуі болып абылады, зерттеулер өндірістік жарақаттан шарттарға қатысты жүргізіледі. Материалдарды статистикалық өңдеу жарақат пен оның ауырлығының көрсеткіштері қандай да бір фактормен болғандығын анықтайды, бірақ та өндірістік жарақаттың пайда болу себебін тереңнен ашып, анықтай алмайды. Статистика «ауырлық орталығын» анықтайды, бірақ сараптамайды. Өндірістік жарақат деңгейін салыстыру мүмкіндігін алу үшін көптеген елдерде Халықаралық еңбекті ұйымдастырумен (ХЕҰ) статистикалық мәліметтерде сәтсіз жағдайлар көрсеткішін және ауырлығын 1000000 адам-сағат қатынасы бойынша ұсынады. рт сөндіру құралдары. - student2.ru рт сөндіру құралдары. - student2.ru

мұндағы: Z – атқарған адам-сағат. жалпы саны.Жарақат ауырлығы көрсеткіштерін анықтау кезінде өлім шығынына әкелген және толығымен мүгедекке әкелген сәтсіз жағдайлар 7500 әрбір жұмыс күнін жоғалту ретінде қабылданады (стандарт ретінде). Сәтсіз жағдай кезіндегі біртіндеп мүгедекдікке әкелетін жұмыс күнінің жоғалуы жұмысқа жарамсыздық шкаласы бойынша белгіленеді, яғни 7500 жұмыс күнінен сәйкес пайызбен қабылданады. Сол себептен, ұсынылған Кж және Ка анықтау реті жұмыс күнінің жалғасуын ан Өндірістік жарақаттарды сандық, сапалық және өндірістік жарақаттың жекелеген экономикалық жақтарын сәйкес сипаттайтын Кж, Ка, Кжалпы статистикалық көрсеткіштерімен талдау өндіріс қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік бермейді. Өндірістік жарақат себептерін талдаудың топтық әдістері, яғни зардап шегу ауырлығына қарамастан сәтсіз жағдайлардың қайталануы «топтық» сәтсіз жағдайлардың белгілі бір шарттарын анықтайды: әртүрлі жекеменшік ұйымдар, экономика салалары, жас шамасы бойынша, өндірістегі сәтсіз жағдайлар кезендегі зардап шегушілердің жынысы бойынша өзіндік талдау береді. Сәтсіз жағдайларды топтық әдіспен талдау уақыт факторы бойынша орындалады: апта күні, тәулік, айлар, сонымен қатар жиі қайталанатын ұйымдық сәтсіз жағдайлардың себептері ескеріледі. Өндірістік жарақат жағдайларын сызбалық кескіндермен топографиялық талдау негізіне сәтсіз жағдайлардың орнын талдау жатады. Топографиялық әдістің маңыздылығына оның стационарлы өндірістерді (шеберхана, кәсіпорын цехтары) қадағалауы болып табылады. Өндірістік жарақат себептерін осы себептердің талдауларымен тереңнен үйрену – зерттеулердің монографиялық әдістерінің негізі болып табылады. Бұл кезде статистикалық әдіс кезінде сәтсіз жайдайларың жинағы зерттеледі, ал монографиялық әдіс кезінде – өндірістік шарттар, күй, технологиялыпроцесс, жабдықтар; сәтсіз жағдайлардың оның санына және ауырлығына тәуелсіз себептері белгіленеді. Монографиялық әдіс болған сәтсіз жағдайдың жағдайын нақтырақ анықтайды, сәтсіз жағдайдың пайда болуына өндірістік қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін дәлелдейді. Монографиялық әдіс сәтсіз жағдайдың алдында жүргізіледі және жұмысшыға потенциалды қауіп төндіруі мүмкін факторларды анықтайды. Бұл әдіс өндірістік жарақаттың алдын алуға мүмкіндік береді. Монографиялық әдіспен зерттеулер жүргізу кезінде өндірістік жарақаттар жіктелінеді. Өндірістік жарақат себептерін жіктеу – талдаудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Өндірістік жарақаттардың себептері бірнеше топтарға бөлінеді: техникалық, ұйымдық, санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық және т.б. Өндірістік жарақат себептерін жіктеу өндіріс қауіпсіздігі бойынша тиімді алдын алу шараларын жасауға қажет. Өндірістік жарақат себептерін талдауларға шолу материалдары бойынша экономика салаларында және денсаулық сақтаудағы қабылданған жіктелінулер өндірістік жарақат себептерінің жалпы жіктемесін береді (12.2-кесте)Сәтсіз жағдайларды зерттеу барысында негізінен техникалық және ұйымдық себептерге көбірек көңіл бөлу керек, яғни өндірісте сәтсіз жағдайлардың 70-80 % негізгі себебі болып табылады. Мысалға, химиялық өнеркәсіптерде талдаулар жүргізгенде барлық сәтсіз жағдайлардың 80 % ұйымдық себептермен байланысты болған. Өндірістік жарақатты 70 автокөлік құралдары кәсіпорындарында тереңнен зерттеу нәтижесінде сәтсіз жағдайлардың 90% ұйымдық-техникалық себептерге байланысты болған.

69. Өндірістік жарақаттарды талдау әдістері. . Мәскеуде 1923 жылы кәсіби ауруларды зерттеу институты ұйымдастырылған, яғни институттың негізгі міндеті кәсіби патологияға талдау жүргізу болып табылады, сонымен қатар тіркеу ережелері мен формаларын жасау, кәсіби аурулар бойынша есеп беруді жасау. Осы мақсатта институт 1923 жылы кәсіби аурулар мен сәтсіз жағдайларды тіркеу бойынша Мәскеу Кеңесінің Үкімімен жоба жасалып, сол жылы бекітілді. Үкімде міндетті тіркеуге келесі шарттар жатады деп қабылданды:

- Қорғасынмен, сынаппен, фосфор, мышьяк және мышьякқұрамды сутегімен, хлормен, күкірт қышқылымен және күкіртсутегімен, азот қышқылымен, бензол және басқа да өнеркәсіптік улармен уланған күшті және созылмалы кәсіби уланулар;

- Химиялық заттардың қысқа мерзімде және созылмалы әсерінен пайда болған терінің күшті және созылмалы зақымдануы;

- Кәсіби зияндылық әсерінен әртүрлі ағзаның және жүйенің аурулары, мысалы алғанда, есту мүшелерінің нашарлауы (от жағушылардың, қазандық мамандарының саңылаулығы), көз аурулары және т.б.;

- Кәсіби жұқпалы аурулар: сібір ойығы және маңқа.

Қазіргі таңда кәсіпорындарда жұмысшылардың ауруын талдау медициналық көмекке жүгіну мәліметтері бойынша жедел статистикалық материалдар бойынша жүргізіледі (анықтама немесе сырқаттану парақшасымен тіркелу керек).Мекемеде жалпы ауруды талдау келесі көрсеткіштермен жүргізіледі: Кәсіби уланулар немесе аурулар қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінің нәтижесінде болуы мүмкін. Кәсіби уланулар зиянды заттармен демалған кезде, тері арқылы сіңіп және де ас қорыту жолы арқылы ішке түсуі мүмкін. Қысқа мерзім аралығында пайда болған (бір ауысым немесе тәулік) кәсіби уланулар мен кәсіби аурулар күшті деп аталады, ал ұзақ мерзім ішінде пайда болса, онда – созылмалы деп аталады.Кәсіби аурулар (уланулар) экономика салаларында келесі көрсеткіш бойынша анықталады:Кәсіби ауруларды талдау кезінде оның даму себептерін білу өте маңызды, әсіресе: жұмыс орындарындағы технологиялық процестер мен жабдықтардың жетілдірілмеуі; технологиялық регламенттен шығуы; қажетті санитарлы-технологиялық құрлғылардың болмауы ,ана емес, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарының болмауы; өндіріс жұмыстарының қауіпсіздігі ережелерінің, еңбек режимінің және демалысының бұзылуы.Экономика салалары қатарында ұзақ мерзім ішінде жұмысшылардың еңбек жағдайымен анықталатын кәсіби аурулар да бар. Экономиканың барлық салаларынындағы еңбек шарттары тек қана жұмысшыларға жүйке-эмоционалдық күштің түсуімен ғана байланысты емес, сонымен қатар өндірістік операциялар қатарының бір сарыныдығымен, статикалық жүктемелер шамасының ұзақ мерзімділігімен де байланысты. Жүйке-эмоционалдық жүктеулер өндірістік бөлмелерде шу, діріл, шаңдану, газданумен бірге невроз, гипертониялық және ишемиялық аурулаға алып келеді. Қазақстанда кәсіби аурулар мен улануларды «Кәсіби аурулар тізімі»-мен міндетті түрде тірку ендірілген. «Кәсіби ауруларлар тізімі» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген және көптеген елдерде қолданылады. Оны қолдану нұсқауы бойынша бұл негізгі құжат болып табылады. «Кәсіби ауруларлар тізімі» кәсіби ауруға диагноз қоярда, оның жұмысы мен қызметіне байланысты екендігін анықтауда, еңбекке жарамдылығын тексеру сұрақтарын шешуде, медициналық және еңбек реабилитациясын, сонымен қатар жұмысшының жұмысын атқару барысындағы алған денсаулығына келген зардаптарға қатысты материалдық шығындарды қайтаруда қолданылады. «Тізім…»-ге зиянды факторлардың әсерімен болған кәсіби аурулар, сонымен қатар белгілі бір кәсіби фактордың және басқа да кәсіби емес факторлардың әсерінен болған ағзадағы өзгерістер (бронхит, аллергиялық аурулар, катаракт және т.б.) қосылған.Кәсіби ауруларға кәсіби аурулар түрінде дамитын ауруларды да жатқызуға болады (мысалы, пневмокониоз және шаңды бронхиттің әсерінен болатын өкпе рагі).

70. Жұмыс жарамсыздықтың экономиқалық зардаптары. Жұмысқа жарамсыздықтың экономикалық зардаптары. Кәсіби аурулар және өндірістік жарақат жағдайлары еңбекке жарамсыздықты қалыптастыру мен еңбек қызметін атқаруда әртүрлі шарттармен сипатталады. Еңбек өнімділігін төмендететін кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар кезінде зиянды өндірістік фактормен байланысты емес (мысалы, шаңмен) басқа жұмыс түріне, физикалық тұрғыдан алғанда жеңілдеу жұмыс түріне ауыстыру керек. Еңбекке жарамдылықты төмендететін және мүгедектікке әкелген аурулар мен жарақаттар кезінде пенсия төлеу қажет, ал өлімге әкелген жағдайда жанұясына жәрдемақы төлеу талап етіледі.Әр жағдай бойынша экономикалық шығындар:П = О + С + У ,мұндағы: О – ұйым шығыны; С – әлеуметтік ұстаулап; У – шартты шығындар.Бір жағынан экономикалық шығынды келесі топтарға бөлуге болады: Н–1 формасы актісі бойынша толтырылған және Птр. жарақатпен болған шығындар; Пмт.микрожарақатпен болған шығындар; Пз. кәсіби аурулармен болған шығындар және Пк. зиянды өндірістік факторлармен байланысты өтемақыға кеткен шығындар:П = Птр. + Пмт. + Пз. + Пк.Сәтсіз жағдайлармен жарақаттану кезінде өндірістік шығындардың шартты жалпы суммасы Утр зардап шегушінің жұмысқа шыға алмауымен байланысты өндірістік шығынмен У1тр. Және жұмыстық жабдықтардан жарақат алу нәтижесінде өндірілмеген өнім құнымен У2тр. сарапталады:

Утр. = У1тр. + У2тр.Кәсіпорынның экономикалық шығыны Отр. бұл жағдайда бұзылған материалдар құнымен О1тр., бұзылған жабдықтар, құралдар және қираған ғимараттар құнымен О2тр.; қайта жөндеу жұмыстарының құнымен О3тр есептеледі, сонымен қатар сырқаттану парақшасының төлемдері О4тр., кәсіби еңбекке жарамсыздықтың төмендеуі болған жағдайдағы қосымша төлемақылар О5тр., мүгедекке әкелгенде немесе өлімге әкелгендегі пенсия төлемдері О6тр., зардап шегушінің біліктілігін қайта жетілдіруге кеткен және жаңа жұмысшыны оқытуға кеткен шығындар О7тр. жатады.Осыған байланысты ұйым шығындары:

n

Отр. = ∑ Оiтр

i=1

Әлеуметтік төлемдер Стр., амбулаторлық емделулер бағасымен С1тр., клиникалық емделулер С2тр., зақымдану бойынша мүгедекті әлеуметтік сақтандыру құралдарынан бөлінетін пенсия төлемімен С3тр., санитарлық-шипажайлық емделулерге кеткен шығындармен С4тр.есептеледі.

n

Стр. = ∑ Ciтр

i=1

Н-1 актісімен рәсімделмеген микрожарақаттар және жұмысқа жарамсыздық шығынына әкелмеген жарақаттар өз кезегінде кәсіпорынға алғашқы көмек көрсету, зардап шегушіні басқа жеңіл жұмыс түріне белгілі бір уақытқа ауыстыру, әріптестердің еңбек өнімділігін төмендетумен, қайта жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды қайта жарақтандыру шығындарына алып келеді. Кәсіби аурулармен байланысты экономикалық зардаптар Пз., басты үш құрам бойынша есептеледі –Оз.ұйым шығын, Уз.шартты шығын және Сз әлеуметтік ұстаулар.Жеткілікті дәлдік дәрежесімен өндірістің шартты шығындарын жұмыс сағатында өндірілетін Р өнімнің орташа құнымен, запдап шегушының аурумен байланысты Т жұмыс уақытының жоғалуымен анықтауға болады:Уз. = РТ.

Зиянды өндірістік факторлармен байланысты Пз. экономикалық жоғалулар қосымша арнайы тағам, жеке қорғаныс құралдарын, қысқартылған жұмыс күндерін ендіру, қоысмша еңбек демалыстары мен ауысым ішілік үзілістерді, зейнетке шығу үшін аз еңбек өтілін құрайды.

71. Сәтсіз жағдайларды зардап шегушілерге көрсетілетін алғашқы көмек. Алғашқы көмек (first aid) – бұл қарапайым медициналық шараларды енгізетін кешенді көмек түрі, ол жағдай болған жерде және сәтсіз жағдайлар маңында, ТЖ, ТЖ қатысушылардың кенеттен ауруы немесе сәтсіз жағдайларды табельді және қол құралдарын өздігінен және басқалар көмегі ретімен қолдану болып табылады.Осындай көмектің мақсаты – сәтсіз жағдайларда зардап шегушілердің өмірін және ден саулығын сақтау немесе кенеттен пайда болған ауруларға медицина мамандарының алғашқы көмек көрсеткенге дейінгі көмек көрсету болады. Қазіргі кездегі алғашқы көмекті көрсетудің жарақат салдарының ауырлығын төмендету, зардап шегу арасында мүгедектер деңгейінің төмендеуі, жарақат алғаннан кейін қайта дамыту уақытының қысқаруы және ол жәбірленушінің бұрынғы сол жұмысқа қайтару мүмкіндік береді.Тәжірибеде көрсетілгендей жарақат алған алғаш минуттарында негізгі болып табылады және ауырлық салдарын және жарақат нәтижесі анықталады. Бүкіл Әлемдік Ұйымдық ден саулық сақтау мәліметтері бойынша өлгендер санының 20 % қазіргі алғашқы көмек көрсету салдарынан құтқарылуы мүмкін. Жарақаттан зақымданғандардың көбісі тасымалдау кезінде өледі және тіпті медициналық мекемелерде алғашқы көмек көрсетілмей уақыт өтіп кетуіне байланысты олда өлімге алып келуі мүмкін. Алғашқы көмек көрсетілмегендіктен ауыр жарақат салдарынан тәжірибе жүзінде шокқа қарсы шаралар жарақаттан кейінгі жүргізілген жақын уақытта өлім санын 25-30% төмендетіледі.Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетудің ең ойтайлы уақыты жарақат алғаннан кейінгі 30 минут ішінде көрсетілуі.Зардап шегушіге көрсетілген алғашқы көмектің барлық шараларды ескеру түрлеріне және зардап шегушінің жағдайының апуырлығымен жүргізіледі.Жағдай болған жерде медицина қызметкерлері келгенге дейін ереже бойынша алғашқы көмектің келесі шаралары жүргізілуі мүмкін:

- қарапайым жүрек-өкпе реанимациясы (өкпені жасанды желдету, тік емес жүректі уқалау);

- жоғарғы дем алу жолдарынан бөгде заттарды алып тастау;

- қан ағуының уақытша тоқтатылуы;

- әр түрлі таңғыштарды таңу;

- ауруды басатын және жүрек дәрілерін қабылдау;

- жабық жарақаттарда және күйіктерде зақымданған дене бөліктерін суыту;

- зардап шегушіге көлік жағдайын қамтамасыз ету;

- зардап шегушілерді медицина мекемелеріне тасымалдау (қажетінше).

Алғашқы көмек көрсетушілерге ұсынылатын талаптар. Алғашқы көмек көрсетушілерге ұсынылатын талаптар. Зардап шегушіге алғашқы көмекті сапалы түрде көрсетуші мыналарды білу керек: көмек көрсетуде әсер ету реті; адам ағзасының ең маңызды функциясының бұзылуының негізгі салдары; алғашқы көмек көрсетудің әдісі және ережелері; көмек көрсетудегі әсер ету алгоритмы және зардап шегушінің әр түрлі жарақат алғанда көлікпен тасымалдау.

Алғашқы көмек (first aid) – бұл қарапайым медициналық шараларды енгізетін кешенді көмек түрі, ол жағдай болған жерде және сәтсіз жағдайлар маңында, ТЖ, ТЖ қатысушылардың кенеттен ауруы немесе сәтсіз жағдайларды табельді және қол құралдарын өздігінен және басқалар көмегі ретімен қолдану болып табылады.Осындай көмектің мақсаты – сәтсіз жағдайларда зардап шегушілердің өмірін және ден саулығын сақтау немесе кенеттен пайда болған ауруларға медицина мамандарының алғашқы көмек көрсеткенге дейінгі көмек көрсету болады. Қазіргі кездегі алғашқы көмекті көрсетудің жарақат салдарының ауырлығын төмендету, зардап шегу арасында мүгедектер деңгейінің төмендеуі, жарақат алғаннан кейін қайта дамыту уақытының қысқаруы және ол жәбірленушінің бұрынғы сол жұмысқа қайтару мүмкіндік береді.Тәжірибеде көрсетілгендей жарақат алған алғаш минуттарында негізгі болып табылады және ауырлық салдарын және жарақат нәтижесі анықталады. Бүкіл Әлемдік Ұйымдық ден саулық сақтау мәліметтері бойынша өлгендер санының 20 % қазіргі алғашқы көмек көрсету салдарынан құтқарылуы мүмкін. Жарақаттан зақымданғандардың көбісі тасымалдау кезінде өледі және тіпті медициналық мекемелерде алғашқы көмек көрсетілмей уақыт өтіп кетуіне байланысты олда өлімге алып келуі мүмкін. Алғашқы көмек көрсетілмегендіктен ауыр жарақат салдарынан тәжірибе жүзінде шокқа қарсы шаралар жарақаттан кейінгі жүргізілген жақын уақытта өлім санын 25-30% төмендетіледі.Алғашқы көмек көрсетуші мыналарды жасай алу керек:

- жарақатқа алып келетін жағдайды дұрыс және тез бағалау;

- зақымданудың ауырлық дәрежесін бағалау және жарақат түрін анықтау;

- зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету шараларын нақты және тез көрсету шешімдерін қабылдау (қажетті алғашқы көмек көрсету шараларының көлемін және оларды жүргізу ретін анықтау);

- жоғары дем алу мүшелерінің өтімділігін қайта дамыту (жоғары дем алу мүшелерінен бөгде заттарды жоюды меңгере білу);

- жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу (өкпеге жасанды желдетуді және жүрекке тікелей емес уқалауд орындау);

- әр түрлі әдіспен қанның ағуын тоқтату (гжутпен, басып тұратын байлаумен, тамырды саусақпен басып тұру және т.б.);

- бас, мойын, кеуде, іш жарақаттанған кезде әр түрлі байламдарды таңу;

- зардап шегушіні тасымалдау кезінде табельді және қосымша материалдарды пайдалану;

- уланғанда, күйгенде, үсігенде алғашқы көмек көрсету

73. Жапа шегушінің жағдайын бағалау. Жапа шегушінің жағдайын бағалау. Зардап шегушінің қаншалықты ауыр деңгейі мен жағдайын анықтау үшін оны жақсылап тексеру керек, сұрау (мүмкін болса) және зардап шегушіні қауіпсіз тексеру (бас, дене).Бұл жарақаттың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді және оның адам өміріне, қауіптілігін бағалауға мүмкіндік береді (сүйек сыну, жарақат).Адам өміріне қауіп зардап шегушінің зардабы арқылы анықталады.Жүрек соғысы мен дем алысының тоқтауы – бұл зақымданушының ең қауіпті күйі деп есептелінеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы өмірлік-маңызды функцияларды тексеру міндет болып табылады (осы үшін қолданылатын уақыт 10 с құрайды).Осылар үшін мыналар қажетті:Есін бағалауЗақымданушының есін білетін,и білмейтінін анықтау үшін иығынан түртіп, не болмаса қатты дауыпен «көзіңді аш» деп айғайлауға болады.Егер зақымданушы бұл әрекеттерге реакция бермесе онда ол есін білмейді деген сөз.2. Дем алу жолын анықтау

Дем алуды анықтау кеуде қуысының қимылына қарап, және жоғарғы дем алу жолында ауаың қозғалысын байқау (бетіңді дем жолындағы мүшеге жақындату).

Дем алу тоқтаған кезде: кеуде қуысы көтерілмейді, зақымданушының ауыз және мұрын қуыстарында ауа қозғалысы сезілмейді.

1. Жүрек соғысын бағалау.

Қан тамырларында жүрек соғысының байқалмауы – жүректің жұмысы істеуінің тоқтауының нақты көрінісі болып табылады. Мойынның бір жақ бүйірінен соғыс анықталады.

Бұл үшін ортаңғы және сұқ саусақтарды зардап шегушінің өңешіне қойып тексеру керек. Содан кейін бір жағына жылжытады және ақырындап сойынды 5-10 секунд ішінде саусақтың жұмсақ жерімен басып тұрады (слайд 4.5.5).

Жүрек тоқтағанда, ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Зардап шегушінің өміріне ауыр жағдайлар қауіпті. Төтенше жағдай болған жерде, сипаттық жағдайына байланысты қан жоғалту, бас ауруы, омыртқа, кеуде, асқазан, ірі сүйектердің сынуы, үлкен көлемді күюлер, әр түрлі уланулар тағы басқалары анықталады.

Жеке дене мүшелерінің жарақаттану жиілігі бірдей емес. Мысалы, көбінесе бас сүйегінің жарақаттануы болады.

Ірі көлемді жарақат әсерінен зардап шегушінің жағдайын тез анықтауға көмектеседі.

Ол үшін:

1. Зардап шегушінің қай жерінің ауырғанын (бұл мәліметті білу үшін, куәгерлерден сұрау керек) және шағымын (зардап шегуші өзі нұсқау көрсетеді) анықтау керек.

2. Қан кету, күю, терінің беткі қабаттарыныңі жарақаттануын және т.б. жағдайларды анықтау керек.

3. Дененің құрылысын және формасының симметриялығын анықтау (мысалы, зардап шегушінің дені сау адаммен салыстыру).

4. Денесіне және жұмсақ тканьдерге көңіл бөліндер, терінің және буынының және т.б. қарау керек.

74. Жұмыс орнында еңбекті қорғау қызметін ұйымдастыру. Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау. Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау перспективті, ағымды және оперативті болып бөлінеді.Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлаудың негізгі түрі - ол еңбек жағдайын жақсартудағы комплексті жоспарларды және санитарлы - қалпына келтіру шараларын әзірлеу. Комплексті жоспарлау еңбек жағдайы бойынша жұмыс орнын аттестациялау, олардың санитарлы - техникалық жағдайлары, өндірістік жарақаттану және кәсіби ауруларды талдау материалдары бойынша әзірленеді. Еңбекті қорғау шаралары ұжымдық келісім шарт - ол органдар мен ұйымдарда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек, әлеуметті- экономикалылық және кәсіби арақатынасты реттейтін құқықтық акт. Еңбекті қорғау келісім шарты жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдерінің арасында әр бір жылы жасалады. Еңбекті қорғау келісім шарт - ол еңбек жағдайын жақсарту бойынша жоспарлау және шараларды жүргізу міндеттемелерін қамтитын құқықтық акт. Шартта қамтылатын ережелер:- еңбек жағдайы және төлемі, жұмыс және демалу режимі туралы;-баға өсуі және инфляция деңгейінің нәтижесінен еңбекті төлем ақысын реттеу механизмі туралы;- еңбек жағдайы бойынша өтемақы төлеу туралы;- өндірісте жұмысшылардың денсаулығын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру;- жұмысшыларды және отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау бойынша арнайы шаралар туралы.Келісім шарт екі жақты қол қою күнінен немесе келісім бойынша күннен бастап күшіне енеі. Оның қолдану мерзімі үш жылдан аспауы қажет.Келісім шартқа өзгертулер және қосымшаларды қосу екі жақтың келісімі бойынша құрылады. Келісім шарттың орындалуы екі жақтан немесе олардың тағайындалған өкілдері бақылайды.

Наши рекомендации