Курстың қысқа мазмұны

Аржы-экономикалық факультет

Экономика кафедрасы

Халықаралық экономика» пәні бойынша

С И Л Л А Б У С

В050900 Қаржы, 5В050800 Есеп және аудит, 5В050700 Менеджмент, 5В051100 Маркетинг, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр:3

Кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат саны: 45, соның ішінде

Дәрістер: 30

Іс-тәжірибелік сабақтар: 15

СӨЖО: 45

СӨЖ: 45

Емтихан:3

Талдықорған 2015 ж

Оқытушы туралы мәлімет: Казиева Лаура Жеңіс қызы

Экономика кафедрасының аға оқытушысы

Жұмыс стажы: 19 жыл, Е-mail: [email protected]

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: кәсіпорын экономика

Курстың қысқа мазмұны

Бұл пән «Экономика деңгейлерін зерттеу» модулінің таңдау компоненті.

«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен қызметтердің, капиталдардың, жұмысшы күші мен технологиялардың халықаралық айырбасы саласында әр түрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық субъектілердің өзара әркеттесуі саласы. Бұл пәнде қарастырылған маңызды мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады.

Халықаралық экономиканың әдіснамасы негізінде неоклассикалық ережелерді талдау және оларды экономикалық тепе-теңдіктің басты идеясымен синтездеу қағидалары жатыр. Халықаралық экономикада қолданылатын модельдік және категориялық аппарат «Макроэкономика» және «Микроэкономиак» пәндеріндегі талдау әдістері мен категорияларына сәйкес келеді. Дегенмен де, халықаралық экономикадағы көптеген заңдар, заңдылықтар мен ережелер көптеген пікірталастарды туындатып отыр. Бұл осы ғылымның әлі де болса жас екендігін, сонымен бірге бүкіл әлемдік шаруашылық өзгерістердің жедел қарқынының айқындайды.

Пәннің мақсаты – халықаралық экономиканың құрылымын, оларды жүзеге асырудың механизмi, қазiргi таңдағы дамуының тенденциялары мен ерекшелiктерiн қарастыру.

Курстың міндеттері:

Қазіргі кездегі халықаралық экономиканың мазмұның, негізгі нысандарын және даму тенденцияларын, әлемдік шаруашылық жүйесіндегі өсіңкілік өзгерістер жағдайындағы әлемдік нарықтағы Қазақстанның орны мен болашағы;

Студенттерге жаңа ойлау қабілетін және алған білімдерін ары қарай келешек тәжірибелік қызметінде қолдану қабілетін қалыптастыру. Халықаралық экономика курсын меңгеру процесінде студенттер әлемдік шаруашылықтың мәні мен құрылымын, оның қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын; әлемдік нарықтың таңдауын, ерекшеліктері мен құрылымын, халықаралық сауданың даму факторлары, капиталдың халықаралық миграциясы, капиталдың шетке шығару себептерін, халықаралық валюта-қаржы қатынастарын және тағы басқаларды түсінуі тиіс.

Пәннің бағдарламалық мазмұны төрт модульда көрсетілген.

Курс бойынша талаптар:

«Халықаралық экономика» курсын зерделеу нәтижесінде студенттер:

Халықаралық сауда, капитал мен жұмысшы күшінің халықаралық қозғалысы, сонымен бірге халықаралық валюталық және қаржылық қатынастар саласындағы теориялық және тәжірибелік мәселелердің мәнісін; қазіргі кездегі халықаралық экономиканың логикасын; даму бағыттары мен тенденцияларын түсінуі тиіс;

Халықаралық экономикалық қатынастардың әрекет етуі мен даму заңдылықтарының негізгі принциптерін білуі тиіс; елдің дамуы үшін оның халықаралық экономикалық қызметке қатысуының оң және теріс әсерлерін сауатты түрде бағалай білуі тиіс;

Үкімет жүргізіп отырған сыртқы экономикалық саясаттың болашағы мен салдарын талдай және бағалай білуі тиіс; алған білімдерін ҚР сыртқы экономикалық байланыстарын және кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру мен басқару ісінде қолдана білуі тиіс.

Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:

негізгі құзырылықтар:

- әлемдегі еңбек, қаржы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстарды талдау білу;

- білімді тәжірибеде пайлануды білу;

- кәсіби әрекеті аясына байланысты халықаралық экономикалық мәселелерді анықтауды білу;

пәндік құзырлықтар:

- әлемдік шаруашылықтың салалық құрылымын экономикалық талдауда білімді падалана білу;

- ХХI ғасырда әлемдік экономиканың даму үдерісін өзбетінше талдай білу;

- елдерді жіктеу білу;

арнайы құзырлықтар:

- еркін кәсіпкерлік әрекетінде алынған білімдерді пайдалана білу;

- жаһандану және интернационализацияны есепке алғанда экономика саласында тәжірибелік сұрақтардың кәсіби шешімін беру.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріп жүйесі Цифрлік эквивалент Пайыз Дәстүрлі баға
А 4,0 95-100 ӨТЕ ЖАҚСЫ
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
С 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0-49 ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы ОСӨЖ тапсырмаларын орындау белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) Әр сабақта
СӨЖ 1     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   15 апта

Курс саясаты

Кредиттік технология бойынша студенттердің оқу жұмысын жүйелі және үнемді пайдалану үшін семестр барысында білімді рейтингті бақылау түрі қолданылады.

Құрметті студент, егер Сіз кешікпей сабаққа қатысатын болсаңыз, бүкіл сабақтарға дайындалатын болсаңыз, сабақтарда белсенді жұмыс істейтін болсаңыз, бүкіл тапсырмаларды сапалы және уақытына сай орындасаңыз, бақылау іс-шараларының календарлық кестесінде көрсетілген максималдық балл жинайсыз.

Сізге оны жеке тапсырма ретінде және оқытушының ұсынған уақытында орындау мүмкіншілігі беріледі.

Орынсыз себеппен сабақта немесе бақылау шараларына қатыспау, сонымен қатар кешігу жіберілмейді. Бұл талаптарды бұзу жағдайында оқытушы студентке сабақ үшін баллын 0-ге дейін түсіруге құқылы.

Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз сұрақтар арқылы, үй жұмысын тексеру арқылы, топпен жұмысқа қатысуыңыз арқылы тексеріледі. Егер Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда тек Сіздің сабаққа қатысуыңыз ғана бағаланады.

Қосымша тапсырмалар орындағаны үшін, олимпиада, конференцияларға қатысқан студенттерге бонус балдар беріледі.

Әр бір пәннің рейтинг қорытындысы 100 – балдық жиынтық бойынша бағаланады. Әрбір пән үшін келесі бақылау түрлері тағайындалған: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Аралық бақылау белгілі блок материалы бойынша жазбаша сұрақтармен өткізіледі.

Аралық бақылауды бағалау 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Ағымдағы бақылау және аралық бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады

R= (R1 + R2)/2

Қорытынды емтихан – құрама емтихан болады, билеттерде 2 сұрақ және 1 тапсырма мәтінді аудару. Әрбір пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылау, олардың үлес салмақтарын ескере отырып, бағаларынан тұратын қорытынды бағамен анықталады

I = R*0.6+E*0.4

Емтихандарда немесе жазбаша жұмыстарды орындау кезінде бір-бірінен көшіруге болмайды.

Сізге «Халықаралық экономика» курсын табысты оқуыңызды және жоғары нәтижелерге жетуіңізді тілеймін.

Наши рекомендации