Мкөл кен орнының ұңғы өнімін жинау және дайындау жүйесінің жұмыстарын талдау

Кен орынды игеру жағдайларын, мұнай мен газды өндірудің жобалық динамикасын, пайдалану тәсілі мен өндіру ұңғыларындағы сағалық қысымдарды, мұнай мен газдың құрамы мен қасиеттерін және қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып келесі талаптар қойылады:

- мұнай мен газды тасымалдау және жинауды герметизациялау;

- тауарлық өнімнің сапасын қамтамасыз ету;

- мұнай мен газдың ағысымен келетін артық энергияны рационалды қолдану;

- мұнай мен газды жинау және дайындау процестерін үйлестіру;

- күрделі және пайдлану шығындарын азайту;

- негізгі технологиялық процестерді автоматтандыру және телемеханикаландыру;

- қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау;

Участоктегі ұңғылар өнімін сағадан автоматтандаралған топтық өлшеу қондырғыларына дейін кәсіпшілік ішінде тасымалдау бір құбырлық герметизацияланған арынды жүйе бойынша іске асу керек.

Өткізгіштік қабілеті 400 м/тәул, сұйықтық бойынша өлшеу шегі

5-400 м/тәул, жұмыстық қысымы 4 МПа Спутник АМ-40-14-400П типі автоматтантаралған топтық өлшеу қондырғыларында сұйықтық пен газдың шығымы өлшеу және кәсіпшілік мұнай дайындау жүйесіне айдау іске асырылады.

Автоматтандаралған топтық өлшеу қондырғыларынан сұйықтық мұнайды дайындау участогіне жеткізіледі.

2.3-сурет. Мұнай және газды кәсіпшілікке дайындау қондырғысының сызбасы

Негізгі технологиялық қондырғы

Мұнайды дайындаудың технологиялық қондырғысына келесі технологиялық жабдықтар кіреді:

ұңғылардың өнімін есепке алатын өлшегіш қондырғы – 1 дана (қолданыстағы);

газсұйықтық сепараторы (қолданыстағы);

шикізаттық резервуарлар–схемасының қуатына байланысты (қолданыстағы);

шикі мұнайды қыздыру пештері (қолданыстағы);

массаауыстыру контактысы – 2 дана;

аралық сыйымдылық;

тауарлық парк;

дренаждық су резервуары.

Қосымша технологиялық жабдық:

электрожабдықтар;

технологиялық процесті басқару және бақылауға арналған құралдар мен жабдықтар;

құбырлар және арматура;

сораптық қондырғылар;

деэмульгаторларды дайындау және дозалау жүйесінің қондырғылары.

мұнайды дайындау қондырғыларында қолданылатын жабдықтар

Блоктық автоматтандырылған деэмульсаторлар

Біздің елде және шет елдерде қолданылатын БАД олар кеңістікте орналасуының және эмульсияны бұзу принципінің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты келесі түрлерге топталуы мүмкін .

Тік деэмульгаторлар кіші кен орындарын және жекелеген кіші участкілерді орнықтыру кезінде кәсіпшілікте мұнайды дайындаудың әлемдік тәжірибесінде кеңінен қолдау тапты. Тік орындалудағы мұнай дайындау аппараттары мұнай жинау пунктерін тұрғызуға кететін (теңіз кен орындары, батпақты аудандар және т.б.) мұнайды жинау мен дайындау жағдайлары кезінде едәуір артықшылықтарға ие. Бір қатар шет елдерде, соның ішінде бірінші кезекте АҚШ компановкасымен, өлшемдерімен, соны мен қыздырушы түрімен және интинсификация құралдарымен (коалесерлеуші сүзгілері, электродтар және т.б.) ерекшеленетін тік деэмульсаторлардың көптеген түрлерін шығарады. Тік деэмульсаторларының көлемі 5-ден 80 м3 аралығында болады. Бұл аппараттарының сепарациялау, қыздыру және сусыздандыру бөлімдері (оймақтары) бар олар, ереже бойынша ыстық құбыр астында, тесілген бөгеттерде, сөрелерде немесе тұну бөлімінде эмульция ағынының қажетті таралуын қамтамасыз ететін басқада құрылғылармен және эмульсия таратқыштар мен жабдықталады.

Тік деэмульсаторларының бірі қатар кемшіліктері бар: өнімділігінің аздығы, ысыған мұнайдың күшті конвективтік ағындарына бойланысты тұну бөлімінде эмульсияның нашар таралуы.

Көлденең сепараторлар. Блоктың қондырғылар келесі типте шығарылады: УДО-2м, УДО-3, УДО-1500/6, СП-1000, СП-2000, “Тайфун” 1-400, ДГ-2500, ДГ-6300, БН-М және т.б. Барлық осы аппараттардың ішінен УДО-3 типті дэмульсаторлар кеңінен қолдау тапты.

Дэмульсатор УДО-3 қыздыру блогынан , тұндыру блогынан және БӨА блогынан тұрады. Қыздыру мен тұндыру блоктары тік бөгетшелермен бөлінген диаметрі 3,4, м болатын көлденең цилиндрлік корпуста орналасқан.

Құрамында деэмульсатар бар мұнай эмульциясы алдын-ала жылу алмастырғыштарда қыздырылғанымен кейін жоғарғы жағынан құбырша арқылы қыздыру бөліміне келіп түседі, ол цилиндрлік бөгетшемен, ені қуысқа бөлінген сыртқы ішкі. Ішкі қуыста V-тәріздес қызу құбырлары орналасқан.

Мұнай эмульсиясы бөгетшенің төменгі ойықтары арқылы І бөлімге келіп түседі, онда ол қызу құбырларында газды жағу есебінен 600 С дейін қыздырылады. Қыздырылған эмульсия бөгетене арқылы құйыла отырып, бөлу коллекторы бойынша тұну бөліміне келіп түседі, адам ол аппараттың барлық (бүкіл) қимасы бойынша науалардың (желобов) көмегімен бір қалыпты су қабатшасы арқылы өтеді де, таза мұнай жинауышына барын түседі, ол жақтан арнайы тік бұрмалармен және таза мұнай коллекторынан клапан арқылы аппараттан шығарылады.[6]

Аппараттың қыздыру бөлімінде мұнайдан бөлініп шыққан газ, алдымен сепараторға , содан кейін гидрожапқыш (барботер) арқылы ІІ бөлімге барып түседі. Екінші бөлімінен газ сепараторға жиналады. Одан “өзіме дейін” қысым реттеуіші арқылы газ желісіне бағытталады. Су аппаратан деэмульсатердың төменгі жақ бөлігіндегі құбырша арқылы шығарылады.

Реэмульсациялық қондырғылардың механикалық сипаттамалары

Суланған мұнай қыздыру мен сусыздандырудың (немесе тұзсыздандыру) технологиялық процесстерін бір аппаратта орналастырудың бір қатар белгілі-бір артықшылықтары мен бірге бір қатар кемшіліктері де бар:

салыстырмалы онша үлкен емес жылулық қуаты, мен өнімділігі;

бір аппаратта қыздыру және тұндыру блоктарын орналастыру техникалық бұзылулар немесе блоктардың біреуінде технологиялық қиыншылықтар кезінде тоқтап қалуға және жөндеу жүргізуге үшін қондырғыны толық сөндіруге әкеп соқтырады. Сондықтан ЦППН қалыпты және дұрыс жұмыс істеуі үшін тағы да бір осындай қондырғыны сақтап қою қажет, бір-ақ соның өзінде де олардың әр қайсысынан кейін колдықандық мұнайды алумен ағындарды аппарат бойынша тарату қиыншылығы (проблемасы) туындайды.

Осыған байланысшы қыздыру мен тұндырудың жекеленген блоктары жасалынған және өндірісте шығарылады.

Блоктық автоматтандырылған қыздырғыштар

Қыздыру блоктары терең сусыздандыру аппараттарының алдында және мұнайды дайындау қондырғыларындағы мұнай эмульсиясын қыздыруға арналған.

Қыздыру блогының мынадай модификациялары шығарылады: НН көлемдік типті қыздырғыштар, “құбыр құбырда” БН типті қыздыру блоктары және ПТБ типті блоктық құбыршалы пештер.

НН типті қыздырғыштар және мұнай қыздырғыштар (НН-1,6; НН-2,5; НН-4,0; НН-6,3) көлденең ыдыстар базасында жасалған, олардың ішкі қуысы екі бөлімге бөлінген оларға газдық инжекциондық жанғыштар (горелка) мен түтіндік құбырлармен жабдықталған екі қыздыру құбырлары бекітілген. Бұл қыздырғыштарда эмульсияны аппараттың төменгі жағынан енгізеді, ол қыздыру құбырларын жуа отырып, дренаждық судың қабатшасы арқылы қалқып шығады. Мұнай, бөлімін шыққан су және газ аппараттың жоғарғы бөлігіндегі жалпы коллектор арқылы шығарылады. Аппараттан шығу кезіндегі максимал температура 900 С жетеді. Суланушылығы 25 % дейін және қыздыру 400 С дейін болған кездегі өнімділігі 2000-нан 8000 т/тәу.

Қыздыру құбырлары үнемі бөлініп шыққан қабат суларының қабықшасында тұратындықтан, оларға бір қатар талаптар қойылады және септілігін тигізетін қабат сулары қыздыру құбырының қабырғасына тұз шөгінділерін тұдырмауы қажет.

НН типті блоктық қыздырушылар тұз шөгуіне ауытқуы онша үлкен емес жеңіл, орташа және ауыр мұнай эмульсияларын өңдеу үшін қуаты 0,5-тен 6 млн/жыл болатын мұнай дайындау кешендерінде қолданылу ұсынылған.

Құбыршаның 5Н типті блоктық қыздырғыштар (БН-5,4; БН-М) мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру процессінде эмульсияны интенсивті қыздыруға арналған. Сонымен қатар оларды тұтқырлығы жоғары парафинді мұнайларды құбырлар бойынша қалыпты тасымалдау үшін қыздыру кезінде де қолдануға болады.

БН-5,4 қыздыру блогы тарату коллекторының көмегімен өзара бір ізді жүйемен біріктірген (қосылған) құбыр, құбырда төрт көлденең қызу қыздыратын элементтердің топтамасын (комплект) көрсетеді. Қыздырғыштар көлденең арқалыққа (балка) бекітілген. Су мұнайлы эмульсия трубка типті газдың жанғыштарда жану камерасында газдың жануының есебінен қызу құбырларының бетімен тікелей байланысуы кезінде қызады. Мұнай эмульсиясының жүру жолын, ыстық газдардың қабырғасы арқылы байланысу уақытын ұлғайту үшін құбыр аралық кеңістіктегі мұнай эмульсиясының қозғалысы бұрандасы желіспен жоғары жылдамдықпен бағытталған. Барлық төрт қыздырғыштар элементтерінің тұтін шығарғыштары ұзындығы шамамен 20 м жалпы түтін шығару құбырына қосылған. Қыздыру элементтерінің өзара қосылуы олардың кез-келгенін, барлық блокты тоқтатпай-ақ сөндіруге мүмкіндік беретіндей етіліп етіліп жасалған, яғни мұнай эмульсиясын кез-келген қыздыру элементінің жанымен бағыттауға болады.

Қыздыру блогының жұмысы кезінде шығу жеріндегі мұнай эмульсиясының температурасы автоматты түрде реттеледі, жанғыштар алдында газ қысымын реттеу, жану камерасында жалынның болуы. Қауіпсіздік автоматикасымен эмульсияның циркуляциясы тоқтаған кезде, қыздыру температурасы жоғарлаған кезде, жану камерасындағы тұтандырғыштың жалыны сөнуге жақындаған кезде өртейтін газды бөліп тастау қарастырылған. Қыздыру блогынан кейін мұнай эмульсиясы тарату коллекторы бойынша сақылаусыздандырылған тұндырғыштарға келіп түседі, онда ағынның азайған жылдамдықтары кезінде эмульсия мұнай мен суға бөлінеді.

БН-5,4 типті қыздыру блогының механикалық сипаттамалары.

Суланғандығы 30 % кезінде сұйық бойынша

өнімділігі, т/тәу 3000

эмульсияны қыздыру температурасы, 0С 80

жүйедегі қысым, МПА 0,6

өртеу газының шығыны, м3/сағ 800

массасы, т 8,8

Суреттелген қыздыру блогы УДО қондырғысына қарағанда келесі артықшылықтарға ие:

-жағу (өртеу) газын қолдану коэффициенті 20% жоғары;

-қызу құбырлары жанып кетуінде немесе ақаулар кезінде блоктарды ауыстыру немесе жөндеу уақыты қысқарады;

-қыздыру блогының өнімділігі 2-3 есе жоғары, ал металл сыйымдылығы 1,5 есе төмен.

ПТБ типті құбыршалы блоктық пештер (ПТБ-6,3, ПТБ-10) терең сусыздандыру мен мұзсыздандыру аппаратының алдында суланған мұнайды қыздыруға арналған. Коррозиялық активтілігі жоғары және тұз бен механикалық қоспалардың шөгуіне бейім мұнай эмульсияларын қыздыруға арналған қондырғыларды өткізу қабілеттілігі 3,6 және 9 млн.т қондырғыларында қолдануға болады.

ПТБ-10 пеші жылу алмастырғыш, камерасынан, негіз блогынан, басқару мен сигнализация блогынан (БУС) тұрады.

Жылу алмастырғыш камера ұзартылған жылу изоляцияланған корпусты көрсетеді, оның ішінде диаметрі 150 мм болатын оребрлік құбырдан жасалған төрт бірдей змеевин орналасқан. Бүйір қабырғаларының төменгі бөлігінде екі түтін шығаратын құрылғылар бар, олардың фланецтеріне сыртынан түтіндік құбырларды бекітеді. Корпустың төменгі жақ қабырғасына циклон типті төрт тұтандырғыш келіп тіреледі (примыкают). Желдеткіш айдайтын ауаның тез айналуы оның өртейтін газбен жақсы араласуын тудырады.

Жанғыш (горелка) пен жану камерасының конструктивті ерекшеліктері отынның толық жанып кетуін қамтамасыз етеді. Ауа келу жүйесне жалынның өтіп кетуі мүмкін емес, жылу алмастырғыш камера жарылғыш клапандарымен қарау құрылғыларымен жабдықталған.

Су мұнайлы эмульсия кіретін төменгі коллекторға келіп түседі, соның көмегімен төрт тең (бірдей) ағынға бөлінеді, сәйкес злаевиктер арқылы өте отырып, берілген температураға дейінқыздырылады. Пештен шығу кезінде ағындар коллектордың жоғарғы бөлігінде бірігеді. Су мұнайлы эмульсия оребрленген құбырлардың қабырғасы арқылы жалған отынның ыстық өнімдерімен қыздырылады.

Жану өнімдері жылу-алмастырғыш камераға саптама сұғындырмадан ағып өту жылдамдығы жоғары болатынжазық лездік ағыс (струя) түрінде келіп түседі, осының арқасында жылудың берілуі бір қалыпты жүзеге асады. Және змеевиктердің жергілікті қызып кету мүмкіндігі азаяды.

Технологиялық процесстерді бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын аспаптар негіз блогында жылы қымталған жерде орналасқан.

ПТБ-10-64 типті құбыршалы қыздырғыштың техникалық сипаттамалары.

Жылу өнімділігі, МВт 11,6

Суланғандығы 50% болған кезде сұйық бойынша өнімділігі, т/тәу 10000

Эмульсияны қыздыру температурасы, 0С 50

Жүйедегі қысым, МПа 1600

ПТБ типті құбыршалы пештер тұтқырлығы жоғары мұнайларды және мұнай эмульсиялары кәсіпшілік ішінде жинау мен тасымалдау жүйесінде жолдық қыздырушы ретінде қолдануға болады. Қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде қолдану және өнімді горизонттардың мұнай бергіштігін арттыру үшін өзен кен орнында теңіз суын қыздыру үшін ПТБ-10 типті пештерді сәтті қолдану тәжірибе сынақтары белгілі. ПТБ-10-ң базасында суды қыздыруға арналған ПТБ-10-160 типті пеші жасалынған, ол жұмысшы қысымы 160 МПа дейін болуымен ерекшеленеді.

Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар

Тұндырғыштар шамалап немесе толық бұзылған эмульсияларды оларға беру кезінде мұнайдан суды бөлуге арналған. Тұндырғыштар күшті суланған мұнайлар кезінде суды алдын ала лақтыру үшін немесе блоктық, яки стақлан.. кештерде мұнайларды қыздырғанан кейін мұнайды соңғы сусыздандыру үшін қолданылуы мүмкін, және бұл кезде тұндырғыштар аппараттан шығу кезінде құрамындағы су мен тұз тауарлық мұнайдың сапасының стандарттарымен қиындалған шектерде болуын қамтамасыз етуі керек. Соңғысы әдетте тамшы түзгіштен кейін орнатылады, ол су мен мұнайдың тиімді бөлінуіне септігізін тигізе отырып, сол арқылы тұндырғыштардың өткізушілік қабілетін жоғарылатады.

Қазіргі уақытта циліндр пішінді үздіксіз және жартылай үздіксіз қызметтегі саңылаусыз тұндырғыштар жиі қолданылады.

Тұндырғыштардағы эмульсияның бөліну процессі статика жағдайында, я болмаса ламинарлық жағдайында (Re=1ч2) жүреді.

Тұндырғышқа эмульсияны енгізу тәсіліне байланысты бұл аппаратарды ағын қозғалысының тік немесе көлденең тұндырғыштары деп ажырату қабылданған. Тұндырғышқа эмульсияны бөлу үшін үш түрлі әдіспен енгізуге болады:

- Жоғарыдан а немесе төменінен б-тарату коллекторы (маточниктер) арқылы , немесе элмепс түп жағынан в/ Эмульсияны енгізу тәсілі эмульсияның бұзылғандық дәрежесіне, тұндырғышқа келіп түскен мұнай мен судың тұтқырлығы мен тығыздығына, және мұнайдың сулану дәрежесіне тәуелді болады:

- Тұтқырлығы салыстырмалы түрде үлкен болған кезде (10мПа.с)-төменгі тарату коллекторы арқылы немесе эллипстік түп арқылы;

- Тұтқырлығы аз мұнайлар кезінде (1-2 мПа.с) және салыстырмалы үлкен сулануы кезінде (>10%) және жоғарғы тарату коллекторы арқылы.

Эмульсияны аппаратқа жоғарғы жағынан енгізген кезде су тамшылары мұнайдан туып қалады, төленген жағынан енгізгенде-мұнай тамшылары су қабықшасында көтеріледі.

Электродегидраторлар

Электродагидратторлар ереже бойынша орташа және ауыр мұнайларды терең тұзсуздандыруға арналған.

Бұл үшін мұнай арнайы араластырғыштарда тұщы ыстық сумен интенсивті аараластырылады. Бұл қоса электродегидратордың электрод арқылық кеңістігіне енгізіледі:

Электродегидраторлар әдетте блоктық сепаратор-деэмульсаторлардан кейін орнатылады. Отандық және шет елдердегі электро тұзсыздандыру қондырғыларының (ЭЛОУ) жұмыс тәжірибесі көрсеткендей көлденең электро дегидратор-ы едәуір тиімді және үнемді.

Қазіргі уақытта ІЭГ-160, 2ЭГ-160/3, ЭГ200-10 типті электродскедраторлары жасалған. Электродегидраторларда өнеркәсіптік жиіліктегі (50Гқ) ауыспалы ток пайдаланылады.

Сулық жастық (подушка) астынан эмульсияны енгізетін 1ЭГ-160 электродегидраторы көрсетілген, оның паралельілінген және аппаратың бүкіл көлденең қимасын дерлік алып жатқан торлы тік бұрышты рама пішінді екі электрады бар. Электродтар арасындағы ара қашықтық 20 дом 40 см дейін өзгеруге мүмкін.

Құрамында 10% дейін тұщы су және реагент-деэмульгатор бар қыздырылған мұнай эмульсиясы аппараттың барлық көлденең қимасы бойынша оның бір қалыпты келіп түсуін қамтамасыз ететін диаметрі 3,4 м маточник арқылы электродегидраторға беріледі. Көлденең электродегидраторларда эмульсия үш өңдеу аймағынан өтеді.

Бірінші аймақта эмульсия тұнып тұрған су қабықшасы арқылы өтеді, оның деңгейі маточниктен 3 20-30 см-ге жоғары автоматты түрде ұсталып тұрады. Бұл жерде эмульсия сумен жуылуға ұшырайды, соның нәтижесінде ол қабат суының негізгі массасын жоғалтады. Содан кейін эмульсия онша үлкен үлкен емес жылдамдықпен тік бағытта көтеріледі, онда алдымен тұнып тұрған су деңгейі мен төменгі электрод арасындағы электр өрісінің әлсіз кернеулік аймағында өңдеуге ұшырайды, ол содан кейін электродтарының арасындағы күшті кернеулік аймағында өңделеді. Электр өрісінің әсерінен мұнай құрамындағы су тамшылары поляризацияланады, бір біріне өз ара жұптасып (тартылып), коамесцирленеді, іріленіп, шөгеді (тұнады). Сусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнай аппараттық жоғарғы жағынан, ал бөлініп шыққан су-төменгі жағынан шығарылады.

Ағынның тік жоғары қарай қозғалуы кезінде аппараттың барлық көлденең қимасы бойынша эмульсияның тең қалыпта келіп түсуі және электродтар арасындағы электр өрісінің кернеуін нөлден максимал мәнге дейін сатылап жоғарылату кез-келген суланудағы мұнай эмульсиясы тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл кезде электродтардың тұйықталып қалу қауіпі болмайды және мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандырудық жоғары дәрежесіне жетеді.

2 ЭГ-160/3 электродегидраторларын эмульсияны бұзу және құрамында парафині бар мұнайды тұзсыздандыру үшін қолданылады. Эмульсия төменгі және ортаңғы электродтардың арасында орналасқан арнайы тарату бастады (головки) арқылы енгізеді. 2ЭГ-160/3 электродегидраторына үш электрод қондырылған.

ЭГ-200-10 электродегидраторы жеңіл және орташа мұнайлардың эмульсиясын өңдеуге арналған, оның айрықша ерекшеліктері болып табылатындар:

-лас заттардың және мех қоспалардың жиналуын болдырмау үшін және бөлініп шыққан судың бір қалыпты шығарылуы үшін тесілген құбырлары бар көлденең коллекторлар ағындарының таратқыштары мен жинауыштарын қолдану:

-электродтардың жеңілдетілген және қысқартылған конструкциясы;

-фторопласттық өткізушілік және ілінбелі изоляторлар конструкциясының едәуір сенімділігі;

-аппарат көлемінің үлкендігі.

Электродегидраторлардың техникалық сипаттамлары.

Тамшы түзгіштер

БАЗ-ды қабат суының тамшысына дейін жеткізу ұшін және олардың бетіндегі “брондайтын” қабықтана бұзу үшін бұрындары әр түрлі араластырғыштарды, клапандар мен суғындырмаларды кеңінен қолданып келді, олардың тиімсіздігі араласу процессінің ұзақтылығының жеткіліксіздігімен (сонунд үлесінде) және су тамшыларының көбірек ұсақтасып кетуімен (1-2 м/км) түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта араластырғыштардың орнына тамшы түзгіштерді қолданады, олардың жұмысының маңызы мынада; жинау коллекторларында күшті араластырылған БАЗ бар мұнай эмульсиясын біртіндеп тынышталдырып, “бронын” жоғалтқан ұсақ су тамшыларына ірі тамшыларға бірігіп мұнайдан бөлініп шығуына мүмкіндік беру.

Конструктрлық жағынан тамшы түзгіш тіректерге орнатылған шығуына қарай диаметрі бір шама біртіндеп жоғарылайтын құбыр кесінділерінен тұратын көлденең орналасқан секцияларды білдіреді.

Тамшы түзгіш

Эмульсияның қозғалыс жылдамдығы секциядан секцияға қарай біртіндеп төмендейді.

Бірінші секция және масса алмастырғыш - қабат суы тамшысының қабыршағын бұзуға және ағынның турбуленттілігінің есебінен ірілендіруге арналған (Re=1800ч25000). Секцияның ұзындығы 200-250 м. Екінші секция және ағынның турбуленттілігінің төмендеуі кезінде (Re=3000ч4000) едәуір ірі өлшемдерге дейін су тамшыларының коолекцакциясы үшін. Оның ұзындығы 150-200 м. Үшінші секция-гравитациялық күштердің есебінен ағынның мұнай мен суға бөлінуі (расслоение) үшін (Re=100ч200). Секцияның ұзындығы 100м.

Наши рекомендации